6-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органдары осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында айқындалған құзыреті шегінде тиісті аумақта білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асырады.
2. Облыстық білім беруді басқару органдары білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз ету
1. Білім беру жүйесін басқару органдарын толық, анық, салыстырмалы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында білім беруді тиімді басқарудың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері құрылады.
2. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері оның ішінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін, білім беру мониторингінің деректерін, әкімшілік деректерді және білім беру саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары өз қызметін жүзеге асыру процесінде алған өзге де деректерді қамтиды.
8-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
1. Мемлекет білім алу құқығын білім беру жүйесін дамыту, оның жұмыс істеуінің құқықтық негізін жетілдіру және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес білім алу үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді.
Білім беру сапасын мемлекеттік бақылау білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін жасау және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуын, түлектерге бір мамандық шеңберінде жұмысшы біліктілігін немесе жұмысшы біліктіліктерін бере отырып, техникалық және кәсіптік білім алуын, сондай-ақ, әскери, арнаулы оқу орындарында алынатын білімді қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының азаматы осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын қамтамасыз етеді.
2-тармақтың 2 бөлімі 2008 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енді
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасына отбасына қосылу мақсатында келген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуға құқығы бар.
Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқық беріледі.
Стипендиялық бағдарламалар бойынша білім алатын адамдарды қоспағанда, шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Мемлекет ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланыла отырып, электрондық оқытудың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын құру жағдайларын қамтамасыз етеді.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Мемлекет студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін жатақханалардағы жаңадан берілетін орындармен студенттерді, магистранттар мен докторанттарды қамтамасыз ету бойынша жағдай жасайды. Жатақханаларда тұру үшін ақы төлеу студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың құрамына кірмейді.
Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс шарты білім беру саласындағы уәкілетті орган, білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы және жатақхананың меншік иесі арасында үш жылдан асатын мерзімге жасалады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде міндетті тіркелгенінен кейін күшіне енеді. Жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге кемінде жиырма жыл мерзімге тыйым салудың болуы студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс шартының міндетті талабы болып табылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.14.01. № 68-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін және мемлекеттік емес білім беруді кредиттеуді дамыту үшін жағдайлар жасалады.
Мемлекет қаржылық ұйымдар беретiн бiлiм беру кредиттерiнiң кепiлдiк жүйесiн құру жөнiнде шаралар қабылдайды.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шығыстарын толық немесе ішінара өтейді.
Әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына:
1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
3) көп балалы отбасылардың балалары;
Достарыңызбен бөлісу: |