Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: “Күз кереметі” Мақсаты



жүктеу 0,52 Mb.
бет6/6
Дата19.11.2018
өлшемі0,52 Mb.
#20946
1   2   3   4   5   6

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамтыу

Тақырыбы: “Жеңіс күні”

Мақсаты:Балаларға тақпақ жаттап үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Батырлардың суреттері.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс- әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


1. Балаларды шеңберге тұрғызу:

Жылы тілектер бір-біріне айтады.Мысалы:

-Отанымыз тыныш болсын!

-Еліміміз көркейе берсін!

-Халқымыз аман болсын!

-Күніміз ашық болсын!

2.Балалармен әңгімелесу.Суретпен жұмыс.

Дүрбімен суретке қарау.-Кімдерді көріп тұрсыңдар?

- Бұл біздің батырларымыз.

3.Балалар,біз сендермен қай елде тұрамыз?

-Елбасымыз кім?

-Отанымыз деп қай елді айтамыз?

-Біздің Отанымызды,елімізді,кең байтақ жерімізді кімдер қорғап жүреді?

-Ия, дұрыс айтасыңдар.Біздің елімізді шекарашылар немесе біздің қорғаушылар және әскери адамдар қорғап жүреді.

4. «Жеңіс» өлеңді оқу.Қ. Жұмағалиев.

Мысалы: Ойлап,ойлап тұрдым көп,

Сұрақ қойдым білгім кеп:

-Қуанышты мереке

Жеңіс күні қай күн?-деп.

Тақпақтың мазмұнын әңгімелеу,сұрақтар қою.

5.Сергіту сәті: Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

6.Дидактикалық ойын: Қай елдің жалауы екенін ата.

Мақсаты: Балалардың білімдерін тереңдету.

7.Сабақты қорытындылау.-Бүгі сабақта біз не жайында әңгімелестік?

Бағалау: досын бағалау.


Жылы тілектерді айтады.
Балалар сұрақтарға жауап береді.

Өлеңді тыңдайды.


Сабақты қорытынды

лайды.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Отанын білуі тиіс;

Игеру : Тақпақты жаттау тәсілін игерілуі;

Меңгеру: Сурет бойынша әңгіме құрастыра алуды меңгерілуі;

Күні _____айы___________ жылы______

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Бөлімі: Көркем Әдебиет

Тақырыбы: “Құсты мен де қорғаймын”

Мақсаты: Құстарға қамқорлық жасауға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: секеңдеп.

Көрнекіліктер:құстардың суреттері,күз мезгілінің суреттері.




Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия




1. Балаларды шеңберге тұрғызу:Мысалы:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң балалар!
Сәлеметсіз бе, балалар?

2.Балаларға үнтаспа қосып тыңдату.

-Балалар, бұл ненің дыбысы естіледі?

балалар: құстардың дыбысы естіледі.

-Қандай құстың дыбысы естілді?

Балалар: торғайдың дыбысы.

- Ия,дұрыс айтасыңдар.

-Қазір бізде қандай жыл мезгілі?

- Бүгін ауа –райы қандай?

2.Жаңа тақырыпты хабарлау.

Сөздік жұмыс жүргізу:

секеңдеп- секірді дегенді білдіреді.

Автордың портретін балаларға көрсетіп,әңгімелеу.

Тақпақты оқу. Қ.Ғабдуллин

Мысалы: «Құсты мен де қорғаймын»

Тас атқылап торғайды

Қуалауға болмайды.

Қамқор болып құстарға,

Барлық адам қорғайды.

Алды торғай мекендеп,

Ұя жасап беріп ем.

Теріп жеді секеңдеп,

Тары сеуіп көріп ем.

3.Сергіту сәті: Күркіреді күн-күн,

Терезелер шың-шың.

Жауды жаңбыр топ-топ,

Шелек –шелек көп-көп.

4.Тақпақтың мағынасын балаларға түсіндіріп ашу.

5.Тақпақты тірек-сызба арқылы 3 тәсілмен жаттау (баяу,ақырын,тез)


  • 6.Дидактикалық ойын: Мен бастаймын,сен аяқта.

Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін арттыру.

7.Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгін сабақта қандай тақпақ жаттадық?

-Қазіл жылдың қай мезгілі?

-Тақпақ кім жайында айтылған?

Бағалау: өз-өзін бағалау.

Тәрбиеші бағалайды.


Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Үнтаспаны тыңдайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.

Тақпақты тыңдайды.

Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.
Тақпақты жаттайды.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Тақпақтың мазмұнын білуі;

Игеру: Тақпақ жаттаудың әдіс-тәсілдерін игерілуі;

Меңгеру: Өлеңді жылдам жаттауды меңгерілуі;


Күні _____

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “Көліктер”.

Мақсаты: Балаларды көліктерді бір-бірінен ажырата алуды үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: көліктердің суреттері.

Сөздік жұмыс: автобус,жеңіл машина,қайық,трамвай,т.б



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


1.Балаларды шеңберге тұрғызу.

Мысалы: Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Мен қаламын қарайлап.

2.Жаңа тақырыпты хабарлау.

Сурет бойынша әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: Автобус-кісі таситын көп орынды автомобиль.Ол рельссіз және желісіз жүреді.Жеңіл машина-жолда жүретін көлік.Қайық- судың бетінде жүзеді.

Сұрақтар қою:

-Қандай көліктерді білесіңдер?

-Көліктер жол жүргенде неменеге қарайды?

-бағдаршамға қарайды.

-Бағдаршамның неше түсі бар?

-Ұшақ қайда ұшады?

-Қайық қайда жүзеді?

-Трамвай қайда жүреді?

4.Сергіту сәті:

Қолды белге қояйық.

Жоғары-төмен қарасақ,

Қолымызды созамыз.

Жел сияқты қалықтап,

Белімізді жазамыз.

Отырамыз,тұрамыз

Бір тынығып аламыз

5.Дидактикалық ойын: Көлік түрлерін ата.

Мақсаты: Көлік түрлерін ажырауға үйрету.

6.Сабақты қорытындылау.

- Балалар, бүгін сабақта не жайлы әңгімелестік?

- Қандай көлік түрлерін білесіңдер?

Бағалау: өз-өзін бағалау.

Тәрбиеші бағалайды.


Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Сөздік жұмыс жасайды..

сергіту сәтін бірге жасайды.

көліктерді атайды.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Көлік түрлерін танып білуі;



Игеру: Көліктерді бір-бірінен ажырата алуы іскерліктерін игерілуі;

Меңгеру: Сурет бойынша әңгіме құруды меңгерілуі;
жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау