Білім беру бағдарламасы мамандығы: Өнеркәсіптік жабдық Біліктілігі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3,82 Mb.
бет7/18
Дата22.05.2018
өлшемі3,82 Mb.
#16253
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА

Мұнай-газ ісіне кіріспе

Мамандығы: Өнеркәсіптік жабдық
Біліктілігі: Слесарь-жөндеуші және өнеркәсіптік механик

Астана 2012


Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.
№____хаттама 2012 ж. «___» _____
ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков


Мазмұны
беті

1.

Түсіндірме жазба

90

2.

Курстың мазмұны

91

3.

Оқыту әдістері

93

4.

Оқыту ресурстары

93

5.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

93

6.

Курсты бағалау жүйесі

93

1. Түсіндірме жазба
Осы эксперименттік білім беру бағдарламасы техникалық және кәсіби білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы) сәйкес әзірленді.

«Мұнай-газ ісіне кіріспе» пәні студенттерді мұнай, газ және газконденсат кен орындары туралы негізгі мәліметтермен, мұнайдың және табиғи газдың физикалық-химиялық негіздерімен, сондай-ақ кен орындарын игеру негіздерімен таныстыру курсы болып табылады.

Модульдердің жалпы саны: 6

Сағаттар саны: 80

Кредиттер саны: 2.0

«Мұнай-газ ісіне кіріспе» пәнінің бағдарламасы білім ұйымының жұмыс бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Жұмыс білім беру бағдарламасын әзірлеу кезінде білім ұйымы, жұмыс берушілердің және жергілікті жағдайлардың талаптарын ескеретін, аймақтық компонентті жүргізу бөліміндегі бағдарламалық материалды оқу жүйелігіне негізделген өзгерістерді енгізуге құқығы бар.

Жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру кезінде оқытудың жаңа технологияларын, электрондық оқу құралдарын, аудио және видео материалдарды, әдістемелік көрнекті құралдарды қолдану, сондай-ақ әртүрлі формаларды, оқу процесінің ұйымдастыру және бақылау әдістерін таңдау ұсынылады.

Арнайы пәндермен пәнаралық бірлесу студенттердің оқып үйренетін пәнін мамандық, келешек еңбек қызметі масштабтарында толық қабылдауын қалыптастырады, әртүрлі оқу бағдарламаларының өзара байланыстарын түсінуге көмектеседі.

2. Курстың мазмұны
Модуль 1. Мұнайдың, табиғи газдың және қабатты судың физикалық-химиялық қасиеттері
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Мұнайдың, табиғи газдың және қабатты судың негізгі физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру, және осы білімдерді кен орындарын игеру және бұрғылау кезінде қолдану.


Модуль тапсырмалары:

    1. Мұнайдың негізгі физикалық қасиеттерін оқып үйрену.

    2. Мұнайдың негізгі химиялық қасиеттерін оқып үйрену.

    3. Табиғи газдың негізгі физикалық қасиеттерін оқып үйрену.

    4. Табиғи газдың негізгі химиялық қасиеттерін оқып үйрену.

    5. Қабатты сулардың құрамы мен қасиеттерін оқып үйрену.


Модуль 2. Мұнай, газ және газконденсат кен орындары туралы негізгі мәліметтер
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Мұнай мен газдың пайда болу негіздерін түсіну, кен орындарының пайда болу табиғатын түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

2.1. Мұнайдың пайда болу негіздерін оқып үйрену.

2.2. Газдың пайда болу негіздерін оқып үйрену.

2.3. Қабат жинаушы, жинақтағыш тұтқыштар, кендер сияқты ұғымдарды

танып білу.

2.4. Кен орындарын түрлер бойынша жіктеу.

2.5. Жыныстардың құрамы мен қасиеттерін (кен орындарының тау-кен

геологиялық параметрлері, өткізгіштігі) оқып үйрену.


Модуль 3. Мұнай кен орындарын игерудің негіздері және ұңғымаларды пайдалану
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Кен орындарын іздеу мен барлаудың әртүрлі тәсілдерін түсіну және қолдану, іздеу-барлау жұмыстарының негізгі кезеңдерін сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

3.1. Ұңғыма, ұңғыманы бұрғылау ұғымдарын танып білу.

3.2. Бұрғылау ұңғымаларының мақсаттары мен тағайындалулары бойынша

жіктеу.


3.3. Кен орындарын іздеу мен барлау тәсілдерін танып білу.

3.4. Іздеу кезеңі туралы білу және тану.

3.5. Барлау кезеңі туралы білу және тану.

3.6. Кен орынның өнеркәсіптік құндылығы туралы білу және тану.

3.7. Кен орындарының тау-кен геологиялық параметрлері туралы білу және

тану.


3.8. Мұнай кендерін жіктеу.
Модуль 4. Мұнай мен газды өңдеу негіздері
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Мұнай мен газды өңдеу негіздерін танып білу, өңделетін өнімдерін және олардың айырмашылықтарын түсіну, мұнай өңдіру және газ өңдіру зауыттарының түрлерін жіктеу, сондай-ақ мұнай мен газ өңдірудің қазіргі жағдайын бағалау.


Модуль тапсырмалары:

4.1. Өңделген мұнай өнімдері (отын, мұнай майлары, басқа мұнай өнімдері)

туралы білу.

4.2. Мұнай өңдеу кезеңдерін жіктеу.

4.3. Өңделетін мұнайды дайындау процесін сипаттау.

4.4. Мұнайдың алғашқы өңдеу процесін сипаттау.

4.5. Мұнайдың екінші өңдеу процесін сипаттау.

4.6. Мұнай өнімдерін тазалау процестерін сипаттау.

4.7. Мұнай өңдеу зауыттарының түрлерін жіктеу.

4.8. Өңделген газ өнімдері туралы білу.

4.9. Газ өңдеу зауыттарының негізгі нысандары туралы білу.

4.10. Компрессорлық әдісті сипаттау.

4.11. Абсорбциялық әдісті сипаттау.

4.12. Конденсациялық әдісті сипаттау.

4.13. Газфракциялау қондырғылары туралы білу.
Модуль 5. Мұнай және газ өңдірудегі ақпараттық технологиялар
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Мұнай және газ өңдеу саласындағы шешімдер үшін пайдаланылатын қазіргі бағдарламалық жасақтаманы таңдау және қолдану.


Модуль тапсырмалары:

5.1. Бағдарламалық жасақтаманы және аппараттық бөлімнің талаптарын

анықтау.

5.2. Бағдарламалық жасақтаманы анықтау үшін Интернетті қолдану.

5.3. Бағдарламалық жасақтаманы орнату, мәліметтерді енгізу, мәліметтерді

өңдеу, есептер мен графиктерді құру.

5.4. Белгіленген уақытта мұнай және газ өңдіруде берілген кейстің шешімін

табу үшін, таңдалған бағдарламалық жасақтаманы пайдалану.

5.5. Түскен мәліметтерді талдау.

Модуль 6. Мұнайдың дүниежүзілік нарығы
Оқудың нәтижесі:

Дүниежүзілік нарықтағы мұнай мен газдың жағдайын, халықаралық сауданың ерекшеліктерін, мұнай бағаларын белгілеуде ОПЕК-тің рөлін түсіну.


Модуль тапсырмалары:

6.1. «Дүниежүзілік мұнай және газ нарығы» ұғымын түсіну.

6.2. «Халықаралық сауда» ұғымын түсіну.

6.3. «ОПЕК» ұғымын және оның халықаралық саудадағы рөлін анықтау.

6.4. «Мұнай бағаларын белгілеу» және «газ бағаларын белгілеу» ұғымдарын

түсіну.
3. Оқыту әдістері:



  • Дәрісханада талдау

  • Студенттің өзіндік жұмысы

  • Дәріс

  • Практикалық жұмыс


4. Оқыту ресурстары:

  • Үлестірме материалдар

  • Жеке компьютер

  • Интернет


5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

5.1. SamuelA.VanVactor. Introduction to the Global Oil&Gas Business, Penn

Well Corporation, Tulsa, Oklahoma, АҚШ. 2010.

5.2. Martin S.Raymond, William Leffler. Oil and Gas Production in Non-

Technical Language. Penn Well Corporation, Tulsa, Oklahoma, АҚШ. 2006.

5.3. А.А.Коршак, А.М. Шаммазов. Мұнай-газ ісінің негіздері, Дизайн

Полиграф Сервис. Уфа. 2005.
6. Курсты бағалау жүйесі


Бақылау тапсырмалары

10 %

Семестрлік тесттер

60 %

Қорытынды емтихан

30 %

Барлығы

100 %

Бағалар шкаласы


Пайыздық баға

Әріптік баға

Балдық баға

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0

Ең төмен өту балы



0-49

F

0.0


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА

Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау

Мамандығы: Өнеркәсіптік жабдық
Біліктілігі: Слесарь-жөндеуші және өнеркәсіптік механик

Астана 2012


Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.
№____хаттама 2012 ж. «___» _____
ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков

Мазмұны









беті

1.

Түсіндірме жазба

98

2.

Курстың мазмұны

99

3.

Оқыту әдістері

101

4.

Оқыту ресурсы

101

5.

Ұсынылатын әдебиеттер тізбесі

101

6.

Курсты бағалау жүйесі

101




















1. Түсіндірме жазба
Осы эксперименттік білім бағдарламасы мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім берудің жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы).

«Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау» пәні өндірісте және практикада жарақаттылық жағдайын алдын алудағы мүмкін қауіптіліктер курсын қамтиды.

Модульдердің жалпы саны: 7.

Сағаттар саны: 15.

Кредиттер саны: 1.5.

«Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау» пәнінің эксперименттік білім бағдарламасы білім беру ұйымдарының жұмыс бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Білім беру ұйымдары жұмыс бағдарламасын әзірлеу кезінде жұмыс берушілердің және жергілікті жағдай талаптарын ескеретін аймақтық компоненттің кіріспе бөлімінде бағдарламалық материалды зерттеу бірізділігіне негізделген өзгерістерді енгізуге құқылы .

Жұмыс бағдарламасын іске асыру кезінде дәрістер, пікірталастар, өздік жұмыстарды, кеңестерді, бағалауды пайдалану ұсынылады.

Бағдарламаны табысты игеру үшін теориялық (дәрістік) сабақтарды зертханалық-практикалық сабақтармен және семинарлармен алмастыру қарастырылады.

«Электр» пәнімен пәнаралық бірігу студенттерге мамандық, болашақ еңбек қызметі туралы зерделенетін пәндерді тұтастай қабылдауға мүмкіндік береді, әр түрлі оқу бағдарламаларының өзара байланысын танып білуге көмектеседі.




  1. Курс мазмұны


Модуль 1. Еңбек қауіпсіздігі саласындағы заңнамалар. Нормативтік актілер жіне салалық саясат
Оқыту нәтижесі:

Еңбек қауіпсіздігін және өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған заңнамаларды және нормативтік актілерді қолдану.


Модуль тапсырмалары:

1.1. Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы

заңнаманы қолдана білу қабілетін көрсету.

1.2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында нормативтік

құқықтық актілер есебінен жұмыс берушінің және жұмыскердің, жұмыс

орнында қауіпті материалдарды сәйкестендіру жүйесінің, өрт

қауіпсіздігінің нормаларының ролін түсіндіру.

1.3. Қауіптілікті бағалау және бақылау рәсімін жүргізудің салалық

практикасын түсіндіру.

1.4. Шұғыл жағдайлар болғанда рәсімдерді қолдану кезінде жұмыскерлер

мен жұмыс берушілердің міндеттемелерін сипаттау.

1.5. Білікті маманның үй шаруашылығына, жеке қорғаныш құралдарына,

шұғыл жағдай болған кездегі рәсімдерге оң қатынасын сипаттау.

1.6. Жеке қорғаныш құралдарын таңдау және пайдалану қатынасы бойынша

жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің ролі мен міндеттемелерін

сипаттау.

1.7. Жұмыс орнында тиісті жеке қорғаныш құралдарын таңдау, пайдалану

және сақтау.

 

Модуль 2. Жоғары өрмелеу, түсіру-көтеру операциялары
Оқыту нәтижесі:

Жоғары өрмелеу, түсіру-көтеру операциялары мен құрастырудың қауіпсіз өндірісі бойынша ұсыныстар мен жеке қорғаныш құралдарын қолдануды сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

2.1. Жоғары өрмелеу, түсіру-көтеру және құрастыру операциялары үшін

арнайы жеке қорғаныш құралдарын таңдау, пайдалану және сақтау.

2.2. Дененің дұрыс қозғалысын пайдалана отырып, қолмен көтеру

операцияларын сипаттау.

2.3. Әрбір элементпен байланысты қауіпсіздік коэффициентін және

такелажды жабдықтарды сипаттау.

2.4. Такелажды типтік тиеу үшін жабдықтарды дұрыс таңдау.

2.5. Көтеру және жүк-қозғалу операцияларын сипаттау.

Модуль 3. Жарылуы қауіпті материалдар және өрт қауіпсіздігі
Оқыту нәтижесі:

Қауіпті материалдар және өрт қауіпсіздігі үшін қауіпсіздік нормаларын сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

3.1. Жұмыс орнында қауіпті материалдарды сәйкестендіру жүйесінің ролін,

жауапкершілігін, нормасын сипаттау.

3.2. Жүйенің үш өзекті элементін сипаттау.

3.3. Қауіпті материалдарды өңдеу, сақтау және тасымалдау рәсімін сипаттау.

3.4. Қауіпті материалдармен жұмыс кезінде қауіпсіз желдету рәсімін

сипаттау.

3.5. Өрт қауіптілігінің факторларын, класын, рәсімдерін және өрттен қорғауға

арналған жабдықтарды сипаттау.

 

Модуль 4. Жалпы қауіпсіздік


Оқыту нәтижесі:

Қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіз жұмыс практикасын сипаттау.
Модуль тапсырмалары:

4.1. Жұмыскерлер, жұмыс берушілердің және үкіметтің міндеттемелерін

түсіндіру.

4.2. Жалпы қауіпсіздік жағдайын және жазатайым оқиғаларды болдырмауды

сипаттау.

4.3. Қоршаған ортаны қорғау әдістерін және материалдарды қолдану

әдістерін сипаттау.

4.4. Жеке қорғаныш құралдарын және оларды өнеркәсіптік мақсатта

пайдалану практикасын сипаттау.

4.5. Ауамен қауіпсіз тыныс алуды түсіндіру.

4.6. Өнеркәсіптік қауіпсіздік қолданбалы бағдарламаларды анықтау.

Модуль 5. Өрт қауіпсіздігі
Оқыту нәтижесі :

Өрт түрлерін, өрт сөндіргіштерді, өртті табуды, өрттің алдын алуды, өрттен кейін қалпына келтіру жұмыстарын анықтау және сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

5.1. Өрт түрлерін және өрт сөндіргіштердің тиісті түрлерін сипаттау.

5.2. Өрттің алдын алуды, өртті табуды, өрттен абай болу үшін әрекеттер мен

керек-жарақтарды сипаттау.

5.3. Өрттен кейін тазалау және қалпына келтіру жұмыстарын сипаттау.

Модуль 6. Баспалдақтар және құрылыс ағашы
Оқыту нәтижесі:

Баспалдақтар және құрылыстық ағаш түрлерін, оларды қолдану саласын анықтау және сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

    1. Әр түрлі баспалдақ түрлерін пайдалануды сипаттау.

    2. Әр түрлі құрылыстық ағаш түрлерін пайдалануды сипатта.у


Модуль 7. Техникалық қызмет көрсетуді жоспарлау
Оқыту нәтижесі:

Техникалық қызмет көрсетуді максимум уақытында және қауіпсіз техникасын жоспарлау рәсімін түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

7.1. Бағалау рәсімін сипаттау.

7.2. Сатып алу рәсімін түсіндіру.

7.3. Техникалық қызмет көрсетуді жоспарлау рәсімін түсіндіру.


3. Оқыту әдістері:

  • Өздік жұмыстары

  • Аудиториядағы пікірталастар

  • Көрсету

  • Тестілеу

  • Дәрістер


4. Оқыту ресурсы:

  • Электрондық оқулықтар

  • Үлестіретін материал

  • Аудио-визуальды құралдар


5. Ұсынылатын әдебиеттер тізбесі:

5.1. Жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасының негіздері.

027-51-18-24. 2004.
6. Курсты бағалау жүйесі


Тестілеу

20 %

Жеке тапсырмалар

20 %

Аралық емтихан

20 %

Өздік жұмыс

10%

Қорытынды емтихан

30%

Барлығы

100 %



Бағалар шкаласы

Бағалау, процентпен

Әріптік баға

Бағалау, балл

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0

Минимум өту балы



0-49

F

0.0



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА

Өлшеу және жоспарлау. Жабдықтарды орнату

Мамандығы: Өнеркәсіптік жабдық
Біліктілігі: Слесарь-жөндеуші және өнеркәсіптік механик

Астана 2012


Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.
№____хаттама 2012 ж. «___» _____
ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков


Мазмұны









беті

1.

Түсіндірме жазба

106

2.

Курс мазмұны

107

3.

Оқыту әдістері

108

4.

Оқыту ресурсы

108

5.

Ұсынылатын әдебиеттер тізбесі

109

6.

Курсты бағалау жүйесі

109


жүктеу 3,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау