Музыка мұғалімінің приоритетті кәсіби сапалық деңгейі
ЖОО біз кейде аспапты жете меңгерген, бірақ ауызша материалды
түсіндіруге қиналатын, не керісінше, музыкалық қабілеті ойдан шыққанымен
аспапты игере алмайтын студенттерді кездестіреміз. Бұндай сыңаржақтылық
балалар даярлығына зиянын тигізеді. ЖОО музыка пәні мұғалімінің кәсіптік-
мамандық шеберлікке даярлаудың табысты болуының көзі мынада: барлық
өтілетін оқу пәндердің кәсіби-педагогтік және бағыттылығын жетілдіру және
қоғамдық сабақтарда, психологиялық-педагогтік және негізгі музыкалық
пәндерде (музыкалық аспап, дирижерлау, вокал) қалыптасатын білімдерді,
іскерліктерді және дағдылардың бір-бірімен біте байланысты болуын
қамтамасыз ету.
Мұғалім мамандығының шеберлігінің басты белгісі - оның
психологиялық, педагогикалық жоғары әзірлігі болып табылады. Осыған орай
болашақ мамандығының тұлғасы мынадан көрінеді. Ол шын мәніндегі
қоғамдық педагогикалық жүйеге ие бола алатын ынталы6 шығармашылық
ойлау қабілеттілігі жетілген, өзін-өзі тәрбиелеу дағдысы қалыптасқан еңбек пен
тәртіп ережелерін бойына сіңірген гуманистік, тілдік қарым-қатынасты орната
алатын маман. Сонымен бірге болашақ мамандығына қажетті азаматтық
қасиетті өз бойына және оны шәкірттеріне дарыта білетін іскер де, қабілетті
маман. Мұғалімнің оқушылардың қарым-қатынасына ынтымақтастық
педагогтік негізі. Мұғалім-оқу материалын баяндап беруші, талап етуші ғана
емес, баланың өз бетімен іздену, білігі мен дағдысын қалыптастырушы,
ізденуіне қамқоршы жетектеуші дәрежесіне көтерілуі тиіс. Мұғалім шынайы
адамгершіліктің үлгісі, ол өзінің тілін, музыкалық мұрасын жақсы меңгерген, өз
ұлтының рухани игілігін бойына сіңірген зиялы адам болуы тиіс.
Музыка-педагогика факультетінің алдында бүгінгі таңда қойылып
отырған келелі міндеттердің бірі-жан-жақты даярлығы бар музыка сабағының
мамандарын даярлау. Жас маман жеткіншектерді өнерге баулуда тек қана сабақ
беру шеберлігін жетілдіріп қоймай, балалар мен жасөспірімдер арасындағы
тәрбие жұмысын үйлестіре жүргізгенде ғана мақсатқа жететіні хақ. Жалпы
білім беретін мектептегі музыка мұғалімі музыканың белгілі бір ғана
саласының маманы болмауы тиіс. Ол әрі теоретик, музыканың тарихшысы,
музыканың және аспапты меңгерген тамаша аспапшы, музыканың этнографы
болуы тиіс. Ең бастысы, ол музыка әдебиетін, яғни музыкалық шығарманы
мүмкіндігінше көп білуі.
Бұл қағиданы өз бағдарламасында Д.Б.Кабалевский де растап , «музыка
мұғалімі білімді оқытушы болуы керек»-деген. Бұдан әрі Кабалевский «Музыка
мұғалімінің игеретін барлық іскерліктерінің ішінен аспапты меңгеруін ерекше
бөліп алып қарау керек. Музыка сабағында, әсіресе сыныпта хор, оркестр т.б.
көріністер тыңдау керек болған жағдайда механикалық жазылымсыз болмайды.
Бірақ ол оқытушының өзінің тікелей орындауына қосымша болғаны жөн. Оның
мазмұнын 3 түрлі көзқарас көрсетеді:
- өзі тікелей орындау сыныпта эмоционалдық атмосфера туғызады;
- тікелей орындаушы өзі орындағанда керек болған жағдайда кез-келген
жерде тоқтай алады, кез-келген көрініс, тіпті жеке тактіні қайталай алады;
- музыкалық аспапта орындаушы оған қоса ән салушы мұғалім өзінің
аспапта ойнай білуінің қызықты да мәнді екенін іс жүзінде көрсете отырып, өз
тәрбиеленушілеріне үлгі - өнеге бола алады.
Музыка мұғалімінің приоритетті кәсіби сапалық деңгейіне жататындар:
музыкалылық, эмпатийлік, кәсіби ойлау және өзіндік сана, креативтілік,
әртістілік, жеке кәсіби позициясы.
Музыкалық қабілет. Музыкалылық музыка мұғаліміне өнердегі
жаңалықтарды бірігей қабылдауға, қоғамдық қабылдауға түспеген әлі де болса
даулы, қызық шығармаларды бағалауға көмектеседі.
Музыка мұғалімінің маңызды музыкалық көрсеткішінің бірі –
музыкалық мәнерлілік. Дамыған музыкалық мәнерліліктің болуы - балаларды
музыкалық мәдениетіне қалыптастырудың бірден-бір жоғары жетістігі болып
табылады.
Музыка мұғалімінің музыкалық қабілеті оның педагогикалық қызметінің
барлық түрінде көрініс береді. Атап айтқанда, вокалды және аспаптық
орындаушылықта, жеке музыкалы-пластикалық әрекетінде, балалардың
аспаптық орындаушылығына басшылық жасауда, өзінің ән шығаруында,
драмаларды, мюзиклдарды ұйымдастыруды, сабаққа музыкалық шығармаларды
тандағанда т.б.
Мына мәселені есте сақтаған жөн, мұғалімнің музыкалық-педагогикалық
қызметі әртүрлі психикалық процестерді жандандыра отырып, музыка
мұғалімінің музыкалық қабілетінің дамуына жағдай жасайды. Ең маңыздысы -
музыка мұғалімінің жадын дамытады.
Музыкалық жадтың есту-бейнелілік, эмоциялық, құрылымды-логикалық,
кару және қозғалыс-маторлы түрлері бар.
Эмпатийлік. Музыка мұғалімінің эмпатийлік дамуы оқушылармен
жандүниелік және рухани «туысқандық» принципіне, қарым-қатынас жасауына
мүмкіншілік туғызады. Оқушылардың әрқайсысын қалыптасып келе жатқан
тұлға ретінде көре білуге, музыкалық білім берудегі оған деген өзінің қатысын
сезуге қалыптастырады.
Музыка мұғалімінің эмпатийлік даму тәсілдеріне жатқызады:
- ассоциативті тәсіл;
- музыкалық шығарма бейнесімен ролдік бірігу;
-
олармен музыка сабағында тұлғалық, субьективтік өмір сүру.
Педагог және психолог Ш.А.Амонашвили мұғалімнің тұлғалық
сапасын былай анықтайды:
Біріншіден, біз жанымыз жайсаң адамдар болуымыз керек және
балаларды сүйе білуіміз керек.
Екіншіден, біз балаларды түсіне білуіміз керек.
Үшіншіден, оптимист болуымыз керек. Өзіміздің
педагогикаға сенуіміз керек, тәрбиенің өзгертушілік күшіне сенуіміз
керек.
Төртіншіден, біз болашақ музыка мұғалімі олардың бойындағы бар
жақсылықты көре біледі және олардың кемшіліктерін жоюға көмектеседі.
Бұған эмпатийлік көмекке келеді.
Кәсіптік ойлау және сана-сезім. Музыка мұғалімінің кәсіптік
ойлауы дегеніміз музыкалық ойлау.
Психологиялық көзқарас тұрғысынан алып қарағанда музыка
мұғалімінің музыкалық ойлауы оның эмоциясы болып табылады.
Музыка мұғалімінің кәсіби ойлау дамуының бағыты, онын кәсіби сана-
сезімінің дамуы дегенді білдіреді.
Кәсіптік сана-сезім негізінде кәсіби рефлексия жатыр, яғни
сәулелендіруді, талдау жасауды, ойлауды, өзінің музыкалық-педагогикалық
әрекетін бағалай білуге қабілеттілігі.
Т.А. Калышева оның мынадай негізгі аспектілерін бөліп көрсетеді:
-
музыкалық-педагогикалық, шығармашылық сипаттағы мәселелерге
қызығушлылық;
-
оның негізінде жатқан қарама-қарсылыктарды табу, ой қорыту және
бағалау;
-
өзінің педагог-музыкант ретіндегі жинақтаған тәжірибесімен және
жеке кәсіби білімімен кемшіліктерді жоюдың варианттарын табу т.б.
Әртістік шеберлік. Музыка мұғалімінің әртістік шеберлігі көркемдік-
коммуникативтік
әрекетін
эмоционалды-экспресивті,
көркемдік-
интеллектуалдың, көркемдік-операциялық жағынан интеграциялайды /30/.
Бұл біріншіден, мұғалім өзінің іс-әрекеті шеберлігінің арқасында
балалармен тең рухани сенімді, өнегелі қарым-қатынасын одан әрі жалғастыру
үшін жоғары-эмоционалды сипатта жұмыс істейді.
Екіншіден, музыканы әртістік өнегелігімен оқушыларды өнерді өздігінен
тануына жол ашады.
Үшіншіден, музыканы әртістік шеберлікпен ойнау арқылы оқушылардың
сенімдік әрекетіне әсер етіп, жаңа мінез-құлық қалыптастырады. Балалардың
музыкаға деген қызығушылығы артады.
Мұғалім-музыканттың әртістік шеберлігінің бір-бірімен байланысты
мынадай компоненттері бар: психофизиологиялық, эмоционалды-эстетикалық,
көркемдік-логикалық.
Психофизологиялық компонентті кұрайтындар, ең алдымен, әртүрлі
психикалық процестер (елестету, капер, аффектілік, жад, күш-жігерлілік т.б.),
екінші жағынан, дауыс, дикция, мимика, пантомима жатады.
Әртістік шеберліктің эмоционалды-эстетикалық компоненті ең
алдымен, музыкант-педагогтың сенсорлық (сезіммен байланысты)
тәжірибесімен байланысты болады.
Әртістік шеберліктің
көркемдік-логикалық
компоненті музыка
мұғалімінің сабақта көркемдік-комуникативтік әрекет жүйелерін логикалық
түрде құра білуіне байланысты.
Болашақ музыка мұғалімінің әртістік шеберлігін дамытуға әсер
ететіндер мыналар: музыкалық-комуникативті треннинг, музыкант-педагогтың
материалды сезімді-бейнелік тұрғыда көрсете алуы, музыкалы-педагогикалық
жағдайды үлгілеу т.б.
Креативтілік. Музыка мұғалімінің креативтік әрекеті сипатын екі
аспектіде қарауға болады: музыкалық білім беру мазмұнына қатысты және
музыкалық білім беру процесіне қатысты.
Музыкалық білім беру мазмұнына қатысты музыкант-педагогтың кәсіби
қызығушылығы, білімнің молдығы, жұмыс тәжірибесінің көптігі, өз
қызметінде жаңашылдыққа ұмтылуы сияқты сипаттарымен анықталады.
Музыка пәні мұғалімінің музыкалық білім беру процесіне қатысты
креативтік сипаты ең алдымен, ұйымдастырушылық және комуникативті
әрекетінен көрінеді.
Жеке кәсіби ұстаным. Музыка мұғалімінің кәсіби ұстанымы музыкалық
білім берудің өзге де компоненттері сияқты оқушылардың музыкалық білім
сапасының денгейімен өлшеніп анықталады.
Бұл ұстаным, төмендегідей бағытта жүреді:
-музыкалық білім беру саласына қатысты педагогиканың негізгі
теориялы-әдістемелік зандылықтарын зерттеу;
-осы негіздегі ең қажетті концепцияны таңдап алу;
-өзінің педагогикалық жаңалықтарын оқушылармен тәжірибиешілік
жұмыс жүргізу арқылы апробациялап (мақұлдап) өңдеу.
Жеке кәсіби ұстаным-педагогикалық қызметіне жан-жақты әсер ететін
және оның шеберлігін шыңдай түсетін негізгі де қажетті бөлігі. Осы жоғарыда
аталған Музыка мұғалімінің приоритетті кәсіби сапалық деңгейін 3- 4 кестеден
көруімізге болады.
Кесте – 3. Музыка мұғалімінің приоритетті кәсіби сапалық деңгейі
музыкалық
қабілет
музыкалылық
музыкалық
мәнерлілік
креативтілік
Музыка
мұғалімінің
приоритетті
кәсіби сапалық
деңгейі
әртістілік
шеберлік
эмпатийлік
жеке кәсіби
позициясы
кәсіби ойлау
және өзіндік
сана
Кесте – 4. Музыка мұғалімінің приоритетті кәсіби сапалығының
Моделі
Жалпымәдени, музыкалық-
педагогикалық, музыкалық-
теоретикалық, музыкалық-
психологиялық, музыкалық –
орындаушылық
Әртістік,
еріктілік,
шығармашылық,
дирижерлық және аспапта
ойнау
техникасы,
педагогикалық
қарым-
қатынасы, сенімділік
Дирижерлық қимыл жасай
алуы, аспапта ойнай алуы,
коммуникативтілігі, әртістік
қабілетінің болуы
Балаларды музыканы сүюге
тәрбиелеуі,
мұғалімдік
мамандыққа, балаларға және
музыкаға
деген
деген
сүйіспеншілік
Музыка
мұғалімі
Б
іл
ім
і м
ен
б
іл
ік
ті
л
іг
і д
ағ
ды
сы
Б
іл
уі
к
ер
ек
С
ап
ас
ы
Б
ағ
ы
тт
ал
уы
к
ер
ек
халық күйлері;
халық
композиторларының
күйлері;
өңделген күйлер;
күй-симфония;
күй-симфониялық
поэма;
күй-опера;
күй-хор;
күй-хор-поэма
Музыка әлемін түсініп қабылдауға талдай білуге эмоциалдық
сезімталдығын қалыптастыруда жалпы жан-жақты білімді, мәдениетгі болып
өсуіне әсер етуіне мектептегі музыка сабағының алатын орны ерекше. Бала мектеп
табалдырығынан алғаш аттаған күннен бастап, дұрыс ұйымдастырылған өз
мамандығының шебері, творчествалық фантазиға бай, арнайы аспапты еркін
меңгере алатын мұғалім сабағынан дәріс алса және ол шебер мектеп
бағдарламасына сай әрі қарай жалғасып жатса, бұл орайдағы алға қойған мақсаты
қалтқысыз іске асар еді. Әйтседе бүгінгі қолда бар методикалық кұралдарды
дұрыс пайдаланбаса, өз ісіне жауапкершілікпен қарамау арнайы жабдықталған
музыка кабинетінің технологиялық құралдарының жоқтығы музыка сабағының
деңгейін жоғары дәрежге көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Балаға музыка
сабағының басқа пәндерден ерекше екендігін сезіндіретін-музыка мұғалімі.
Мұғалім шығарманы өз қалауымен тандап алады. Шығарма міндетті
Музыка мұғалімі бойындағы қасиеттер - мәдениеттілік,
ұстамдылық, балаларға деген сүйіспеншілік, адамгершілік және оқушыларға
ерекше әсер етеді. Мұғалімнің ұқыптылығы, адалдығы, оқушыларға деген
мейірбандығы, еңбекқорлығы, қарапайымдылығы - жас ұрпақты тәрбиелеудің
көзі.
Педагог қызметінің негізгі принциптерін анықтайтын ғылым
педагогикалық деонтология (педагогтың тәртібінің қандай болуы туралы
ғылым). Музыка мұғалімі тәртіп нормалары мен принциптерінде оған дейінгі
алдыңгы қатарлы педагогикалық системалардың тиімді, дұрыс жақтарын орынды
пайдалануға тиіс.
Атақты педагог-ғалым К.Д.Ушинский: "Мұғалім тек өз пәнінен
САБАҚ
беріп
қана қоймау керек, сонымен қатар тәрбиеші және адал, әділетті, шыншыл адам
болуға тиісті", - деген болатын. Музыка мұғалімі өзінің таңдап алған
мамандығын сүйіп, тәрбие жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарауға тиісті, ол
үшін аса терең музыкалық-теориялық білімді болуы, педагогика мен психологияны
ұштастыра білуі, әрі педагогикалық такті мен шеберлікті жете меңгеруі қажет.
Сонымен қатар педагог этикасын мұғалімдердің кәсіптік ережелері және
міндеттерімен шектеп қою жеткіліксіз. Сөз жоқ, бірден көзге түсетін мұ-ғалім
тәртібінің сыртқы көрінісі, таза, ұқыпты киімі, оқушылармен қарым-
қатынасының дұрыстығы, балаларды тәрбиелеуде орасан зор роль атқарады.
Мұғалімнің моральдық тұлғасында ең негізгі орын алатындары -оның білімі,
педагогикалық шеберлігі және моральдық беделі. Оқушыларға белгілі білім
жүйесін бере отырып, әрбір музыка мұғалімі оны бүгінгі күннің талабына сай
ғана емес, сонымен қатар ертеңге де қажетті деп ойлағаны дұрыс. Мұғалім
жұмысында жаңа -әдістерді қолданып, оларды әрі қарай заман талабына сай
жаңартып отыруы алдына қойған азаматтық борышын ой-дағыдай тындауының
қажетті алғы шарттары.
Достарыңызбен бөлісу: |