Қарастырылатын сұрақтар: ЮНЕП, ФАО, ЮНЕСКО, Гринпис т.б. Мақсаты: Халықаралық ұйымдар және қоршаған орта мәселелері бойынша бағдарламалармен таныстыру; Дәріс мазмұны:
1. БҰҰ бағыттары бойынша халықаралық ұйымдар.
2. Қоршаған орта мәселелері бойынша бағдарламалар.
Әдебиеттер: Радзевич, 35-36; Степановских, 587-593; Асқарова Ұ.Б., 294-299;
Үкіметтік халықаралық ұйымға Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО), ЮНЕСКО, БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП), БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылық мәселелері бойынша бағдарламасы (ФАО) жатады. ЮНЕП штаб-квартирасы Найроби қаласы (Кения) орналасқан
1948 жылы Халықаралық табиғат қорғау Ұйымы (Одағы), ал 1961 жылы Жабайы дүниенің Халықаралық фонды (ВВФ) құрылды. Осыдан кейін биологиялық объектілерді қорғауға бағытталған көптеген ұйымдар пайда бола бастады: Жабайы аңдарды қорғау бойынша Халықаралық Фонд (МФОДЖ), Құстарды қорғау мен аңшылықтың халықаралық кеңесі (МСООД), Фауна мен Флораны қорғау ұйымы (ООФФ) т.б. 1972 жылы Стокгольмде БҰҰ ұйымы жанынан арнайы құрылым ЮНЕП – Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы құрылды. Осы бағдарлама аясында көптеген қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Халықаралық деңгейде ЮНЕСКО қатысуымен көптеген шаралар жүзеге асты. 1970 жылы «Адам және биосфера» бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама әртүрлі бағыттағы 14 биоэкологиялық, геоэкологиялық және социоэкологиялық бағыттағы жобадан тұрады. №8 жоба: «Табиғи аудандарды және ондағы генетикалық материалды сақтау», №14 жоба: «Қоршаған ортаның ластануын және оның биосфераға әсерін зерттеу», №13 жоба: «Қоршаған ортаның жай-күйін түсіну» т.б. 1975 жылдан бастап дүние жүзінің көптеген елдерінде түрлі кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсерін бағалау қолдана бастады.
Үкіметтік емес Халықаралық ұйымға «Гринпис» қозғалысы жатады.
Қоршаған ортаның мәселелері туралы БҰҰ конференциясының Декларациясы (Стокгольм, 1972 ж.). Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 5 маусым.
Тұрақты даму жөніндегі Дүниежүзілік Саммит шешімдері (Иоханнесбург, 2002 ж.)
Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ рамалық конвенциясы (Нью-Йорк, 1992 ж.)
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы 2003 жылы 3 желтоқсанда қабылданды.
Фреондарды өндіруді шектеу туралы Монреаль хаттамасы 01 қаңтар 1989 жылы қабылданды. Антропогендік көмірқышқыл газының мөлшерін реттейтін халықаралық құжат - Киото хаттамасы.
№29 дәріс
Тақырыбы: Қоршаған ортаның аймақтық проблемалары
Қарастырылатын сұрақтар: рекультивация, ремедиация, фиомелиорация. Мақсаты: Қоршаған ортаның аймақтық проблемалары туралы түсінік беру; Дәріс мазмұны:
1. Арал, Балхаш және Семей полигоны өңіріндегі қоршаған ортаны қорғау проблемалары.
2. Республиканың мұнай өндіретін және өңдейтін аймақтарындағы қоршаған ортаны қорғау проблемалары.
3. Бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру.
Әдебиеттер: Бозтаев; Экологиялық кодекс, 20 тарау; Степановских, 361-363-бет; Оспанов Г.С., Бозшатаева Г.Т., 296-312;
Қазақстан Республикасы жер ауданы бойынша дүние жүзінде тоғызыншы орын алады. Қазақстан аймақтарында ядролық қалдықтармен ластану дәрежесі бойынша бірінші орында Семей ядролық сынақ полигоны есептеледі. Одан басқа Капустин Яр ядродық сынақ полигоны, Азгир сынақ полигоны, Сары-Шаған полигоны және Ембі полигондары бар.
Арал теңізінің деңгейі 1960 жылдары +53 м болды, ал 1990 жылдары 15 метрге дейін төмендеді. Осы уақытта су минерализациясы 1,0%-тен 3,0%-ке артты.
Қазақстан Республикасының жазық бөлігінде табиғат зоналары солтүстіктен оңтүстікке қарай мына ретпен орналасқан: орманды дала - дала - шөлейт - шөл.
Қазақстанда территориясының 450 мың кв.км аумағында жер сілкіну қаупі бар.
№30 дәріс, 1 кредит сағат
Тақырыбы: Қоршаған ортаның аймақтық проблемалары
Қарастырылатын сұрақтар: радионуклидтер, бүлінген экожүйелер, рекультивация. Мақсаты: Қоршаған ортаның аймақтық проблемалары туралы түсінік беру; Дәріс мазмұны:
1. Атмосфералық ауаны, жер асты және жер үсті суларын ластанудан қорғау.
2. Радиоактивті қалдықтарды көму.
Әдебиеттер: Бозтаев; Экологиялық кодекс, 20 тарау; Степановских, 361-363-бет; Оспанов Г.С., Бозшатаева Г.Т., 290-312;
1. Атмосфералық ауаны, жер асты және жер үсті суларын ластанудан қорғау.
Биосфераның ластануының негізгі факторы болып адамның шаруащылық әрекеті есептеледі.
2. Радиоактивті қалдықтарды көму.
Топырақтың радиоактивтік ластануы қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді. Радиактивті ластанған топырақта өскен өсімдіктер арқылы радионуклидтер жануарлар мен адамға беріледі, олардың ағзаларында жинақталады. Ұзақ ыдырайтын радиоактивті элементтер экожүйелерде ұзақ уақыт сақталады. Чернобыль апаты салдарынан цезий-137 мөлшері 1 Ku/км2 радионуклидтермен ластану тек Беларусь, Украина мемлекеттеінің территорияларында ғана емес көршілес Рессейдің 14 облысының 5,6 млн га аумағына да таралды (Брянск, Белгород, Воронеж, Калуга, Курск, Липецск, Тамбов, Мордва Республикасы т.б. Свердлов, Челябинск, Курган облысында), мөлшері 1 Ku/км2-ден артық ластанған аймақтар ауданы 0,4 млн.га.
Академик Құрбан Аманиязов «Каспий теңізі» кітабында теңіздің атауы 26 рет өзгеріпті деп болжам айтады. Каспий теңізінің қайраңын терең бұрғылау және сейсмикалық зерттеу жұмыстары 1965-1967 жж басталды. Содан кейін 1995 жылдан кейін ғана жаңғырды. 2001 жылдың 17 сәуірінде «Сұңқар» бұрғылау қондырғысынан теңізге мұнай төгілді. Батыс Қашағаннан тәулігіне 13,625 тонна ыссы су қыс бойы теңіз суына араласып жатады. Оны экологтар «Кіші Гольфстрим» деп атайды. Сол ыссу су теңіздің солтүстік бөлігін жылытып Құлалы, Долгий, тюленный аралдарына дейін жетіп теңізді қатырмайды. /М.Нығметуллаев. Бізге Каспийдің мұнайынан гөрі бекіресі қымбат. Атамекен, 20.06.2007/.
Ақтау қаласының маңында «Қошқар ата» деп аталатын радиоактивті ластанған көл бар.
6 СЕМИНАР (ПРАКТИКАЛЫҚ) САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
«Қоршаған орта туралы ілім» пәні бойынша практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтар жоспарланбаған.
7. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
7.1 СОӨЖ сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
СОӨЖ тақырыптары, мақсаты дәріс, зертханалық жұмыс тақырыптарына сәйкес келуі немесе жаңа тақырып болуы мүмкін. Сабақ 2 бөлімнен тұрады: СӨЖ-ді орындау бойынша кеңес және өзіндік жұмысты орындау бойынша есеп беруден тұрады.
Осы курс бойынша аптасына 2 СӨОЖ қарастырылған. Бұл жұмыс кеңестік және бақылау функцияларын атқарады. СҚОЖ кезінде студенттер оқытушыға өзіндік жұмысты орындау барысында пайда болған қиыншылықтар және сұрақтар бойынша жолығуларына болады. Бұндай мәселелер болмаған жағадайда, СӨОЖ-ге берілген уақыт өткен материалдар бойынша есеп беруіне және өзіндік жұмыстарды орындап тапсыруын пайдаланылады.
1 апта
ОЖСӨЖ, 3 сағат:
1. Күн жүйесі планеталарына сипаттама.
2. Қоршаған орта пәнінің басты экологиялық проблемаларды шешудегі маңызы.
3.Дәріс және зертханалық сабақ сұрақтарын бекіту. Ауызша сұрау және талқылау. СӨЖ тексеру.
Әдебиеттер: Степановских, 5-52; Шубаев, 28-39; Асқарова Ұ.Б. 9-177; 254-255;
2 апта
ОЖСӨЖ, 3 сағат:
1. Жердің Күнді айнала қозғалуы және оның географиялық маңызы.
2. Жердің өз осінен айналуы және оның географиялық маңызы.
3. Жердің ішкі құрылысы.
4. Дәріс және зертханалық сабақ сұрақтарын бекіту. Ауызша сұрау және талқылау. СӨЖ тексеру.
Әдебиеттер: Степановских, 5-52; Шубаев, 28-39; 59-66; Асқарова Ұ.Б. 9-177; 254-255; Неклюкова, 20-б;
3 апта
ОЖСӨЖ, 3 сағат:
1. Биогеохимиялық зат айналымына төмендегі жоспармен сипаттама жазу және схемасын сызу:
а) Биогеохимиялық цикл туралы түсінік;
б) Осы заттың пайда болатын алғашқы көзі;
в) Зат айналымының құрандас бөліктері;
г) Заттың қозғалу (тасымалдану) жолдары: биотикалық және абиотикалық;
д) Қозғалу (тасымалдану) барысында осы заттың өзгеруі;
е) Осы заттың пайдалануы;
ж) Биосфера үшін осы заттың айналымының маңызы;
з) Осы заттың айналымнан шығуы;
2. Дәріс және зертханалық сабақ сұрақтарын бекіту. Ауызша сұрау және талқылау. СӨЖ тексеру.
Әдебиеттер: Геренчук, 29-30; Шубаев, 59-66; Неклюкова, 20-б;
4 апта
ОЖСӨЖ, 3 сағат:
1. Тірі заттың негізгі ерекшелігі.
2. Биосфера құрамы және шекарасы. Схемалық суретін салу.
3. Әр түрлі факторлардың тірі организмдерге және тұтас биосфераға әсері.
Әдебиеттер: Степановских А.С. Общая экология, 33-48, 48-56; 569-570, 622-624; Орлов Д.С., Безуглова, 101-114; Асқаров, 44-52 б. 6-сурет; Оспанов Г.С., Бозшатаева Г.Т., 138-145;
5 апта
ОЖСӨЖ, 3 сағат:
1. Ірі вулкан атқылаулар схемасын салу, талдау жасау (Степановских, 3.28-сурет, 104-бет).
2. Тіршіліктің анықтамасын және қазіргі кездегі тірі организмдердің негізгі топтарының пайда болуына себеп болған процесстердің теориялық реттілігін жазу (Асқарова, 21- 23б., кесте 2).
3. «Тіршілік формаларының эволюциясы» конспект жазу және кестені сызу (Асқарова, 25-бет).
4. Тіршіліктің пайда болуы туралы теорияларды жазу.
5. Дәріс және зертханалық сабақ сұрақтарын бекіту. Ауызша сұрау және талқылау. СӨЖ тексеру.
Әдебиеттер: Степановских, Общая экология, 163-165 бет, 4.45, 4.46-сурет; Степановских, 98-113; Радзевич, 222-223-бет; Орлов Д.С., Безуглова, 283-290;
6 апта
ОЖСӨЖ, 3 сағат:
1. «Жер бетіндегі тірі заттың потенциальды ресурсының (Марков К.К., 1978 бойынша) таралу схемасымен» және Жер бетінде тірі заттың массасының таралу кестесі бойынша салыстырмалы талдау жасау. Сұрақтарға жауап беру (Геренчук, ІІ.8-сурет, ІІ.4-кесте, 72-73-бет).
2. Тірі зат және атмосфера, литосфера, гидросфераның химиялық құрамы (Неклюкова, 49-кесте, 132-133-сурет; Степановских А.С. Общая экология, 2.10-сурет).
3. Дәріс және зертханалық сабақ сұрақтарын бекіту. Ауызша сұрау және талқылау. СӨЖ тексеру.
Әдебиеттер: Орлов Д.С., Безуглова, 281-300-бет; Степановских, Общая экология, 622-640; Степановских, 98-бет; Степановских, Общая экология, 289-290-бет, 5.101-5.102-сурет; 622-640;
7 апта
ОЖСӨЖ, 3 сағат:
1. Жеткілікті және жеткіліксіз элементтер. Қоректер элементтер сызықтығы.
2.Дәріс және зертханалық сабақ сұрақтарын бекіту. Ауызша сұрау және талқылау. СӨЖ тексеру.
3. 1-аралық бақылау.
Әдебиеттер: Орлов Д.С., Безуглова, 44-45, 124-125;
8 апта
ОЖСӨЖ, 3 сағат:
1. Атмосфераның радиоактивті ластануы, Асқарова Ұ.Б. 181-182;
2. Қазақстанның радиоэкологиялық жағдай, оның зардаптары.
3. Дәріс және зертханалық сабақ сұрақтарын бекіту. Ауызша сұрау және талқылау. СӨЖ тексеру.
Әдебиеттер: Асқарова Ұ.Б. 9-177; 254-255; Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә., 73-74, 290-295;
9 апта
ОЖСӨЖ, 3 сағат:
Тақырыбы: Атмосфераны ластаушы көздер және олардың экологиялық салдары.
1. Атмосферада қышқыл жаңбырлардың пайда болуы (Степановских, 5.13-сурет, 150-бет);
2. Парниктік эффект (Степановских, 5.26-сурет, 163-бет);
3. Жер атмосферасында ластаушы заттардың таралуы мен циркуляциясы.
4. Ластаушы заттардың трансшекаралық таралуы (Степановских, 5.31-сурет, 166-бет).
5. Атмосфераның апатты ластануының тарихы;
6. Атмосфера ластануының экологиялық салдарлары.
Әдебиеттер: Степановских, 141-175; Радзевич, 36-37; 135-149; Асқаров, 177-190.
10 апта
ОЖСӨЖ, 3 сағат:
Тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит – гидросфера бөлігі
1. Дүниежүзілік мұхит. Химиялық құрамы, мөлдірлігі, жарық таралу ерекшелігі, газдық режимі, температурасы (конспект жазу).
2. Мұхиттың экологиялық аймақтарын салу. Суреттен сублитораль, литораль, жарық түсетін пелагиаль, жарық түспейтін пелагиаль, абиссаль аймақтарын көрсету (Шубаев, 176-бет, 71-сурет, Степановских, Общая экология, 192-бет, 5.3-сурет).
3. «Дүниежүзілік мұхит – гидросфера бөлігі» тақырыбында дебат.
4. СӨЖ тексеру.
Әдебиеттер: Степановских, 175-188; Степановских, Общая экология, 558-бет, 12.16-сурет; Ғ.Сағымбев, 37-40, Асқаров, 39-41.
11 апта
ОЖСӨЖ, 3 сағат:
1. Құрлық суларының мал шаруашылығы қалдықтарымен ластануы.
2. Берілген тапсырмалар бойынша су құрамына талдау жасау.
3. Сулы-қорықтық территорияларды контур картаға салу.
4. Дәріс және зертханалық сабақ сұрақтарын бекіту. Ауызша сұрау және талқылау. СӨЖ тексеру.
Әдебиеттер: Степановских, 175-235; Радзевич, 127-135; Степановских, Общая экология, 178-182; Асқаров, 208-224;
12 апта
ОЖСӨЖ, 3 сағат:
1. Топырақтың радиоактивтік ластануы. Конспект жазу.
2. Топырақ бетінің түрлі өндіріс және тұрмыстық шұаруашылық қалдықтарымен ластануы.
3. Дәріс және зертханалық сабақ сұрақтарын бекіту. Ауызша сұрау және талқылау. СӨЖ тексеру. Хабарламаларды тыңдау және талқылау.
Әдебиеттер: Асқаров, 193-207; Оспанов Г.С., Бозшатаева Г.Т., 290-295;
13 апта
ОЖСӨЖ, 3 сағат:
1. Табиғи және ластанған, деградацияға ұшыраған топырақтың химиялық құрамына жеке тапсырмалар бойынша сипаттама жазу. Топырақтың тұздану типін анықтау.
2. Д.Х.Медоуз, Д.Л.Медоуз, И.Рандерс (1994) мәліметтері бойынша жер пайдаланудың 2010 жылға дейінгі өзгеру моделінің графигін сызу, талдау жасау (Степановских,10.6-сурет, 353-бет);
3. Д.Х.Медоуз, Д.Л.Медоуз, И.Рандерс (1994) мәліметтері бойынша қала халқының өсу динамикасымен танысу, талдау жасау (Степановских, 12.10-сурет, 456-бет).
4. Дәріс және зертханалық сабақ сұрақтарын бекіту. Ауызша сұрау және талқылау, жеке тапсырмалармен жұмыс. СӨЖ тексеру. Хабарламаларды тыңдау және талқылау.
Әдебиеттер: Степановских, 334-441; 361-362-бет; Асқарова Ұ.Б. 277-283;
14 апта
ОЖСӨЖ, 3 сағат:
1. Дәріс және зертханалық сабақ сұрақтарын бекіту. Ауызша сұрау және талқылау, жеке тапсырмалармен жұмыс. СӨЖ тексеру. Хабарламаларды тыңдау және талқылау.
2. Іскерлік ойын: «БҰҰ Бас ассамблеясының отырысы».
Күн тәртібі:
1. Қоршаған орта мәселелерімен айналысатын Халықаралық ұйымдардың жұмысы туралы есебі;
2. ҚР қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы халықаралық келісімдерге қатысуы туралы; ҚР ратификациялаған қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы халықаралық келісімдер.
Әдебиеттер: Степановских, 136-140; 587-593; Асқарова Ұ.Б., 294-299;
15 апта
ОЖСӨЖ, 3 сағат:
1. Батыс Қазақстан облысы өңіріндегі қоршаған ортаны қорғау проблемалары.
2. Дәріс және зертханалық сабақ сұрақтарын бекіту. Ауызша сұрау және талқылау, жеке тапсырмалармен жұмыс. СӨЖ тексеру. Хабарламаларды тыңдау және талқылау.
3. 2-аралық бақылау.
Әдебиеттер: Бейсенова, А. Самақова, Т.Есполов, Ж. Шілдебаев. «Экология және табиғатты тиімді пайдалану» Алматы: Ғылым, 2004, - 328 б.; Бозтаев, 207-115-бет; Бейсенова А. және т.б. «Экология және табиғатты тиімді пайдалану»; Жайық өңірі. riuyralye. Приуралье. Альбом. Құрастырған: Ж.Төремұратова. – А., 2001. – 200 б.;
8 Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораториялық жұмыс, курстық жоба (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар
Курс бағдарламасы бойынша есеп-графикалық жұмыс, курстық жоба (жұмыс) қарастырылмаған.
8.1 Лабораториялық жұмыс орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар
Ұйымдастырушылық аспектіде қарастырылады:
- студенттердің зертханалық сабақтарға дайындығы;
- студенттердің сабаққа қатысуы;
- студенттердің тәртібі.
Қолданылатын әдістер: Сабақ барысында материалдар қаншалықты меңгерілгендігі және ұсынылған оқулықтар қолданылуына байланысты студенттің жауабы бағаланады. Оқытушы сабақ соңында сабаққа жалпы баға береді, сонымен қатар студенттердің жауаптарына да баға береді.
Кең түрде әңгімелесу. теориялық материалдарға негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Кесте қолдану, оларға талдау жасай білу. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану.
Өрбіген әңгіме. Белсенді өрбіген әңгімені ұйымдастыру, яғни дәріс материалдарына, студенттердің өзіндік жұмысына негізделуі тиіс. Жаппай сұрауды қолдану.
Хабарлама, баяндамалар жүйесі. Сабақтың құрылу жолы студенттердің баяндамасын тыңдау және баяндамашыға топ стденттерінің сұрақ қоюы, баяндама мазмұнын талдау және талқылау.
Жазбаша бақылау жұмысы. Жаппай жазбаша сұрау дәріс материалдарына, зертханалық сабақ, өз бетімен жұмыс сұрақтарына, материалдарды өз алдына талдауға негізделеді.
Тереңдетілген сұрақ: теориялық, практикалық материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану.
№1 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат
Тақырыбы: Күн жүйесінің болмыстық ерекшеліктері.
Мақсаты: Күн жүйесінің болмыстық ерекшеліктерімен танысу.
Лабораториялық сабақ мазмұны:
1. Күн жүйесінің құрамындағы планеталар сипаттамасы.
2. Жер планетасы Күн жүйесінің құрамына кіретін басқа планеталар қатарында.
3. Жердің жарық белдеулері.
Әдебиеттер: Неклюкова, 14-21-бет; Абдушева, 9-10-бет; Географиялық атлас.
Тапсырмалар:
1. Күн жүйесінің құрамындағы планеталарға төмендегі жоспар бойынша салыстырмалы сипаттама беру: Күннен қашықтығы, мөлшері, көлемі, массасы, экваторының орбитаға көлбеулігі, осьтік айналу периоды, Күнді айналу периоды, жарықтық мөлшері, күн мен түннің ауысуы, жыл мезгілдерінің ауысуы (Неклюкова, 10-тапсырма).
2. Күн жүйесінің планеталарын жарты шеңбер түрінде (диаметрі Күн радиусына тең болады) кескіндеу. Масштаб: 1 см - 100000 км. Осы масштабта Жер мен оның серігі Айдың ара қашықтығын (384000 км) көрсету (Неклюкова, 8-тапсырма).
3. Жердің жарық белдеулерін сызып, оларға сипаттама беру (Неклюкова, 16-тапсырма).
Әдістемелік нұсқаулар: Суреттер қарындашпен сызылуы тиіс. Әрбір тапсырма бойынша талдау жасалады.
Қажетті құралдар: глобус, теллурий, циркуль, транспортир, карандаш, сызғыш, контур карта.
Әдебиеттер: Неклюкова, 14-1-бет; Абдушева, 9-10-бет; Географиялық атлас.
№2 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат
Тақырыбы: Жер планетаның болмыстық ерекшеліктері
Мақсаты: Күн жүйесінің болмыстық ерекшеліктерімен танысу.
Тақырыбы:
Достарыңызбен бөлісу: |