№31 (655) 4 тамыз 2017 жыл
3
ww
www.jasqazaq.kz
E-mail: jas_qazaq@mail.ru
«Отан алдындағы
борыш – әскери міндетті
өтеу қасиетті ұғым. Отанды
сүю, қорғау – әрбір азаматтың
парызы, міндеті. Әскерге барып,
Отан қорғау ісіне машықтану,
шыңдалу, Қазақстан Қарулы Күштерінің
қатарын толықтыру – жауапкершілігі мол
патриоттық іс болып табылады». Бұл өмірінің
жарты ғасырдан астам уақытын әскер саласына
арнаған полковник Ким Серікбаевпен
сұхбаттасқанымызда айтқаны. Осы
уақытқа дейін әскер тақырыбында
180-нен астам ғылыми еңбек жазған
қазақтың қаһарман ұлының бірі –
К.Серікбайұлымен әңгімелесу
барысында біраз мәселе
қамтылды.
QOR
QORĞ
ĞAN
AN
:
Ким Серікбайұлы,
жуырда Елбасының
«Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру»
атты мақаласы
жарық крді. Бұл жерде негізгі басымдық
жастардың санасын рухани тұрғыда
жаңғырту мәселесі тұр. Ол үшін не істеуіміз
керек?
: «Елу жылда – Ел
жаңа» деген ертеден қалған сз
бар. Елу емес, 25 жылдың ішінде
елімізде ерекше згерістер болуда:
саяси экономика, әлеуметтік жағдай
және идеологиялық кзқарас жаңаша
қалыптасып, түрлі іс-шара жүріп жатыр.
Биліктің, бүкіл халықтың негізгі мақсаты
– бабалар аңсаған тәуелсіз елімізді дамыту,
Мәңгілік Елге жеткізу. Олай болса Елдің
ертеңі – жастар емес пе?! Сондықтан жастардың
санасын рухани жаңғырту үшін жас ұрпаққа
з елінің тарихы мен мәдениетіне, әдет-ғұрпы
мен салт-дәстүріне, ана тіліне құрметпен
қарап, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен
патриоттық сезімін оятқанда ғана әлемді
танып-білуіне жол ашылады деп ойлаймын. Ол
үшін біздің жастарымыз Елбасы мақаласында
айтылған ұлттық кодтың мән-мағынасын толық
түсініп, оны сақтай білуі қажет.
: Соңғы уақыттары жастарды
әскери патриоттық рухта тәрбиелеу мәселесі жиі
қозғалуда. Бұл қандай қажеттіліктен туындады?
*лде бұрыннан осындай мәселе бар ма еді?
Жалпы әскери патриоттық рухта тәрбиелеу
дегеніміз не?
: Жастарға патриоттық тәрбие
беру, патриотизм сезiмi – бiздiң халқымыздың
болмысына ежелден сiңген қасиет. Ұрпақтан-
ұрпаққа, атадан-балаға мирас болған сиет.
Сонау сұрапыл соғыста 1941-1945 жылдары
қазақ халқының ұл-қыздары ерекше ерліктің
үлгісін крсеткені баршамызға белгілі.
Сондықтан патриоттық тәрбие жұмысының
зіндік тарихы болғаны емес пе?!
Патриоттық тәрбие адамгершілік тәрбиенің
негізгі бір бағыты болып саналады. Ал әскери-
патриоттық, ерлік, жауынгерлік, ұлтаралық
қатынас, интернационалдық тұрғыда
қамтылған мірдің жиынтық тәжірибесі.
*скери-патриоттық тәрбие – жастардың
Отан қорғауға әзірлігін нығайтып, патриоттық
сана-сезімін қалыптастыратын тәрбиенің
бір саласы. *скери-патриоттық тәрбие
арқылы жастар Отанымыздың намысын,
бостандығын,
тәуелсіздігін
қорғауға
үйреніп,
Қарулы
Күштердің
даңқты жауынгерлік
дәстүрін алға
апаруға даярлықтан
теді. Мен бұл
туралы з пікірімді
«Обретенной
независимости –
надежную защиту»
атты кітабымда
толық жазған
болатынмын. Бұл
кітап 2008 жылы
баспадан шықты.
Жалпы оқырмандар,
әсіресе әскери адамдар
ризалық пікірін айтты,
жазды.
Ерлік тәрбиесі дегеніміз –
ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрі
негізінде жастардың жігерін, табандылық,
батылдық қасиетімен бірге ұлттық сана мен
парызды, намысты қалыптастыра отырып,
Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Бүгінгі күн
тұрғысынан алып қарайтын болсақ, Егемен
еліміздің бейбітшілігі мен бірлігін сақтайтын
жас ұрпақтың санасына жастайынан ата-
бабамыз негізін салған ерлік рухты енгізуіміз
қажет.
Жауынгерлік тәрбие – қазақ халқының
кшпелі тіршілігіне байланысты тұтас қазақ
қолының жауынгерлік сипаттағы әзірлігін
үзбей ұстап, елін, жерін, тәуелсіздігін үнемі
қорғауға дайын тұруды қамтамасыз етіп
отырған. Бұл – қазір әскери тәрбие
мағынасында беріледі. Патриоттық
тәрбиенің негізгі бағыты – бүгін ХХІ
ғасырдағы жастардың бойындағы
Отан сүйгіштік құндылықты
қалыптастыруды кздейді.
Тәуелсіз Қазақстанның білім
және тәрбие беру құжаттарын
негізге ала отырып, тәрбиенің
тұжырымдамалық теориялық
негізін айқындауға
мүмкіндік жасалуы керек.
Қазақтың халық
батыры Бауыржан
Момышұлының:
«Отан үшін отқа
түс – күймейсің»
деген сзін
келтіргім
келеді.
*рине, бұл
философиялық
түсіндірме, отқа
түссең күйесің,
ліп кетуің де
мүмкін... Бірақ
туған еліңе жасаған
ерлігің ел есінде мәңгі
сақталады. Сондықтан бұл
ұлағатты сиет кез келген
жастың жүрегінен орын алып,
патриоттық сезімін оятуы қажет.
: Бұрынғы ауыл, қала
баласының бәрі әскери формаға,
кинофильмдердегі әскери тәртіп-
түзімге, әскери мірге қызығып, әскери
адам болуды армандаушы еді. Бүгінгі
жастардың бойында сондай құштарлық бар
ма? Жоқ болса, қалай ояту керек?
: Бүгінгі жастардың арасында
да әскери қызметкер болуды армандайтын
жастар баршылық. Мысалы 9-сыныпты үздік
бітірген оқушылар Алматыдағы Б.Момышұлы
атындағы республикалық әскери мектеп-
интернатында, сондай-ақ Қарағандыдағы
Талғат Бигелдинов, Шымкенттегі Нүркен
*бдіров әскери мектеп-интернаттарында,
Ақмола облысы Шортанды қаласындағы
Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет
корпусында, 7-сыныпты үздік бітірген оқушы-
жастар Сағадат Нұрмағамбетов атындағы
«Жас ұлан» республикалық
мектебінде оқиды. Бұл аталған
мектептерде қазақ тілі,
шет тілдері, әскери пәндер
тереңдетіліп оқытылады.
Жастар әскери мамандық бойынша терең білім
алуда. Жоғарыда айтылған үш мектеп-интернат
туралы қайталап айтайын. Бұл мектептер 1983
жылы Кеңес Одағының шешімімен ашылған
оқулық программасы, әскери формасы
Суворов училищесіне еліктеген. Бұл мектеп-
интернаттар сол кездегі барлық елдерде
ашылып, оқу министрлігінің балансына
кіргізілген. Ол сол уақыттағы саясатқа
байланысты...
Мен 1988 жылы запасқа шығып Алматыдағы
мектеп-интернатты басқардым. Мектеп
жағдайы, қысқаша айтқанда, отардағы жетім
қозының күйіндей екен. Бұл мәселені жнге
келтіру үшін: оқушылардың тәртібін, оқу
үлгерімін, балалардың әлеуметтік жағдайын
жақсарту мақсатында, мәселені қорғаныс
министрлігінің балансына енгізу туралы ұсыныс
жасадым. Дегенмен ол уақытта бұл мәселеге мән
берілмеді. , 2015
ө, ә , ә
- ө
ө. ә .
. !" . #
ә
$, % # ө%
. Ал сол жылдары
менің шамамның келгені батыр
ағаларымыздың әруағы риза болу
үшін, рухани патриоттық жұмыстың
деңгейін ктеру мақсатында, осы
ерлердің есімін мектептерге
беруге атсалыстым.
Бұл мектепті бітірген
түлек Құрлық әскерлерінің
әскери институтына, байланыс
және радиоэлектроника әскери
институтына, әуе қорғаныс күштері
әскери институтына, әскери-теңіз
күштері әскери институтына түсіп,
оқуларын әрі қарай жалғастыру үстінде.
Осы мәліметтерге қарағанда, бүгінгі
жастардың арасында әскери қызметті
таңдаған ұлан жеткілікті деп сеніммен айта
аламын. Алайда жастар арасында әскери
мамандықты емес, «бизнес» бойынша маман
болуды армандайтындар басымдау. Бұл қазіргі
заманның крінісі болар...
: Бұрын әскери
міндетті теу жауапкершілігі
мол үлкен міндет еді.
*скери міндетті 3-4 жылға
дейін тейтін. Қазір 1
жылға қысқартылды. Осы
«қысқартуға» әскери ғалым
ретінде сіздің кзқарасыңызды
білсек деген едік?!
: Отан
алдындағы борыш –
әскери міндетті теу
қасиетті ұғым. Отанды сүю,
қорғау – әрбір азаматтың
парызы, міндеті. Бұл
біздің Конституциямызда
жазылған. *скерге барып,
Отан қорғау ісіне машықтану,
шыңдалу, Қазақстан
Қарулы Күштерінің қатарын
толықтыру – жауапкершілігі
мол патриоттық іс болып
табылады.
Кеңес Одағы кезінде
жалпы жастар армия
қатарында 3 жыл, ал әскери-
теңіз флотында 5 жыл әскери
борышын тейтін. *рине,
бұл аз уақыт емес. Дегенмен
де, мен сол жылдардың
офицерімін: рота, батальон
командирі болдым. *скер
қатарына келген әрбір бозбала әскери борышын
теп болған соң, денесі шыныққан, сана-сезімі
қалыптасқан ер-жігіт, нағыз кәсіби маман
болып туған еліне, з отбасына оралатын. Бұлар
запастағы сенімді, ел қорғайтын азамат болатын.
Ал қазір біздің Қарулы Күштерімізде жастар
1 жыл ғана әскер қатарында болып қайтады.
Мен әскери ғалым ретінде және қазіргі әскери
блімдерді басқарып отырған қолбасшылардың
пікірін айтам: армия қатарында жастар бір жыл
сапта тұрып, нағыз әскери маман ( )
болуы оңай емес! *сіресе қазіргі әскери қару-
жарақ, техника те күрделі, оны толық
меңгеру үшін уақыт керек. *скери
техниканы қолдану үшін 1 жыл те аз
уақыт.
: Бір сұхбатыңызда
«әскери адам болу бала күнгі
арманым» – деп айтқан екенсіз.
Арманыңыз орындалды
ма? Қазір де жастар
арасында мірімді әскерге
арнасам деп жүрген
ізбасарларыңызға
қандай кеңес берер
едіңіз?
:
Менің
қатарластарым
1941 жылы
мектеп
табал-
дырығын
аттады. Сол
кезде соғыста
ерлік крсеткен
Мәлік Ғабдуллин,
Тлеген Тоқтаров,
Баубек Бұлқышев
сияқты батырлар
біздерге үлгі болды.
Отанды, елді, туған жерді
қорғау туралы ой сана-сезімге
ұялады. Мектепті бітіріп, ел
қорғауға асықтық. Ал менің
жеке зіме келетін болсақ, менің
әскери маман болуыма Баукеңнің
(! ") ерлігі мен
қажымас қайсарлығы, әділдігі мен
шыншылдығы ерекше әсер етті. Арманым
орындалды. Кеңес дәуірінде (1974 ж.) қазақ
халқының бірінші уәкілі есебінде әскери ғалым
кандидаттық дипломына ие болдым. 75 жасымда
(2010 ж.) Ресей, Беларусь, Украина, Қазақстан
әскери ғалымдарынан құрылған Біріккен
диссертациялық кеңесінде әскери докторлық
диссертация қорғадым! Биыл полковник
шенін алғаныма 40 жыл толды. Кптеген
жылдар әскери оқу орындарында қызмет істеп,
әскери мамандарды дайындауға атсалыстым.
Нәтижесінде 20-дан астам шәкіртім генерал,
әскери ғалым болды. Бұлар менің мақтанышым,
еңбегімнің жемісі деп білемін. Ал әскери маман
боламын деген азаматтарға айтатын ойым,
зінің сана-сезімінде әділдікті, шыншылдықты,
тазалықты сақтауы керек. Бұл жерде тек қана
әскери форманы таза ұстау туралы емес, офицер
азаматтың ар-ожданы таза болуы қажет...
: Бүгінгі таңда әскер саласын жетік
білетін Сіз сияқты ардагер санаулы. Талай кітап
жазғаныңызды білеміз. Дегенмен, болашақ
ұрпақты әскери патриоттық тұрғыда тәрбиелеу
мақсатында зіңіздің әдіс-амалыңызды кітап
ретінде шығару ойыңызда бар ма?
: «Pмір-зен» дейді. Уақыт
санаулы. *скери мамандық, патриоттық
тәрбие туралы жазып қана қоймай, жалпы
мірлік тәжірибе туралы, жетім балалар үйінің
тәрбиеленушісінің бүгінгі күнгі дәрежеге
жетуі туралы кітап жазу да ойымда бар. Оны
уақыт крсетер. Менің бүгінгі күнге жеткен
жетістігім мен жемісім адамдарға – адал адамға
тікелей байланысты. Бұл жерде Бауыржан
ағамның «Pтіріктің балын жалап тірі жүргенше,
шындықтың уын ішіп лген артық» – деп
айтқан сиеті ойыма түсіп отыр.
: Кезінде генерал шенін алу оңай
шаруа емес еді. Бүгінде жасы отыздан асқан
азаматтарымыз генерал болуда. Бұл еліміздегі
әскер саласының дамығанын білдіре ме? *лде?..
: Бұрынғы тарихи дәстүр,
ереже бойынша генерал шені саны 10 мыңнан
асатын әскери блімді басқарған, білімді,
тәжірибелі, жан-жақты қалыптасқан, сондай-ақ
ұзақ жылдар әскери ғылым мен білім саласында
қызмет істеп, әскери кадрды дайындауға
еңбегі сіңген, еңбек тілі талапқа сай әскери
полковниктерге берілетін. Ал қазір біздің
Қарулы Күштерде, әсіресе Ұлттық гвардияда,
басқа да әскери блімдерде жас
генералдардың бар екені рас. Бұл
туралы менің генерал інілеріме
айтарым – бұл атақ мемлекеттік
үлкен дәреже. Погонды Елбасының
қолынан аласыңдар. Сондықтан бұл
атақты жоғары ұстап, генерал абыройына
кір келтірмеңдер.
: Жат ағымның жетегінде
кетіп жатқан жастарымыз жетерлік.
Адасқанды дұрыс жолға түсіру бағытында
айтарлықтай жұмыс жасалуда. Бірақ
тепсе темір үзетін жастарымыз әлі де з
жолынан адасып жүр. *скер болатын, ел
қорғайтын, Отан үшін қызмет қылатын
жастардың бұлай адасуының сыры неде?
: Лаңкестік пен
экстремизмге қарсы күрес бүгінгі күні
барлық ркениетті елдің басты мәселесі
болып отыр. Pз Отанымыздың кең-
байтақ жерінің, шекарасының бүтіндігін
сақтау, халықтың тыныштығын алатын
лаңкеске қарсы ұйымшылдықпен
күрес жүргізу, мемлекетімізге қауіп
тндіретін кез келген сыртқы және ішкі
күшке қарсы тұрудың зі жастарды
Отаншылдық рухта тәрбиелеуді талап
етеді. Қайталап айтам, патриоттық тәрбие
мәселесі – адамзат тарихының н бойында
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы
мақсат болғандықтан, жастардың бойында
Отанға деген сүйіспеншілік қасиетін дарыту әр
уақытта да зекті мәселе болып қала бермек.
Егеменді ел болған кезде жас мемлекеттің
жаңа қалыптасу кезеңіне байланысты жастар
емін-еркін кетті емес пе?! Сол кезде жастар
тәрбиесін босаңсытып алдық-ау деп ойлаймын.
Бүгінгі күні бұл мәселені қолға алып, жастар
тәрбиесіне ерекше кңіл бле бастадық.
Алайда қазіргі жағдайда шетелде болып
жатқан экстремистік күштің насихаты біздің
жастарымызға әсер етуде. Бұл жерде жастар
арасында тәрбие жұмысын жүргізумен қатар,
олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту керек.
: Жасыңыз сексеннен асса да,
әлі күнге дейін қоғамдық жұмыстарға етене
араласып жүрсіз. Сіз де «ет пен сүйектен
жаралған жансыз ғой». Шаршамадыңыз ба?
: Менің жас кезімнен сана-
сезіміме, сүйегіме сіңген, ұстанған ұстанымым
бар. Ол – «Мен болмасам – бұл жұмысты кім
істейді?!» деген принцип. Алматы қаласы Медеу
аудандық Ардагерлер кеңесін басқарғаныма
биыл 10 жыл болады. Ардагерлер ұйымын
басқару жұмысы оңай шаруа емес... Сондықтан
екі жылдан кейін тетін конференцияда
жұмыстан босату мәселесін ктергім келеді.
Сол кезде маған кітап жазу мәселесін қолға алу
мүмкін болатын шығар...
Ал осы арада жастарға айтатыным: арақ-
шараптан, темекі-есірткіден аулақ болсаңдар,
сендердің мірлік мүмкіндіктерің әлдеқайда
жоғары болады...
: Осы уақытқа дейін бұл сұрақ
Сізге талай рет қойылды. Дегенмен есіміңіз неге
Ким? Жалпы бүгінде оқиғамен байланыстырып
осылайша ерекше ат қоятындарға қалай
қарайсыз?
: *р заманның з дәстүрі
болады. Осыған байланысты менің толық
атым – сол кездегі жастар ұйымы комсомолдың
атауы. Ол кезде Мэлс, Совет, Октябрь сияқты
есімдер кп болды. Pз ұлымның есімі – Арман,
ал ұлым немереме – Ким деп менің атымды
қойыпты. Қазіргі уақытта елде болып жатқан
әртүрлі згеріске байланысты есімдер қойылып
жүргені белгілі. Ат қоюдың ерекшелігі жнінде
ономастика мамандарының пікіріне жүгінген
жн болар. Жаңа туған сәбиге ат қою мәселесі те
маңызды. Ол баланың болашақ тағдырына
әсер етуі әбден мүмкін. Осыған орай
айтайын деген пікірім: Еліміздің атақты
адамдарын, тұлғаларының атын жас сәбиге
қою жақсы дәстүр. Бірақ сол адамдардың
атын, болмаса бір атының буынын кез
келген жерде пайдалану меніңше қателік –
деп ойлаймын.
: Мектепте алғашқы әскери
дайындық деген пән бар. Мен де оқыдым.
Қаруды қалай жинау керек? *скери
жағдайда не істеуіміз керек? Осындай
сауалдарға жауап берілді. Осы сабақ
аясында батырдың ерлігін де насихаттап,
қандай әдіс қолданғанын крсетіп отыру
мәселесін енгізсе, қалай болады?
: Мектепте әскери
дайындық пәнін ткізу – патриоттық
тәрбиенің алғашқы бастамасы деп айтар
едім. Бұл пән дәл қазіргі уақытта жастар
үшін ауадай қажет. Мектеп қабырғасында
тетін алғашқы әскери дайындық
пәні оқушы жастардың Отанға деген
сүйіспеншілігін оятып қана қоймай, оны
қорғауға, жалпы, елдің экономикалық,
ғылыми, моралдық, саяси, әскери қуатын
арттыруға үлес қосуға дайын болуын
қалыптастырады. Жастар ар-ождан,
намыс, қайырым, мейірім сезімімен
қатар з Отанын мақтан тұтып, оның
жетістігіне сүйсініп, туындаған қиындықты
жеңуге, елін, жерін қорғауға дайын болға
үйретеді. Сйтіп, олар «соғыссыз, бейбітшілік
замандағы патриотизм қандай болуы керек?» –
деген мәселенің шешімін анықтауына мүмкіндік
алады. Қазіргі тәртіп бойынша әскери борышты
1(бір) жыл тейтін болғандықтан, әскери кәсіби
маман болу үшін мектептегі алғашқы әскери
дайындық пәні жоғары деңгейде туі қажет.
*сіресе, әскери қару-жарақ, әскери техника
бойынша тереңдетіп оқытқан дұрыс болар еді.
Қазақстан – з алдына жеке тәуелсіз
мемлекет бола алатындығын бүкіл әлемге
дәлелдеді. Ендігі басты міндет – осы
мемлекетімiздің ркендеп суі мен халықтың
әлеуметтік, экономикалық жағдайын
ктеру. Қазақстанды Отаным деп таныған әр
азаматтың осы міндетке мүмкіндігінше үлес
қосуы – басты шарттың бірі. Бұл бейбітшілік
кезіндегі патриотизм. Жастарға патриоттық
тәрбие берудің бағдарлы идеясын Елбасы
Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Қазақстан
халқына Жолдауының «Қазақстан мұраты»
деп аталатын блімінде: «...біздің балаларымыз
бен немерелеріміз... бабаларының игі дәстүрін
сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық
экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр
болады. Олар бейбіт, абат, жылдам ркендеу
үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы
з елінің патриоттары болады» – деп жастарға
үміт артқан болатын.
Қорыта келгенде, ұрпақтан-ұрпаққа
мирас болып келе жатқан жауынгерлік
және ерлік дәстүрлері арқылы тәрбие беру –
жастардың бойындағы патриоттық сезімді,
ұлттық сана-сезімді, намысты, парызды
қалыптастырумен қатар, Егемен еліміздің
тәуелсіздігін, ынтымағын, бірлігін сақтап
қалатын азаматтарды тәрбиелеу біздің басты
парызымыз. Халықтың бiрлiгi, ұрпақ пен
дәстүр сабақтастығы, з тарихымызға деген
кзқарасымыз, бiздiң аға ұрпаққа деген шынайы
құрметiмiз, елі мен жерін сыртқы жаудан
қорғаған батыр бабаларымыздың, мiр жолын
зiмiз ұстанып қана қоймай, оны ертең елдің
тізгінін ұстайтын жастарымыз бен келешек
ұрпаққа жеткiзу, насихаттау да біздің басты
мақсатымыз деп әңгімемді аяқтаймын.
: Аға, негелі әңгімеңіз үшін үлкен
рахмет.
Ө!"#
К
ж
«
р
Біздің сұхбат
Ерлік тәрбиесі дегеніміз
– ата-бабамыздың
жауынгерлік дәстүрі
негізінде жастардың
жігерін, табандылық,
батылдық қасиетімен бірге
ұлттық сана мен парызды,
намысты қалыптастыра
отырып, Отансүйгіштікке
тәрбиелеу. Бүгінгі күн
тұрғысынан алып
қарайтын болсақ, Егемен
еліміздің бейбітшілігі
мен бірлігін сақтайтын
жас ұрпақтың санасына
жастайынан ата-бабамыз
негізін салған ерлік рухты
енгізуіміз қажет.
«
«
Әскери маман боламын
деген азаматтарға
айтатын ойым, өзінің
сана-сезімінде әділдікті,
шыншылдықты,
тазалықты сақтауы керек.
Бұл жерде тек қана әскери
форманы таза ұстау
туралы емес, офицер
азаматтың ар-ожданы
таза болуы қажет...
«
«
Қазақстан – өз алдына
жеке тәуелсіз мемлекет
бола алатындығын
бүкіл әлемге дәлелдеді.
Ендігі басты міндет –
осы мемлекетімiздің
өркендеп өсуі мен
халықтың әлеуметтік,
экономикалық жағдайын
көтеру. Қазақстанды
Отаным деп таныған әр
азаматтың осы міндетке
мүмкіндігінше үлес қосуы
– басты шарттың бірі.
Бұл бейбітшілік кезіндегі
патриотизм.
«
«
мен бірлігін сақтайтын
жас ұрпақтың санасына
жастайынан ата-бабамыз
негізін салған ерлік рухты
енгізуіміз қажет.
БЕЙБІТ
БЕЙБІТ
ЗАМАНДАҒЫ
ЗАМАНДАҒЫ
ПАТРИОТИЗМ
ПАТРИОТИЗМ
Фото: Ғалия ҚАЛИЕВА