«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №



жүктеу 325,19 Kb.
Pdf просмотр
бет5/9
Дата16.02.2018
өлшемі325,19 Kb.
#9839
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өндірістік  (индустриялық)  инфрақұрылымды  дамыту  елді  мекенді 

дамытудың бас жоспарына сәйкес келуі тиіс. 



Өндірістік  (индустриялық)  инфрақұрылымды  дамыту  бойынша 

қолдау көрсету тетігі 

Жеткіліксіз өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қамтамасыз 

етуді қолдау мынадай тәртіппен көрсетілетін болады: 

1.  Кәсіпкер  инфрақұрылымды  жақындату  немесе  жақсарту  қажеттігінің 

негіздемесін 

қамтитын 

өндірістік 

(индустриялық) 

инфрақұрылым 

жобасын  қамтамасыз  ету  туралы  өтініммен  бірге  жергілікті  деңгейдегі 

Бағдарламаны үйлестірушіге жүгінеді. 

2.  Жергілікті  деңгейдегі  Бағдарламаны  үйлестіруші  қалыптастырған 

өтінімдердің іріктелген тізбесі ӨҮК-ге енгізіледі. 

3.  ӨҮК  өндірістік  (индустриялық)  инфрақұрылым  салуды  немесе  қайта 

жаңартуды  қаржыландыру  мүмкіндігі  (немесе  мүмкін  еместігі)  туралы 

шешім қабылдайды. 

4.  ӨҮК  шешімі  Мемлекеттік  бағдарламаның  сәйкестігі  тұрғысынан 

уәкілетті  органмен  келісіледі  және  жергілікті  деңгейдегі  Бағдарламаны 

үйлестірушіге орындауға жіберіледі. 

5.  Өндірістік  (индустриялық)  инфрақұрылымды  салу  немесе  қайта 

жаңарту қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. 

Бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсету 

Бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсету шарттары 

Сервистік  қызметтер  Бағдарламаға  енгізілген  жобаларды  іске  асыруды 

қолдау  үшін,  сондай-ақ  өңірдің  кәсіпкерлігін  жалпы  қолдау  үшін 

көрсетіледі. 

Кәсіпкерге сервистік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілуі мүмкін: 

  бизнесті  жүргізу  бойынша  қызметтер  көрсету  (жұмыс  процестеріне 

қызмет көрсету); 

  өнім  берушілер  мен  тұтынушылар  кәсіпорындарының  дерекқорын 

қалыптастыру; 

  консалтингтік және маркетингтік қызметтер көрсету; 

  жұмыс 

процестеріне 

қызмет 

көрсету: 



орталықтандырылған 

бухгалтерия  және  заң  қызметі,  ақпараттық  технологиялар  саласында 

қызмет  көрсету,  жұмыс  процестерін,  кәсіпорындар  менеджментін 

реттеу  бойынша  қызметтер,  өнімнің  (қызметтің)  нақты  түрімен 

нарыққа 

кіру 


бойынша 

маркетингтік 

зерттеулер, 

өнімдерді 

(қызметтерді) жылжыту (брендинг) және айналдыру және басқалары; 

  консультациялық  қызметтер:  бизнес  құру  және  жұмыс  істеп  бизнесті 

оңтайландыру 

бойынша 


консультациялар, 

қаржы 


және 

заң 


консультациялары, сыртқы нарықтарда бизнес жүргізу бойынша және 


мемлекеттік 

сатып 


алу 

конкурстарына 

қатысу 

бойынша 


консультациялар; 

  ӨҮК  ұсынымы  бойынша  бизнеске  арналған  сервистік  қызметтердің 

басқа түрлері. 

Бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсету тетігі 

1.  Жергілікті  деңгейдегі  Бағдарламаны  үйлестіруші  кәсіпкерлердің 

ұсынысы  бойынша  қажетті  сервистік  қызметтерге  мұқтаждықты 

айқындайды және олардың тізбесін ӨҮК-нің қарауына енгізеді. 

2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші ӨҮК мақұлдаған тізбе 

бойынша  сервистік  қызмет  көрсетуге  бағытталатын  қаржы  көлемін 

айқындайды  және  конкурстық  негізде  сервистік  қолдау  бойынша 

операторды  (операторларды)  белгілейді  және  онымен  (олармен) 

келісімдер жасасады. 

3.  Сервистік  қолдау  жөніндегі  оператор  кәсіпкерлікке  сервистік 

қызметтер көрсету мақсатында қосалқы мердігерлікке басқа да сервистік 

институттарды тарта алады. 

4. Бағдарламаны үйлестірушілер жергілікті деңгейде сервистік қызметтер 

көрсетуді қаржыландыруды жүзеге асырады. 

5. Сервистік қызмет алу үшін кәсіпкер жергілікті деңгейде Бағдарламаны 

үйлестірушіге  және  сервистік  қолдау  жөніндегі  операторға  ӨҮК 

айқындаған тәртіппен өтініш жасайды.  

    


Кадрлар  даярлау,  жастар  саясаты  мен  әлеуметтік  жұмыс 

орындарын ұйымдастыру 

Кадрлар даярлау 2011 жылдан бастап бес бағыт бойынша жүргізіледі: 

  Индустрияландыру 

картасының 

жобаларын 

қамтамасыз 

етуге 

жұмыспен  қамту  органдарының  тапсырысы  бойынша  жобаларды  іске 



асыру үшін мамандар даярлау. Облыстар мен мамандықтар бөлінісінде 

қайта  даярлаудың  егжей-тегжейлі  жоспары  әрбір  өңір  бойынша 

стратегияларды іске асыруды қаржыландыру бағыттары бекітілгеннен 

кейін әзірленетін болады; 

  Техникалық  мамандықтар  бойынша  бар  бос  жұмыс  орындарын 

толтыру үшін қайта даярлау жүргізу; 

  Техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  оқу  орындарының  (кәсіптік 

лицейлер  мен  колледждер),  сондай-ақ  ірі  кәсіпорындар  жанындағы 

оқу  орталықтарының  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып,  шетелдік 

жұмыс күшін қазақстандық кадрлармен ауыстыру; 

  «Жастар саясатын» жүргізу жөніндегі іс-шаралар; 

  Әлеуметтік жұмыс орындарын қүру жөніндегі іс-шаралар. 



Екінші бағыт: кәсіпкерлік секторды сауықтыру 


Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты экономиканың шикізат 

емес секторының кәсіпорындарын сауықтыруға бағытталған. 

Сауықтыру шеңберінде мынадай қолдаулар көрсетілуі мүмкін: 

  борышкерге  банктердің  бар  кредиттері  бойынша  (мақұлдау  сәтінде) 

пайыздық  ставканы  және  жобаны  мақұлданғаннан  кейін  пайда 

болатын бір кредиттік желі шеңберінде жаңа берешекті субсидиялау; 

  борышкерге  бюджетке  төленетін  салық  берешегін  (төлем  көзінен 

ұсталатын  жеке  табыс  салығынан  басқа)  өтеу  бойынша  мерзімін 

ұзартуды  Салық  кодексінде  белгіленген  тәртіппен  көзделетін  өсімпұл 

есептемей беру мәселесін қарау; 

  қаржы-экономикалық 

сауықтыру 

жоспары 

шеңберінде 

кәсіпорындарды  сауықтыру  бойынша,  оның  ішінде  Қазақстандық  қор 

биржасынада 

орналастырылған 

облигациялар 

бойынша 

ішкі 


кредиторлар алдындағы берешек бойынша басқа да іс-шаралар. 

Бағдарламаға  1-қосымшаға  сәйкес  экономиканың  басым  секторларында 

жұмыс 

істейтін 



кәсіпкерлер 

Бағдарламаның 

екінші 

бағытына 



қатысушылар  бола  алады  (ҚР  Индустрия  және  сауда  министрлігі 

Техникалық реттеу және әдіснама комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 

желтоқсандағы  №  683-од  бұйрығымен  бекітілген  экономикалық  қызмет 

түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі - ЭҚТЖЖ) сәйкес). 

Мыналар жобаға қатысушылар бола алмайды: 

  минералдық  шикізатты  өңдеуді  жүзеге  асыратын  және  Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің  2008  жылғы  31  желтоқсандағы  №  1344 

қаулысына  сәйкес  Мониторингке  жататын  ірі  салық  төлеушілердің 

тізбесіне енгізілген, металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары; 

  қаржы-экономикалық  жағдайы,  кредиттер  және  өзге  де  берешектер 

бойынша толық ақпарат беруге келіспеген кәсіпорындар; 

  кредитормен  (лармен)  қаржы-экономикалық  сауықтыру  жоспарын 

(бұдан әрі - Жоспар) келіспеген кәсіпкерлер. 

Банктердің 

кредиттері 

бойынша 

пайыздық 

ставкаларды 

субсидиялау шарттары  

Борышкер  Бағдарламаны  іске  асырудың  екінші  бағытына  қатысуға 

арналған өтінімді тек 2010 жылы бере алады. 

Пайыздық  ставканы  субсидиялауды  жүзеге  асыратын  кредиттің 

(кредиттердің) сомасы бір борышкер үшін 3 млрд. теңгеден аса алмайды. 

Егер борышкердің кредит(тер) сомасы 3 млрд. теңгеден асса, оның 

Бағдарламаны  іске  асырудың  екінші  бағытына  қатысуы  туралы  шешімді 

Мемлекеттік комиссия қабылдайды.  

Субсидиялау мерзімі 3 жылдан аспайды. 

Пайыздық ставканы субсидиялау банктер сыйақы ставкасын 12 %-

ға дейін төмендететін кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, 



жүктеу 325,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау