Білім беру саласы: Таным Бөлімі



жүктеу 438 Kb.
бет1/4
Дата20.11.2018
өлшемі438 Kb.
#22274
  1   2   3   4

Күні _____

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: “Күзгі ағаш”

Мақсаты:Бұтақтардан күзгі ағаш құрастыру іскерліктерін қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету.

Көрнекіліктер: күз мезгілінің суреттері.

Керекті құралдар: бұтақтар,сары түсті ермексаз,тақтайша,сүлгі.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әс-ірекеті

Бала әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия




Қайың, терек басынан,

Сарғыш тартып жапырақ.

Жерге түсіп шомылған,

Жел үрлесе қалтырап.



Ш.Ахметов «Күзгі жапырақ» өлеңінің мазмұнын ашу.

Жұмбақ


Жап-жасыл болып өседі,

Сап-сары алтын болып жерге түседі.



  • Балалар қазір қай мезгіл?

  • Далада қандай құбылмалы өзгерістерді байқадындар?

  • Жапырақтардың түстері қандай?

  • Неліктен жапырақтар сарғайып жатыр?

  • Балалар менің қолымда нелерді көріп тұрсыңдар?

  • Жапырақтардың пішіндері бірдей ме?

  • Мына суретке қарайықшы ненің суреті?

Бүгін біз бұтақтардан күзгі ағашты құрастыруды үйренеміз.

Тәрбиеші күзгі ағашты бұтақтан қалай жасауды көрсетіп, түсіндіреді.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қолды алға созайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бойымызды жазайық.

Дербес жұмыс: Балалар жұмыс жасайды.

Д/о: «жапырақтын түсі қандай?»

Шарты: тәрбиеші жапырақты көрсетеді, балалар түсін, айтады.



  • Бүгін біз ненің суретін салып, нені қиып жапсырдық?

  • Жапырақтын түсі қандай болды?

  • Жапырақтың пішіндері қандай болды?

Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

(Жапырақ )


Балалар сұрақтарға жауап береді.

сергіту сәтін бірге жасайды.


Балалар сұрақтарға жауап береді.









Күтілетін нәтиже:

Білу:Күз мезгілін білуі;

Игеру: Бұтақтардан күзгі ағашты құрастыруды игерілуі;

Меңгеру: Жұмысты ұқыпты орындауды меңгерілуі;


Күні _____



Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: “Бақшада алма пісіп тұр”

Мақсаты: Қағазды жырту арқылы Алма мүсінін жасауды үйрету.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету.

Көрнекіліктер: жемістер, жемістердің пішіндері, жемістердің суреті.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әс-ірекеті

Бала әрекеті

жағымды




I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру.

III.Рефлексия



Шаттық шеңбер:

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді, - өлеңінің мазмұнын ашу.

Балаларға Жұмбақ жасыру.

Көкпеңбек еді көктемде,

Қызарады күз жеткенде.

(Алма)


  • Балалар алма қайда өседі?

  • Оның пішіні қандай?

  • Мына ыдыстың ішінде нелер бар?

  • Мынау не? (алмұрт)

  • Оның пішіні қандай?

Балалар жемістердің пішінін, түсін айтып береді.

Балалар,бүгін құрастыру сабағында Папье маше тәсілімен алма жасауды үйренеміз.

Тәрбиеші алманы қалай жасайтынын балаларға түсіндіреді: алдымен алма муляжіне жыртылған қағаздар жабыстырылады,содан кейін муляжді шығарып,мүсінді кептіреді.

Дидактикалық ойын «Жемістерді себетке сал?»

Мақсаты: Жемістерді көкөністерден ажырата алуды үйрету.

Сергіту сәті:

Тербелейді ағаштар,

Алдымнан жел есейді.

Кіп-кішкентай ағаштан,

Үлкен болып өседі.

Дербес жұмыс: Балалар дербес жұмыс жасайды.


  • Бүгін біз нені жасадық?

  • Алманың түсі қандай болды?

  • Жемістер қайда өседі?

Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Балалар сұрақтарға жауап береді.


Жемістердің жасалу тәсілін үйренеді.


Балалар сұрақтарға жауап береді.









Күтілетін нәтиже:

Білу: Жемістерді білуі тиіс.

Игеру: Алманы Папье маше тәсілі арқылы жасауды игеруі тиіс.

Меңгеру: Жұмысты тиянақты орындауды меңгеруі.

Күні _____

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: “Саңырауқұлақ”

Мақсаты: Қажетсіз заттардан саңырауқұлақ жасау дағдыларын арттыру.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету.

Көрнекіліктер: саңырауқұлақ, үлгі сурет.

Керекті құралдар:киндердің қабығы,балмұздақ таяқшасы,ермексаз,сүлгі,тақтайша



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Жағымды


Жағымсыз


I.Мотивация

II.Ізденіс-ұйымдастыру.

III.Рефлексия


Шаттық шеңбер:

Берекелі мерекелі,

Келді жомарт алтын күз.

Қалада да, дала да,

Жанның бәрі жарқын күз.

«Алтын күз» өлеңінің мазмұнын ашу.


  • Балалар қазір мен сендерге бір өсімдікке сипаттама беремін, сендер тауып көріңдерші.

  • Өзі орманда өседі, оны кірпі жақсы көреді.

  • Ол өсімдік ұзын ақ түбіртегі бар, қызыл-ала қалпақшасы немесе қоңыр, ақ қалпақшалары болады. Ол не?

- Балалар саңырауқұлақ қайда өседі?

  • Саңырауқұлақты тергендерің бар ма?

  • Саңырауқұлақтың екі түрі болады?

Жеуге жарамды және улы яғни жеуге жарамсыз.

Балаларға жеуге жарамды саңырауқұлақты тамақ ретінде пайдалатыны, улы түрі болатыны жайында мағлұмат беру.

Тәрбиеші саңырауқұлақты киндердің қабығынан жасау тәсілін түсіндіреді.


  • Киндердің қабығы саңырауқұлақтың басы болады.

  • Балмұздақ таяқшасы саңырауқұлақтың денесі болады.

  • Таяқшаны ермексаздың көмегімен саңырауқұлақтың басына жабыстырылады.

Балалар үлгіге қарап,жұмыстарын орындайды.

Сергіту сәтті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп, өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

д/о: «Не қайда өседі?»

Шарты: тәрбиеші кез келген өсімдікті көрсетеді, балалар қайда өсетінін айтады.



  • Бүгін біз нені жасадық?

  • Саңырауқұлақ неше бөліктен тұрады?

  • Саңырауқұлақтың қалпақшасының түсі қандай?

Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Балалар сипаттаманы тауып айтады.

Саңырауқұлақ туралы өз білгендерін әңгімелеп береді.

Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.


сұрақтарға жауап береді.









Күтілетін нәтиже:

Білуі: саңырауқұлақтың бөліктерін атауды білуі;

Игеру:саңырауқұлақтың бейнесін қажетсіз заттардан жасау дағдыларын игерілуі;

Меңгеру: Жұмысты басынан бастап,ааяғына дейін аяқтауды меңгеруі;

Күні _____

Білім беру саласы:Таным

Бөлімі: Құрастыру.

Тақырыбы: «Дастархан»

Мақсаты: Картон қағаздан дастархан қиып алып, қажетсіз заттардан азық-түліктер жасау дағдыларын жетілдіру.

Сөздік жұмыс: Нан, егістік, бидай.

Көрнекіліктер: саңырауқұлақ, үлгі сурет.

Керекті құралдар: картон,қайшы, жаңғақтың қабығы,күріш,бұршақ,сүлгі.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Жағымды


Жағымсыз


I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру.

III.Рефлексия




Шаттық шеңбер:

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса, баспаңдар!

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

«Нан» өлеңінің мазмұнын ашу.


  • Балалар нан неден пісіріледі?

  • Ұн қайдан келеді?

  • Бидай қайда өседі?

  • Бидай қырманда өседі, яғни егістікте бидайды жинайды.

  • Бидайды немен жинайды?

  • Комбайнды жүргізетін кім?

Бүгін құрастыру әрекетімізде біз дастарханжы жасап,түрлі тағамдармен толықтыруды үйренеміз.

Алдымен ақ картонға сопақша пішінді саламыз.



  • Сол пішінді қайшының көмегімен сызық бойымен қиып аламыз.ол бізде дастархан болады.

  • Сол дастарханға жаңғақтың қабығын орналастырып,соның ішіне бұршақ саламыз.Бұршақ бауырсақ,күріш құрт ,ал қауынның сүйегі болады.

  • Балалар үлгі суретке қарап нанның бейнесін жапсырады.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық,

Белімізді жазайық,

Айналаға қарайық

Отырайық,тұрайық,

Біраз тынығып алайық.

д/о: «Не артық?»

Шарты: суретке қарап артық суретті сызып көрсету.


  • Бүгін біз нені жасадыққ?

  • Нанның пішіні қандай болды?

  • Нанды қайдай сатып аламыз?




Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Өлеңнің мазмұнын түсіндіреді.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

сергіту сәтін бірге жасайды.


Балалар сұрақтарға жауап береді.









Күтілетін нәтиже:

Білуі : нан түрлерінің атауларын, қағаз бетіне сопақша пішінді сала білуі тиіс.

Игеру: сопақша пішінді қайшымен дұрыс қиюды игереді.

Меңгеру: Ұқыпты жұмысты орындауды меңгеруі;

Күні _____

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: “Әдемі торғай”

Мақ Мақсаты: Қажетсіз заттардың көмегімен торғайдың бейнесін жасауды үйрету.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету.

Көрнекіліктер: құстардың суреті, үлгі сурет,торғайдың суреті.

Керекті құралдар: жаңғақ,ермексаз,құстың қауырсыны,тақтайша.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Жағымды


Жағымсыз


I.Мотивация

II.Ізденіс-ұйымдастыру.

III.Рефлексия


Шаттық шеңбер:

Самалақ, самалақ!

Көк құс көзін ашты ма?

Аяғын жерге басты ма?

Самалақ, самалақ!

Самарқаның көк тасы,

Жібіді ме, көрдің бе?

Қап тауының көк құсы,

Жүгірді ме, көрдің бе?

«Жыл құсын көргенде» өлеңінің мазмұнын ашу.


  • Балалар дала құсына қандай құстар жатады?

  • Неліктен оларды дала құсы деп атайды?

Балаларға жұмбақ жасыру:

Мысалы: Қалқып тұрып аспанда,

Үн шығарып сан қилы,

Өнеріне басқанда,

Тұла бойың балқиды. Торғай.


  • Бүгін біз торғайдың бейнесін жасауды үйренеміз.

  • Құстардың дене мүшелерін атайықшы?

  • Құстардың жүндері қандай болады?

Құстың денесін жасау үшін жаңғақты қолданамыз.

- Бірінші кішкентай жаңғақты дайындаймыз, содан соң басын ермексаздан жасаймыз.ал қанаттын құстың қауырсыннан жасаймыз.

Сергіту сәті;

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық,

Белімізді жазайық,

Айналаға қарайық

Отырайық,тұрайық,

Біраз тынығып алайық.

Дербес жұмыс: Балалар жұмыс жасауға кіріседі,ал тәрбиеші қадағалап,бағыт беріп отырады,кейбір балаларға көмек береді.

Бүгін біз нені жасадық?


  • Торғай қайда мекендейді?

  • Бүгін біз қандай тәсілді қолдандық?

  • Торғайды неден жасадық?

Мадақтау,бағалау

Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Өлеңнің мазмұнын түсіндіреді.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

сергіту сәтін бірге жасайды.


Дербес жұмыс жасайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Құстарды ажырата алуды білуі;

Игеру: Торғайды жаңғақтан жасау тәсілін игерілуі;

Меңгеру: Жұмысты басынан бастап аяғына дейін аяқтауды меңгерілуі;

Күні _____

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру.

Тақырыбы: “Қой”

Мақсаты: Жұмыртқа қабығынан қойдың денесін жасау дағдыларын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету.

Көрнекіліктер: жануарлардың суреті, үлгі сурет.

Керекті құралдар: жұмыртқа қабығы,бұтақтар,ермексаз,стақандағы су,сүлгі,тақтайша.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Жағымды


Жағымсыз


I.Мотивация

II.Ізденіс-ұйымдастыру.

III.Рефлексия



Шаттық шеңбер:

Момақаным менің,

Маңырама ,төлім.

Тойғызады кешке,

Енең келіп сенің.

«Қозы» өлеңінің мазмұнын ашу.

Ал, балалар , ойнайық.

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

Балаларға Жұмбақ жасыру.

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.( Қой).


  • Балалар қой қандай жануарға жатады?

  • Қойдың бойы ұзын ба, қысқа ма?

Балалар қой төрт түлікке жатады.

Бүгін біз құрастыру оқу іс әрекетінде қойдың бейнесін жұмыртқа қабығынан жасауды үйренеміз.



  • Алдымен жұмыртқа қабығын дайындап алып, қойдың басын ермексаздан, ал аяғын сіріңкеден жасап аламыз.

  • а) көрсету: Балаларға қойдың суретін және үлгісін көрсету.

  • б) түсіндіру: Қойды жұмыртқа қабығынан қалай жасауды түсіндіру.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

Жоғары-төмен қарайық.

Солға-солға түзу тұр.

Оңға-оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым.

Бойымызға күш жинап,

Бір дем алайық.

Дербес жұмыс: Балалар жұмыс жасауға кіріседі,ал педагог бағыт беріп,қадағалап отырады.

Қазір біз «Құлағыммен тыңда тез тап»! дидактикалық ойын.

Ойынның мақсаты: Үй жануарларының дауысынан ажырата білуге үйрету.

Сонымен балалар біз бүгін нені жапсырдық?

Қой қандай жануар?

Қойдың төлі қалай аталады?

Балаларды бағалау.



Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Өлеңнің мазмұнын түсіндіреді.

Жұмбақты шешеді.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Тәсілді балалар үйренеді.

Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.


Суреттен не артық екенін көрсетеді.

Дауыстарды ажыратады









Күтілетін нәтиже: Білу: үй жануарларын білуі тиіс, қойға сипаттама бере алуы тиіс.

Игеру: Балалар жұмыртқа қабығынан қойдың бейнесін жасау тәсілдерін игеруі тиіс.

Меңгеру: Жұмысты жауапкершілікпен орындауды меңгерілуі;

Күні _____



Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру.

Тақырыбы: “Маймақ қонжық”

Мақсаты:Табиғи заттардан маймақ қонжықты жасау іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: жабайы жануары, түлкі, орман.

Көрнекіліктер: жабайы жануарлардың суреті, түлкінің суреті, үлгі сурет

Керекеті құралдар: қабыршақ,ермексаз,сүлгі,тақтайша.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Жағымды


Жағымсыз


I.Мотивация

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


Шаттық шеңбер:

-Балалар мен қазір бір жануарға сипаттама беремін, сендер сол жануарды тауып көріндерші.

- Орманда мекендейді, түсі қоңыр, өзі ірі. Ол қандай жануар деп ойлайсыңдар?

Ал, балалар , ойнайық.

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

Жұмбақ жасыру:

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. Аю.

Жұмбақ шешуін тапқаннан кейін балалардан енді осындай аю туралы қандай ертегі білесіңдер деп сұрайды. Ертігілерде аю қандай болып кездеседі?

Аюдың суретіне қарап, оның дене бөліктерін талдау (денесі, басы, құйрығы, құлағы, көзі).

-Аюдың баласын қалай атайды?

Балалар: аюдың баласын –қонжық дейді.



  • Аюдың денесінің пішіні неге ұқсайды? Басы, аяқтары ше?

  • Оның түсі қандай? Оның сыртқы пішініне қарап тұмсығы сүйір, үшкір, көзі қысық, айлакер қу екендігі бірден білінеді.

Қонжықты қабыршақтан жасайтынын балаларға түсіндіру және үлгісіін көрсету.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

Жоғары-төмен қарайық.

Солға-солға түзу тұр.

Оңға-оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым.

Бойымызға күш жинап,

Бір дем алайық.

Дербес жұмыс: Балалар дербес жұмыс жасайды,ал педагог бақылап отырады,көмек береді.


  • Сонымен балалар біз бүгін нені жапсырдық?

  • Аю қандай жануар?

  • Аюдың түсі қандай?Балаларды бағалау.

Балалар сипаттамаға жауап айтады.
Жұмбақты шешеді.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Тәсілді балалар үйренеді.

сергіту сәтін бірге жасай

Балалар сұрақтарға жауап береді.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Жабайы аңдарды білуі ;

Игеру: Маймақ қонжықтытабиғи заттардан жасау дағдыларын игерілуі;

Меңгеру: Жұмысты ұқыпты,тиянақты орындалуын меңгерілуі;

Күні _____

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру.

Тақырыбы: “Ғарыш зымыраны”

Мақсаты: Құрылыс материалдардан ғарыш зымыраны құрастыра алу дағдыларын қалыптастыру.

Сөздік жұмыс: ғарыш зымыраны.

Көрнекіліктер: Ғарыш пен зымыранның суреті, үлгі сурет


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Жағымды


Жағымсыз


I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия




Шаттық шеңбер:
Арайлап таң атты
Алтын шуақ таратты
Армысыңдар, достарым!
Сәлем, сәлем, сәлем

Жұмбақ жасыру.
Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз. /Зымыран/
1) Ойыншық ұшақтарды тамашалау:
Балаларға ойыншық ұшақтарды көрсетіп, құрылысымен таныстыру.
- Ғарыш зымыраны не үшін қажет?
- Аспанға ұшу үшін
- Зымыраны кім жүргізеді?
Ғарыш зымыраны туралы әңгімелеу.
- Зымыраны құрылыс материалдардан қалай жасайтынын түсіндіру.
(Балалар аяқталған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады)
«Жер, су, ауа» ойыны ойналады. «Жер» дегенде балалар «Автобус» дейді.«Су» дегенде «Кеме» дейді, «Ауа» дегенде «Ұшақ» болып ұшады.Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін арттыру.
Қорытындылау
Көлдерді көктей өт
Тауларға жетпей өт
Бұлттарды жарып ұш
Бұлттан да әріге ұш
Тоқтаусыз төтеле
Жетейік көкеме.... (Балалар бірлесе отырып жаттайды)

-Бүгін не жасадық?

-Зымыран қайда ұшады?

Балалардың жұмыстарын бағалау.

Өлең шумағын айтады.

Жұмбақты шешеді.

Ойын ойнайды.








Күтілетін нәтиже:
Білуі:Ғарыш зымыраның не екенін білуі керек;
Игеру: Жұмыстарын тиянақты орындай алуды игеруі керек;
Меңгеру: Зымыраны құрылыс материалдардан жасау жолдарын меңгерілуі;

Күні _____



Білім беру саласы:Таным

Бөлімі: Құрастыру.

Тақырыбы: “Қоян мен сәбіз”

Мақсаты: Жұмыртқа қабығынан қоян жасай білу дағдыларын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: дала жануары, қоян, көжек, орман.

Көрнекіліктер: жанурлардың суреті, ойыншықтар, үлгі сурет.

Қеректі құралдар: жұмыртқа қабығы,ермексаз,таяқша,тақтайша,сүлгі,тақтайша.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Жағымды


Жағымсыз


I.Мотивация

II.Ізденіс-ұйымдастыру


III.Рефлексия



Шаттық шеңбер:

Есек құлақтас,

Ит сирақтас,

Түйе еріндес,

Жапалақ көздес,

Бұта түбі кеуеге,

Кеуегінде көжегі.


  • Не туралы айтылған?

  • Қай жануардың сирағына ұқсайды дейді?

  • Ненің ерніне ұқсайды дейді?

  • Көзі қандай?

  • Кеуегінде не жатыр дейді?

Жұмбақ жасыру.

Есек құлақ,

Қорқақ өзі,

Қыли көзі?

Жұмбақтың шешуін дұрыс тапқан соң, тәрбиеші ойыншық қоянды көрсетіп, балалармен бірге қоянның дене құрылысын анықтайды. Денесін, басын, аяқтарын әр түрлі көлемді цилиндрден жасауға болатынын айтады.

Тәрбиеші жұмыртқа қабығынан жасау жолын түсіндіреді.

Алдымен жұмыртқа қабығын дайындап,соның үстіне қоянның басын ермексаздан жасау керек.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлерден,

Ытқып-ытқып секірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан топпаңда,

Көжегі екен өзіннің.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалардың жұмыстарын талдау.



  • Сонымен балалар біз бүгін нені мүсіндедік?

  • Қоянның құлағы қандай?

  • Қоян қайда мекендейді?Мадақтау, бағалау




Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Жұмбақтын шешуін табады

Балалар қоянның дене құрлысын айтады.

Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.


Балалар сұрақтарға жауап береді.









Күтілетін нәтиже:

Білуі: Қоянның дене құрылысын білуі ;

Игеру : Жұмыртқа қабығынан қоян жасау жолын игерілуі;

Меңгеру: Жұмысты ұқыпты орындауды меңгерілуі;


Күні _____



жүктеу 438 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау