49
52. Студиялық, зертханалық, сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарынан
өзге аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең,
Студиялық сабақтар үшін бір академиялық сағат 75 минутқа жəне
зертханалық сабақтар мен дене шынықтыру сабақтары үшін 100 минутқа тең.
Практиканың, студенттерді қорытынды аттестаттаудың барлық түрлері
үшін бір академиялық сағат 50 минутқа тең.
53. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит:
1)
семестр
түріндегі
академиялық
кезең
бойында
студенттің
аудиториялық жұмысының;
2) кəсіптік практика кезеңіндегі студенттің оқытушымен жұмысының;
3) студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) жазу жəне қорғау бойынша
жұмысының;
4) студенттің мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындық пен
оны тапсыру бойынша жұмысының 15 академиялық сағатына тең екенін
ескеру қажет.
54. Студенттің оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен
жəне оқу жұмыстарының түрлері үшін академиялық сағатпен ілесе жүретін
оқу сағаттарының көлемдерімен (50 минуттық байланыс сағаттары)
анықталады.
Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50, 75 немесе 100
минутқа тең болуы мүмкін. Студенттің аудиториялық жұмысының
академиялық сағаттары тиісті СӨЖ сағаттарының санымен толығады,
осылайша бір кредитке студенттің семестр түріндегі академиялық кезеңінің
бір аптасындағы жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады.
Дəріс пен практикалық (семинар) сабақтары кезіндегі студенттің
оқытушымен жұмысының байланыс сағаттары жиынтығында əр байланыс
сағаты 2 сағат СӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
Дене шынықтыру сабақтары қосымша СӨЖ сағаттарымен қамтылмайды.
Практиканың əр академиялық сағаты (оқу практикасынан басқа)
студенттің қосымша жұмысының тиісті оқу сағаттарымен толықтырылады:
педагогикалық практика үшін - 1 сағат, өндірістік практика үшін - 4 сағат.
Қорытынды аттестаттаудың əр академиялық сағаты дипломдық жұмысты
(жобаны) жазу жəне қорғау бойынша студенттің оқытушымен байланыс
жұмысының немесе мемлекеттік емтиханға дайындық жəне оны тапсыру
бойынша студенттің оқытушымен жұмысының бір сағаты (50 минут) болып
табылады. Студентті қорытынды аттестаттаудың əр академиялық сағаты 6
сағаттық СӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
55. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңінен,
практика мен демалыстан тұрады. Соңғы курста оқу жылына қорытынды
аттестаттау кезеңі қосылады.
56. Оқу жылының жалпы ұзақтығы 36 аптадан кем болмауы тиіс.
57. Академиялық кезең 15 апта көлеміндегі семестрден тұрады.
58. Əр академиялық кезең ұзақтығы 1 аптадан кем болмайтын
студенттерді аралық аттестаттау кезеңімен аяқталады.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
50
59. Аралық аттестаттау кезеңінде барлық оқытылған пəндер бойынша
қорытынды бақылау жүргізіліп, ағымдағы үлгерім бағаларын (ағымдағы
жəне межелік бақылаулар бойынша бағалардың арифметикалық ортасы)
ескере отырып, пəндердің қорытынды бағалары шығарылады.
Пəн бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60
%-дан, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс.
60. Оқу жылы ішінде студенттерге кемінде екі рет ұзақтығы соңғы
курстан өзге курстарда кемінде 7 аптаны құрайтын демалыс беріледі.
61.
Кəсіптік
практика
жоғары
білім
берудің
кəсіптік
оқу
бағдарламасының
міндетті
компоненті
болып
табылады.
Ол
оқу,
педагогикалық, өндірістік жəне дипломалды болып бөлінеді.
Кəсіптік практиканың барлық түрінің жалпы көлемі 6 кредиттен кем
болмауы тиіс. «Білім» мамандықтары тобы бойынша кəсіптік практика
көлемі 6 кредиттен 20 кредитке дейін, «Техникалық ғылым жəне
технологиялар» мамандықтары тобы бойынша кəсіптік практика көлемі 6
кредиттен 15 кредитке дейін болады.
Практикалардың ұзақтығы студенттің практика кезіндегі 30 сағатқа тең
апта бойғы (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) нормативті
жұмысын есепке ала отырып, аптамен анықталады. Апта санын шығару үшін
практиканың кредитпен есептелген көлемін тиісті практика түрінің оқу
сағатымен есептелген еңбек сыйымдылығына көбейту керек жəне оны
студенттің апта бойғы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлу керек.
Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы оқу практикасы үшін 15
сағатты (50 минуттан), педагогикалық практика үшін 30 сағатты (50
минуттан), өндірістік практика үшін 75 сағатты (50 минуттан) құрайды. 1
кредитке келетін практиканың ұзақтығы аптамен есептегенде оқу практикасы
үшін 0,5 аптаны, педагогикалық практика үшін 1 аптаны, өндірістік практика
үшін 2,5 аптаны құрайды.
62. Студенттерді қорытынды аттестаттауды аптамен жоспарлау 54
сағатқа тең студенттің апта бойғы жұмысының нормативті уақытына (6
күндік жұмыс аптасы кезінде СӨЖ-ді қоса есептегенде күніне 9 сағат) сүйене
отырып анықталады.
Қорытынды аттестаттаудың 1 кредиті 105 (15х7) сағат тең, яғни 2 апта.
Олардың ішінде 15 сағаты студент пен оқытушының байланыстағы
жұмысына, ал 90 сағаты СӨЖ-ге арналады.
Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалуға жəне тапсыруға
1 кредит, яғни 2 апта бөлінеді.
Дипломдық жұмысты (жобаны) жазуға жəне қорғауға 2 кредит, яғни
тиісінше 4 апта бөлінеді. Бұл ретте 2 кредитке дипломдық жұмысты
(жобаны) ресімдеу мен қорғау енеді. Дипломдық жұмысты (жобаны)
орындау процесінің өзі алдын ала кəсіптік практика барысында жəне
теориялық оқытудың соңғы кезеңінде жүзеге асады.
63. Студенттердің қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін,
оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықты немесе академиялық
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
Достарыңызбен бөлісу: |