19
Топтық зерттеу (Бірлескен жұмыс) – практикалық сабақта студенттердің бірлесе отырып белгілі
бір проблеманы графикалы түрде шешу тəсілі.
Оқытушы тақырып бойынша шешуді талап ететін проблеманы студенттерге ұсынады. Мəселен,
«Ғаламтордың пайдасы мен зияны», «Вирус жəне антивирус бағдарламасы», «Компьютерге неме-
се ғаламторға тəуелділік», «Қазақстандағы ғаламтордың жағдайы» тақырыптарын ұсынуға бола-
ды. Студенттер шағын топтарға бөлініп, аталмыш проблеманы шешу жолдарын талқылап, өздерінің
шешімін маркерлермен плакатқа түсіреді (15-30 минут ішінде). Студенттер өздігімен сол жерде отырып
ақпарат жинастырады, оларды талдап бағалайды. Тапсырманы плакатқа қалай жасау керектігін əр топ
өздері таңдайды. Жұмысқа берілген уақыт аяқталғаннан кейін əр топтың спикері шығып, өз жұмыста-
рын қорғайды. Қорғау соңында топ мүшелері басқа топтың сұрақтарына жауап береді.
Ғаламторда дұрыс жұмыс жасауды үйрету мақсатымен бір елге немесе бір компанияға саяхат жасату
да өте ыңғайлы. Мысалы, инженер факультетіне тақырыпты
«Google компаниясына саяхат» деп алай-
ық. Сабақ үстінде ғаламтордан осы тақырыпқа қатысты материал жинауға белгілі уақыт беріледі. Əр
студент 4-5-тен бірігіп осы тақырыпта материал жинастыруы оны оқып, мағлұмат алуы керек.
Google
компаниясының тарихы, жұмысы, қызметкерлері, қазіргі жағдайы жəне т.б. Уақыт аяқталған соң əр
студент төмендегідей кестені толтырады.
Кілт сөз немесе іздеу жүйесі
Мақсат
Нəтижесі
Осы кесте арқылы ғаламтордан берілген тақырыпқа қатысты қандай кілт сөздер жазды, не мақсат-
пен жəне оның нəтижесінде қандай мағлұмат алды. Осы кесте бойынша дəптерлеріне өз жұмысын
қысқаша жазып өтеді.
Жұмыс нəтижесі
Ақпарат көзі (сайт)
Не туралы
Мағлұматтың пайдалылығы
Жоғарыдағы кестені толтыру арқылы студент кейінгі диплом жұмысына да мағлұмат жинауды оны
қалай жинақтауды үйренеді. Берілген кестеде біріншіге нақты мағлұмат алған сайтты, екіншіге ол жер-
де компания туралы қандай ақпараттар бар жəне үшіншіге ол мағлұматтың берілген тақырыпқа қаты-
сты пайдалы жағы қаншалықты, не алуға болады деген сұраққа толық жауап жазады.
Жұмыс соңында əр топ берілген тақырып бойынша
«топтастыру əдісін» жасайды.
Жұмыс аяқталған соң əр топтың студенттері жеке-жеке шығып, өз жасаған жұмыстарын қорғайды.
Осы тақырып бойынша үйге слайд жасап келуге тапсырма берген де дұрыс, ол əр оқытушының өз
қалауына байланысты.
Келесі сабақта осы өткен тақырыппен байланыстырып,
Google мен
Mail-ru компанияларына салы-
стырмалы жұмыс жасатуға да болады. Бұл жолы да алдыңғы сабақтағыдай ғаламторды толық қол-
данады, осы ғаламтордан алған мəлімет бойынша екі компанияның ұқсастығын, ерекшелігін, негізгі
жұмысын толық кестеге толтырып шығады.
Google
Mail-ru
Ұқсастығы
Айырмашылығы
Қазіргі жағдайы
Осы тапсырмалар негізінде студенттер сабақ үстінде ғаламтор арқылы бір-бір ойындар ұйымда-
стыруына да болады немесе оқытушының өзі де алдын-ала өтетін тақырыбы бойынша «Кахут» əдісі
бойынша тесттер дайындап келіп, сол жерде орындатса мұның өзі білім алушылардың пəнге деген
қызығушылығын арттырады.
Тарихы
Жұмысы
Құрастырушы
Қазіргі жайы
Google