|
Білім беру бағдарламасы үшін Шымкент,2020 Дәріс тақырыбыНегізгі геометриялық объектілер, олардың қасиеттерілекция2. Негізгі геометриялық объектілер, олардың қасиеттері.
Кесінді. Түзудің берілген екі нүктесі мен олардың арасында жатқан барлық нүктелерден тұратын бөлігі кесінді деп аталады. Әлгі берілген екі нүкте кесіндінің шеттері ұштары деп аталады. кесіндіні оның шеттерін көрсетіп белгілейді. Нүктелердің түзу бойында орналасуының аксиомасы (негізгі қасиеті) былай тұжырымдалады.
А.3. Түзу бойындағы үш нүктенің біреуі және тек біреуі ғана басқа екеуінің арасында жатады.
Келесі аксиома кесінділерді өлшеудің негізгі қасиетін білдіреді.
А.4. Әрбір кесіндінің нольден үлкен, анықталған ұзындығы бар. Кесіндінің ұзындығы өзінің кез келген нүктесімен бөлінетін бөліктерінің ұзындықтарының қосындысына теңболады.
МК кесіндісінің ұзындығын М мен Кнүктелерінің
арақашықтығы деп атайды.
Сәуле. Түзудің берілген нүктесінен бір жаққа қарай жататын барлық нүктелерінен тұратын бөлігі жартытүзу немесе сәуле деп аталады. Берілген нүкте жартытүзудің бастапқы нүктесі немесе сәуленің басы деп аталады. Бір ғана түзудің бастапқы нүктелері ортақ болатын әр түрлі жартытүзулері бір – біріне толықтауыш деп аталады. Жартытүзулер кіші латын әріптерімен белгіленеді.
Шеңбер. Дөңгелек. Жазықтықтағы берілген нүктеден берілген қашықтықта жататындай барлық нүктелерден тұратын фигура шеңбер деп аталады. Берілген нүкте шеңбердің центрі деп, ал шеңбер нүктесінен центрге дейінгі қашықтық шеңбердің радиусы деп аталады. Шеңбердің нүктесінен оның центрімен қосатын кез келген кесінді де радиус деп аталады. Шеңбердің екі нүктесінқосатын кесінді хорда деп аталады. Центр арқылы өтетін хорда диаметр деп аталады.
Жазықтықтың берілген нүктесінен берілген шамадан аспайтындай қашықтықта жататын нүктелерінен тұратын бөлігі дөңгелек деп аталады. Берілген нүкте дөңгелектің центрі деп, ал берілген шамаға тең қашықтық дөңгелектің радиусы деп аталады. Дөңгелектің шекарасы сол центрлі және сол радиусты шеңбер болады.
Жартыжазықтық. Геометрияның тағы бір аксиомасын тұжырымдайық.
А.5. Түзу жазықтықты екі жартыжазықтыққа бөледі.
Бұрыш. Бұрыштың градустық өлшемі.Бұрыштың төбесі деп аталатын нүктеден және және сол нүктеден шығатын, бұрыштың қабырғалары деп аталатын, әр түрлі екі жартытүзуден тұратын фигура бұрыш деп аталады. Егер бұрыштың қабырғалары бірін-бірі толықтыратын (түзуге дейін) жартытүзулер болса онда бұрыш жазылған бұрыш депаталады.
90°-қа тең бұрыш тік бұрыш тік бұрыш, 90°-тан кіші бұрыш сүйір бұрыш, 90°-тан үлкен , бірақ 180°-тан кіші бұрыш доғал бұрыш депаталады.
Бұрыштың төбесінен шығатын, оның қабырғалары арасынан өтетін және бұрышты қақ бөлетін сәуле бұрыштың биссектрисасы депаталады.
Біреуінің қабырғалары екіншісінің қабырғаларының толықтауыш жартытүзулері болатындай екі бұрыш вертикаль бұрыштар деп аталады.
Параллель түзулер. Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу
параллель түзулер деп аталады.
Перпендикуляр түзулер. Тік бұрышпен қиылысатын екі түзу
перепндикуляр түзулер деп аталады.
Үшбұрыштар. Бір түзудің бойында жатпайтындай үш нүктеден және оларды қос – қостан қосатын үш кесіндіден тұратын фигура үшбұрыш деп аталады. Нүктелер үшбұрыштың төбелері, ал кесінділер оның қабырғалары деп аталады.
Дөңес төртбұрыштар. Төрт нүктеден және оларды тізбектей қосатын төрт кесіндіден тұратын фигура төртбұрыш деп аталады. Сонда берілген төрт нүктенің ешбір үш нүктесі бір түзудің бойында жатпайды, оларды қосатын кесінділер қиылыспайды. Берілген нүктелер төртбұрыштың төбелері деп, ал оларды қосатын кесінділер – қабырғалары депаталады.
Параллелограм. Қарама – қарсы қабырғалары параллель болатын, яғнипараллель түзулердің бойында жататын төртбұрыш параллелограмм деп аталады.
Төртбұрыш. Ромб. Квадрат. Барлық бұрыштары тік бұрыштар болатын төртбұрыш тіктөртбұрыш деп аталады.
Трапеция. Тек қарама – қарсы жатқан екі қабырғасы ғана параллель болатын төртбұрыш трапеция деп аталады. Бұл параллель қабырғалары трапецияның табандары, ал басқа екі қабырғасы оныңбүйір қабырғалары деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|