13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
қаулысымен
бекітілген
Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан əрі - стандарт) «Білім
туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 56-
бабына сəйкес əзірленген.
2. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдары білім
беруді:
1) осы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына;
2) үлгілік оқу жоспарларына;
3) Қазақстан Республикасының орта білім беру саласындағы уəкілетті
органы белгілеген тəртіппен бекітілген басқа да нормативтік құжаттарға
сəйкес жүзеге асырады.
3. Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:
1) орта білімнің базалық (міндетті) мазмұнының жалпы нормаларын,
құрылымы мен құрамын анықтайды;
2) білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемін, білім беру процесін
ұйымдастыру жағдайларын, білімді бақылау мен бағалау жүйесін
регламенттейді;
3) жалпы орта білім беретін ұйымдарда білім алушылардың дайындық
деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді;
4) білім беру процесін жүзеге асыру жағдайларына: мемлекеттік бюджет
қаражатын тиімді пайдалануға, жалпы орта білім беретін ұйымдардың
материалдық-техникалық базасын жəне білім алушылардың қауіпсіздігі мен
денсаулығын сақтауды нормативтік қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды
белгілейді.
4. Орта білім беру стандартында Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» Заңына сəйкес терминдер, анықтамалар мен қысқартулар
пайдаланылады. Оларға қосымша мынадай терминдер жəне олардың
анықтамалары енгізілді:
1) Білімнің базалық мазмұны - жалпы орта білім беретін ұйымдардың
меншік нысанына, типі мен түріне қарамастан, меңгеруге міндетті, орта білім
берудің келесі деңгейлерінде оқуды жалғастыруға жеткілікті болатын білім
мазмұнының құрамы мен көлемі;
2) Үлгілік оқу жоспарының инварианттық компоненті - орта білім
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына енгізілген жəне жалпы
орта білім беретін ұйымдарда оқытылатын міндетті пəндер жиынтығы.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
14
3) Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті - білім алушылардың
білімге деген қажеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, жалпы орта білім
беретін ұйымдар анықтайтын оқу пəндері мен курстардың жиынтығы.
4) Оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі - үлгілік оқу жоспарының
инварианттық жəне вариативтік (мектеп жəне оқушы) компоненттеріндегі
оқу пəндерінің мазмұнын меңгеру үшін қажетті жəне білім беру деңгейлері
мен оқу жылы бойынша белгіленген оқу уақытының көлемі.
5) Үлгілік оқу жоспары - орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартының құрамдас бөлігі болып табылатын, оқу пəндерінің
тізбесі мен көлемін регламенттейтін, оқу жүктемесінің инварианттық жəне
вариативтік компоненттерін белгілейтін жəне бастауыш, негізгі орта білім
беру деңгейлерінде оқыту тілін, жалпы орта білім беру деңгейінде оқыту тілі
мен бағытын сипаттайтын нормативтік құқықтық акт; білім беру
ұйымдарының қызметін қаржыландыру үшін негізгі құжат болып табылады.
6) Оқу жұмыс жоспары - білім алушылардың білім алу мүдделерін ескере
отырып, үлгілік оқу жоспары негізінде жалпы орта білім беретін ұйымдар
əзірлейтін құжат.
7) Міндетті оқу бағдарламасы - үлгілік оқу жоспарының инварианттық
компонентіне енетін əрбір оқу пəні бойынша білім, шеберлік жəне дағды
мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.
8) Вариативтік оқу бағдарламасы - үлгілік оқу жоспарының вариативтік
компонентіне енетін əрбір оқу курсы бойынша білім, шеберлік жəне дағды
мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.
9) Білім алушының дайындық деңгейі - тұлғалық, жүйелік-əрекеттік жəне
пəндік нəтижелерінен көрінетін білім алушылардың орта білім мазмұнын
меңгеру деңгейі.
10) Білім мазмұнын меңгерудің базалық деңгейі - білім алушылардың
білім, шеберлік жəне дағдының міндетті көлемін меңгеру деңгейі.
11) Білім мазмұнын меңгерудің жетік деңгейі - білім алушылардың білім,
шеберлік жəне дағдының кеңейтілген жəне тереңдетілген көлемін меңгеру
деңгейі.
12) Білім алушының портфолиосы - білім алушының білім алудағы жеке
жетістіктері
мен
оқу,
шығармашылық,
спорттық,
əлеуметтік,
коммуникативтік əрекеттерде қол жеткізген түрлі көрсеткіштерінің жиыны.
13) Қамқоршылар кеңесі - жалпы орта білім беретін ұйымның алқалық
басқару нысаны болып табылатын сайланбалы орган.
5. Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты білім
берудің жалпы нормалары мен мазмұнын қамтиды жəне тұлғаның, қоғам мен
мемлекеттің мүдделерін көздейді.
6. Осы стандарт:
1) міндетті жəне вариативтік оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-
əдістемелік кешендерін əзірлеу, сондай-ақ олардың сапасын сараптау үшін;
2) орта білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету
үшін;
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
Достарыңызбен бөлісу: |