Биологиялық өндіріс факторларының сипаттамасы


Қауіпсіз еңбек жағдайларын гигиеналық қамтамасыз етудегі ЖҚҚ маңызы



жүктеу 234,64 Kb.
бет16/46
Дата12.12.2022
өлшемі234,64 Kb.
#40588
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46
canitaria (1)

21. Қауіпсіз еңбек жағдайларын гигиеналық қамтамасыз етудегі ЖҚҚ маңызы.

Зиянды, қауіпті және басқа да ерекше еңбек жағдайларында жұмыс істеу қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына кәсіби қауіп төндіретіні белгілі. Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында кәсіптік тәуекелді төмендету шараларының бірі қызметкерлердің жеке қорғану құралдарын (бұдан әрі – ЖҚҚ) пайдалануы болып табылады. Жұмыс орындарындағы ЖҚҚ өндірістік факторлардың, шекті жол берілетін шоғырланулардың (бұдан әрі – ШЖК) және шекті жол берілетін деңгейлердің (бұдан әрі – ШЖК) қызметкерлеріне белгіленген нормативтерден асатын әсерлерін басқа шараларды, оның ішінде ұжымдық қорғау құралдарын қолдану жолымен болдырмау немесе шектеу мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады. Осылайша, ЖҚҚ қолдану қызметкер мен оның өмірі мен денсаулығына ықтимал қауіп арасындағы соңғы және жиі мүмкін болатын жалғыз кедергі болып табылады.


22. ЖҚҚ қолдану мақсаты, жіктелуі. Арнайы киімнің негізгі мақсаты
ЖҚҚ-н жұмыскерлерді қорғауға тәуекелдерді бақылаудың басқа шараларымен (бақылаудың техникалық, әкімшілік шаралары, қауіпті факторды оқшаулау) қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда қолданған жөн. ЖҚҚ үлгісін таңдау еңбектің нақты жағдайларын және жұмыскерлерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуін есепке алумен жүзеге асырылуы тиіс. Пайдаланылатын барлық ЖҚҚ Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу үшін сертификатталған болулары тиіс.
Арнаулы киім (жеке қорғану заттары)– жұмысшыны зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап, респиратор т. б.
ЖҚҚ-ын жұмысшыларға тегін беру нормалары ҚР-ның салалық министерствалармен және ведомостволарымен, бірлестіктермен т.б. әзірленеді, олар кәсіподақпен немесе жұмысшылардың басқа органдарымен келісіліп, ҚР тұрғындарының әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігімен бекітіледі.
Бірлестіктерге кірмейтін заңды жеке тұлғалар, сонымен бірге заңды тұлғалы білімі жоқ жұмыс берушілер экономиканың сәйкес немесе ұқсас салаларына арналған министерство мен ведомсталар әзірлеген нормаларды басшылыққа алады.
Нормалар құрамына келесілер кіруі қажет:
• мамандық аты және лауазымы
• арнайы киім мен арнайы аяқ киім аты мен түрі (жаздық және қыстық)
• басқа ЖҚҚ түрлері мен аты (респиратор, қорғаныс көзілдірігі, газқағарлар т.б.) және алғашқы медициналық көмектің түрлері мен атаулары
• пайдалану мерзімі (мықтылығы, көп киіс беретіндігі) айлар бойынша
Нормалардың толықтырулары мен өзгерістері оларды бекітудегідей ретпен жасалады.
Төмендегідей ЖҚҚ: сақтандыру белдігі, диэлектрлік галоштар мен перчаткалар, диэлектрлік резина кілемше, қорғаныс көзілдірігі мен қалқанша / щитки, респиратор, противогаз, қорғаныс шлемі, шлем астылық, масалық, каска, шықтақ қорғайтын, антифондар, басқыштар / заглушки, шудан қорғайтын шлемдер, светофильтрлер, дірілден қорғайтын қолғаптар т.б. нормаларда қарастырылмаса олар жұмысшыларға олар атқаратын жұмыстардың сипаты мен жағдайына байланысты, пайдалау уақытына тозғанға дейін немесе кезекшілік ретінде беріледі.
ЖҚҚ қолдану қауіпті әрі зиянды өндірістік факторлардың жұмысшыларға қолайсыз әсерінің алдын алу шараларының бірі болып табылады. Зиянды және қауіпті факторлардың әсерінің қарқындылығын төмендету сұрақтарын шешкенде әрқашан ұжымдық қорғаныс әдістерін бірінші орынға қою қажет.
ЖҚҚ жұмысшыны қорғау шараларының ішінде тиімділік дәрежесіне байланысты 4-ші орында.
1 технологиялық – технологиялық процесті өзгерту жолымен зияндылықтың жасалуын жою.
2 техникалық – зияндылықтардың өндірістік ортаға шығуына кедергі жасау (қондырғыны герметизациялау, жұмыс процестерін механикаландыру, автоматизациялау т.б.).
3 санитарно-технический – зиянды факторларды өндірістік ортадан алып тастау немесе олардың әсерін рұқсат етілген деңгейге дейін төмендету (вентиляция т.б)
Сонымен күнделікті жұмыс атқарғанда ЖҚҚ жалпы қорғаныс кешенінде қосымша көмекші құрал ретінде қолданылады.
Апаттық, жөндеу т.б. эпизодтық жүргізілетін жұмыстарда ЖҚҚ қауіпсіз жұмыс жүргізу жүйесіндегі негізгі шара терінде қаратырылады.
Кез келген ЖҚҚ қолдану мақсаты зиянды өндірістік факторлардың ағзаға әсерін толық жою немесе рұқсат етілген деңгейге дейін төмендету. ЖҚҚ техникалық эстетика және эргономика талаптарына сай болуы керек. Олар қорғаныс, физиолого-гигиеналық және эксплуатациалық көрсеткіштері бойынша бағалануы керек.
Ластанған ЖҚҚ қоршаған орта мен жұмыс орындарының ластануының екіншілік көзі болуы мүмкін. Сондықтан бұл қорғаныс құралдарының материалы, құрылымы оларды көп реттік эффективтік тазарлауға болатын болуы керек, сонымен бірге кейбір ЖҚҚ бір реттік қолданылатын да болады.
Күнделікті жұмыс күні бойы қолданылатын ЖҚҚ-на қойылатын талаптар салыстырмалы түрде жоғары емес, негізгі талап – ағзаның қоршаған ортамен газ-, жылу-, ылғал алмасуына кедергісі минималды болуы керек және еңбек қабілетін төмендетуі минималды болуы керек.
Жөндеу жұмыстарында, апатық жағдайда немесе қысқа уақыттық жұмыстарда ЖҚҚ бірінші кезекте қорғаныс тиімділігі жоғары болуы керек. Бұл жағдайда ағзаның қоршаған ортамен газ-, жылу-, ылғал алмасуына кедергі жасамау талабы еңбек қабілетін деңгейін жеткілікті қамтамасыз ету алғашқы деңгейден 20-30% төмен емес, шектеулі уақытқа әдетте 2-4 сағат.
ЖҚҚ жіктелуі
Қолдануына байланысты 1 арнайы қорғаныс киімдері (кобинезондар, жартылай комбинезондар, куртка, шалбар, костюм, пальто, полупальто, фартук, жилет, нарукавники )
2 изолирлейтін костюмдер (пневмокостюмдер, гидроизолирлеуші костюм, скафандр)
3 тыныс алу органдарын қорғау құралдары (противогаздар-газқағар, респиратор, пневмошлем, пневмомаска)
4 аяқты қорғайтын құралдар (етік, ботфорт, ботикалар, туфли галош, боты , бахилы)
5 қолды қорғайтын құралдар (қолғап, перчаткалар)
6 басты қорғайтын құралдар (каскалар, шлем, шлем асты баскиім, берет, шляпа)
7 беті қорғайтын құралдар (қорғаныс маскалары, берперде,щитки)
8 көзді қорғайтын құралдар (қорғаныс көзілдіріктері)
9 есту органдарын қорғайтын құралдар (шуға қарсы шлемдер, құлақ тығындар,)
10 биіктен құлағаннан қорғайтын т.б. сақтау құралдары (сақтандыруышы белдіктер, диэлектрлік кілемшелер,қол ұстағыштары, манипулятор, тізе қаптар, иыққаптар)
11 дерматологиялық қорғаныс құралдар (пасталар, кремдер, мазьдар)
12 кешенді қорғаныс құралдары
ЖҚҚ арнайы шартты белгілермен белгіленген ол, тез ажырату үшін қажет – эмблема сол жақ жеңге немесе төс қалтаға тігіледі
Эмблема – арнайы киімнің қорғаныс белгісі – (6,2*8см2) белгілі бір түсті (кейде екі түсті) графикалық, әріптік белгімен
Механикалық әсер – екі түсті белгі – сары және ашық көк түс қызыл жолақпен бөлінген ақ түсті әріп
Мп – қажалудан;
Мн – кесіліп, тесілуден.
Жоғары температура – ашық сары түсті белгі жоғары қараған қызыл стрелкамен, ақ түсті әріп:
Тк – климаттық жоғары температурадан
Ти – жылу сәулеленуден;
То – ашық жалыннан;
Тр – ұшқын, ыстық металл шашырағаннан, окалина
Тп 100 – қыздырылған беттермен қарым қатынастан (40-100°С)
Тп 400 – қыздырылған беттермен қарым қатынастан (400°С жоғары)
Тm – конвективті жылудан
Төмен температура - ашық сары түсті белгі төмен қараған көк стрелкамен, ақ түсті әріп:
1н – төмен ауа температурасынан
Тнв – төмен ауа температурасы мен желден.
Радиоактивті ластану мен регтген сәулесінен – көгілдір түсті белгі ашық сары түсті сәулеленудің символдық белгісі ақ түсті әріп:
Рз – радиоактивтік ластанудан
Ри – рентгендік сәулеленуден.
Электр тогының, электрлік зарядтың, электрлік және электромагниттік өрістен – көк түсті белгі – ақ түсті әріп
Эс – электростатикалық зарядты өрістерден

жүктеу 234,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау