Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру



жүктеу 4,51 Kb.
Pdf просмотр
бет29/85
Дата16.05.2018
өлшемі4,51 Kb.
#14141
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85

67 
 
44.  Жұмыс  оқу  бағдарламалары  мен  силлабустар  (магистранттарға 
арналған  пəн  бағдарламалары)  оқу  жоспарының  барлық  пəндері  бойынша 
əзірленеді жəне оларды жоғары оқу орны бекітеді. Бұл ретте, оларды əзірлеу 
міндетті  компонент  пəндері  бойынша  үлгілік  оқу  бағдарламалары  негізінде 
жүзеге  асырылады,  ал  таңдау  компонентінің  пəндері  бойынша  жоғары  оқу 
орны  өзі  əзірлейді.  Жұмыс  оқу  бағдарламалары  мен  силлабустардың 
формасын, құрылымын, əзірлеу жəне бекіту тəртібін жоғары оқу орнының өзі 
анықтайды. 
45.  Магистрант  ғылыми  жетекшісінің  көмегімен  жасалатын  жеке  жұмыс 
жоспары негізінде оқиды. 
46.  Магистранттың  жеке  жұмыс  жоспары  оқудың  толық  кезеңіне 
жасалады жəне мынадай бөлімдерден тұрады: 
1) ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады); 
2) 
ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу 
жұмысы 
(тақырыбы, 
зерттеу бағыты, мерзімі жəне есеп беру нысаны); 
3) практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі жəне есеп беру нысаны); 
4)  негіздемесі  мен  құрылымы  көрсетілген  магистрлік  диссертация 
тақырыбы; 
5) магистрлік диссертацияны орындау жоспары; 
6) ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалардан өту жоспары. 
47.  Магистратурадағы  оқу  сабақтары  инновациялық  технологиялар  мен 
оқытудың интерактивті əдістерін қолдана отырып жүргізілуі тиіс. 
48.  Оқу  процесін  жоспарлау  кезінде  жоғары  оқу  орны  білім  беру 
бағдарламасы  компоненттерін  бөлу  нормаларын  осы  стандартқа  1-
қосымшаға  (ғылыми  жəне  педагогикалық  бағыттар  үшін)  жəне  2,  3-
қосымшаларға(бейіндік магистратура үшін) сəйкес басшылыққа алады. 
   
3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне 
қойылатын талаптар 
  
49.  Магистранттың  оқу  жүктемесінің  көлемі  оның  оқу  жылы  ішінде  əр 
пəн  немесе  оқу  жұмысының  түрі  бойынша  игеретін  кредит  санымен 
өлшенеді. 
50. ПОҚ оқу жүктемесін жоспарлау кредитпен немесе аудиториялық оқу 
сабақтарын кесте бойынша немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін жеке 
бекітілген  график  бойынша  оқытушының  магистранттармен  байланыс 
жұмысының 
уақытын 
білдіретін 
академиялық 
сағаттармен 
жүзеге 
асырылады. 
Студиялық жəне зертханалық сабақтардан өзге аудиториялық жұмыстың 
бір  академиялық  сағаты  50  минутқа  тең.  Студиялық  сабақтар  үшін  бір 
академиялық сағат 75 минутқа жəне зертханалық сабақтар үшін 100 минутқа 
тең. 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


68 
 
Магистрант 
практикасының 
барлық 
түрлерінің, 
ғылыми-зерттеу 
(эксперименталды-зерттеу) жұмысының жəне қорытынды аттестаттаудың бір 
академиялық сағаты 50 минутқа тең. 
51. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит: 
1)  семестр  түріндегі  академиялық  кезең  бойындағы  магистранттың 
аудиториялық жұмысының; 
2) кəсіби практика кезеңіндегі магистранттың оқытушымен жұмысының; 
3)  ғылыми-зерттеу  (эксперименталды-зерттеу)  жұмысы  кезеңіндегі 
магистранттың оқытушымен жұмысының; 
4)  магистранттың  магистрлік  диссертацияны жазу  жəне қорғау  бойынша 
жұмысының; 
5)  магистранттың  кешенді  емтиханға  дайындық  жəне  оны  тапсыру 
кезіндегі жұмысының 15 академиялық сағатына тең екенін ескеру қажет. 
52.  Магистранттардың  оқу  жүктемесі  академиялық  сағаттардың 
ұзақтығымен  жəне  оқу  жұмыстарының  түрлері  үшін  академиялық  сағатпен 
ілесе  жүретін  оқу  сағаттарының  көлемдерімен  (50  минуттық  байланыс 
сағаттары) анықталады. 
53.  Аудиториялық  жұмыстың  бір  сағаты  50,  75  немесе  100  минутқа  тең 
болуы  мүмкін.  Магистранттардың  аудиториялық  жұмысының  академиялық 
сағаттары  тиісті  МӨЖ  сағаттарымен  толығады,  осылайша  бір  кредитке 
магистранттың  семестр  түріндегі  академиялық  кезеңінің  бір  аптасындағы 
жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады. 
54.  Практиканың  əр  академиялық  сағаты  магистранттың  қосымша 
жұмысының  тиісті  оқу  сағаттарымен  (50  минуттан)  толықтырылады: 
педагогикалық  практика  үшін  -  1  сағат,  өндірістік  практика  үшін  -  4  сағат 
жəне зерттеу практикасы үшін - 7 сағат. 
55. 
Магистранттың 
ғылыми-зерттеу 
(эксперименталды-зерттеу) 
жұмысының,  магистранттың  магистрлік  диссертацияны  орындауын  қоса 
алғанда, əрбір академиялық сағаты 7 сағаттық МӨЖ-бен толықтырылады. 
56.  Магистрантты  қорытынды  аттестаттаудың  əр  академиялық  сағаты 
магистрлік  диссертацияны  жазу  жəне  қорғау  немесе  кешенді  емтиханға 
дайындық  жəне  оны  тапсыру  бойынша  магистранттың  оқытушымен 
байланыс жұмысының бір сағаты (50 минут) болып табылады. Магистрантты 
қорытынды  аттестаттаудың  əр  академиялық  сағаты  6  сағаттық  МӨЖ-бен 
қамтамасыз етіледі. 
57.  Кредиттік  оқыту  технологиясында  магистранттардың  өздігінен 
орындайтын жұмысының көлемі артады, ол екі түрге бөлінеді: оқытушының 
жетекшілігімен  жүргізілетін  магистранттың  өзіндік  жұмысы  (ОМӨЖ)  жəне 
магистранттың өзі орындайтын жұмысы (МӨЖ). 
58.  Оқытушының  жетекшілігімен  жүргізілетін  магистранттың  өзіндік 
жұмысы  жеке  график  бойынша  оқытушымен  байланыста  орындалатын 
магистранттың  аудиториядан  тыс  жұмыс  түрі  болып  табылады  жəне  жалпы 
оқу кестесіне енбейді. ОМӨЖ барысында оқу бағдарламасындағы анағұрлым 
қиын  сұрақтар,  үй  тапсырмалары,  курстық  жобалар  (жұмыстар)  бойынша 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


жүктеу 4,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау