Тітіркендіргіштер деп қозғыш құрылымдарға әсер ететін сыртқы және
ішкі ортаның факторлырын айтады. Олар екі топқа бөлінеді:
1) табиғи (әртүрлі қабылдағыштар мен жүйке жасушаларында пайда
болатын жүйкелік серпіндер);
2) жасанды: физикалық (механикалық – соғу, түйреу; температуралық –
ыстық, суық; электр тоғы – айнымалы немесе тұрақты), химиялық
(қышқылдар, негіздер, эфирлер, т.б.), физико-жимиялық (осмостық – натрий
хлоридінің кристалдары). Физиологиялық тәжірибеде электр тоғымен
тітіркендіруді жиі пайдаланады. Себебі оның күшін, әсер ету ұзақтығын,
жиілігін және өрістеу деңгейлерін өзгертуге болады. Электр тіркендіргіші
тіндерде із қалдырмай, зақым келтірмей, қысқа уақытта әсер етеді.
Клиникада диагностикалық және емдеу мақсатында электрлік аспаптар
кеңінен колданылады (мысалы, жоғары жиілікті токпен тіндерді тереңдетіп
қыздыру).
Тітіркендіргіштердің биологиялық принциптері бойынша жіктелуі:
1) Барабар (адекватты), көп энергия шығындамай, организмнің табиғи
тіршілігінде, тіндерді қозу жағдайына келтіреді (жарық, дыбыс, иіс, дәм және
т.б.). Оларды қабылдайтын организмде арнаулы қабылдағыштар бар.
Мысалы, фоторецепторлар қозу үшін жарық сәулесінің бір фотон энергиясы
жеткілікті болады.
2) Бейбарабар (адекватсыз), жеткілікті күші мен ұзақтығы бар әсер ету
нәтижесінде тіндерді қоздырады.
Жүйке немесе бұлшықет тіндерінде қозу тудырытын тітіркендіргіштің ең
төменгі күшін тітіркендіру табалдырығы (қозу табалдырығы) деп айтады.
Қозу табалдырығының шамасы жүйке мен ет тіндері қозғыштығының өлшемі
болып саналады. Сонымен күшіне байланысты табалдырықты,
табылдырықтан төмен және табалдырықтан жоғары тітіркендіргіштерді
ажыратады. Қозғыш тіндердің жалпы физиологиялық қасиеттеріне мыналар жатады:
1) қозғыштық – тірі тіндердің, күші мен ұзақтығы жеткілікті және тез әсер
ететін тітркендіргішке, өзінің физиологиялық қасиеттерін өзгерте, қозуға
келіп, жауап беру қабілеті. Қозған тіндер әрқайсысы өзіне тән қызметін
атқара бастайды: жүйке қозуды өткізеді, бұлшықет жиырылады, бездер сөл
шығарады. Қозатын тіндердің қозғыштығы бірдей болмайды. Ең жоғары
қозғыштық жүйке тіндерінде болады. Қаңқа бұлшықеттерінің қозғыштығы,
бірыңғай салалы еттермен салыстырғанда, жоғары. Қозғыштықтың өлшемі
тітіркендіру табалдырығы болып саналады.
2) өткізгіштік – пайда болған қозуды электрлік сигнал түрінде,
тітіркендірген жерден әрі қарай, тіннің ұзына бойымен өткізу қаблеті.
3) рефрактерлік (қасарысу, қозбау) кезеңі – тіндердегі пайда болған қозу
кезіндегі оның қозғыштық қабілетінің уақытша төмендеуі. Рефрактерлік екі
түрлі болады: абсолюттік (тітіркендіру күші қандай болса да жауап жоқ)
және салыстырмалы (тіннің қозғыштығы біртіндеп қалыпқа келе бастайды,
сондықтан ол табалдырықтан жоғары күшке жауап береді). Абсолюттік
рефрактерлі кезеңнің ұзақтығы жүйке талшығында – 1-2 мс болса, ет
талшықтарында – 4-5 мс, ал жүйке-ет байланысында (түйіспеде) 8-10 мс.
4) лабилдік – қозғыш тіндердің тітіркендіруге белгілі бір жылдамдықта
жауап беру қабілеті. Алғашқы рет лабилдік туралы ұғымды физиологияға
енгізген орыс ғалымы Н.Е.Введенский. Лабилдік деп әсер етуші тітіркендіру
жиілігіне сәйкес 1с ішінде пайда болатын қозудың ең жоғарғы (максималды)
санын айтады. Тін неғұрлым қозғыш болса, оның лабилдігі сонша жоғары
болады. Мысалы, жүйке талшығының лабилдігі 500-1000 Гц, ет талшығында
– 250-350 Гц, ал жүйке-ет түйіспесінде – 100-125 Гц болады. Қозғыш
тіндердің жауабы әсер ететін злектр тітіркендіргішінің күші мен жиілігіне
байланысты. Тітіркендіру жиілеген сайын, белгілі бір шамаға дейін,
бұлшықеттің жиырылу шайқалымы (амплитудасы) арта түседі, одан да жиі
тітіркендірілсе, белгілі бір межеге жеткен сәтте, ол тіпті жиырылмай қояды.
Бұлшықеттің сіресіп жиырылуын қатты күшейтетін ең жоғары (максималды)
тітіркендіргіш саны оптимум – оңтайлы жиілік, ал сіресу күшін
төмендететін не жауапсыз қалдыратын тітіркендіру шамасы –пессимум – күйректік жиілік деп аталады.
3. Қозғыш тіндердің қозғыштығының кезеңдері.
Достарыңызбен бөлісу: |