2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «соғысқа қатысушылар мен cоғыс мүгедектеріне» деген сөздер «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне» деген сөздермен ауыстырылды, «Оқу және тәрбие процесін», «оқу және тәрбие процесі», «оқу және тәрбие процесін», «Оқу және тәрбие процесі», «оқу және тәрбие процесінің» деген сөздер тиісінше «Оқу-тәрбие процесін», «оқу-тәрбие процесі», «оқу-тәрбие процесін», «Оқу-тәрбие процесі», «оқу-тәрбие процесінің» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ауыл (село)», «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)», «ауылдың (селоның)» деген сөздер тиісінше «ауыл», «ауылдың, ауылдық», «ауылдың» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «жоғары оқу орындарында», «жоғары оқу орындарының», «Жоғары оқу орындарында», «Жоғары оқу орындарындағы», «жоғары оқу орындары», «жоғары оқу орындарына», «жоғары оқу орындарын», «Жоғары оқу орындары», «жоғары оқу орнының», «Жоғары оқу орнының ерекше», «жоғары оқу орнын», «Жоғары оқу орындарының», «жоғары оқу орны», «жоғары оқу орнына» деген сөздер тиісінше «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ерекше», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «педагог кадрлардың», «педагог қызметкердің», «педагог жұмыскерге», «педагог кадрларды», «педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар», «педагог жұмыскерлері мен оларға теңестірілген адамдары», «педагог қызметкерлердің», «педагог жұмыскерлердің», «педагог жұмыскерлерді», «педагог жұмыскерлер», «педагог қызметкерлерден», «педагог қызметкерлер» деген сөздер тиісінше «педагогтердің», «педагогтің», «педагогке», «педагогтерді», «педагогтер», «педагогтері», «педагогтердің», «педагогтердің», «педагогтерді», «педагогтер», «педагогтерден», «педагогтер» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) адъюнкт - жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік әскери оқу орындарында білім алып жатқан адам;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) академия - белгілі бір салада ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2-1), 2-2), 2-3) тармақшалармен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-1) тармақша жаңа редакцияда
2-1) академиялық кредит - білім алушының және (немесе) оқытушының ғылыми және (немесе) оқу жұмысы (жүктемесі) көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-2) академиялық ұтқырлық - білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында академиялық кредиттер түрінде меңгерген оқу бағдарламаларынан, пәндерден міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына (ел ішінде немесе шетелге) ауыстыру;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-3) аккредиттеу органы - өзі әзірлеген стандарттар (регламенттер) негізінде білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткізетін заңды тұлға;
Достарыңызбен бөлісу: |