Ми шабуылы:
«Қазақстанның әртүрлі ұлттық мәдениеттеріндегі ата-аналар мен балаларға арналған күйзеліске қарсы тұру құралдары».
Әрбір қатысушы күйзелістен шығудың және күйзеліске төзімділікті арттырудың бір әдісін атайды.
Барлық ұсыныстар тақтаға жазылады.
Чек-парақшасы жасалады, әркім скриншот жасай алады.
Сұрақтар:
Сіздің отбасыңыз күйзеліспен қалай күреседі?
(Киноға бару, табиғатқа шығу, саяхаттау)
Сіздің ұлттық мәдениетіңізде қандай күресу құралдары бар?
(халық өнері, бірлескен іс-әрекет – аспаздық, қолөнер, асар, ұлттық спорт түрлері)
Қазақтардың дәстүрлі өмір салты күйзеліске төзімділіктің қалыптасуына қалай әсер етті?
(қабылдау, шүкіршілік ету, бейімделу және өзгеруге дайын болу арқылы табиғи жағдайларға тәуелділік, шүкір, тәубе, сабыр)
Қазақтардың рухани және материалдық мәдениетіндегі күйзеліспен күресудің қандай жолдарын білесіз? (ауызекі халық шығармашылығы, қолөнер, музыка, салт-дәстүрлер)
|
|
7 минут
|
5. Агрессия, депрессия, суицидтік мінез-құлық және күйзелістің басқа да ауыр көріністері (слайд)
1. Балаңыздың мінез-құлқы күйзелісте қалай көрінетінін кестеден анықтаңыз.
2. Жағымсыз мінез-құлықтың ықтимал себептеріне назар аударыңыз.
3. Қажет болса, маманға жүгіну керек.
Бала неліктен өзін дұрыс ұстамайды және дұрыс емес мінез-құлқы қалай білінеді? (слайд)
|
|
3 минут
|
Қорытынды бөлім
«ҰБТ күйзелісін қалай еңсеруге болады» чек-парағы
Маңызды:
• дайындықты жоспар кестесінде демалыс та, сабақтар да біркелкі үйлесетіндей етіп жоспарлаңыз;
• басымдықтарды белгілеу: баланың денсаулығы мен өмірі ме әлде қайта тапсыруға болатын емтихан маңызды ма?
• балалармен олардың қорқыныштары және оқиғаны өрбіту нұсқалары туралы сөйлесіңіз (ең нашар сценарийлер);
• балаға кез келген жағдайда алаңдаушылықты жеңілдететін күйзелісті жеңілдету әдістерін үйретіңіз (тыныс алу әдістері, зейінді ауыстыру, табиғатқа шығу, жаңа нәрсені үйрену, белсенді спорт түрлері);
• осы сәтте абитуриенттер жалғыз қалмауы үшін туыстарының: ата-анасының, достарының қолдауына уәде алу. Қолдаушылардан: «Сенің қолыңнан келеді, мен саған сенемін, сен жетістікке жетесің, т.б.» сияқты ынталандырғыш қолдау қажет болады.
• ата-ана өз сөздеріне абай болу керек, «бұның өмірлік маңызы бар», «сенің болашағың соған байланысты», «бізді жерге қаратпа», т.б. деген сөз тіркестерін лексиконнан шығару керек.
|
|
|
Кері байланыс
Сіз өзіңіздің және балаңыздың күйзелісінің себебін айқындай аласыз ба?
Өмірде күйзелістің ресурстық күйін айқындау дағдысы қаншалықты маңызды?
Күйзеліске төзімділікті арттыру үшін қандай құралдар сізге ең қолайлы?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |