ИС BestProfi©
25
емес бірліктерін; табиғи объектілерді, процестер мен қҧбылыстарды ӛлшеудің қарапайым
қҧралдарын; жҥргізген зерттеулерді тҥсіндіруге қажет тиісті ғылыми терминологияны; ӛзі
тҧрып жатқан жердегі ӛсімдіктер мен жан-жануарларды жіктеу ҥшін олардың қарапайым
белгілері туралы білімді қолданады;
4) табиғат компоненттері арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды; материалдарды
қолдану мҥмкіндіктерін айқындау ҥшін олардың қасиеттерін; белгілі бір аумақтың
жануарлар мен ӛсімдіктер әлемін; алуан тҥрлі ӛмір сҥру орталарының ҧқсастығы мен
айырмашылығын; ӛз зерттеулеріндегі және тҥрлі дереккӛздерден алынған материалдарды
талдайды;
5) тірі және ӛлі табиғаттың объектілері мен қҧбылыстарына зерттеу жҥргізуді жоспарлау
және ӛткізу ҥшін алынған білімі мен дағдыларын; сурет, сызба, графиктер, диаграммалар,
кестелер тҥріндегі ақпараттық материалдарды; қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне
қатысты идеяларды; микро- және макроәлемнің объектілері, қҧбылыстары мен процестерінің
имитациялық және географиялық ҥлгілерін жинақтайды;
6) табиғи объектілердің, қҧбылыстар мен процестердің даму факторлары мен жағдайын;
адамның әрекеті мен қоршаған ортаның жағдайына ғылыми-техникалық прогрестің салдары;
ғылыми-техникалық прогрестің адамның тіршілік әрекетіне әсері; жасалған болжамға ӛз
зерттеулерінен алынған нәтижелердің сәйкестігін бағалайды.
16. «Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша оқытудың кҥтілетін нәтижелері.
Бастауыш білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) білім алушының кҥнделікті ӛмірі ӛтетін отбасының, мектеп қоғамдастығының
қҧрылымын, қҧрамы мен функциясын; адамның ең негізгі әлеуметтік функцияларын; «адам –
қоғам» ӛзара байланысы туралы бастапқы мәліметтерді; «қауіпсіздік», «денсаулық»
ҧғымдары және олардың басты белгілерін; жеке тҧлғаның, отбасының, қауымдастықтардың
және тҧтас қоғамның ерекшеліктерін және олардың адам ӛміріндегі маңызы мен атқаратын
рӛлін; тҧтыну тауарларының негізгі тҥрлерін және олардың қҧрамын; Қазақстанның тарихы
мен географиясы туралы жалпы мәліметті; Қазақстан халқы мен Қазақстан халықтарының
негізгі дәстҥрлері мен фольклорын; Қазақстанның әлемдегі орны мен рӛлін; Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік рәміздерін; жалпыадамзаттық қҧндылықтарды; оң және
достық қарым-қатынас жасау қағидаларын, этикет қағидаларын, мектеп оқушысының
қҧқықтары мен міндеттерін, саламатты ӛмір салтының қағидаларын біледі;
2) адамның сыртқы белгілерінің себептілік шарттылығын; ӛзінің Қазақстанның жас азаматы
ретіндегі және белгілі бір ҧлт ӛкілі ретіндегі ӛзінің азаматтық болмысын; отбасының, туған
жері мен Атамекенінің қҧндылығын; кӛпҧлтты қазақстандық қоғамның қҧндылығын;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің маңызын; қоғамдағы адамның
адамгершілік мінез-қҧлық нормаларын; ӛз ӛмірінің мектеп ӛмірімен, ауыл, қала ӛмірімен,
тҧтас ел ӛмірімен тығыз байланыста екендігін; қоғамға қызмет етудің маңыздылығын;
әртҥрлі тҧрғылықты жер тҥрлерінің функционалдық және қҧрылымдық ерекшеліктерін; ӛз
ойы мен сӛзінің, іс-әрекетінің бір жерден шығуына ӛз жауапкершілігін; ҧлттық салт-
дәстҥрлер мен әдет-ғҧрыптардың мәнін; адам ӛміріндегі және қоғам дамуындағы
саяхаттардың рӛлін; адамның ӛзін тануы мен ӛзін дамытудың маңыздылығын; «еңбек»,
«ӛзара тҥсіністік», «ӛмірге қуанышпен қарау», «қиындыққа мойымау», «мейірімділік»,
«жомарттық», «кең пейілділік», «патриоттық», «шығармашылық» ҧғымдарының мазмҧнын
және маңыздылығын; саламатты ӛмір салтын ҧстануы керектігін; табиғаттың ӛмірлік қуат
кӛзі ретіндегі мәнін; табиғатқа қамқорлық кӛрсетудің маңызын тҥсінеді;
3) таным әдістерін қоғамдық процестер мен қҧбылыстар зерттеу ҥшін, оқу тапсырмалары
мен шығармашылық, танымдық, зерттеу, жобалау сипатындағы жҧмыстарды орындау ҥшін;
қарапайым қаржылық қарым-қатынастардағы жеке басының тәжірибесі мен білімін;
саламатты ӛмір салты туралы, жеке бас гигиенасы туралы, тамақтану және кҥн тәртібі
туралы білімін; дәрігерге дейінгі алғашқы кӛмек кӛрсету туралы қарапайым білімін;
қоршаған ортаға бейімделудегі ӛзінің жеке және қоғам тәжірибесін; отбасында және ҧжымда
ӛзара оң және достық қарым-қатынасты сақтау мақсатындағы қатынас қағидаларын
қолданады;
ИС BestProfi©
26
4) Қазақстанның әлемдегі орнын; қазақ халқының және елде тҧрып жатқан басқа да ҧлт
ӛкілдерінің мәдени және салт-дәстҥрлерінің ортақ және ерекше белгілерін; жеке тҧлғаның,
отбасының, мектеп қауымдастығының даму факторларын; адам ӛміріндегі негізгі
ресурстардың мәнін; денсаулық пен қауіпсіздік факторларын; адамның кӛңіл-кҥйінің, сезімі
мен адамдар іс-әрекетінің кӛрінісі, олардың себеп-салдарын; ӛзіндік эмоционалдық кҥйін
талдайды;
5) қоғамдық қҧбылыстар мен процестерді жҥйелеу және топтастыру ҥшін білімі мен
дағдыларын; қоғамның кейбір ӛзекті проблемаларын айқындау ҥшін білімі мен дағдыларын;
кеңістікте (орын), уақытта (хронологияда), әлеуметтік ортада (қоғамда) бағдарлануы ҥшін
жеке шешімдерін; отбасылық, тҧлғааралық және қоғамдық салаларда коммуникация
модельдерін; ӛмір қауіпсіздігі, саяхатты ҧйымдастыру бойынша ӛз жобаларын, ӛзіндік
рухани-адамгершілік дамуы бойынша шешімдерін жинақтайды;
6) адамгершілік нормасы тҧрғысынан ӛзінің мінез-қҧлқы мен айналадағы адамдардың
істерін; отбасының, қоғамның, мемлекеттің әрбір адам ӛміріндегі маңыздылығын; заманауи
ӛмірдегі дәстҥр мен фольклордың рӛлін; тҧтыну заттарының маңыздылығы мен қҧны
бойынша қҧндылығын; сабақта ӛз жҧмысына қанағаттану дәрежесін; тҧлғааралық, қоғамдық
және қаржы-экономикалық қарым-қатынас саласында ӛзінің ілгерілеу деңгейін, ӛзінің
эмоциялық және физикалық қалпын; адамдардың тәртібін жалпы қабылданған адамгершілік
нормалары тҧрғысынан бағалайды.
17. «Технология және ӛнер» білім беру саласы бойынша оқытудың кҥтілетін нәтижелері.
Бастауыш білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) сызықтардың және формалардың негізгі тҥрлерін; негізгі және қосымша тҥстерді; сурет
салуға және сәндік-кӛркем жҧмыстарға керекті негізгі материалдар мен қҧралдарды; ӛнердің
негізгі тҥрлері мен жанрларын; ӛнердің әр алуан тҥрлері бойынша жҧмыс істеудің негізгі
техникаларын; әлемдік және отандық суретшілердің кейбір ҥздік туындыларын; музыкалық
сауаттылықтың негіздерін; музыкалық мәнерліліктің басты қҧралдарын; вокалдық және
аспаптық жанрлар мен стильдерді; қазақтың халық аспаптарын және әлем халықтарының
аспаптарын; қазақ халық музыкасының, Қазақстан сазгерлерінің және әлемнің басқа
елдерінің ән және аспаптық репертуарларының кейбір ҥлгілерін; қарапайым музыкалық
импровизациялар жасаудың тәсілдерін біледі;
2) ӛнердің ӛмірмен байланысын; орындау техникасының ӛнердің тҥрімен, стилімен,
жанрымен байланысын; Қазақстанның сәндік-кӛркем ӛнеріндегі ҧлттық салт-дәстҥрлердің
ерекшеліктері мен маңызын; қазақ халқының мәдениеті мен басқа да халықтардың
мәдениеттеріндегі ӛнер туындыларының маңызын; қазақ халқы мен басқа да халықтардың
ҧлттық музыкалық дәстҥрлерінің ерекшеліктері мен маңызын; музыкалық туындылардағы
берілетін идеяларды, сезімдерді, кӛңіл-кҥйлерді; халықтық және сазгерлік музыканың
ерекшеліктерін тҥсінеді;
3) заттарды бейнелеудегі перспектива және композиция заңдарын; қарапайым кӛркем
жҧмыстарды жасау ҥшін, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қолдана отырып, шығармашылық идеяларды; кӛркем және техникалық еңбек ӛнімдерін
жасау ҥшін тҥрлі кӛкемдік жҧмыс қҧралдары мен техникаларын; шығармашылық жҧмысты
орындаудағы ӛнер туындыларының тҥрлері, жанрлары мен стильдері бойынша білімін;
техникалық қауіпсіздік қағидаларын; қарапайым вокалдық және аспаптық импровизациялар
мен аранжировкаларды жасауға арналған музыкалық мәнерлілік қҧралдарын; жеке және
ансамбльмен ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау дағдыларын қолданады;
4) ӛзіндік жҧмысты ҧйымдастыру ҥшін ӛнердің алуан тҥрі бойынша ақпаратты; қазақ
халқының және әлемнің басқа да халықтары ӛнерінің стильдері мен жанрларын;
эксперименталдық, зерттеу жҧмыстарын жҥргізуге арналған материалдар мен аспаптардың
қасиеті мен сапасын; бейнелеу ӛнері, техникалық және кӛркем еңбек бойынша
шығармашылық жобаларды; композиторлық музыканың стильдері мен жанрларының
ҧқсастықтары мен айырмашылықтарын; қарапайым эксперименталдық жҧмыстарды орындау
және музыкалық импровизация мен аранжировкаларды жасау ҥшін дыбыстардың
қасиеттерін талдайды;