2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылды
24-1) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
24-2) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша білім беруді басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 25-1), 25-2), 25-3), 25-4), 25-5), 25-6), 25-7) және 25-8) тармақшалармен толықтырылды; 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 25-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25-1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
25-2) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
25-3) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
25-4) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
25-5) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 25-6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-6) конкурс жеңімпаздарына - мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын төлейді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25-7) тармақша өзгертілді
25-7) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандандырылған жалпы бiлiм беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 25-8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25-8 әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 25-9) тармақшамен толықтырылды
25-9) конкурс жеңімпаздарына -техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдарға «Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым» грантын төлейді;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды; 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
26) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды; 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
27) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;
Достарыңызбен бөлісу: |