«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-iii қазақстан Республикасының Заңы



жүктеу 1,79 Mb.
бет29/76
Дата21.01.2022
өлшемі1,79 Mb.
#33987
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76
Білім беру туралы заң

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) мемлекеттік орта білім беру ұйымдары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

10) балаларға арналған қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда; 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

 12) мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;



2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

13) арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастырады;

14) дарынды балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз етеді;

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15) республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын, ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

16) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;

2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

18) кадрларды қайта даярлауды және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

19) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2016.22.12. № 29-VI ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



20) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22) тармақша өзгертілді



22) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



23) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;

24) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;


жүктеу 1,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау