ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ереже
Ереже қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша университетте оқу үдерісін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың талаптарын айқындайды.
Жоғары білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға мемлекеттік лицензия берілген бакалавриат мамандықтарында күндізгі толық оқу нысанында мамандар даярлау жүзеге асырылған жағдайда ғана, осы мамандықтар бойынша қысқартылған білім беру бағдарламасымен мамандар даярланады.
Университетте қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білім беру техникалық және кәсіптік білімі немесе жоғары білімі бар тұлғалар үшін күндізгі, сырттай оқу нысандарында дәстүрлі және қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Оқу мерзімі техникалық және кәсіптік білім негізінде 3 жыл, жоғары білім негізінде 2 жыл.
Осы ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылады:
- академиялық кезең (теrm) – білім беру ұйымының таңдауымен белгіленетін үш теориялық кезеңнің бірі: семестр, триместр, тоқсан;
- академиялық күнтізбе (асаdеmіс саlеndar) – оқу жылы бойындағы оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізудің күнтізбесі;
- пән бойынша ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде оқытушымен өткізілетін дәрісханалық және дәрісханадан тыс сабақтарда пәннің әрбір тақырыбы бойынша студенттердің білімін жүйелі түрде тексеру. Ағымдық бақылаудың орташа нәтижесі академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орташа арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі;
- пән бойынша межелік бақылау (модуль) – пәннің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда студенттердің оқу жетістіктерін бақылау. Модуль бір пәннен бір академиялық кезеңде кемінде екі рет өткізіледі;
- академиялық рейтинг (емтиханға жіберу рейтингісі) – тиісті пән бойынша үлгерімнің ағымдық және межелік бақылау қорытындысымен анықталатын рейтинг;
- пән бойынша аралық аттестаттау (емтихан) – емтихан сессиясы кезеңінде студенттердің пәннің толық көлемін немесе бір бөлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рәсім;
- пән бойынша қорытынды бағалау – ағымдық, межелік бақылау мен аралық аттестаттаудың нәтижелерінен құралатын бағалау көрсеткіші;
- студенттерді қорытынды аттестаттау (qualification eхamination) – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің игеру дәрежесін немесе көлемін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;
- студенттердің оқудағы жетістіктері – студенттердің оқу нәтижесінде қол жеткізген даму деңгейін көрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті;
- студенттердің оқудағы жетістіктерін бақылау – жоғары оқу орындары дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әртүрлі нысандары (ағымдық, межелік, аралық, қорытынды) арқылы студенттердің білім деңгейін тексеру;
- студенттердің өзіндік жұмыстары – өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде талқыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс;
- студенттердің оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмыстары – бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің дәрісханадан тыс жұмыстары;
- жеке оқу жоспары – үлгілік оқу жоспары және элективті пәндердің каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына студенттің дербес жасалатын оқу жоспары;
- емтихан сессиясы – ЖОО-да студенттерді аралық аттестаттау кезеңі;
- кредит (credit, credit-hour) – студенттің/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі;
- кредиттік оқыту технологиясы – студент пен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, студенттің пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту;
- оқу үлгерімінің орташа балы (grade point average - GPA) – студенттің бір оқу жылындағы пәндерден қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы. GPA былайша есептеледі: бір пәнге берілген кредит көлемі мен студенттің сол пәннен алған қорытынды балының көбейтіндісі оқу жылына жоспарланған барлық пәндер бойынша қосылып, сол пәндердің жалпы кредитінің санына бөлінеді;
- оқу үдерісін тіркеуші офисі – студенттердің оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет;
- оқу пәнінің бағдарламасы (syllаbus) – оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оның үйренуі тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, студенттердің білімін тексеру кестесін, оқытушы талаптарын, бағалау өлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және әдебиеттер тізімі;
- оқу пәнінің сипаттамасы (сurse description) – пәннің мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша нысанды қамтитын пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен тұрады);
- постреквизиттер (pоstreguisite) – пәнді оқыту аяқталғанда меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер;
- пререквизиттер (prereguisite) – оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер;
- транскрипт (trаnsсrірt) – білімді бағалаудың сандық және әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өткізілген пәндердің тізбесі бар құжат;
- тьютор – студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рөлін атқаратын оқытушы;
- эдвайзер (advisor) – тиісті мамандық бойынша студенттің академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы (қызметкер);
- элективтік пәндер – мамандар дайындауда өңірдің нақты әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері мен қажеттіліктерін есепке ала отырып жоғары оқу орнының белгіленген кредит шеңберінде енгізетін таңдау пәндері.
Қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды ұйымдастыру және ағымдық, межелік бақылау мен аралық, қорытынды аттестаттауды жүргізу тәртібі
6. Қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қабылданған студенттер үшін кредиттер саны мен білім беру бағдарламасының қажетті көлемін жоғары оқу орны білім туралы құжат иегерінің алдыңғы білім деңгейінің бейінін, негізгі және кәсіби құзыреттерін ескере отырып дербес анықтайды.
7. Қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру күндізгі оқу нысанындағы 4 жылдық оқу мерзімін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Жоғары білім негізінде қысқартылған білім бағдарламасы бойынша мамандар даярлаудың жұмыстық оқу жоспары базалық және бейімдеуші пәндер циклдерінен құралады.
9. Техникалық және кәсіптік білім негізінде қысқартылған білім бағдарламасы бойынша мамандар даярлаудың жұмыстық оқу жоспары жалпы білім беретін пәндер циклінің міндетті компонентіндегі «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінен (немесе «Қазақстан тарихы» пәнінен), базалық және бейімдеуші пәндер циклдерінен құралады.
10. Оқу мерзімдері 3 және 2 жыл болатын қысқартылған білім беру бағдарламаларының жұмыс оқу жоспарлары бойынша теориялық оқуға сәйкесінше кемінде 96 және 64 кредит беріледі.
11. Қысқартылған білім бағдарламасы бойынша білім алушы оқу нысанына қарамастан бір академиялық кезеңде (семестрде) кемінде 16 кредит, бір оқу жылында кемінде 32 кредит игеруі керек.
12. Оқытудың қосымша түрлерін есепке алғанда студенттердің дәрісханалық сабақтарының көлемі аптасына 36 сағаттан, ал өзіндік жұмысын қоса есепке алғанда ең жоғары шекті еңбек сыйымдылығы аптасына 57 сағаттан аспайды.
13. Апталық оқу жүктемесіне дәріс, семинар (практикалық), зертханалық сабақтар, қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану жағдайында чат-сабақтар мен форум сағаттары кіреді.
14. Университетте қысқартылған білім беру бағдарламасымен күндізгі, сырттай оқу нысандарында оқитын студенттер бірыңғай кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша пәндерді бірдей көлемде оқиды. Пәндерді оқытудың тақырыптық жоспарларында өзгешеліктер болады, ол оқудың нысандары үшін оқытушылардың студенттермен байланысты жұмыстарының түрлі көлемінде көрініс табады. Бұл ретте сырттай оқитын студенттерге оқу материалдарының 80%-ға дейінгі көлемін өз бетінше игеруіне рұқсат етіледі.
Бұл кезде дәрісханалық сабақтардың саны азаяды. Сырттай оқу нысанындағы еңбек сыйымдылықтың жетпеген көлемі студенттің өзіндік жұмысы есебінен толықтырылады. Яғни, сырттай оқу нысанындағы пән бойынша жалпы еңбек сыйымдылығын анықтайтын дәрісханалық сағаттар мен өзіндік жұмыстар сағаттарының қосындысы күндізгі оқу нысанындағы осы пәннің сағат санына тең болуы керек.
15. Қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыруда пәндердің жұмыс оқу бағдарламалары (силлабустар) күндізгі толық оқу нысанындағы жұмыс оқу бағдарламаларына (силлабустарға) сәйкес келуі керек. Айырмашылықтар тек оқу материалының дәрісханалық сабақтары мен студенттердің өзіндік жұмыстары арасындағы қатынасқа байланысты болады.
16. Қысқартылған білім беру бағдарламасымен дәстүрлі оқу үдерісі ұйымдастырылатын сырттай оқу нысанындағы оқу-емтихан сессиясы мамандықтардың ерекшелігін ескере отырып оқу жылында кемінде 2 рет өткізіледі. Бір оқу-емтихан сессияның мерзімі 3-4 аптадан тұрады.
17. Күндізгі, сырттай оқу нысандарында қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде қысқартылған білім беру бағдарламасымен оқу үдерісін, емтихан сессиясын ұйымдастыру оқу жылында жалпы ұзақтығы 36 аптаны құрайтын 2 академиялық кезеңге жоспарланады.
18. Қысқартылған білім беру бағдарламасымен оқитын студенттерге оқу сабақтарын өткізу төмендегіше ұйымдастырылады:
- дәстүрлі оқу үдерісі ұйымдастырылатын күндізгі оқу нысанындағы студенттер үшін сағат 8.00-ден 18.30-ға дейін;
- дәстүрлі оқу үдерісі ұйымдастырылатын сырттай оқу нысанындағы студенттер үшін бос дәрісханаға байланысты сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін;
- қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде оқу үдерісі ұйымдастырылатын күндізгі, сырттай оқу нысанындағы студенттер үшін чат-сабақтар, форумдар студенттердің өндірістен қол үзбей жұмыс жасайтындығын ескере отырып сағат 17.00-ден 22.00-ге дейін жоспарланады.
19. Дәстүрлі оқу үдерісі ұйымдастырылатын сырттай оқу нысанындағы студенттер мен қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде оқу үдерісі ұйымдастырылатын күндізгі, сырттай оқу нысанындағы студенттердің оқытушы қатысуымен өткізілетін өзіндік жұмыстары сабақ кестесіне қойылмайды, оқытушының оқу жүктемесіне енгізілмейді.
20. Қысқартылған білім беру бағдарламасымен оқитын студенттерді пән бойынша емтиханға жіберу мен олардан емтихан қабылдау тәртібі күндізгі оқу нысаны студенттерін емтиханға жіберу мен емтихан қабылдау тәртібі секілді жүзеге асырылады. Емтиханға жіберу екі кезеңнен тұрады:
1) тиісті пән бойынша үлгерімнің ағымдық (дәрісханалық) бақылау және межелік бақылау (модуль) қорытындысымен анықталатын емтиханға жіберу рейтингісінің нәтижесі 50 балдан жоғары болғанда автоматты түрде жіберіледі. Аталған рұқсат беру әрбір студенттің тегінің тұсына қойылған офис регистраторының тиісті белгісімен емтихан ведомосы бойынша жүзеге асырылады. Пән бойынша емтиханға жіберу рейтингісінде 50 балдан төмен студенттер қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді;
2) факультет деканының шешімімен оқу ақысын толық төлеген, пререквизиттер бойынша академиялық қарызы жоқ студенттер сессияға жіберіледі.
21. Факультет деканы дәлелді себептерге (оқу ақысына, денсаулығына, отбасы жағдайына, қызметтік себептерге) байланысты емтихандық сессияға келмеген студентке емтиханды жеке кесте бойынша тапсыруына өкіммен рұқсат бере алады. Бұл жағдайда студент факультет деканына аурулығы, сәбидің дүниеге келуі, жақын туыстарының қайтыс болуы, қызметтік немесе оқу іссапарында болуына байланысты жағдайларды растайтын анықтамалар тапсырады.
22. Курстық жұмыстарын (жобаларын) тапсырмаған студенттер тиісті пән бойынша емтиханға жіберілмейді.
23. Студенттердің ағымдық, межелік бақылау, аралық аттестаттау және қорытынды бағалау нәтижелері осы ереженің 1-қосымшасына сәйкес 100 балдық шкаламен және қорытынды бағалау нәтижесі төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес әріптік жүйемен бағаланады («өте жақсы» – А, А-; «жақсы» – В+, В, В-; «қанағаттанарлық» – С+, С, С-, Д+, Д; «қанағаттанарлықсыз» – F).
24. Пән бойынша қорытынды бағалау ағымдық бақылаудың, межелік бақылаудың (модульдің) және аралық аттестаттаудың (емтиханның) нәтижелерінен есептеледі. Бұл жағдайда пән бойынша қорытынды бағалаудың 60%-ын ағымдық және межелік бақылау нәтижелері, 40%-ын аралық аттестаттаудың нәтижесі (емтихан бағасы) құрайды. Яғни, студенттің пән бойынша жинақтаған дәрісханалық орташа бағасы 0,4 коэффициентке, модуль бағасы 0,2 коэффициентке, емтихан бағасы 0,4 коэффициентке көбейтіледі.
25. Студент аралық аттестаттаудан (емтиханнан) Ғ «қанағаттанарлықсыз» бағасын алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді, яғни, ол да «қанағаттанарлықсыз» баға болып саналады.
26. Студенттің пән бойынша қорытынды бағасы «қанағаттанарлықсыз» болған жағдайда, оны оң бағаға қайта тапсыру үшін студент келесі академиялық кезеңдердің бірінде немесе жазғы семестрде ақылы негізде сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады. Мұндай жағдайда студент белгіленген тәртіп бойынша оқу пәніне жазылу рәсімінен қайта өтеді.
27. Егер студент оқу бағдарламасын толық көлемде орындай отырып, емтиханға келмесе, емтихан ведомосындағы оның фамилиясының тұсына «келген жоқ» деген жазу жазылады. Студенттің дәлелді себептері болған жағдайда факультет деканының өкімімен оған емтихан тапсырудың жеке кестесі бекітіледі. Емтиханға келмеуінің дәлелді себептері болмаған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңестіріліп, қайта тапсырылуы осы Ереженің 26-тармағы бойынша жүзеге асырылады.
28. Қорытынды бақылаудың бағасымен келіспейтін студент емтихан өткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей апелляция береді.
29. ЖОО басшысының бұйрығымен емтихан сессиясы кезеңіне апелляцияланатын пәндерге мамандығы сәйкес келетін оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.
30. Апелляция нәтижелері хаттамамен ресімделеді және оның шешімі негізінде студенттің жеке емтихан ведомосы жасалады, ол негізгі емтихан ведомосына тіркеледі.
31. Қысқартылған білім беру бағдарламасымен дәстүрлі оқу үдерісі ұйымдастырылатын сырттай оқу нысанының және қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде оқу үдерісі ұйымдастырылатын күндізгі, сырттай оқу нысандарының студенттері оқу үдерісінің кестесінде бекітілген мерзімде емтихан сессиясына дәлелсіз себеппен қатыспаған жағдайда оған жолдама арқылы емтихан тапсыруға рұқсат етілмейді. Пәндерден игерілмеген кредит көлеміне сәйкес ақылы негізде жазғы қосымша семестрге қалдырылады немесе оқудан шығаруға ұсынылады.
32. Сырттай оқу нысанында емтихандар ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде өткізіледі. Ауызша түрде бір күнде екі немесе одан көп емтихан тапсыруға рұқсат етілмейді. Тест нысаны кезінде бейіні сәйкес келетін екі немесе одан да көп пәндерден емтиханды кешенді түрде тапсыруға рұқсат етіледі.
33. Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісі ұйымдастырылатын күндізгі, сырттай оқу нысандарының студенттеріне пәндер бойынша емтихан тапсыру негізінен тестілеу түрінде өткізіледі.
34. Дәстүрлі оқыту технологиясы негізінде оқу үдерісі ұйымдастырылатын сырттай оқу нысанының студенттеріне емтихан сессиясын ойдағыдай аяқтаған жағдайда келесі емтихан сессиясына шақыру-анықтамасы беріледі.
35. Шақыру-анықтамаларын алғаннан кейін студенттер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек Кодексінің 98-бабының 1 тармағына сәйкес жұмыс жасайтын мекеме басшылығынан оқу демалысын алып, теориялық оқу мен емтихан сессиясына қатысуы тиіс.
36. Шақыру-анықтамаларын беру мен сырттай оқу нысаны студенттерінің емтихан сессиясына қатысуы университетте қатаң есепке алынады.
37. Тіркеуші офисі емтихан сессияларының қорытындысы бойынша жаздық семестр нәтижелерін есепке ала отырып, студенттің оқу жетістіктері деңгейінің ортасалмақ бағасы болатын өту балын есептейді.
38. Оқу жылы аяқталғаннан кейін емтихандық сессиялар қорытындысының негізінде студенттерді курстан курсқа көшіру жүзеге асырылады.
39. Курстан курсқа көшіру үшін өту балының төменгі деңгейінің көлемін университет өзі белгілейді. Университетте қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша 1 курстан 2 курсқа өту балы – 1,5; 2 курстан 3 курсқа өту балы – 1,67.
40. Ең төменгі өту балын алған студенттер факультет деканының ұсынысы негізінде университет ректорының бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.
41. Ең төменгі өту балын ала алмаған студент оқу курсына қайта оқуға қалдырылады.
42. Курс бағдарламасын толығымен өтіп, белгіленген өту балының ең төменгі деңгейіне жете алмаған студентке өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоғарылатуы үшін жазғы семестрде белгілі бір пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсырылатын «Қазақстан тарихы» пәнінен басқа) белгіленген тәртіп бойынша, ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі.
43. Қайта тапсырылған емтиханнан қанағаттанарлық нәтиже алған жағдайда қорытынды баға қайта есептеліп, ол емтихандық ведомосы мен транскриптке жазылады.
44. Ақылы негізде оқитын студент оқу ақысын мерзімінде төлемеуіне байланысты төрт апта ішінде оқу ақысын төлеген жағдайда қайта қабылдану мүмкіндігімен оқудан шығарылады.
45. Қысқартылған білім беру бағдарламасымен дәстүрлі оқу үдерісі ұйымдастырылатын сырттай оқу нысанының және қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде оқу үдерісі ұйымдастырылатын күндізгі, сырттай оқу нысандарының студенттері мамандықтың үлгілік оқу жоспарының талабына сәйкес кәсіптік практикаға жіберіледі. Кәсіптік практика жоғары білімнің міндетті кешендік оқу бағдарламасы болып табылады. Ол оқу, педагогикалық, өндірістік және диплом алдындағы болып бөлінеді. Кәсіби практиканың барлық түрлерінің жалпы көлемі 6 кредитті құрайды.
46. Студенттердің кәсіптік практика нәтижелерін қабылдау және олардың практикадан өткен/өтпегендігі жөнінде тиісті бағалау жүргізу мамандар даярлап шығарушы кафедраның мәжілісінде жүзеге асырылып, хаттамамен рәсімделеді және ол тіркеуші офисіне ұсынылады. Тіркеуші офисі өз кезегінде ведомость даярлайды. Студент оқитын мамандығы бойынша жұмыс істеп жатқан жағдайда жұмыс орнынан анықтама ұсыну арқылы мамандар даярлап шығарушы кафедра мәжілісінің хаттамамен рәсімделген шешімімен кәсіптік практикадан босатылады.
47. Үлгілік оқу жоспары мен жеке оқу жоспарына сәйкес оқу бағдарламасын толық аяқтаған студенттер қорытынды аттестаттауға жіберіледі.
48. Бітіруші курстың студенті жұмыстық және жеке оқу жоспары талаптарын орындамаса жазғы қосымша семестрге жіберілместен оқу курсына қайта қалдырылады.
49. Қысқартылған білім беру бағдарламасымен мамандар даярлау жүргізілетін техника және технология, ауылшаруашылығы, қызмет көрсету бағытындағы мамандықтар бойынша қорытынды аттестаттау кезінде студент дипломдық жұмыс (жоба) орындайды және мамандықтың үлгілік оқу жоспарында (бағдарламасында) бекітілген пәннен мемлекеттік емтихан тапсырады. Ал, білім, гуманитарлық, құқық, экономика және бизнес бағытындағы мамандықтар бойынша қорытынды аттестаттау кезінде студент дипломдық жұмыс (жоба) орнына екі пәннен мемлекеттік емтихан және мамандықтың үлгілік оқу жоспарында (бағдарламасында) бекітілген пәннен мемлекеттік емтихан тапсырады.
50. Дипломдық жұмыс (жоба) орнына тапсырылатын екі мемлекеттік емтихан пәндерінің тізбесі бітіртуші кафедраның берген хаттамасына сәйкес университет ректорының арнайы бұйрығымен бекітіледі.
51. Техника және технология, ауылшаруашылығы, қызмет көрсету бағытындағы мамандықтар студенттеріне мынадай жағдайда дипломдық жұмыстың (жобаның) орнына екі мемлекеттік емтихан тапсыруға рұқсат етіледі:
1) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың негізінде стационарда ұзақ емделуде (бір айдан артық);
2) бала тууы туралы куәлігінің негізінде 3 жасқа дейінгі балалары бар;
3) ата-аналарының денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасының негізінде ауру ата-анасын күтуші;
4) мүгедектігі туралы медициналық анықтаманың негізінде мүмкіндігі шектеулі.
Бұл жағдайда білім алушы жоғары оқу орны басшысының атына өтініш береді және тиісті құжаттарды ұсынады.
52. Оқу үдерісінің аяқталуының негізгі өлшемі болып студенттердің бакалавриат мамандықтарына арналған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келетін оқытудың теориялық курсы мен кәсіби практикалардың қажетті көлемін меңгеруі саналады.
3. Нормативтік-құқықтық құжаттар
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту үдерісін ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) келесі нормативтік-құқықтық құжаттарды негізге ала отырып дайындалды:
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» №319 Заңы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары»;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары»;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген (2014 жылғы 2 маусымдағы №198, 2016 жылғы 28 қаңтардағы №90 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі»;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығымен бекітілген «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары»;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Үлгі ережесі».
1-қосымша
Оқу жетістіктері бағаларының балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша бағалар
|
Балдардың сандық эквиваленті
|
%-тік құрамы
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Достарыңызбен бөлісу: |