Биологиялық өндіріс факторларының сипаттамасы


Қоршаған ортаға және адам ағзасына әсері



жүктеу 234,64 Kb.
бет39/46
Дата12.12.2022
өлшемі234,64 Kb.
#40588
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46
canitaria (1)

65. Қоршаған ортаға және адам ағзасына әсері.
Қоршаған ортаның адам организміне теріс әсер ететін факторларының бірі радиация болып табылады. Радиация адамның клеткалары мен органдарының түрлі функцияларына зиянды әсер етеді. Радиация әсер еткенде клеткалардың шапшаң бөлінуі, құрылымы мен құрамының өзгеруі мүмкін. Радиациялық сәулелену тұқым қуалаушылық аппаратын өзгертуге, яғни мутацияға душар етуі мүмкін.

Соңғы он жыл ішінде радиациялық сәулеленудің табиғи фоны көтерілді. Бұл кейбір елдерде ядролық қарулардың өндірілуіне, ядролық энергетиканы пайдалануға, уран өндіруді көбейтуіне, радиация қалдықтарының дұрыс сақталмацуына байланысты болып отыр. Осыған байланысты барлық тіршілік иелеріне - өсімдіктерге, жануарларға, адамдарға нақты қауіп төнді. Мутация көлемі ұлғайды, тұқым қуалайтын әр түрлі аурулар, дамуында түрлі кемістіктері бар (қатерлі аурулары, сәлелік аурулары және тағы басқа) ауру балалар мен адамдардың саны ұлғайды. Табиғаттың барлық жерлерінде табиғи радиабелсенді сәулелері болады. Барлық тірі организмдер сияқты адамға да табиғи сәулелердің әсері тиеді. Сәулелердің артық мөлшері адам организмде ауытқуларды және әр түрлі ауруларды туғызады. Сондықтан адам радиосәулелердің мүмкіндік мөлшерін анықтай алуы тиіс. Оны дозиметр деп аталатын арнайы құралмен өлшейді. Сәулелердің артық мөлшері организмнің ауруға қарсы мүмкіндігін төмендетеді, тыныс алу, көз, тері және тағы басқа ауруларға себеп болады.


66. Радионуклидтердің тамақ тізбегі бойынша көші-қоны.
Радионуклидтер – бұл элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, оларды басқа атомдарға оң және теріс йондар жұбын түзуімен қосаға қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптары. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды. Кейбір заттарда барлық изотоптар радиобелсенді болып табылады. Атап айтқанда, оларға технеций, прометий, сондай-ақ Д.И.Менделеев кестесінің полоний басталып трансурандылармен бітетін барлық элементтері жатады.
Бұрынғы Семей сынақ полигоны (ССП)
аумағының радиобелсенді заттармен ластану салдарынан туындаған
көптеген мәселелердің арасында ұзақ ғұмырлы радионуклидтердің
көші - қоны үдерісіне байланысты ластану құбылысының орын
алганы байқалады. Мәселенің өзектілігі бір жағынан ластанған орта
болса, екінші қырынан осы аумақта өндірістің әртүрлі саласындағы іс-
әрекеттерінің қарқынды жүруімен сипатталады. Осындай жағдайда
полигондағы техногенді бұзылыс нысандарын жапқаннан кейінгі
қалыптасып отырған табиғи ортадағы радиациялық күйді бағалау
әдістерін қарастыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Сондай-
ақ, солардың ішінде - қоршаған ортада орын алған радионуклидтер
көші - қонуы жағдайларын зерттеу аса маңызды іс. Сол себептен
радионуклидтердің ауамен және сумен коші - қоны сипатын анықтап,
оны болдырмау немесе тежеу шараларын белгілеу -басты мәселе.
Жасанды радионуклидтердің арасында тритий-3 (радиоактивті
сутегі) өте жоғары дэрежеде көші — қону қабылетіне ие екендігіне көз
жеткізеді. Ол тау жынысының қайсысына болсада сіңбейді екен.
Атына сай, оның тек сүйық күйде (98%-ға дейін) болуы су ағынының
құрамындағы радионуклидтың қозғалғыштығын қамтамасыз етеді.
Тау үңгірінің (штольняның) эртүрлі жолдармен жабылу нәтижесі
комбинацияланған технологиялық тэсілдердің тиімділігін көрсетеді.

жүктеу 234,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау