Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: “Қысқы көрінісі”
Мақсаты: Балалардың шығармашылық ойлауы мен қиялдарын дамыту.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету.
Көрнекіліктер: қыс мезгілінің суреттері, үлгі сурет
Керекті құралдар: бұтақтар,мақта,тақтайша,сүлгі.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
Шаттық шеңбер:
Мысалы: Кел балалар,күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілденіп жүрелік.
Балалармен әңгімелесу.
-Жылдың қай мезгілі?-сұрақ қою.
- Қыста табиғатта қандай өзгерістер бар?
- Тәрбиеші балалардан серуен кезінде не көргендерін сұрайды. Ағаштардың қысқы тіршілігіне назар аудартады.
(ағаштардың бұталары мен бүрлерінің орналасуына, түсіне қарайды)
- Ағаш қандай бөліктерден тұрады?
- Мына суретке қараңдаршы: бірінші жер астына ағашқа өмір беріп тұрған тамыры орналасқан. Мынау діңі. Діңінен жан-жаққа бұтақтары таралған, бұтақтары жіңішке, майысқақ. Бұтақтарынан жапырақтар өркен жаяды..
- Бұл ағаштардың бізге қандай пайдасы бар?
- Олар қыста да тіршілік етуін тоқтатпайды.
- Тәрбиеші ағаштың бұтағын суға салып қояды, кейін ағаштың бүр жара бастағанын балалармен бақылайды.
Сергіту сәті:
Көкке қарай шығамыз
Шанамызбен
Төмен қарай құлдилап,
Біз сырғанақ тебеміз.
- Балаларға жұмыс барысы түсіндіріледі. Бұтақтардан ағаш,мақтадан қар жасайтыны жайлы айтылады.
Сабақты қорытындылау.Балалар өз жұмыстарын қызықтап, бір-біріне өз бағаларын береді.
Бағалау,мадақтау.
|
Жылы лебіздер білдіреді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Жыл мезгілінің ерекшелігіне байланысты қысқы ағаштың қандай болатынын білді
Игеру: Бейнені қағаз бетіне дұрыс орналастыра білуі керек
Меңгеру: Табиғаттың әсемдігіне, тамаша көріністеріне қамқорлықпен қарауды біледі
Күні _____
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: “Автобус”
Мақсаты: Құрылыс материалдардан автобус құрастырып жасау іскерліктерін арттыру.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: көліктің суреттері, үлгі сурет
Керекті құралдар: құрылыс материалдар.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
Шаттық шеңбер:
Мысалы: Кел балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілденіп жүрелік.
Балаларға жұмбақты жасыру.
Мысалы: Көше бойы аялдайды,
Адам тасып аяңдайды. /автобус/
Жұмбақты шешкен соң,көліктердің суреттерін көрсетіп әңгімелеу.Олардың ішінде автобус көлігіне тоқталып, оның адамдар өмірінде алатын орны,қызмет көрсету ережелері туралы айтып түсіндіру.
Автобус құрылысына талдау жасау.
а) көрсету: Көліктің суреттерін көрсету.
б) түсіндіру: Құрылыс материалдан автобусты қалай құрастырып жасайтынын балаларға түсіндіру.
Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым
Алдыға қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.
Балалар автобустың орындау үлгісіне сүйене отырып,
дербес жұмысын орындайды.
Тәрбиеші балаларға бағыт беріп,көмектеседі.
Сабақты қорытындылау.
Не жапсырғанын балалардан сұрау.
Бағалау,мадақтау.
|
Өлең жолдарын қайталайды.
Жұмбақты шешеді.
Сергіту сәтін орындайды.
Дербес жұмыс жасайды.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу:Көлік түрлерін бір-бірінен ажырата білуі;
Игеру: Автобусты құрастыру әдіс-тәсілдерін игерілуі;
Меңгеру: Өз жұмыстарын аяқтап,бітіруге дағдыландыруды меңгерілуі;
.
Күні _____
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: “ Кесе ”
Мақсаты: Балаларға берілген гүл байлайтын ленталардан кесе жасап үйрету.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету.
Көрнекіліктер:ыдыс-аяқтың суреттері, кесенің суреті,үлгі сурет
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
Шаттық шеңбер жасау:
Мысалы: Армысың қайырымды аспан-ата!
Армысың мейірімді жер-ана!
Армысың шұғылалы алтын күнім!
Армысың балабақшам, дос-жараным!
Тәрбиеші: Қанеки балалар енді біз тілек айтайық.
Балалар: Аспанымыз ашық болсын.
Еліміз тыныш болсын.
Деніміз сау болсын.
Балаларға жұмбақ жасыру:
Мысалы:
Кесе, шыны, пиала –
Оларсыз шай құяма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді?
(ыдыс)
Балаларға ыдыс-аяқтың суреттерін көрсетіп ,әңгімелеу.
Тәрбиеші:Балалар, кеселер әр түрлі болады (үлкен, кішкентай) және де олардың түстері де әр-түрлі болады. Мысалы: ақ, сары, көк.
Кесенің үстіңгі жағы жалпақ кең, ал төменгі жағы кішірек болады.
Кесенің түбінде шұңқыры болады.
Кесені қалай лентадан жасайтынын балаларға түсіндіру.
Сергіту сәті:
Ал, балалар тұрайық
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып
Бір тұнығып алайық.
Балалар дербес жұмыс жасайды.
Қиналған балаларға жеке көмек көрсету. Дайын жұмыстармен көрме ұйымдастыру.
Сабақтың қорытындысы.
- Балалар біз бүгінгі сабақта не жасадық?
- Кесе.
- Бір сөзбен не дейміз?
- Ыдыстар.
Сұрақ – жауап арқылы сабақты бекіту. Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау, мадақтау.
|
Өлең жолдарын қайталайды.
Жұмбақты шешеді.
Тыңдайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Дербес жұмыс жасайды.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу:Ыдыс-аяқтарды атай білуі;
Игеру: Кесені жасау тәсілін игерілуі;
Меңгеру: Жұмысты басынан аяғына дейін бітіріп аяқтауды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: “Шыршаға арналған ойыншықтары”
Мақсаты:Табиғи заттардан шыршаға арналған ойыншықтарды жасау тәсілдерін үйрету.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету,
Сөздік жұмыс: шырша.
Керекті құралдар: жаңғақ,ермексаз,тақтайша,сүлгі.
Көрнекіліктер: қыс мезгілінің суреті, шыршаның суреттері, ойыншықтардың және үлгі сурет
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру.
III.Рефлексия
|
Шаттық шеңбер жасау:
Мысалы: Армысың асыл күн !
Армысың асыл жыл ,
Армысың көк аспан !
Армысың жан досым.
Жылуыма жылу қос ,
Болайықшы жақсы дос .
Балаларға жұмбақ жасыру.
Мысалы: Тікен, тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте. /шырша/
Шырша туралы әңгімелеу.
-Оның түсі қандай болады?
-Үсті толған не?
-Шыршалар қайда өседі?
-Шыршаны адамдар қай кезде қояды?
-Немен оны безендіреді?
Балалардың жауаптары тыңдатылады.
Балаларға жаңа тақырыпты хабарлау.
-Бүгін құрастыру сабағында біз сендермен шыршаға жаңғақтардан ойыншықтар жасауды үйренеміз.
Көрсету:Шыршаның суреті мен үлгі суретін балаларға көрсету;
Түсіндіру:Жаңғақтан шыршаның ойыншықтарын қалай жасау керектігін балаларға түсіндіру:
Сергіту сәті:
Биік болып өсеміз,
Шыршадай шайқалып,
Табиғатты сүйеміз,
Шетімізден шеберміз,
Бойымызды еркін ұстап,
Билеп-билеп аламыз.
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
Д\о: «Шыршаны құрастыр»
Ойынның мақсаты:Ұшбұрыш пішіндерден шыршаны құрастыруды үйрету.
Сонымен балалар біз бүгін нені жапсырдық?
Балалар шыршаны немен безендірдік?
Шырша неше бөліктерден тұрады?Балаларды бағалау.
|
Өлең шумағын қайталайды.
Жұмбақты шешеді.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
сергіту сәтін жасайды.
Шырша құрастырады.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу:Шыршаны танып білуі;
Игеру: Табиғи заттардан шырша ойыншықтарын жасау тәсілін игерілуі;
Меңгеру:Жаңа жыл шыршасына ойыншықтар іліп безендіруді меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру.
Тақырыбы: “Киіз үй”
Мақсаты: Киіз үй құрастыруға үйрету,элементтерін дұрыс келтіруін қадағалау.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету.
Сөздік жұмыс: шаңырақ,кереге,уық.
Көрнекіліктер: киіз үйдің суреті,үлгі сурет
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру.
III.Рефлексия
|
Шаттық шеңбер жасау:
Мысалы: Армысың асыл күн !
Армысың асыл жыл ,
Армысың көк аспан !
Армысың жан досым.
Жылуыма жылу қос ,
Болайықшы жақсы дос .
Балаларға жұмбақ жасыру.
Мысалы: 1.Ұқсайтын шеңберге
Қабырғасы жиылып, керіледі,
Жиһазы мол кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді. /Киіз үй/
Балаларға жаңа тақырыпты хабарлау.
Балалармен киіз үй туралы әңгімелеу.
Киіз үйдің жабдықтарын атау.
Балалардың жауаптары тыңдатылады.
Бүгін құрастыру сабағында біз сендермен киіз үйді бұтақтардан жасауды үйренеміз.
Көрсету: Киіз үйдің суреті мен үлгі суретін балаларға көрсету;
Түсіндіру:Киіз үйді қалай бұтақтардан жасайтынын керек екенін балаларға түсіндіру:
Сергіту сәті:
Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Киіз үйді құрайық.
Балалар дербес жұмыс жасайды,ал педагог әр баланың жұмысын қадағалап отырады.
- Балалар біз бүгін сабақта нені құрастырдық?
Балаларды бағалау.
|
Өлең жолдарын қайталайды..
Жұмбақты шешеді.
сергіту сәтін жасайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Киіз үйдің жабдықтарын білуі;
Игеру: Киіз үйді құрастыруды игерілуі;
Меңгеру : Жұмысты ұқыпты орындауды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: “Күрек”
Мақсаты: Балмұздақ таяқшалардан күрек жасап үйрету.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру.
Сөздік жұмыс:күрек.
Көрнекіліктер: қысқы құралдардың суреті,үлгі сурет
Керекті құрал: балмұздақ таяқшалары, ермексаз,сүлгі,тақтайша.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру.
III.Рефлексия
|
Шаттық шеңбер жасау:
Мысалы: Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Балаларға жұмбақ жасыру.
Мысалы: Сабы-таяқ,
Басы-қалақ.
Ұшын жүрер,
Жерге қадап. /күрек/
Балаларға жаңа тақырыпты хабарлау.
Балалармен қысқы құралдардың суреттерін көрсетіп,
Әңгімелеу.
Дидактикалық ойын: Қысқы құралдарды ата.
Мақсаты: Қысқы құралдар туралы баланың білімін жетілдіру.
Бүгін құрастыруда сабағында біз сендермен күректі балмұздақ таяқшадан жасап үйренеміз.
Көрсету: Күректің суреті мен үлгі суретін балаларға көрсету;
Түсіндіру: Күректі қалай жасайтынын керек түсіндіру;
Сергіту сәті:
Ал,балалар тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Жоғары-төмен қарасақ,
Қолымызды созайық.
Жел сияқты қалықтап,
Белімізді жазайық.
Отырайық,тұрайық,
Бір тынығып алайық.
Балалар дербес жұмыс жасайды,ал педагог әр баланың жұмысын қадағалап отырады.
-Балалар біз бүгін сабақта нені жапсырдық?
-Қысқы құралдарды атап беріңдер?Оларға не жатады?
Балаларды бағалау.
|
Өлең жолддарын айтады.
Жұмбақты шешеді.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
сергіту сәтін жасайды.
Дербес жұмыс жасайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу:Қысқы құралдарды ажырата білуі;
Игеру: Күректі қиып,жапсыруды игерілуі;
Меңгеру : Жұмысты ұқыпты орындауды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру аласы:Таным
Бөлім: Құрастыру
Тақырыбы: “Түрлі түсті көбелек”
Мақсаты: Қағазды бүктеу тәсілін қолдана отырып,көбелек келтіру іскерліктерін қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету
Сөздік жұмыс: түрлі түсті көбелек.
Көрнекіліктер: жәндіктердің суреті,көбелектің үлгі суреті.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру.
III.Рефлексия
|
Шаттық шеңбер жасау:
Мысалы: Армысың асыл күн !
Армысың асыл жыл ,
Армысың көк аспан !
Армысың жан досым.
Жылуыма жылу қос ,
Болайықшы жақсы дос .
Балаларға жұмбақ жасыру.
Мысалы: Гүлге ұшып гүлге қонады,
Гүл бақшам гүлге толады. /көбелек/
Балаларға жаңа тақырыпты хабарлау.
Балаларға жәндіктердің суреттерін көрсетіп,әңгімелеу.
-Бұл қандай жәндіктің түрі?-деп сұрақ қою.
Балалар: қызыл қоңыз,құмырсқа, көблек, инелік т.б
-Бүгін жапсырма сабағында біз сендермен түрлі түсті көбелекті қағаз бетіне жапсыруды үйренеміз.
Көрсету: Балаларға көбелектің суреті мен үлгі суретін көрсету;
Түсіндіру:Балаларға көбелекті түрлі түсті қағаздан қалай жасайтынын түсіндіру;
Сергіту сәті:
Ал,балалар тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Жоғары-төмен қарасақ,
Қолымызды созайық.
Жел сияқты қалықтап,
Белімізді жазайық.
Отырайық,тұрайық,
Бір тынығып алайық.
Балалар дербес жұмыс жасайды,ал педагог әр баланың жұмысын қадағалап отырады.
-Балалар біз бүгін сабақта не құрастырдық?
-Қысқы құралдарды атап беріңдер?Оларға не жатады?
Балаларды бағалау.
|
Өлең жолддарын айтады.
Жұмбақты шешеді.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
сергіту сәтін жасайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу:Жәндіктердің түрлерін бір-бірінен ажырата білуі;
Игеру: Түрлі түсті қағаздан көбелекті қиып алып,жапсыруды игерілуі;
Меңгеру : Жұмысты ұқыпты орындауды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: “Құстарға арналған ұя”
Мақсаты: Құрылыс заттардан құстардың ұясын жасауды үйрету.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету
Көрнекіліктер: құстардың суреттері,құстың ұясының суреті.
Керекті құралдар: құрылыс заттар
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру.
III.Рефлексия
|
Шаттық шеңбер жасау:
Мысалы: Орман, тоғай, бақтарға
Құстар сайрай жөнелді!
Өйткені, бұл көктем ғой!
Шұғыласын төккен ғой!
Балаларға жұмбақ жасыру:
Жазда бақты қорғайды,
«шиқ-шиқ»дейтін даусы бар
Бірақ өзі ұшады. (торғай)
-Жылдың қай мезгілі?
-Бүгін ауа-райы қандай?
-Көктемде табиғат не істейді?
Балалар: көктемде қар еріп,күн жылына бастайды,құстар жылы жақтан ұшып келеді.
Құстар жайлы әңгімелеу.Балаларға құстардың суреттерін көрсетіп, аттарын сұрау.
-Жаңа тақырыпты хабарлау.Құстарға ұя жасауды хабарлап айту.
-көрсету: Құстардың суреттерін және ұяның суретін көрсету;
-түсіндіру: Құрылыс заттардан құсқа ұя жасайтынын балаларға түсіндіру.
Сергіту сәті:
Қарлығашқа ұқсайық,
Қане қанат жаяйық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып қонайық.
Балалар дербес жұмыс жасайды,ал педагог балалардың жұмыстарын қадағайды,бағыт береді.
Сабақты қорытындылау.
-Балалар, бүгін жапсырма сабағында біз не істедік?
-Қандай құстарды білеміз?
-Құстарға не жасадық?
Балалардың жұмыстарын бағалау,мадақтау.
|
Өлең жолддарын айтады.
Жұмбақты шешеді.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
сергіту сәтін жасайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу:Құстардың түрлерін бір-бірінен ажырата білуі;
Игеру: Құрастыру жолдарын герілуі;
Меңгеру : Жұмысты ұқыпты орындауды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: “Ұялы телефон”
Мақсаты: Сіріңке қораптардан ұялы телефонды жасап,шығармашылықтарын дамыту
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету.
Көрнекіліктер: ұялы телефонның суреті мен үлгі сурет.
Керекті құралдар: сіріңке қорпатар,картон,желім,сүлгі.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру.
III.Рефлексия
|
Шаттық шеңбер жасау:
Мысалы: Армысың асыл күн !
Армысың асыл жыл ,
Армысың көк аспан !
Армысың жан досым.
Жылуыма жылу қос ,
Болайықшы жақсы дос .
Балалармен әңгімелесу.
- Жылдың қай мезгілі?
- Бүгін ауа-райы қандай?
- Бүгін аптаның қай күні?
Балаларға техникалық жабдықтардың суреттерін көрсету, атауларын сұрау.
Мысалы: бұл ненің суреті?
бұл- компьютер,радио,ұялы телефон,т.б
Жаңа тақырыпты хабарлау.Ұялы телефонды жасауды хабарлап айту.
-көрсету: Ұялы телефонның суретін көрсету;
-түсіндіру: Ұялы телефонды сіріңке қораптардан жасау жолын балаларға түсіндіру.
Сергіту сәті:
Ал,балалар тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Жоғары-төмен қарасақ,
Қолымызды созайық.
Жел сияқты қалықтап,
Белімізді жазайық.
Отырайық,тұрайық,
Бір тынығып алайық.
Балалар дербес жұмыс жасайды,ал педагог балалардың жұмыстарын қадағайды,бағыт береді.
Сабақты қорытындылау.
-Балалар, бүгін жапсырма сабағында біз не істедік?
-Қандай құстарды білеміз?
-Құстарға не жасадық?
Балалардың жұмыстарын бағалау,мадақтау.
|
Өлең жолддарын айтады.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
сергіту сәтін жасайды.
Дербес жұмыс жасайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Техникалық құрал-жабдықтардың түрлерін бір-бірінен ажырата білуі;
Игеру: Сіріңке қораптардан ұялы телефон жасау жолын игерілуі;
Меңгеру : Жұмысты ұқыпты орындауды меңгерілуі;
Күні _____
Достарыңызбен бөлісу: |