«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-iii қазақстан Республикасының Заңы



жүктеу 1,79 Mb.
бет32/76
Дата21.01.2022
өлшемі1,79 Mb.
#33987
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76
Білім беру туралы заң

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10) аудан (қала) ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда; 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

 12) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2016.22.12. № 29-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

15) білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

16) ауылдық жердегі білім беру ұйымдарына жұмыс істеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



17) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;

18) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

19) 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 19-1) және 19-2) тармақшалармен толықтырылды

19-1) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

19-2) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 19-3) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 19-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

19-3) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз етеді;

20) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

21) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 21-1), 21-2) және 21-3) тармақшалармен толықтырылды

21-1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

21-2) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;

21-3) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

21-4) 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 21-5) тармақшамен толықтырылды

21-5) білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін білім алудың арнайы жағдайларын жасайды;

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

5. Қаладағы ауданның, облыстық, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі:



1) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады.

Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі елді мекенде мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кері қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады.

 

2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды




жүктеу 1,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау