«Бизнестің жас тарландары»
жас ғалымдар мен студенттердің
V Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 20 ЖЫЛ:
ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ БОЛАШАҚ БИЗНЕС ЛИДЕРЛЕРІНІҢ КӨЗІМЕН
Алматы, 10 ақпан 2012 ж.
Халықаралық бизнес академиясы және DIXI студенттік ғылыми қоғамы Сізді
«Бизнестің жас тарландары» атты жас ғалымдар мен студенттердің V Халықаралық
ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады. Конференция 2012
жылғы 10 ақпанда Алматы қаласында өтеді. Конференция тақырыбы: «Қазақстан
тәуелсіздігіне 20 жыл: ғылым мен білім болашақ бизнес лидерлерінің көзімен».
Конференцияға қатысуға Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің, сонымен
қатар жақын және алыс шетел мемлекеттерінің 35 жасқа дейінгі бакалавриат,
магистратура студенттері, докторанттары, жоқары оқу орындары мен ғылыми-
зерттеу ұйымдарының қызметкерлері шақырылады.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізіледі:
1. Жастардың халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциясы
мен интернационализациясының өзекті мәселелері.
2. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму, халықаралық
интеграция және бизнес.
3. Қазақстанның инновациялық дамуындағы менеджмент және
маркетинг.
4. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, бизнес философиясы
мен сектораралық әріптестік.
5. Экономика, білім беру мен ғылымдағы қазіргі заманғы
ақпараттық технологиялар.
6. Қазақстанда есеп, аудит және контроллингтің даму болашағы.
7. Экономиканы дамытудың басым мақсаттарын жүзеге
асырудағы қаржы-креддиттік жүйенің ролі.
8. Адам капиталын дамыту - интеллектуалдық ұлт
қалыптастырудың негізі.
9. «Көк» бизнес. Экология және тұрақты даму.
Конференцияның жұмыс тілдері
: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне төмендегілерді тапсыру қажет:
өтініш және ғылыми жұмыстың қысқаша аннотациясы;
ғылыми жұмыстың/мақаланың толық мәтіні;
конференция материалдарын басып шығаруға арналған ұйымдастыру
жарнасы (3000 тенге; Халықаралық бизнес академиясының студенттеріне 50%
жеңілдік).
Өтініштер мен ғылыми жұмыстардың аннотациялары
2011 ж. 10 қарашасына дейін
қабылданады.
Ғылыми жұмыстардың толық мәтіні
2011 ж. 15 желтоқсанға дейін қабылданады.
Қатысушылардың ғылыми жұмыстарын қабылдау/қабылдамау туралы хабарландыру
жасау мерзімі:
2012 ж. 10 қаңтар.
Ұйымдастыру комитетіне жіберілген жұмыстар арнайы сараптамадан өткізіледі. Сараптама
қорытындылары бойынша конференцияның пленарлық және секция отырыстарына
қатысатын
авторлар
анықталады.
Ұйымдастыру
жарнасы
ғылыми
жұмыстың
қабылданғандығы туралы хабарландыруды алғаннан кейін төленеді.
Өтініштер мен ғылыми жұмыстарды мына электрондық поштаға жіберу қажет:
dixi.conference2012@iab.kz
Конференция туралы қосымша ақпарат Халықаралық бизнес академиясының
сайтында
www.iab.kz
жарияланады.
Өтініш үлгісі
«Бизнестің жас тарландары» жас ғалымдар мен студенттердің V Халықаралық
ғылыми-практикалық конференциясы (Алматы, 10 ақпан 2012 ж.)
Қатысушының аты-жөні
(болған жағдайда,
ғылыми/академиялық
дәрежені, атақты көрсету )
Асанов Марат Оспанович
Мемлекет, қала
Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы
Оқитын/жұмыс істейтін жері
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 4-курс, «әлемдік экономика»
мамандығы
Қатысушының мекен-жайы
050060, Алматы қ-сы, Абай даңғ., 13-үй, 24-пәтер.
Телефон (үй, ұялы)
(727) 253 33 56, (777) 775 445 1312
Email
Asanov85@yahoo.ru
Қонақ үйде бөлме брондау
қажет пе ? (басқа қалалардан
келетін қатысушылар үшін)
Жоқ
Ғылыми жұмыстың аты
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық
дамуының басым бағыттары
Секция
Үдемелі индустриалды-инновациялық даму, халықаралық
интеграция және бизнес
Ғылыми жұмыстың қысқаша
аннотациясы
Сіздің зерттеу жұмысыңыздың өзектілігі, мақсаты және күтілетін
нәтижелер туралы мәлімет беретін 4-5 сөйлем жазыңыз
Ғылыми жетекші
Маслова Надежда Валентиновна, э.ғ.к., профессор
Жұмысты дайындауға қойылатын талаптар
Жұмыстың жалпы көлемі: 3-5 бет. Мәтін Microsoft Word редакторында теріледі.
Шрифт: Times New Roman. Кегль: 12. Жоларалық интервал: 1,5. Құжаттың сол
жағынан – 3 см, оң жағынан – 1 см, жоғары жағынан – 2 см, төменгі жағынан – 2 см
бос орын қалдыру қажет. Абзац басындағы бос жер – 1,25 см. Мәтінді көлемі
бойынша түзету. Мәтіннің ішінде сілтемелер тік жақшамен белгіленеді. Мақала
соңында пайдаланылған деректер тізімі көрсетіледі. Мәтінде сканерден өткізілген
суреттер мен кестелерді пайдалануға болмайды.
Мақаланы дайындау/ресімдеу үлгісі
Асанов М.О.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 4-курс,
«әлемдік экономика» мамандығы,
Қазақстан Республикасы, Алматы
Ғылыми жетекші:
Маслова Н.В., э.ғ.к., профессор
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ДАМУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
Мақала мәтіні [1].
Деректер:
1. Жданов В.А. Перспективы инновационного развития экономик развивающихся
стран. – М.: Экономика, 2009. С.14-16.
Банк реквизиттері: «Халықаралық бизнес академиясы» коммерциялық емес білім
беру мекемесі, Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227, РНН 600400079841, БИН
971240001583,
Сбербанк,
БИК
SABRKZKA,
КБе
18,
Есепшот:
KZ67914398914BC30222.
Конференцияға қатысуға байланысты шығындарды (жол, қонақ үй, тамақтану)
қатысушыны жіберетін ұйым немесе қатысушының өзі өтейді. Конференцияны
ұйымдастырушылар қатысушыларға Алматы қаласында қонақ үйде бөлме брондау
және көлікпен тасымалдау бойынша көмек көрсетуге дайын.
Конференцияны ұйымдастыру комитеті:
Халықаралық бизнес академиясы,
050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Розыбакиев к-сі, 227, тел. (727) 302-22-22,
Факс: (727) 302-21-21,
www.iab.kz
,
dixi.conference2012@iab.kz
Достарыңызбен бөлісу: |