«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №



жүктеу 325,19 Kb.
Pdf просмотр
бет1/9
Дата16.02.2018
өлшемі325,19 Kb.
#9839
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 

301 Қаулысы 

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 

2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы 

Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан 

Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - 

Бағдарлама) бекітілсін. 

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске 

асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 

3. Жергілікті атқарушы органдар ай-сайын, есептіден кейінгі айдың 15-күніне Қазақстан 

Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Бағдарлама іс-шараларының 

орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру 

шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін. 

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму 

және сауда министрлігіне жүктелсін. 

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

  

Қазақстан Республикасының 



Премьер-Министрі  К. Мәсімов 

 

 



 

 

 



 

 

 



Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 

2010 жылғы 13 сәуірдегі 

№ 301 қаулысымен 

бекітілген 

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы 



1. Бағдарламаның паспорты 

Бағдарламаның 

атауы 

Бағдарламаның атауы 



Әзірлеу үшін 

негіздеме

 

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-



инновациялық  дамыту  жөніндегі  2010  -  2014 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарлама  және 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  кейбір 

жарлықтарының  күші  жойылды  деп  тану  туралы» 

(бұдан  әрі  -  Мемлекеттік  бағдарлама)  Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  2010  жылғы  19 

наурыздағы № 958 Жарлығы 

Әзірлеуші 

     

Қазақстан  Республикасы  Экономикалық  даму 



және сауда министрлігі 

Бағдарламаның 

мақсаты 

Экономиканың шикізат емес секторларында 

өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді 

өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі тұрақты 

жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын 

құру 


Бағдарламаның 

міндеттері 

1. Жаңа биз нес-бастамаларды қолдау 

2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру 

3. Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау 

Іске асыру мерзімі 

2010 – 2020 жылдары 

Нысаналы 

индикаторлары 

Бағдарламада  қойылған  міндеттерді  іске  асыру 

мақсатында  мынадай  нысаналы  индикаторларға 

қол жеткізілетін болады: 

  жыл  сайын  кредиттерді  жалпы  сомасы  кемінде 

400 млрд. теңгеге арзандату; 

  2015  жылға:  ЖІӨ-нің  құрылымындағы  өңдеуші 

өнеркәсіптің үлесін кемінде 12,5 %-ға ұлғайту; 

  жалпы 

экспорт 


көлемдегі 

шикізат 


емес 

сектордың үлесін кемінде 40 %-ға ұлғайту; 

  шикізат  емес  экспорттың  көлемін  өңдеуші 

өнеркәсіптің жиынтық өндіріс көлемінің кемінде 

43 %-ына ұлғайту; 

 

өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін кемінде 



1,5 есеге ұлғайту

 

Қаржыландыру 



көздері мен көлемі 

2010 жылға арналған республикалық бюджетте 30 

млрд. теңге көзделген. Республикалық бюджеттен 

қаржыландыру көлемі жоспарлы кезеңге арналған 

тиісті 

бюджеттерді 



қалыптастыру 

кезінде 


нақтыланады 

 

2. Кіріспе 

«Бизнестің  жол  картасы  2020»  бағдарламасы  (бұдан  әрі  - 

Бағдарлама)  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Жаңа  онжылдық  - 

жаңа  экономикалық  өрлеу  -  Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері»  атты 



Қазақстан  халқына  Жолдауын  және  Қазақстанның  2020  жылға  дейінгі 

Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді. 

Бағдарлама  Мемлекеттік  бағдарламаны  іске  асыру  тетіктерінің  бірі 

болып табылады. 

Бағдарлама  2009  және  2010  жылдардағы  жол  карталарын  іске 

асырудың  қисынды  жалғасы  болып  табылады,  бұл  ретте  дағдарыстан 

кейінгі  дамуға,  қазіргі  тұрақты  жұмыс  орындарын  сақтап  қалуға  және 

жаңаларын құруға мән беріледі. 



Бағдарламаны іске асыру шеңберінде: 

  жобаларды  іріктеуді  және  қаржыландыру  (қайта  қаржыландыру) 

жөніндегі  шешімді  екінші  деңгейдегі  банктер  (бұдан  әрі  -  Банктер) 

Бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды; 

  уәкілетті  мемлекеттік  орган  мен  арнайы  белгіленген  комиссия  және 

кеңестер арқылы мемлекет субсидиялау, кепілдік беру және (немесе) 

мемлекеттік  қолдаудың  басқа  да  шараларын  ұсыну  мүмкіндігі 

бойынша шешім қабылдайды; 

  Бағдарламаны  іске  асыру  шеңберінде  мемлекет  тарапынан  барлық 

келісулерді  жергілікті  деңгейде  «жалғыз  терезе»  қағидаты  бойынша 

Бағдарламаның үйлестірушілері орындайды. 

Акцизделетін  тауарлар  шығаруды  көздейтін  жобалар  бойынша  банктер 

кредиттерінің пайыздық ставкаларды субсидиялауға жатпайды. 

Жеке  кәсіпкерлік  субъектісіне  (бұдан  әрі  -  кәсіпкерге)  Бағдарламаның 

барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін. 

Мемлекеттік  даму  институттары,  сондай-ақ  қаржы  институттары  ауыл 

шаруашылығы  өнімін  өңдеуге  беретін  кредиттер  бойынша  сыйақы 

ставкасын  субсидиялауды  алатын  кәсіпкерлер  кредиторы  болып 

табылатын қарыздар субсидиялауға жатпайды. 

Тұрақтандырушы  және  дағдарысқа  қарсы  бағдарламалар  шеңберінде 

екінші деңгейдегі банктер арқылы мемлекеттен қаржылық қолдау алатын 

кәсіпкерлер Бағдарламаға қатысушылар болып табылуы мүмкін. 

Жергілікті  атқарушы  органдар  аумақтарды  дамыту  бағдарламаларын 

әзірлеу кезінде осы Бағдарламаның ережелерін ескеретін болады. 

Мақсаттарға,  нысаналы  индикаторларға,  міндеттерге,  нәтижелер 

көрсеткіштеріне  қол  жеткізу  үшін  жауапты  мемлекеттік  және  өзге  де 

органдар мен ұйымдар және Бағдарламада пайдаланылатын терминдер: 

Мемлекеттік  комиссия  -  «Қазақстан  Республикасының  экономикасын 

жаңғырту  жөніндегі  шаралар  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан 

Республикасының 

экономикасын 

жаңғырту 

мәселелері 

жөніндегі 

мемлекеттік комиссия; 



жүктеу 325,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау