Áiëiì ´ëåìi
4
21-наурыз 2015 жыл
Сабақтың білімділігі: Адамның сезім
мүшелері туралы білімді тиянақтау, қорыту
Сабақтың дамытушылық мақсаты:
Оқушының тіл байлығын, сөздік қорын,
ойлау қабілетін, дүниетанымын жəне
сабаққа деген белсенділігін дамыту.
Сабақтың тəрбиелік мəні: Сезім мүше-
лерін гигиеналық талаптарға сай күтуге,
топта жұмыс жасауға тəрбие-
леу.
Қолданған модульдер: СТО,
оқыту мен оқудағы жаңа
тəсілдер, ОБ жəне ОҮБ.
Сабақтың əдісі: «Рафт»
əдісі, «Бинго» ойыны, жұптық
жəне топтық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі:
Интернет материалы, пос-
терлер, слайд, бейнеролик,
жұмбақтар, «Сезім мүшелері»
түсті таблицасы.
Сабақ жоспары:
І.Психологиялық дайындық.
Топтастыру, жұмбақ шешу
ІІ. Қызығушылықты ояту «Адам
мүшелерінің жұмысы» видеороликті көріп,
түсінгенін талдайды
ІІІ. Шығармашылық жұмыс (постер
қорғау) “Егерде мен ...дəрігері болсам,
...ауырмау үшін...”
ІV. “Бинго” ойыны
V. Сергіту “Көздер”
VI. “Мақал-мəтелдер” сайысы
VII.Рефлексия
VIIІ. Бағалау
І. Сыныпты нөмірлер бойынша бес топқа
бөлеміз (құлақ, тіл, көз, мұрын, тері)
1. Суы мөлдір
Қоршауы селдір. (көз)
2. Ақ тоғайдың ішінде
Кісінейді күрең тай. (тіл)
3. Екі көлдің арасы,
Арада тұр жарасып. (мұрын)
4. Екі жарда екі кебіс ілулі. (құлақ)
Жұмбақ шешу арқылы сабақ тақырыбының
атын табады.
ІІ. Бейнеролик көру (сезім мүшесіне
байланысты үзіндіні көрсету арқылы
сабаққа қызығушылықты ояту)
ІІІ. Шығармашылық жұмыс (постер
қорғау). Əр топ берілген тапсырма
бойынша бар білгенін плакат бетіне
түсіреді.
«Көздер» тобының жауаптары: Көрудің
маңызы туралы əңгімелейді:
Адам көру анализаторы ар-
қылы қоршаған дүниеден 90
пайыздан көп ақпарат алады.
Бізді қоршаған заттар мен
құбылыстарды, денеміздің
өзін ең алдымен көру арқылы
қабылдаймыз. Көруге байла-
нысты тұрмыстық жəне еңбек
дағдыларын, мінез-құлықтың
белгілі бір ережелерін орын-
дауды үйренеміз. Көру ар-
қылы жазуға, оқуға үйренеміз.
Қоршаған табиғаттағы, сəулет
өнеріндегі, мүсін өнеріндегі,
балет, кескіндеме, кинодағы əдемілікті
көреміз.
2. Көздің құрылысы сипатталады: Көз
алмасының пішіні шар тəрізді. 2/3 бөлігі бас
сүйектегі көз шарасымен қоршалады. Көз
алмасын солға, оңға, жоғары, төмен
қозғалысқа келтіретін бұлшық еттер ар-
қылы көз шарасына бекінеді. Ақ қабық көз
алмасына пішін береді. Алдыңғы бөлігі
қасаң қабыққа жалғасады. Қасаң қабық
жарықты өткізеді. Тамырлы қабықта қан
тамырлары көп. Ол көздің барлық ұлпасын
қоректік заттармен, оттекпен қамтамасыз
етеді. Тор қабықта жарыққа сезімтал
рецепторлар: құтышалар мен таяқшалар
орналасқан. Қарашыққа қарсы жиналған
құтышалар сары дақ, көру жүйкесі шығатын
жерді соқыр дақ дейді.
3. Көз қызметі туралы: Жарық көз
алмасына қарашық арқылы түседі.
Қарашық жарық сəулесін тоғыстау қызметін
атқарады. Көзбұршақ жарық сəулесін
сындырады да, оларды шыны тəрізді дене
арқылы аударылған күйінде көздің тор
қабығына бағыттайды. Көзді қимылдататын
бұлшық ет заттың кескіні көздің тор
қабығына, сары даққа дəл түсетіндей етіп
көз алмасын қозғайды.
4. Көрудің бұзылу себептері аталып
өтіледі: Жас өскен сайын адамның көру
қабілеті өзгереді. Көзбұршақ өзінің өзгерту
қабілетін жоғалтады. Шыны тəрізді денедегі
су азаяды да, көз алмасы қысқарады.
Жарық сəулесінің сынуы көздің тор
қабығының шегінен шығады. Мұндай
жағдайда алысты көргіштік -- қырақтылық
(дальнозоркость) дамиды. Көрудің кемістігі
алыстан көрмеушілік – сығырлық. Бұл
кезде көз алмасы ұзындау пішінді болып,
сынған сəуле көздің тор қабығына жетпейді.
Көз ауруының бірі – жұқпалы ауру көздің
қарығуы (конъюнктивит). Бұл кезде көздің
кілегейлі қабығы қабынады. Көз ауруларын
емдейтін дəрігерді офтальмолог (грекше
офтальмос - көз), кейде окулист (латынша
окулус - көз) деп атайды.
5. Көз гигиенасы, аурулары: Қасаң
қабықтың бұлыңғырлануы немесе көрмеуі
көздің зақымдануынан болады. Көз
адамның маңдайдағы жұлдызы болған-
дықтан, оны қорғай білу абзал. Басқа
топтар да (құлақ,тіл,мұрын,тері) осылайша
өзінің постерін қорғап шығады.
“Егерде мен ...дəрігері болсам, ...ауыр-
мау үшін...” Қөздер тобынан оқушы
шығып өздерінің дəрігерлік кеңестерін
береді.1. Көзді бөгде заттардың түсуінен
қорғай білу.
2. Жұмыс орнындағы жарықты реттеп
отыру.
3. Шам жарығын сол жақтан түсіру.
4. Кітапты оқығанда, іс тіккенде көзден 30
- 35 см қашықтықта ұстау.
5. Теледидарды 3 - 5 метр қашықтықтан
көру.
6. Витаминді (əсіресе «А») тамақ ішу.
7. Ой еңбегі мен дене еңбегін алмас-
тырып отыру.
8. Кітапты көлікте, жатып оқымау.
9. Темекі тартпау, зиянды əдеттерден
аулақ болу.
10. Мектеп шеберханасында қорғаныш
көзəйнек кию.
11. Шаң - тозаң, микробтардан сақтау.
6. Алғашқы жəрдем. Егер көзге бөгде зат
түссе, дереу қайнатылған жылы сумен көзді
сыртынан ішіне қарай жуу керек. Көзге
қышқыл, сілті сияқты сұйықтықтар тисе,
суды ағызып қойып жуу керек. Қолмен
уқалауға, сүртуге болмайды. Тек таза,
жұмсақ шүберекпен сүрту керек.
Қорытынды: Адам үшін сыртқы дүниені
тануда көру аса маңызды роль атқарады.
Əр топтан (құлақ,тіл,мұрын,тері) осылайша
бір оқушыдан шығып өздерінің дəрігерлік
кеңестерін береді
ІV. Бинго «Анализаторлар» ойыны 66
беттегі тапсырмалар бойынша ойна-
тылады.
Иіс сезу мүшесі? мұрын
Көздің ортаңғы қабықшасы? Тамырлы
қабықша
Анализатордың шеткі бөлігі? Рецеп-
торлық бөлік
Екі жағы да дөңес линзаға ұқсаған мөлдір
дене? Көз бұршағы (хрусталик)
Көздің сыртқы қабықшасы? Қасаң қабық
Иіс сезу жасушаларының ұшында
орналасатын бөлік? Үшкір түктер
V. Сергіту сəті «Көздер»
VІ. “Мақал-мəтелдер” сайысы оқушылар
дайындаған тапсырмаларға ұйқасын табу
арқылы жүргізіледі.
Өнер алды --------; -----тас жарады -------;
-----шықпаған кісіден, дерт -----; ---қорқақ,
қол батыр; Бал ұстаған --------; -----ауырса,
----- тый; Бала --- бал; Ат аяғынан семірер,
адам ----; Таяқ еттен өтеді, ------------.
VІІ. Рефлексиялық бөлім
VIIІ. Бағалау. Топ басшылары топ
мүшелерінің бағасын бағалау парағы
бойынша айтып шығады, мұғалім онымен
келіссе, сол баға қойылып немесе
келіспеген жағдайда қосымша сұрақтар
қою арқылы бағалайды.
Г.СЕРIКБАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы
орта білім беретін мектебінің
биология пəнінің мұғалімі.
Àíàëèçàòîðëàð – ñåçiì ì¾øåëåði
Информатика пəнін игеру барысында оқушылардың
жоғары дəрежелі алгоритмдік ой-өрісін қалыптастыру.
Информатика жалпы білім беру пəндеріне жатады, жоғары
оқулардың бар мамандықтарында оқылады, сондықтан
көп көңіл бөлуді талап етеді. Казір ақпараттандырылған
əлемде ақпаратты электрондық түрде жеткізуге көп
мүмкіндіктер бар. Қазіргі қоғамда компьютер маңызды əрі
көрнекті орын алып отырған сəтті электрондық оқу
құралын пайдалану еліміздің болашағына барлық ғылым
салаларда жаңа идеяларды ұсынып отырамыз. Казіргі
уақытта білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда.
Бұл процесс білім парагдимасының өзгеруімен қатар
жүреді.Жаңа білім парагдимасы бірінші орынға баланың
білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу
арқылы дамуын қойып отыр жəне сонымен қатар жоғары
дəрежелі алгоритмдік ойға ие тұлғаны тəрбиелеу болып
табылады.
Алгоритмді игеру барысында оқушыларға алгоритмді
құру жолдарын үйрету болып табылады. Яғни айтқанда
оқушылар алгоритм құру барысында олардың негізгі
базалық структураларын пайдалана білу керек:
қадамдарға бөлу, шартты тексеру, қайталау алгоритмін
пайдалану; сонымен қатар декомпозиция жасау білу,
анығын айтқанда есепті қарапайым есептерге бөлуді
пайдалану.
Негізгі мемлекеттік стандарт бойынша, базалық курсты
меңгеруде қойылатын талаптардың тізімі:
1.Алгоритмдік ой-өріс дағдыларын игеру жəне
алгоритмді формальды жазудың керектігін түсіну.
2.Жоғары дəрежедегі алгоритмдік тілде жазылған
бағдарламаларды түсінуді игеру; бағдарламалаудың
негізгі конструкцияларын білу.
3.Алгоритмдік тілде жазылған бағдарламаларды
дəстүрлі əдістерлерді игеру, дəстүрлі жазуды есептерді
шешу барысында бағдарламалау негізгі конструкция-
ларын пайдалану арқылы.
4. Дəстүрлі есептерді шешу барысында бағдарламаудың
негізгі конструкцияларды пайдалану арқылы, дəстүрлі
əдістермен жазылған алгоритмдік тілде бағдарламаларды
жазуды игеру.
Күтілетін нəтижелер мынадай формулаға айландыруға
болады:
1.Алгоритмдік ой-өріс дағдыларын игеру жəне
алгоритмді формальды жазудың керектігін түсіну.
2.Жоғары дəрежедегі алгоритмдік тілде жазылған
бағдарламаларды түсінуді игеру; бағдарламалаудың
негізгі кұрылысын білу; кестелер қолданылған алгоритм-
дерге талдау жасауды білу.
3. Дəстүрлі есептерді шешу барысында бағдар-
ламалаудың негізгі құрылғыларын пайдалану арқылы,
дəстүрлі əдістермен жазылған алгоритмдік тілде
бағдарламаларды жазуды игеру.
Мұндай нəтижелерге жету барысында алгоритми-
зацияны оқытуды ең төменгі деңгейден бастау керектігін
баршаға мəлім.
Мысалы: төменгі буын
арасында алгоритмдік
конструкциялармен та-
нысуды оқушылар интуи-
ция деңгейінде бастайды.
Оларға тұрмыстық (жол-
дан өту) ойын (сиқырлы карточкалар) жəне ертегілер
(“Шалқан” ертегісі) алгоритмдері ұсынады.
Орта буын оқұшылар арасында алгоритм түсінігі əрі
қарай жалғасын табады,олар алгоритмнің қасиеттерімен
жəне алгоритмдерді ұсыну тəсілдерімен танысады.Осы
кезеңде балалар классикалық алгоритмдермен де таныс
болады (Евклид алгоритмы жəне т.б). Егер интуиция
дəрежесінде түсінікті программалау тілінде мынадай
базалық алгоритмдерді:ең кіші жəне ең үлкен элентті табу,
элементтерді сұрыптау жəне т.б сияқты, жақсы меңгерген
болса онда ол болашақта объекті -- бағытталған програм-
малау жəне динамикалық программалау түсініктерін өте
жоғары деңгейде меңгереді деп сенімдімін.” Ойын
теориясы” жəне “Ұту стратегиясы” алгоритмдерді толық
меңгеруіне сенімдімін.
Оқыту барысында кедергілер орын алатын жайттар да
кездеседі.
• Мұғалімдер арасындағы интеллектуалды қарым-
қатынасының аздығы болып табылады; кіші жəне орта
буындағы оқушылар арасындағы алгоритмдік ой-өрісінің
қалыптаспауы; пəн-аралық байланысының өз деңгейінде
еместігі; жоғарғы оқу орындарымен байланысының
қалыптаспау; кедергілер жою жолдары қарастырылған;
желілік қауымдастық құру; ғылыми-əдістемелік семи-
нарлар өткізу(екі айда бір рет); кіші жəне орта буындағы
оқұшылар ортасында мектепаралық олимпиадалар
өткізу(жартыжылдықта бір рет); басқа бірлестіктермен
байланысты жетілдіру; жоғары оқу орындарымен
байланыс орнату.
Сонымен жоғары дəрежедегі алгоритмдік ой-өріске ие
тұлғаны тəрбиелеу мектеп қабырғасында дидактикалық
спираль ретімен орындалады: бастапқы деңгейдегі
алгоритмизацияның пропедевтикадан орындаушы ар-
қылы, базалық курстағы қиын алгоритмдердің, жоғары
буындағы мəліметтермен жəне олардың құрылымымен
байланысты алгоритмдерді құру арқылы.
Жоғары деңгейдегі алгоритмдік ой-өріске ие тұлғаны
тəрбиелеу барша қоғамға міндет деп ойлаймын.
Р.ЖАНДАРБЕКОВА,
Т.Тоғысбаев атындағы орта мектептің
информатика пəні мұғалімі.
Жоғары дəрежелі алгоритмдік
ойға ие тұлғаны тəрбиелеу
Мектебімізде басталған бастауыш сыныптар апталығы
өз дəрежесінде өткізіліп жатыр. Осы апталықта өзінің
ерекше қабілетімен, оқушыларын білім нəрімен
сусындатып отырған 2 «А» сынып мұғалімі Бақытгүл
Бекееваның сабақ кезінде жаңаша əдіс-тəсілдерді тиімді
пайдалана алатындығын сіздермен бөліскім келеді.
Бақытгүл ІII деңгейлі сертификатталған мұғалім. Мате-
матикадан өткен «Жазбаша қосу жəне азайту 45+23
68-23» тақырыбындағы ашық сабағында «Айналмалы
бекет» топтық жұмысы, «Жұлдызды сəт» өзіндік жұмысы,
«Дүкенге саяхат» топтық жұмыстарында 7 модульдің
ықпалдасқаны көрініс таба білді. Бұл сабақта білім дайын
күйінде емес, керісінше оқушылардың өздерін еркін
ұстауына, өз ойларын ортаға салуына, ойлануға
мүмкіндік жасалды. Топтық жұмысқа оқушылардың
бейімделгені, бір-бірімен тіл табысып жұмыс жасағаны
сабақтың көркін ашты. Сабақ барысында бағалаудың екі
түрі де қолданылып отырды. Оқушылар бағалау
парақшасымен жұмыс істеуге төселген. Сабақ соңында
оқушылар сабақтан алған əсеріне кері байланыс жасауды
ұмыт қалдырған жоқ.
Бақытгүл желтоқсан айында қаламыздағы Қ.Сəтпаев
атындағы №4 орта мектебінде осы мектептің бастауыш
сынып мұғалімі Мəдина апай екеуі «Өрлеу» біліктілікті
арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған респуб-
ликалық «Оқыту мен оқудағы жаңа тəсілдер»
тақырыбындағы семинарда математикадан онлайн
сабақ өтіп, мектебіміздің мəртебесін бір көтеріп тастады.
Аудандық қысқы педагогикалық оқуда да осы
сабақтарындағы əдіс-тəсілдерді ауданның бастауыш
сынып мұғалімдеріне тəжрибе ретінде бөлісіп, топтық
жұмыс жасатып, бір сергітіп алды.
Қорыта айтқанда, «Егеменді елдің, келер ұрпақтың
болашағы, келешегі білімде жатыр, ол үшін білімді білікті
ұстаздар керек» деген идеяны қолдап, Бақытгүлге тек
тынбай еңбектене бер дегім келеді.
К.КАРАБАЛАЕВА,
Жаңаұйым орта мектебінің бастауыш сынып
əдістемелік бірлестік жетекшісі.
Êåëåøåãi êåìåë
ì½μàëiì