Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы


БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет3/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62

7
БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
PROSPECTS AND CONTENTS OF EDUCATION


8
ҰЛТТЫҚ ДƏСТҮР – МƏДЕНИ ҚАТЫНАС РЕТІНДЕ 
Абдрашева Б.Ж.
соц.ғ.к., əлеуметтік жұмыс жəне 
əлеуметтік педагогика кафедрасының доценті 
Михалькова О.А.
п.ғ.к., доцент, Е.А.Бөкетов атындағы 
Қарағанды мемлекеттік университеті
Тəуелсіздікті иелегенен бергі жылдардың ішінде Қазақстан ішкі жəне сыртқы саясаттағы белсенді 
қадамдарымен,  ел  экономикасын  өрге  басуындағы  батыл  қимылдарымен,  игі  бастамаларымен  бүкіл 
əлемге танылды. 
Қазіргі Қазақстан қоғамында əлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесі барлық салаларда түбе-
гейлі өзгеріске ұшырап, жаһандану қоғамындағы тұрпайы нарықтық қатынастардың əсерімен қалыпта-
суда. Сондықтанда əлеуметтік рөлдер мен əлеуметтік мəртебелердің (статустардың) құндылықтарының 
өзгеріске ұшырауына қоғам ойлана қарауы керек. Технологиялық даму мен жиілеп кеткен реформалар 
қоғамдық дағдарыстар жағдайында адамдар арасындағы тəртіп пен моральдық талаптар дисфункцияға 
ұшырай бастайды. Демек, ұлттық дəстүрді əлеуметтік институт ретінде зерттеу жəне талдау арқылы 
өркениетті елдер арасындағы əдет-ғұрыптардың əлеуметтік-рухани мəртебесін əлемдік деңгейге дейін 
көтеріп, рухани құндылықтарды да жаңғырта отырып мəдениетіміз бен өркениеттілігімізді айқындау.
 
Ұлттың өткен тарихы мен дəстүрлі рухани-дүниетанымдық көзқарастарын қайтадан жандандыру 
процесі қазіргі заманға сай батыстық өркениеттік құндылықтар мен үлгілерді жаппай жөн-жосықсыз 
қабылдау үрдісімен қатар жүруде. Ұлттық дəстүр дегеніміз – сол ұлтты құрайтын халықтардың ата-ба-
баларының халық болып қалыптасу жолындағы бүкіл өмір тəжірибесі арқылы сан ғасырлар бойы жи-
нақтап,  тіршілік  тізгінінен  өткен,  бір  жүйеге  келтірілген  өмір  сүрудің  əлеуметтік  талабы  мен  қатал 
тірліктің қағидалары қорытқан, уақыттың өзі бекітіп берген əлеуметтік заңдылығы.
Белгілі бір ұлттың адамзат өркениетінің ортақ өрісіне шығып, дамып жетілуі де, құлдырап төмен ке-
туі де осы заңдылықтардың сақталуы мен бұзылуына тікелей байланысты. Дəстүр бұзылған жерде ха-
лықтың əлеуметтік бірлігі де бұзылады, ұлт бір-біріне жат болып, жатсыну, мəңгүрттену басымдылық 
танытып, ұлттың идеялық тірегі əлсірейді. 
Тоталитарлық  кезеңде  жаппай  үрдіс  алған,  ескінің  көзі  деп  саналған  дəстүрлердің,  қазіргі  техно-
логиялық  ақпараттану  қоғамындағы  əлеуметтік  экспектациялық  рөлін  анықтау  жəне  олардың  мəде-
ни-құндылықтары  арқылы  қазіргі  кезеңдегі  эгалитарлық  (саяси-идеялық  ағым)  идеясын  айқындауда 
өзекті мəселелер ретінде көтеріліп отыр. 
Əлеуметтік  қарым-қатынас  заңы  бұқаралық  іс-əрекеттің,  сондай-ақ  адамдардың  қызметі  арқылы 
жүзеге  асатын  əлеуметтік  құбылыстардың,  процестердің,  қоғамдық  өмірдің  сан  алуан  салаларының 
арасындағы  объективті  қайталанатын  тұрақты  жəне  себеп-салдарына  байланысты.  К.  Маркс  пен 
Ф.  Энгельстің  пікірінше, «Əлеуметтік  қарым-қатынас  қоғамдағы  диалектикалық  қайшылықтар  да-
муының ең жоғарғы сатысы, ол əлеуметтік қауым жəне индивидтердің мүдделерінің қарым-қатынас 
тенденцияларының үндеуімен сипатталады. Адамдардың түсініктердің пайда болуы, ойлауы, рухани 
қарым-қатынасы мұнда əлі де олардың материалдық іс-əректінің тікелей туындысы болып табылады. 
Белгілі бір халықтың саясат, заң, мораль, дін, метафизика т.б. тілінен көрінетін рухани өндіріс жөнінен 
де осыны айту керек. Адамдар өздерінің түсініктерін, идеяларын т.т. жасаушылар болып табылады»- 
деп көрсеткен.
Əлеуметтік қарым-қатынастың əртүрлі элементтері арасында істестік, қайшылық жəне топтың күрес 
қатынастары  болуы  мүмкін.  Адамның  бүкіл  рухани  дүниесі,  оның  адамдардың  қарым-қатынасында 
ғана пайда болады. Қарым-қатынас процесінде адамның тек қана жеке басы ғана жетілмей, олардың 
санасының қалыптасуына гуманистік салт-сананың əсері де тиіп («жылу жинау», «асар», «енші беру», 
«ерулік»)  қатынасын  қалыптастырумен  қатар  əдептілік-имандылық  қатынастағы  салт-сана  «сəлем 
беру», «сəлем салу», «үлкеннің жолын кеспеу», «сөзді бөлмеу», əлеуметтік нормалардың талаптарына 
сəйкес келіп отырған. Əлемдік озық өркениеттердің, таңдаулы елу елдердің қатарына аяқ басқан Қа-
зақстанда уақыт талабы да жоғары, сондықтан халқымыздың мəдени, тарихи, əлеуметтік мұралары мен 
рухани құндылықтарын зерттеу күн тəртібіне қойылып отырған өзекті мəселе. Қазақстандық рухани 
жүйенің  бүгіні  мен  келешегі  оның  кешегі  дəуірінде  жинақталған  рухани  мұраларын  талдай,  танып 
білумен, мойындаумен жəне қадірлеумен байланысты. 
Еуропалық ақыл-ой өзі түсінбеген құбылысты артта қалған өркениетке жатқызады. Оның қолдан 
жасаған  категориялар  қатынасы  көшпелі  əлемін  түсіндіре  алмайды  да,  түркі  мəдениетін  алқашқы 
қоғамдық құрылыстың жүйесіне зорлап тықпалайды. Өйткені еуропалық рационализм көшпелілік ға-


9
рыш кеңістігінде салақтап бос қалады. Көшпелілік ғарыш кеңістігі ат шаптырым кең, еуропалық пай-
ым көш шеңберін толғамымен толтыра алмай қиналады, мұндай деңгейде байытылған басқа категория 
қажет [1]. 
Халықтық салт-дəстүрдің қай уақытта қалыптасқандығы белгісіз, бірақ, əр халықтың салт-дəстүрі 
өзінше қайталанбас, ерекше айшықты да өрнекті əлем. Халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып жəне 
дамып отыратын тарихи əлеуметтік, мəдени-тұрмыстық, кəсіптік, салт-сана, əдет-ғұрып, мінез-құлық, 
тəлім-тəрбие жəне рухани іс-əрекеттің көрінісі дəстүр арқылы танылады [2]. Адамзат тарихы талай-та-
лай рет астан-кестен боп өзгерді, талай түрлі төңкерістер, əлеуметтік-экономикалық толқулар болды, 
бір  формацияның  орнына  келесі  бір  формация  келіп,  бір  мемлекет  күйреп,  орнына  жаңа  мемлекет 
тұрып жатты. Халықтың тұрмыстық өзгешеліктері, салт-дəстүрлерінің негізі əлі де бұзылмай, өзінің 
біртуар бітімін сақтап келеді. Салт-əр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлт-
тық құрылым ерекшелігіне сəйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғыры-
ның негізі- салт ретінде қалыптасқан. Ол ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп сана, құндылық, 
тəрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық, құндылық, тағылым, өнеге тəжірибесін 
құрған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақта-
маған адамдарды сол халықтық заң негізінде жазалап та отырған. Демек, салт-дəстүр қазақ үшін бұлжы-
мас заң десек те болады. Мысалы: той, наурызкөже, қыз ұзату, қонақасы, шашу, ерулік т.б. ата салты-
мыз болып саналады. Оны қолдану мен дəріптеуді ғұрып дейміз [2, 75 б.]. Қазақтың өмір салты, өнер 
салты, тарихы, мəдени мұрасы оның ел арасындағы тəлімдік, өнегелік, гумандық халықтық қызметі 
де əлеуметтік қатынас принципі жəне құралы бола алады. Ұлттық дəстүр сол ұлттың құрамына кірген 
халықтардың салт-дəстүрін, əдет-ғұрпын бойынша сіңіре отырып, өзіне тəн ерекшелікпен дамып, сол 
ұлттың негізіне, моральдық-этикалық болмысына айналады. Оның ұлттық дəстүр аталуының мəні де 
осында. Бұл ретте оны, яғни ұлттық дəстүрді белгілі бір ірі құрылыстың іргесінің суға шайылып, желге 
мүжіліп, небір дауыл соққысына шыдап, құламауын қамтамасыз ететін берік іргетаспен салыстыруға 
болады. Өйткені, кез келген ұлттың замана дауылдарына төтеп беріп, кезеңдік саясат ағымдарының 
иіріміне түсіп кетпей, халықтық бірлігін, ұлттық тұтастығын сақтап қалуы үшін де ұлттық дəстүр қа-
жет болса, дəл қазіргі жаһандану саясаты кезіндегі ұлттың ұлттығын дəйектеп тұрар белгілерін айқын-
дайтын ұлттық дəстүр тағы да қажет. Адамның адамшылығын сақтап қалған да салт-дəстүр. Ұлттың 
өткен  тарихы  мен  дəстүрлі  рухани-дүниетанымдық  тұғырларын  жаппай  қалпына  келтіру  қазіргі  за-
манға  сай  озық  батыстық  өркениеттік  құндылықтар  мен  жаңашылдықтарды  жаппай  жөн-жосықсыз 
қабылдау үрдісімен қатар жүреді. 
Əдет-ғұрып қазақ халқының өмір бойы қалыптасқан таным, ұғым, əдеп, əдет, салт-дəстүрлерінің 
айқындалған, заңды күші бар ел таныған, мойындаған жолы ерте жасалған. Ол ұлттық болмысы мен 
мінезінде, жадында ата-баба ұлы істерінің жақсы үрдісін сақтау жəне оны дамытуды көздеген, мақсат 
еткен.  Мұны  ғұрып  дейміз [2, 75 б.].  Халқымыз  оны  қадірлеп  құрмет  тұтқан.  Бұл  əдеттен  айныған-
дарды түзейтін де жол тапқан. Сөйтіп халқымыздың өзі ұлттық тəлім, үлгінің осындай бірегей заңын 
жасап қалдырған. Мұндай ғұрыптың адам санасы мен тəрбиесіне қосқан үлесі, ықпалы өте зор болды. 
Жалпы халық та, ұлт та өзара туыстық, этникалық, психологиялық жəне əдет-ғұрып ерекшеліктерімен 
белгіленіп, айшықталатындығы белгілі. Ел ішінде мұны сақтап, ұрпақ санасына сіңіріп отыратын ақ-
сақалдар мен билер, ел ағалары, қажы, білгірлері, шешендері болған. 
Қазіргі  кезеңде  халық  мемлекеттік  əлеуметтік  құндылықтар  арқылы  қоғамдық  көзқарастарды  қа-
лыптастырса, ұлттық мəдениетіміздің озық үлгілерін игеріп, ұлттық дəстүрімізді қайтадан жаңғыртып, 
қоғамдық ортадағы, трансформацялау кезеңіндегі келеңсіз жайттардың алдын алу. 
Бүгінде Қазақстан Республикасымен көршілес жəне алыс шалғайдағы кейбір мемлекеттердің ара-
сында  жиі  кездесіп  отыратын  əлеуметтік  проблема  этникааралық  қақтығыстардың  орын  алуы,  діни 
экстремистік көзқарастардың етек алуын есепке ала отырып, мұндай көзқарастар көп ұлтты Қазақстан 
халқы үшін жат ұғым, себебі жергілікті халықтың зиялылық пен ізгіліктің, кісілік, адамдық, жомарттық 
пен дархандылығы оның салт-санасы мен əдет-ғұрпында екендігін дəлелдеуге тырыстық.
Əр түрлі жағдайлармен қазақ елін мекен еткен, ұлт өкілдерінің өзіндік тату тəтті ғұмыр кешуі, бір 
біріне құрметпен қарауы ел ішіндегі əдеттен озбайтын, ешкімді шешттетпей, сыртқа тепеуінің сыры – 
ұлттық дəстүрдің сақталуы мен ұлттық салт-санасында қалыптасуында екенін көріп отырмыз.
 
Пайдаланған əдебиеттер тізімі:
1. Дидар Амантай. Қазақ табиғаты айнасы //Ақиқат. – Алматы: 2002. – 26-32 бб.Қазақтар: көпшілікке арналған 
тоғыз томдық анықтамалық.
2. Кенжеахметұлы С. Ұлттық əдет-ғұрыптың беймəлім 220 түрі. – Алматы, Санат, 1998. – 255 б.
3. Қозыбаев М. Өркениет жəне ұлт. – Алматы, 2001. – 227 б.


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау