Áiëiì ´ëåìi
6
Áàëàëàð øûμàðìàøûëûμû
21-наурыз 2015 жыл
Түлкиев атындағы жалпы
орта мектепте жас əдебиет-
шілер үйірмесі құрылып, жұмыс
істей бастапты. Біз бүгін балғын
талапкерлердің тырнақалды
туындыларын назарларыңызға
ұсынып отырмыз.
Астана, Астана,
Сəулетті бас қала.
Əсем əрі көркем деп,
Біз жырлаймыз мақтана.
С.ЫДЫРЫС,
6-сынып оқушысы.
Сұм соғыстың қасіреті көп болды,
Қызық күндер, ойнап күлу жоқ
болды.
Жауға шауып туған елін қорғаған,
Ер жігіттер алаулаған от болды.
Ұлы Жеңіс бізге оңай келмеді,
Қаза болды қанша қазақ ерлері.
Сол ерлердің арқасында қазағым,
Алға қарай самғай берді, өрледі.
Б.ЕРГЕБЕК,
7-сынып оқушысы.
Аспанменен астасқан қаласы бар,
Құлан кезген кең байтақ даласы бар.
Бұрымды кербез сұлу қызыменен,
Жүректі, білекті де баласы бар.
Төле бидей тарихта данасы бар,
Домалақтай ақылды анасы бар.
Ахмет аға, Жүсіпбек, Мағжандардың,
Жазылмаған ақтаңдақ жарасы бар.
Ұлы Абайдай данышпан ағасы бар,
Фаризадай жырлайтын апасы бар.
Талай жастар жазықсыз жазаланған,
Желтоқсанның ызғарлы наласы бар.
Абылайдай нар тұлға дарасы бар,
Нұрсұлтандай елімнің панасы бар.
Мəртебесі елімнің биіктей бер,
Елін сүйген, себебі баласы бар.
Б.САЛЫБЕК,
11-сынып оқушысы.
Əлемді көзбен көргендей,
Қылқаламмен жеткізген,
Сұлулықты қашан да,
Жанарынан өткізген.
Аз ғана мына өмірде,
Жақсылықты көп тізген.
Спортқа да жетелеп,
Жеңістерге жеткізген,
Қайран Бексейіт атамыз,
Бола алмадың көп бізбен.
Саян БЕКЖАНҰЛЫ,
6-сынып оқушысы.
Көркіңе мен таң қалдым,
Қасқасуым -- туған жер.
Қасиетіңнен айналдым,
Өнерліге тұнған ел.
Менің туған елімде,
Қасқасудай жерімде.
Тасып туған өнері,
Қылқаламның шебері.
Бексейіттей атаммен,
Мақтанамын мен енді.
«Ұлы көштей» суретпен,
Таныған əлем өнерін.
Осы көштің соңынан,
Мен де ілесіп келемін.
Дана ҚАЛЖАН,
5-сынып оқушысы.
Ол мені тастап кеткен. Сонда да
оны өте жақсы көремін. Анамды
көрмегелі көп болды. Қатты сағынып
жүрмін. Қазір кішкентаймын. Үлкей-
ген кезде міндетті түрде іздеп
табамын. Содан соң анаммен бірге
тұрамын. Оны ешқашан жалғыз
тастамаймын. Өйткені, ол мені мы-
нау жарық дүниеге алып келіп, өмір
сыйлады. Анаммен бірге болған
əрбір сəт еске түссе, сағыныштан
егілемін. Қиялыммен дүниенің төрт
бұрышын кезіп, оны іздеймін. "Ба-
лам" деген жалғыз ауыз сөзі
күмбірлеп, құлағымнан кетер емес.
Күнде келіп қалар ма екен деп жол
қараймын. Көңілім елеңдеулі. Мен
қанша сағынсам да, күтсем де ол
келер емес. Шіркін, анаммен бірге
үйде болсам ғой. Оған көмектесуден
шаршамас едім. Үй жұмыстарын
өзім-ақ істеп тастар едім. Анама
салмақ түсірмеген болар едім. Жан
анам, мен үшін ешқашан қызармаған
болар едің. Мен анамды, ал ол мені
өзгелердің алдында мақтаныш етер
едік. Анам, менің жалғызым. Мен де
сенің жалғызыңмын ғой. Дүниеде
жалғыз қалған жаман екен. Қайда-
сың? Амандық болса, түбі іздеп
табамын. Менімен оқитын достарым
аналар мерекесіне дайындалды.
Мен екі тілек тілеумен болдым. Бірін-
ші тілегім, қайда жүрсең де, аман
болшы! Екінші тілегім, өзіңмен кез-
десіп, сағына қауышар күн ертерек
туса екен. Аналарға айтарым, еш-
қашан перзенттеріңізді тастамаңыз-
дар. Ал олар сіздерді аяласын,
құрметтесін.
Тимур АНТОНЦЕВ,
Бірінші Мамыр орта
мектебінің 4-сынып оқушысы.
Ғасырлар шеруінен бері халықпен
бірге өмір сүріп, өркендеп келе
жатқан қазақ əдебиеті – тұңғиық,
терең мұхит іспетті. Халқымыздың
мұңын мұңдап, əміршіл-əкімшіл сая-
сатты сынға алып, қиын-қыстау
сəттерде еліміздің жанайқайын жыр-
лаған осы – əдебиет. Мəңгілік өшпес
мұра мен рухани байлық, əсемдік пен
шыншылдық, ащы шындық пен жүрек
назы, көңіл қуанышы мен сан түрлі
сезім, аяулы махаббат пен ерекше
көзқарас бəрі- бəрі əдебиет деген бір
ауыз сөзге келіп саяды. Соншама
құдіретті бойына жинаған əдебиет,
ол күллі əлемнің жүрегі. Алайда, ол
мəңгі соғар – жүрек, мəңгі жасар –
жүрек! Қаншама дара тұлға əдебиет
деп жырлап кетті, толғап кетті.
Əдебиеттің тұңғиығына батар болсаң,
сан шытырман алдыңнан шыға
келеді де, жан жүрегің, тұла бойың
ерекше бір күйге бөленіп қоя береді.
Əдебиетті, сүю, онымен бірге болу,
міне, нағыз бақыт! Міне, нағыз жан
рахаты! Қазақ əдебиетінің тарихында
есімдері алтын əріппен жазылған
ақындарымыз бен жазушыларымыз,
жырауларымыз жетерлік. Солардың
бірі де, бірегейі де Абай Құнанбаев
атамыз. Одан қала берді халық
жанашыры болған үш бəйтерегіміз,
бес арысымыз бар. Олардың қай-
қайсысы болса да əдебиеттің тұнық
мұхитындай тереңдігіне батқан жан-
дар. Осындай жанашырлары бар
əдебиетіміз мəңгі жасағай! Мəңгілік
елдің – мəңгілік əдебиеті, енді тек
халқымыздың қуанышы мен еліміздің
жетістігін жырлағай!
Гүлайым ҚҰДАЙБЕРГЕН,
№6 жалпы орта мектептің
11- сынып оқушысы.
¦äåáèåò – òåðåº ì½õèò
Алғаш рет келгенімде мектепке,
Қоңыраудан сыңғырлады күміс үн.
Толқи басып сыныбыма кіргенде,
Жарқырады аспандағы сұлу Күн.
Мектеп басты кеудесіне барлығын,
Білім нəрін құйып біздің санаға.
Сол күннен-ақ сезіп келем анығын,
Алтын ұям ұқсайтынын данаға.
Әбзелбек НҰРДӘУЛЕТ,
Бірінші Мамыр жалпы орта
мектебінің 3-сынып оқушысы.
Қазақстан менің Отаным,
Туған жер кəусар бұлағым.
Көз жетпес, шалқар кең далам,
Таулары биік қорғаным.
Аружан ҮСІПБАЙ,
Бірінші Мамыр жалпы орта
мектебінің 4-сынып оқушысы.
Жапалақтап қар жауды,
Біз жасадық аққала.
Қар атысып ойнадық,
Мініп алып шанаға.
Ернар ҚҰДАЙБЕРГЕН,
Бірінші Мамыр жалпы
орта мектебінің 4-сынып оқушысы.
Мектебiм
Àñòàíà
±ëû Æåºiñ
¥àçà° åëi
Äàðûí
¥ûë°àëàì
øåáåði
Ґаза°стан
А°°ала
Белая розочка весной расцвела,
Милая девочка ее полила.
Вдруг летом оказалась она на окне,
Белая розочка вдруг отцвела.
За место ее расцвели и другие,
Красивые розочки разноцветными были.
Но осень настала, они отцвели,
Красивые розочки вдруг опять зацвели.
Мария МИХАЙЛОВА,
Жеңіс негізгі орта мектебінің 4-сынып оқушысы.
Твоих улиц, площадей,
Красоту и стать не описать.
Архитектурных изысков прекрасных
В городе другом нам не сыскать.
Из степей ночных на нас прохладой веет,
А с утра заря во всю горит.
И весь день деревья что-то шепчут,
Это здесь природа говорит.
Астана известна всему миру,
В Астане прекрасный люд живёт.
Астану народ усердно строит,
Мировую Славу ей несёт.
Севинч ТИМУР,
Жеңіс негізгі орта мектебінің 4-сынып оқушысы.
Àñòàíà
Áåëàÿ ðîçî÷êà
Қазақ қызы шырайлы,
Шат күлкісі ұнайды.
Нəзіктігі олардың,
Майысқан гүлдей, арайлы.
Қазақ қызы шырайлы,
Билейді бар маңайды.
Өсіп, елге нəр берген,
Қазақ қызы арайлы.
Мерей ӘБДУӘЛІ,
Алғабас орта мектебінің
5-сынып оқушысы.
¥àçà° °ûçû
Мен анамды саμындым
Əрбір адамда балалық шақ деген
болады. Сол шақ естен кетпес кезең.
Ол кезеңде ешнəрсе туралы ойлан-
байсың, балалық шағыңның қызығы-
на тоймай жүресің. Бала кезіңдегі
əрбір қуаныш есіңде сақталады.
Мектеп табалдырығын алғаш ат-
таған күннен бастап балалық шағың-
ның қызығы арта түседі. Достарың
көбейеді. Бұл кез қамқор ата-анаң
болса ғана қызық өтеді. Əке-шешенің қасында күліп,
ойнап жүргенге не жетсін? Бəрінің де балалық шағы
осылай өтсе ғой. Мен өміріме ризамын. Себебі, ата-
анамның арқасында қиындық көрмей келемін. Қуаныш
пен қайғы өмірдің заңы. Əрқашан тек қуанышымыз көп
болғай. Əр адам өткенін кері қайтарып, балалық шағы-
на оралғысы келсе керек. Бұл орындалмайтын арман.
Сондықтан, достар, бала кезіміздің əр күнін бағалай
берейік.
С.АРАПБАЙ,
Қ.Мамытов атындағы орта мектеп оқушысы.
Əжемнің жасы 60-
тан асты, есімі Гүлжа-
мал. Өзі сондай сабырлы, ақылды, асыл адам. Мен оны
«мама» деп атаймын. Өйткені, дүниеге келген күннен
бастап ол мені бауырына басты, қамқор болды. Анам
маған ұрысса əжем оған ренжіп, жұмсаса көмектеседі.
Балабақшаға барып жүрген кездеп бастап мектеп
табалдырығын алғаш аттағанға дейін ол менің ұстазым,
ақылшым, көмекшім болды. Осының арқасында өте
жақсы оқып жүрмін. Əжеме өте ризамын. Ол мен мектеп
бітіргенше шаршамай, көмегін аямай, жанымнан
табыла берсе екен.
Жылы жүзді дана əжем,
Маған ақыл айтқан пана əжем.
Дидарыңыздан күлкі кетпей жүрсінші,
Жүз жасап, ұзақ өмір сүріңізші.
Н.ШЕРЕЗДАН,
Сарқырама орта мектебінің оқушысы.
Ìåíiº ´æåì
Áàëàëû° øà° îðàëìàéäû
Бірде бұтақ үстінде құйқылжыта əн салып отырған
бұлбұлды қарға байқап қалады. Жақын барып қараса
оның жанды еліктірер əсем əнін көп адам ұйып тыңдап
отыр екен. Қарға да ел мақтанышына бөленгісі келіп
кетті. Ол ойланып жатпастан бұлбұлдың қасына
қонақтап, қарқылдай бастады. Əлгінде ғана бұлбұлды
ұйып тыңдап отырған адамдар шошып кетті де,
арасынан бір бала жерден тас алып қарғаға лақтырып
жіберді. Қарға қарқ етті де ұшып кетті. Осылайша
бұлбұл сияқты сайрағысы келген қарғаның ойы жүзеге
аспай қалды. Керісінше, күлкіге қалды. Міне, содан бері
қарға қарқылдап ұшып жүретін болды.
Әсемай ТАСПУЛАТ,
Ш.Уəлиханов атындағы №2
орта мектептің 5-сынып оқушысы.
Á½ëá½ë ìåí °àðμà