Білім беру бағдарламасы мамандығы: Газ инжинирингі технологиясы



жүктеу 2,61 Mb.
бет10/12
Дата19.02.2018
өлшемі2,61 Mb.
#10185
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Оқыту нәтижесі:

Ерітіндіні десульфирлеудің қарапайым жүйелері үшін талап етілетін арнайы жабдықты талқылау.


Модуль тапсырмалары:

11.1. Жабдықтың әрбір бірлігінің функциясын талқылау.


Модуль 12. Десульфуризациялау үрдістері
Оқыту нәтижесі:

Газды десульфуризациялау құрылғыларының маңызды пайдалану мәселелерін талқылау.


Модуль тапсырмалары:

12.1. Газды күкірттен тазарту құрылғыларындағы төмен өнімділік себептерін

және қажетті түзету процедураларын талқылау.

12.2. Коррозияны анықтау және алдын-алу әдістерін талқылау жән

коррозияның қалай маңызды ауыр мәселелер туғызатындығын

сипаттау.


Күкірт
Модуль 13. Күкірт кіріспе
Оқыту нәтижесі:

Индустриальды қоғамның бүгінгі күнгі жағдайында күкірт өндірісінің қолданылуын және талаптарын талқылау.


Модуль тапсырмалары:

13.1. Күкірттің негізгі көздерін және оның экономикалық және экологиялық

ойларын анықтау.

13.2. Күкірттің химиялық және физикалық қасиеттерін атау.


Модуль 14. Газ күкіртін алудың клаус-үрдісі
Оқыту нәтижесі:

H2S газдан күкіртті өндіруді газ күкіртін алудың клаус-үрдісін сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

14.1. Клаус-үрдісте алғашқы қадам болып табылатын тотығу реакциясын

және термикалық пеш жүйесін сипаттау.

14.2. Клаус-үрдістің негізгі бөлігі болып табылатын катализатор болған

жағдайда H2S және SО2 арасындағы реакцияны сипаттау.

14.3. Клаус-үрдістегі күкірт реакцияларына әсер ететін әртүрлі факторларды

сипаттау.
Модуль 15. Күкіртті өңдеу әдісі
Оқыту нәтижесі:

Құрамдары өзгермелі қышқылды газдардан күкіртті өндіру үшін пайдаланылатын өңдеу үрдістерін талқылау.


Модуль тапсырмалары:

15.1. Құрамына H2S көп қышқылды газдар үшін өтпелі Клаус-үрдісті

сипаттау.

15.2. H2S мөлшері 15 бастап 50%-ға дейінгі қышқылды газдардың өзгертілген

екі ағынды Клаус-үрдісін сипаттау.

15.3. H2S мөлшері 10 бастап 20%-ға дейінгі қышқылды газдардың өзгертілген

екі ағынды Клаус-үрдісін сипаттау

15.4. Клаус-үрдістің басқа нұсқаларын және күкіртті өңдеудің жалпы жұмыс

шарттарын сипаттау.

Модуль 16. Күкірт – үрдісті бақылау
Оқыту нәтижесі:

Күкіртті алу және формалау бойынша кешен тиімділігіне әсер ететін басқарушы ауыспалыларды талқылау.


Модуль тапсырмалары:

16.1. Күкіртті өндіру үшін талап етілетін газдың ауаға қатынасын және екі

ағынды үрдістерде өту жылдамдығын сипаттау.

16.2. Жылдам және толық химиялық реакцияларлы қамтамасыз ету үшін

қажетті қондырғы температурасын талқылау.

16.3. Қондырғы жұмысын бақылау және ауа сапасын тексеру үшін

орындалатын сынақтарды сипаттау.
Модуль 17. Күкірт Қондырғыны пайдалану
Оқыту нәтижесі:

Тұрақты тиімді өндіріс ойларын талқылау.


Модуль тапсырмалары:

17.1. Күкіртті өндіру үшін пайдаланылатын жабдықты сипаттау.

17.2. Іске қосу кезінде сақталуы тиіс процедураларды сипаттау.

17.3. Қарапайым пайдалану кезінде орын алуы ықтимал мәселелерді

талқылау.

17.4. Қондырғыны қарапайым және апатты сөндіру барысында сақталуы тиіс

процедураларды талқылау.

17.5. Күкіртті қолдану, сақтау және тасымалдауды талқылау.


Дегидратация
Модуль 18. Дегидратация – анықтамалар, сынақ
Оқыту нәтижесі:

Дегидратациялау жабдығын анықтау үшін пайдаланылатын терминдерді талқылау және өткізілетін сынақтар процедурасын түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

18.1. Табиғи газда судың пайда болу көзін түсіндіру және дегидратациялау

қажеттілігі.

18.2. Газды дегидратациялау тиімділігін өлшейтін сынақтарды сипаттау.


Модуль 19. Дегидратация – химикаттар, сұйық сіңіргіштер
Оқыту нәтижесі:

Газ ағынында судың артық деңгейімен туғызылған жүйе мәселелерінің алдын-алу үшін пайдаланылатын химикаттар мен сұйық сіңіргіштерді талқылау.



Модуль тапсырмалары:

19.1. Газ ағынында су мөлшерін азайту немесе бақылау үшін

пайдаланылатын шараларды сипаттау.

19.2. Әртүрлі сұйық сіңіргіштерді пайдалана отырып, газ ағынынан суды

сіңіруді сипаттау.

19.3. Операциялар бірізділігі сұлбасын пайдалана отырып, сіңірудің гликоль

жүйесі арқылы газ және сұйық сіңіргіштер ағынын қадағалау.
Модуль 20. Дегидратация – Гликольмен кептіру жабдығы және пайдалану
Оқыту нәтижесі:

Гликольмен кептіру жүйесінің қолданылуын талқылау.


Модуль тапсырмалары:

20.1. Газды гликольмен кептіру жүйесінде пайдаланылатын жабдықты

сипаттау.

20.2. Газды гликольмен кептіру жүйесінің қарапайым пайдаланылуын

талқылау.

20.3. Пайдалану мәселелерін талқылау және гликольмен кептіру жүйесінде

қабылдануы тиіс түзету әрекеттерін сипаттау.
Модуль 21. Дегидратация – қатты кептіргіштер
Оқыту нәтижесі:

Қатты кептіргіштер газ ағынынан су және басқа да материалдарды сіңіретін механизмдер мен үрдістерді талқылау.


Модуль тапсырмалары:

21.1. Қатты кептіргіштер жүйелерінің пайдалану талаптарын талқылау.

21.2. Қатты кептігіштер жүйесінің процедурасын сипаттау.

21.3. Операциялар бірізділігі сұлбасы арқылы қарапайым және қалпына

келтіру циклдарындағы газ ағындарын қадағалау.
Модуль 22. Салқындату – сыртқы үрдістер
Оқыту нәтижесі:

Табиғи газ өнеркәсібіндегі сыртқы салқындату жүйелерін талқылау.


Модуль тапсырмалары:

22.1. Салқындату жүйесін таңдар алдында назарға алынатын факторларды

талқылау.

22.2. Сыртқы салқындату үрдістері үшін әдетте талап етілетін жабдықты

сипаттау.

22.3. Сыртқы салқындатушы жүйелердің жұмыс істеу принциптерін

талқылау.

22.4. Каскад типті жүйелердің қолданылуын сипаттау.


Модуль 23. Салқындату – криогенді үрдістер
Оқыту нәтижесі:

Салқындатудың турбодетандерлі үрдістерін талқылау және олардың табиғи газ ағынынан талап етілетін элементтерді сұйылту және жою үшін қалай қолданылатындығын сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

23.1. Турбодетандердің жұмыс істеу принциптерін талқылау.

23.2. Қарапайым криогенді үрдістер үшін талап етілетін жабдықты сипаттау.

23.3. Турбодетандердің жұмым істеу қауіпсіздігі негіздерін сипаттау.


Модуль 24. Фракционирлеуге кіріспе
Оқыту нәтижесі:

Фракционирлеу жүйесінің негізгі принциптерін талқылау.




Модуль тапсырмалары:

24.1. Айдаудың қарапайым бір кезеңді үрдісін сипаттау.

24.2. Көп кезеңді фракционды айдау жүйесінің қайнау нүктелері әртүрлі

материалдарды қалай бөлетіндігін талқылау.

24.3. Фракционды айдау тиімділігіне әсер ететін факторларды талқылау.
Модуль 25. Ректификационды колонна және оның тәрелкесі конструкциясы
Оқыту нәтижесі:

Бүгінгі күнгі ректификационды колоннаның тиімді жұмысы үшін дұрыс тұрғызылған колонналар мен тәрелкелер қажеттілігін сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

25.1. Саптамасы бар мұнараларда пайдаланылатын орау түрлерін сипаттау.

25.2. Тартпалы ректификационды колоннаның конструкциясын, жұмысы мен

компоненттерін сипаттау, оның ішінде, клапанның әртүрлі элементтері.

25.3. Қалпақшалы тәрекелкелер конструкциясы мен жұмысын сипаттау.
Модуль 26. Фракционирлеу жабдығы
Оқыту нәтижесі:

Ректификационды колоннаның қанағаттанарлық жұмысына арналған көмекші жабдықты талқылау.


Модуль тапсырмалары:

26.1. Ректификационды колоннада пайдаланылатын қайта қайнату жабдығы

түрлерін талқылау.

26.2. Ректификационды колоннадағы көмекші жабдықты бақылау әдістерін

талқылау.

26.3. Ректификационды колоннада пайдаланылатын конденсациялық жабдық

түрлерін сипаттау.
Модуль 27. Фракционирлеу жүйесі
Оқыту нәтижесі:

Бір немесе одан да көп ректификационды колонналарды пайдалана отырып, толық фракционирлеу жүйесін талқылау.


Модуль тапсырмалары:

27.1. Толық фракционирлеу жүйесін құрайтын компоненттерді сипаттау.

27.2. Пропан, дебутанизациялау және деэтанизациялау колонналарын бөлуге

арналған қондырғылардың техникалық талаптарын сипаттау және Осы

қондырғылардың жалпы температурасы мен жұмыс істеу қысымын

талқылау.

27.3. Деизобутанизациялау процедураларын талқылау.
Модуль 28. Фракционирлеудің операциялық процедуралары
Оқыту нәтижесі:

Фракционирлеудің әртүрлі жүйелерін пайдалана отырып, тауар өнімдерін өндіру үшін қажетті кезеңдерді талқылау.


Модуль тапсырмалары:

28.1. Фракционирлеу жүйесінің стандартты жұмысы туралы қысқаша

мазмұндау.

28.2. Ректификационды колонналар көмегімен спецификалық өнімдерді

өндіру мақсатында реттеу қажет әртүрлі моменттерді сипаттау.

28.3. Фракционирлеу жүйесінің кез-келген компонентінің ақаулықтарымен

байланысты үрдістегі өзгерістерді талқылау.

28.4. Өнім техникалық талаптарға жауап бермеген жағдайда қабылдау қажет

процедураларды түсіндіру.
Көмірсутекті өңдеу
Модуль 29. Көмірсутекті өңдеу – сілтілі жүйе
Оқыту нәтижесі:

Өнімді нарыққа шығарар алдында қаланбайтын элементтерді жою мақсатынжа көмірсутекті өңдеу талаптарын талқылау.


Модуль тапсырмалары:

29.1. Көмірсутекте бар ластаушы қоспалар және осы қоспаларды жоймаған

жағдайдағы салдарды сипаттау.

29.2. Сілтілі өңдеу жүйелері үшін қолданылатын жабдықты сипаттау.

29.3. Бір рет сілтімен жуу, сілтімен регенеративті өңдеу және сульфидті

сілтімен өңдеу әдістерін талқылау.

29.4. Unisol үрдістерін талқылау.

29.5. Merox үрдісін талқылау.


Модуль 30. Көмірсутекті өңдеу – молекулярлы сүзгі
Оқыту нәтижесі:

Қаланбайтын компоненттерді жою мақсатында көмірсутек ағындарын өңдеуге арналған молекулярлы сүзгі конструкциясы мен қолданылуын сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

30.1. Көмірсутек ағындарынан спецификалық компоненттерді жоюға

арналған молекулярлы сүзгілердің белгілі конструкциясын сипаттау.

30.2. Молекулярлы сүзгінің стандартты жүйесі үшін қолданылатын

жабдықты сипаттау.

30.3. Молекулярлы сүзгі жүйесін қолдану артықшылықтары мен

кемшіліктерін талқылау.

30.4. Молекулярлы сүзгі жұмысының кезеңдерін сипаттау.


Модуль 31. Көмірсутекті сақтау және жүктеу
Оқыту нәтижесі:

Көмірсутек өнімдерін жоюға арналған сақтау және жүктеу қондырғылары түрлерін сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

31.1. Көмірсутекті сақтау қондырғыларының алуан түрлерін және олардың

талаптарын сипаттау.

31.2. Негізгі техникалық сипаттамаларын және сақтау және жүктеу жүйесі

қауіпсіздігі талаптарын сипаттау.
Модуль 32. Күкіртті өндіру/шығару бойынша қондырғылардың қалдық газдарын тазарту
Оқыту нәтижесі:

Күкірт өндіру үшін қалдық газды тазарту қажеттілігі мен әдістері қажеттілігін талқылау.


Модуль тапсырмалары:

32.1. Қалдық газды тазарту қажеттілігін түсіндіру.

32.2. Жағымдырақ жағдайларда Клаус реакцияларын ұзарту үшін қалдық

газды десульфуризациялау үрдістерін сипаттау.

32.3. Қалдық газдағы күкірттің күкіртті сутекке қатынасын түрлендіру үшін

қалдық газды десульфуризациялау үрдістерін сипаттау, олар кейін бос

күкіртте әрекет етеді.
3. Оқыту әдістері:


  • Сыныптағы талқылаулар

  • Тапсырмалар мен тестілер

  • Өздік жұмыс

  • Дәріс

  • Зертханалық жұмыс


4. Оқыту ресурстары:

  • Электронды оқулықтар

  • Үлестірме материалдар


5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

5.1. Вашингтон Кастом, СИ жүйесіндегі есептеулері бар техникалық

математика негіздері, ISBN 978-1-256-71475-0 (Washington Custom.

Basic Technical Mathematics w/Calculus SI Custom. ISBN 978-1-256-

71475-0)

5.2. Химелблау, Химиялық инжинирингтегі негізгі принциптер және

есептеулер, ISBN978-0-13-234660-3 (Himmelblau. Basic Principles and

Calculations in Chemical Engineering. ISBN978-0-13-234660-3)

5.3. Лестина, Жылу алмасу үрдістері, ISBN 978-0-12-373588-1 (Lestina.

Process Heat Transfer. ISBN 978-0-12-373588-1)

5.4. Петролеум, Мұнай мәселелері: 21 ғасырдағы тұрақтылық, Кастом Паб.

ISBN 978-1-256-86611-4 (Petroleum. Our Petroleum Challenge:

Sustainability into the 21st Сentury Custom Pub. ISBN 978-1-256-86611-4)

5.5. Левайс, Жобаларды басқару негіздері, ISBN 978-0-8144-0879-7 (Lewis.

Fundamentals of Project Management. ISBN 978-0-8144-0879-7)

5.6. Кирк, Уидом, Өлшеу аспаптары, ISBN 978-0-8269-3430-7 (Kirk/Weedon.

Instrumentation. ISBN 978-0-8269-3430-7)

5.7. Кирк, Уидом, Өлшеу аспаптары, Жаттығулар жинағы, ISBN 978-0-8269-

3430-7 (Kirk/Weedon. Instrumentation Workbook. ISBN 978-0-8269-3430-

5.8. Гурак, Инженерлік-техникалық коммуникациялардың қысқаша

нұсқаулығы, 2 басылым, ISBN 978-0-205-50039-0. (Gurak. Concise Guide

to Technical Communication . 2nd Canadian Ed. ISBN 978-0-205-50039-0)

5.9. Мотт, Машина құрылысын жобалаудағы машиналар элементтері (CD-

ден), ISBN 978-0-13-061885-6 (Mott, Machine Elements in Mechanical

Design (w/CD). ISBN 978-0-13-061885-6)

5.10. Смит, Технологиялық үрдісті автоматты басқару принциптері және

шешімдері, ISBN 978-0-471-43190-9 (Smith. Principles and Practice of

Automatic Process Control. ISBN 978-0-471-43190-9)



6. Курстың бағалау жүйесі


Естихандар

50 %

Тапсырмалар мен тестілер

10 %

Зертханалық емтихандар

30 %

Зертханалық тапсырмалар

10 %

Барлығы

100 %


Бағалар шкаласы



Пайызбен берілген баға

Әріппен берілген баға

Баллмен берілген баға

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0

Минимальды өту баллы



0-49

F

0.0



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіби білім

ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА
Көмекші жабдық/Бақылау-өлшеу аспаптары


Мамандығы: Газ инжинирингі технологиясы
Біліктілігі: Мұнай, газ және химиялық үрдістерді өңдеу технигі

Астана 2012

Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.
№____хаттама 2012 ж. «___» _____
ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков
Мазмұны
беті


1.

Түсіндірме жазба

144

2.

Курстың мазмұны

145

3.

Оқыту әдістері

154

4.

Оқыту ресурстары

154

5.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

154

6.

Курсты бағалау жүйесі

155


1. Түсіндірме жазба
Осы тәжірибелік оқыту бағдарламасы техникалық және кәсіби білімнің мемлекеттік жалпы білім беру стандартымен сәйкес әзірленген (ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 23 тамызы күнгі № 1080 қаулысы).

«Көмекші жабдық/Бақылау-өлшеу аспаптары» пәні Газ қондырғысының автоматты жұмысы үшін талап етілетін аспаптарды қарастырады, сонымен қатар, коррозияны бақылау және коррозиядан қорғау процедураларын, коррозияның ең таралған түрлерін, бақылау-өлшеу аспаптарында басқару және өлшеулерлі орындау режимдерін қамтиды. Зертханалық жобалар теориялық ұғымдарды қолдайды және студентке практикалық сабақтарды орындауға көмектеседі.

Модульдердің жалпы саны: 27.

Сағаттар саны: 90.

Кредиттер саны: 3.0

«Көмекші жабдық/Бақылау-өлшеу аспаптары» пәні бағдарламасы білім беру ұйымының оқу бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Жұмыстық оқыту бағдарламасын әзірлеу кезінде білім беру ұйымы бағдарламалық материалды меңгеру бірізділігіне жұмыс берушілер талаптары мен жергілікті жағдайды ескеретін аймақтық компонентті енгізу бөлігінде негізді өзгертулер енгізуге құқылы.

Жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру кезінде оқытудың жаңа технологияларын, электронды оқу құралдарын, аудио және бейне материалдарды, әдістемелік көрнекі құралдарды пайдалану, оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылаудың әртүрлі формаларын, әдістерін таңдау ұсынылады.

Сәтті меңгеру үшін бағдарлама теориялық (дәріс) сабақтарды зертханалық-практикалық, семинарлармен кезектестіруді қарастырады.

Арнайы пәндермен пәнаралық интеграция студенттердің меңгеріліп отырған пәнді мамандық, болашақ еңбек қызметі масштабында бүтін қабылдауын қалыптастыруға мүмкіндік береді, әртүрлі оқыту бағдарламаларының өзара байланысын түсінуге көмектеседі.



2. Курс мазмұны
Модуль 1. Электрге кіріспе
Оқыту нәтижесі:

Электр, электр сұлбалар мен аспаптар саласындағы өзінің практикалық білімдерін көрсету.


Модуль тапсырмалары:

1.1. Электр деген не екендігін түсіндіру және электр сұлбаны құрастыру

процедурасын сипаттау.

1.2. Жайға электр өндіру құнын есептеу.

1.3. Электр сұлбада пайдаланылатын көмекші құралдарды сипаттау.

1.4. Жарықтандыру жүйесін сипаттау және осы жүйенің жұмыс істеу

режимін және техникалық қызмет көрсетуді түсіндіру.

1.5. Электр сұлбаның негізгі ақаулықтарын анықтау және жою.

1.6. Электрқозғалтқыштардың қалай таңдалатындығын, техникалық қызмет

көрсетуді және ақаулықтарын анықтау сипаттау.


Модуль 2. Магнетизм және электромагнетизм
Оқыту нәтижесі:

Магнетизмнің негізгі принциптерін сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

2.1. Тоқ мен магниттік өрістер арасындағы өзара әрекетті, сонымен қатар,

өткізгіштерге арналған оң қол ережесін түсіндіру.

2.2. Генераторлардағы тоқ пен магнит өрістер арасындағы өзара әрекетті,

сонымен қатар, генераторларға арналған оң қол еежесін түсіндіру.

2.3. Қозғалтқыштардағы тоқ пен магнит өрістер арасындағы өзара әрекетті,

сонымен қатар, қозғалтқыштарға арналған оң қол еежесін түсіндіру.
Модуль 3. Қозғалтқыштар және генераторлар
Оқыту нәтижесі:

Тұрақты және ауыспалы тоқ қозғалтқыштарының және генераторлардың әртүрлі типтерінің жұмыс істеу принциптерін сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

3.1. Тұрақты тоқ қозғалтқыштарырың, генераторлардың және

электроқозғалтқыштардың әртүрлі типтері үшін жұмыс істеу

принциптерін және техникалық қызмет көрсетудің негізгі әдістерін

сипаттау.

3.2. Ауыспалы тоқ қозғалтқыштары, генераторлар мен

электрқозғалтқыштардың әртүрлі типтері үшін жұмыс істеу

принциптерін сипаттау.

3.3. Генераторлар мен қозғалтқыштар кестелерін түсіндіру және олар туралы

ақпаратты талқылау.

3.4. Қуат коэффициентін және зауыттардың қуат коэффициентін қалау

түзетуді түсіндіру.


Модуль 4. Трансформаторлар
Оқыту нәтижесі:

Трансформаторлардың жұмыс істеу принциптерін сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

4.1.Магниттік ағын принципін сипаттау.

4.2.Трансформаторлардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіру.

4.3.Трансформаторлар жұмысындағы шығындардың әртүрлі себептерін

түсіндіру.

4.4.Трансформаторларға техникалық қызмет көрсету процедурасын

сипаттау.
Модуль 5. Электр үлестіру желілері
Оқыту нәтижесі:

Электр үлестіру жүйесін сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

5.1. Электрмен қоректендіру жүйесінің кернеу түрлерін сипаттау.

5.2. Электр жабдықтың ғимаратта жұмыс істеуі және техникалық қызмет

көрсету үшін пайдаланылатын негізгі сұлбаларды сипаттау.

5.3. Электр үлестіру жүйесінің жеке компоненттерін сипаттау және олардың

функцияларын сипаттау.


Модуль 6. Бақылау-өлшеу жүйесіне кіріспе
Оқыту нәтижесі:

Жабдықтың бақылау-өлшеу жүйесінің жалпы тағайындалуын және функцияларын сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

6.1. Басқару контурын және оның компоненттерінің функцияларын сипаттау.

6.2. Сигналды тарату жүйелерінің әртүрлі типтерін сипаттау.

6.3. Құрылғылар үшін пайдаланылатын бақылау-өлшеу жүйесінің әртүрлі

типтері мен функцияларын атау, басқару контурларын қоспағанда.
Модуль 7. Басқару контурының негізгі компоненттері
Оқыту нәтижесі:

Трансмиттерлер, жазушы құрылғылар, контроллерлар мен басқару клапандарының негізгі түрлері мен функцияларын сипаттау.



Модуль тапсырмалары:

7.1. Пневматикалық датчик жұмысын және конструкциясын сипаттау.

7.2. Процесстік жазушы құрылғылардың негізгі түрлерін сипаттау.

7.3. Контроллерлар түрлерін атау және Әрбір типтің қолданылуын сипаттау.

7.4. Басқару клапандары конструкциясын сипаттау.
Модуль 8. Деңгейді өлшеу
Оқыту нәтижесі:

Қалтқы типті, барботаждау жүйелері деңгейін өлшеу аспаптарын, қорапты диаграмма мен деңгейдің ауыстырып-қосқыштарын қолдану және орнатуды талқылау.


Модуль тапсырмалары:

8.1. Қалтқыларды пайдалана отырып деңгейді өлшеу процедурасына

арналған Архимед заңын қолдануды талқылау.

8.2. Қалтқылы және кабель типті өлшеу құрылғысын, сонымен қатар, қалтқы

типті құрылғыны және рулетка көмегімен графикалық көрсету және

сипаттау.

8.3. Ашық және жабық резервуарлар үшін құбыржолдың барботаж жүйесін

графикалық көрсету және сипаттау.

8.4. Қорапты диафрагманы деңгейді өлшеу жүйесінің түрі ретінде

графикалық көрсету және сипаттау.


Модуль 9. Қысымды өлшеу
Оқыту нәтижесі:

Манометрлер жұмысын және қолданылуын сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

9.1. Абсолютті, қатысты, вакууметриялық және атмосфералық қысымды

анықтау.

9.2. Спиральды және С-типті манометрлер және Бурдон түтікшесі бар

манометрлер жұмысын сипаттау.

9.3. Қысымды өлшеу үшін сильфондар мен диаграммаларды пайдалануды

сипаттау.

9.4. Абсолютті манометр жұмысын сипаттау, оның ішінде, барометр-

анероид.
Модуль 10. Температураны өлшеу бөліміне кіріспе
Өлшеу бөліміне кіріспе
Оқыту нәтижесі:

Жұмыс істеу және температураны өлшеудің қарапайым құрылғыларын қолдану принциптерін талқылау.



Модуль тапсырмалары:

10.1. Температураны өлшеудің екі шкаласы арасындағы қатынасты сипаттау.

10.2. Шыны таяқ термометрлердің әрекетін және қолданылуын сипаттау.

10.3. Биметалл термометрлердің әрекетін және қолданылуын сипаттау.

10.4. Толтырылған термикалық элементтердің әрекетін, қолданылуын және

топталуын сипаттау.

10.5. Термобудың әрекетін және қолданылуын сипаттау.

10.6. Кедергі термометрлерінің әрекетін және қолданылуын сипаттау.

10.7. Радиациялық пирометрлердің әрекетін және қолданылуын сипаттау.
Модуль 11. Ағынды өлшеу – өлшеу диафрагмасы
Оқыту нәтижесі:

Өлшеу диафрагмасының тағайындалуын талқылау және диафрагмалардың негізгі таралған түрлерін сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

11.1. Дифференциальды қысым принципі бойынша шығын өлшегіштерді

қолдану теориясын тұжырымдау.

11.2. Өлшеу диафрагмаларының түрлері мен олардың қолданылуын

сипаттау.

11.3. Өлшеу диафрагмаларымен жұмыс істеу кезінде дәлдікті сақтау

мақсатында механикалық талаптарды талқылау.

11.4. Өлшеу диафрагмасы есебінен орын алатын құбыржолдағы қысымның

тұрақты шығындарын есептеу.
Модуль 12. Ағынды өлшеу – өлшеу диафрагмалары қондырғысы
Оқыту нәтижесі:

Өлшеу диафрагмасын орнату процедурасы сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

12.1. Ағын түзеткіштерінің себептері мен талаптарын сипаттау.

12.2. Манометрге бұрғыштар түрлері мен орналасуын сипаттау.

12.3. Клапанның сырғымалы пластинасын ауыстыру көмегімен қысым

астындағы өлшеу диафрагмаларын ауыстыру процедурасын сипаттау.
Модуль 13. Ағынды өлшеу – диафрагманың трансмиттерін орнату
Оқыту нәтижесі:

Техникалық қызмет көрсетуді талап етпейтін дәл жұмысты қамтамасыз ету үшін екінші элементтерді орнату талаптарын талқылау.


Модуль тапсырмалары:

13.1. Бу, сұйықтықтар мен газдардың ағынын өлшеуге арналған екінші

элементтерді орнату бойынша талаптарды көрсету.

13.2. Гидравликалық ысырма сұйықтығының тағайындалуын сипаттау.

13.3. Бу ағынын өлшеу үшін қолданылатын конденсациялық құмыра немесе

резервуарлардың функциясын түсіндіру.

13.4. Трансмиттерлерді қосуға арналған және магистральды құбыржолдың

қызмет етуіне арналған құбыржолдар түрлерін сипаттау.

13.5. Қысқы пайдаланымға дайындықты және өлшеу құбыржолдарын қосуды

талқылау.


Модуль 14. Ағынды өлшеу – жылдамдықты шығын өлшегіштер
Оқыту нәтижесі:

Әртүрлі жылдамдықты шығын өлшегіштер жұмысының негізгі принциптерін талқылау және олардың үрдістегі қажетті қолданысын көрсету.


Модуль тапсырмалары:

14.1. Жылдамдықтың құбыржол ауданына арақатыстығын белгілейтін ағын

теңдігін құрастыру.

14.2. Турбина, құйынды ағын, ультрадыбыстық, магниттік және массалық

шығын өлшегіштердің жұмыс істеуінің негізгі принципін сипаттау.
Модуль 15. Бағдарламаланатын логикалық контроллерлар
Оқыту нәтижесі:

Бағдарламалық логикалық контроллерлар (БЛК), олардың базалық функцияларын және міндеттер түрлерінің негізгі компоненттерін сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

15.1. Негізгі БЛК қолданылуын анықтау.

15.2. Дискретті деңгей үрдісін басқару процедурасын анықтау.

15.3. Бойлерді іске қосу операцияларының бірізділігін атау.

15.4. Операциялардың бірізділігі сұлбалары түріндегі технологиялық үрдіс

картасын түсіндіру.

15.5. Операциялардың бірізділігін реттейтін логикалық сұлбасын сипаттау.

15.6. Логикалық сұлбасын көмегімен БЛК қалай бағдарламаланатындығын

түсіндіру.
Модуль 16. Трансмиттер жұмысының негізгі принциптері
Оқыту нәтижесі:

Пневматикалық жән электронды таратқыштың жұмыс істеуінің негізгі приптерін талқылау.


Модуль тапсырмалары:

16.1. Пневматикалық таратқыш жұмысын сипаттау.

16.2. Электронды таратқыш жұмысының негізгі принципін сипаттау.

16.3. Электронды трансмиттер датчиктер жұмысының негізгі принципін

салыстыру.

16.4. Кірістің белгілі шамасы бойынша таратқыш шығысының өнімділігін

есептеу.

16.5. Қысым түрлендіргіштерінің тағайындалуын түсіндіру – тоқ және тоқ

түрлердіргіштер – қысым.
Модуль 17. Пневматикалық реттегіштерге кіріспе
Оқыту нәтижесі:

Стандартты пневматикалық реттегіштердің принциптерін, терминологиясын және басқару режимдерін талқылау.


Модуль тапсырмалары:

17.1. Реттегіштер терминологиясын анықтау және басқарудың 4 негізгі

режимдерін атау.

17.2. «Қосылды-сөндірілді» типті басқару режимін сипаттау.

17.3. Пропорционалды реттеуді сипаттау және Тарамдалу, диапазон

пропорционалдығы, үдеу коэффициентті ұғымдарын түсіндіру.

17.4. Интегралды немесе пропорционалды реттеуді сипаттау.

17.5. Дифференциальды немесе изодромды реттеуді сипаттау.

17.6. Автоматты/қол тарату станциясының функциялары мен жұмысын

сипаттау.


Модуль 18. Электронды құрылғылар
Оқыту нәтижесі:

Өлшеулерді басқару және орындау үшін электронды құрылғылардың қолданылуын талқылау.


Модуль тапсырмалары:

18.1. Аналогтық және сандық электронды құрылғылар арасындағы іргелі

айырмашылықты түсіндіру.

18.2. Электронды трансмиттер компоненттерін графикалық көрсету және

сипаттау.

18.3. Электронды трансмиттер жұмысының негізгі принциптерін сипаттау

және стандартты трансмиттерлермен қатар оның артықшылықтары мен

кемшіліктерін түсіндіру.

18.4. HART протоколдың негізгі принциптерін сипаттау.

18.5. Ағынды өлшеудің қарапайым электронды жүйесінің компоненттерін

сипаттау.

Модуль 19. электронды және пневматикалық бақылау жүйелері
Оқыту нәтижесі:

Электронды және пневматикалық бақылау-өлшеу құрылғыларын бақылаудың стандартты өнеркәсіптік жүйелерімен салыстыру.


Модуль тапсырмалары:

19.1. Реттеудің пневматикалық жүйесін орнату үшін талап етілетін жабдық

пен компоненттерді графикалық көрсету және сипаттау.

19.2. Электронды бақылау-өлшеу жүйесінің жабдығы мен компоненттерін

графикалық көрсету және сипаттау.

19.3. Пневматикалық электронды бақылау-өлшеу жүйесінің

артықшылықтары мен кемшіліутерін сипаттау.
Модуль 20. Үрдістік басқарудағы компьютер I
Оқыту нәтижесі:

Үрдістік басқару саласындағы компьютерлер рөлін түсіндіру, компьютер компоненттері мен архитектурасын және тілдің қолданылуын сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

20.1. Компьютердің тарихи эволюциясын және «компьютер» ұғымын

анықтауға арналған критерийлерді сипаттау.

20.2. Компьютер архитектурасы мен компьютер компоненттерін анықтау

және сипаттау.

20.3. Компьютер көмегімен міндеттер орындау үшін бағдарламалық

қамтамасыздықтың қолданылуын сипаттау.

20.4. Өнеркәсіп, технологиялық бақылауға арналған компьютердің

қолданбалы бағдарламаларын атау.
Модуль 21. Судағы қоспалар және өңдеу кіріспе
Оқыту нәтижесі:

Судың су көздерін, ластаулар, қоспалар мен тазарту қондырғыларын сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

21.1. Жер асты және жер бетіндегі су көздері, деминерализациялау жүйесі

мен мұздын еру жүйесін сипаттау.

21.2. Су беру қондырғыларындағы таралған қоспаларды атау.

21.3. Ластануларды жоюдың тазарту қондырғылары жүйесін сипаттау.
Модуль 22. Ауыз суын тазарту
Оқыту нәтижесі:

Ауыз суын тазарту жүйесін сипаттау.



Модуль тапсырмалары:

22.1. Тазарту, зарарсыздандыру және дезинфекциялау процедураларын

сипаттау.

22.2. Дезинфекциялаудың әртүрлі әдістерін сипаттау.

22.3. Хлорлау процедурасын сыну нүктесіне дейін сипаттау.

22.4. Өнеркәсіптік және тұрмыстық сумен қамту көздерін хлорлау үрдісін

талқылау.
Модуль 23. Коректендірудің үздіксіз көздері
Оқыту нәтижесі:

Қоректендірудің үздіксіз көзінің (ҚҮК) функциясы мен жұмыс істеу принципін талқылау.


Модуль тапсырмалары:

23.1. Қоректендірудің үздіксіз көзінің негізгі компоненттерін атау.

23.2. Қоректендірудің үздіксіз көзі электрмен қамтудағы үзілістер кезінде

қуатты ауыспалы реттеудің тұрақты берілісін қалай қамтамасыз

ететіндігін талқылау.

23.3. Қоректендірудің үздіксіз көзі жұмысына тәуелді қондырғыдағы

критикалық жабдықты көрсету.
Модуль 24. Коррозия механизмі
Оқыту нәтижесі:

Өндірістік жабдықты зақымдайтын коррозияның ең көп таралған түрлерін сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

24.1. Электрохимиялық коррозияның пайда болуының себебі болып

табылатын негізгі шарттарды сипаттау.

24.2. Атмосфералық коррозияның үш түрін сипаттау.

24.3. Жер асты конструкцияларын қорғау үшін қойылған тоқтың қалай

қолданылатындығын сипаттау.

24.4. Коррозияның артуына ықпал ететін бактериялардың үш түрін анықтау

және Олардың көбею шарттарын сипаттау.

24.5. Кернеу астындағы құбыржолдардың коррозиялық жарылуымен

байланысты қауіпті анықтау.

24.6. Деструктивті гидрогенизациядан туындаған коррозияның үш түрін

сипаттау.

24.7. Кернеу астындағы құбыржолдардың коррозиялық жарылуының

(сульфидті және хлоридті) екі формалары жылдамдығына әсер ететін

факторларды анықтау.

24.8. Қазанның ішкі қабырғалары коррозиясының негізгі түрлерін сипаттау.



Модуль 25. Коррозиядан қорғаныс
Оқыту нәтижесі:

Коррозиядан қорғау үшін өнеркәсіпте қолданылатын ең көп таралған әдістерді сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

25.1. Электрохимиялық қатарды талқылау.

25.2. Сыртқы шарттардан туындаған ағын жылдамдықтарының, сутек

көрсеткішінің, температураның, оттегі мөлшерінің, микроағзалар мен

ерітілген заттардың коррозия жылдамдығына әсерін талқылау.

25.3. Коррозияны баяулатқыш әрекеті процедурасының әдістерін талқылау.

25.4. Катодтық қорғаныс, қажетті тоқты өндіруге арналған протекторлық

және гальваникалық анодтарды жоятын жүйені талқылау.

25.5. Қойылған тоғы бар катодтық қорғаныс жүйесін және оның дұрыс

қосылуының маңыздылығын және қызмет етуін сипаттау.

25.6. Құбыржолдың жерге қосушы негіздерінің әртүрлі түрлерінің

тағайындалуын сипаттау.

25.7. Абразивті үйкелуді, сутекпен зақымдау және қазандарда нүктелі

коррозияның пайда болуының алдын-алу әдістерін талқылау.

25.8. Хлорлы ортада кернеу астындағы тоттанбайтын болаттан жасалған

құбыржолдардың коррозиялық жарылу мәселесін және құбыржолды

амин ортасындағы кернеу астындағы коррозиялық жарылудан қалай

қорғауды талқылау.

25.9. Қазандардағы сілтілі жарылу қалай пайда болатындығын және

қабылдануы тиіс сақтандыру шараларын түсіндіру.


Модуль 26. Коррозияны бақылау
Оқыту нәтижесі:

Коррозияны бақылау үшін өнеркәсіпте қолданылатын ең көп таралған әдістерді сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

26.1. Жабдықтың бірлігін көзбен қарау кезіндегі коррозиялық белсенділікті

сипаттау үшін қолданылатын стандартты терминдерді талқылау.

26.2. Коррозияны сынау үшін сынама үлгілерді жүйеге орнату себептерін

талқылау.

26.3. Коррозияны сынау үшін сынама үлгілер массасы жоғалған уақытта

жүйедегі коррозия жылдамдығын анықтау.

26.4. Электрожылытқыштың жұмысы мен қолданылуының және сызықты

поляризацияның коррозияға қарсы қорғанысының негізгі принциптерін

талқылау.

26.5. Сутекті зонд, ультрадыбыстық бақылау, радиографиялық бақылау,

магнитті дефектоскопия және түсті дефектоскопия принципін және

қолданылуын талқылау.

26.6. Коррозияны бақылау бағдарламасы үшін нақты жазбаны жүргізу

маңыздылығын талқылау.
Модуль 27. Негізгі экономикалық принциптер
Оқыту нәтижесі:

Технико-экономикалық көрсеткіштердің негізгі принциптерін сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

27.1. Бизнес операциялар экономикасына әсер ететін факторларды сипаттау.

27.2. Терминдерді түсіндіру: негізгі құралдар бірлігі, шығындар бабы, өтеу

кезеңі, амортизациялау, табыс.

27.3. Негізгі іскерлік шешімдерге сәйкес осы және болашақ құнын есептеу.
3. Оқыту әдістері:


  • Сыныптағы талқылаулар

  • Тапсырмалар мен тестілер

  • Өздік жұмыс

  • Дәріс

  • Зертханалық жұмыс


4. Оқыту ресурстары:

  • Электронды оқулықтар

  • Үлестірме материалдар


5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

5.1. Викерс, Өнеркәсіптік гидравлика бойынша нұсқаулық,

ISBN 978-0-9788022-0-2 (Vickers. Industrial Hydraulics Manual.

ISBN 978-0-9788022-0-2)

5.2. Мотт, Машина құрылысын жобалаудағы машиналар элементтері (CD-ден), ISBN 978-0-13-061885-6 (Mott, Machine Elements in Mechanical Design (w/CD). ISBN 978-0-13-061885-6)

5.3. Мотт., Сұйықтықтардың қолданбалы механикасы, ISBN 978-0-13-114680-8. (Mott. Applied Fluid Mechanics. ISBN 978-0-13-114680-8)

5.4. Вашингтон Кастом, СИ жүйесінде есептеулері бар техникалық математика негіздері, ISBN 978-1-256-71475-0 (Washington Custom. Basic Technical Mathematics w/Calculus SI Custom. ISBN 978-1-256-71475-0)

5.5. Гурак, Инженерлік-техникалық коммуникациялардың қысқаша нұсқаулығы, 2 басылым, ISBN 978-0-205-50039-0. (Gurak. Concise Guide to Technical Communication. 2nd Canadian Ed. ISBN 978-0-205-50039-0)

5.6. Смит, Технологиялық үрдісті автоматты басқару принциптері және

шешімдері, ISBN 978-0-471-43190-9 (Smith. Principles and Practice of

Automatic Process Control. ISBN 978-0-471-43190-9)

5.7. Левайс, Жобаларды басқару негіздері, ISBN 978-0-8144-1748-5 (Lewis.

Fundamentals of Project Management. ISBN 978-0-8144-1748-5)

5.8. Левайс, Жобаларды басқару негіздері, ISBN 978-0-8144-0879-7 (Lewis. Fundamentals of Project Management. ISBN 978-0-8144-0879-7)

5.9. Кирк, Уидом, Өлшеу аспаптары, ISBN 978-0-8269-3430-7 (Kirk/Weedon. Instrumentation. ISBN 978-0-8269-3430-7)

5.10. Кирк, Уидом, Өлшеу аспаптары, Жаттығулар жинағы, ISBN 978-0-

8269-3430-7 (Kirk/Weedon. Instrumentation Workbook. ISBN 978-0-8269-

3430-7)


5.11. Парк, Өлшеу аспаптарына беруге және басқаруға арналған

практикалық деректер. ISBN 978-0-7506-5797-6 (Park. Practical Data

Communications for Instrumentation and Control. ISBN 978-0-7506-

5797-6 )


5.12. Халаби, Интернетті маршруттау архитектурасы, ISBN 978-1-57870-233-

6 (Halabi. Internet Routing Architectures. ISBN 978-1-57870-233-6)

5.13. МакГроу Кастом, Термодинамикаға және жылу техникасына кіріспе.

ISBN 978-1-259-03422-0 (McGraw Custom. Introduction to

Thermodynamics and Heat Power. ISBN 978-1-259-03422-0)
6. Курстың бағалау жүйесі


Емтихандар

50 %

Тапсырмалар мен тестілер

10 %

Зертханалық емтихандар

30 %

Зертханалық тапсырмалар

10 %

Барлығы

100 %



Бағалар шкаласы



Пайызбен берілген баға

Әріппен берілген баға

Баллмен берілген баға

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0

Минималды өту баллы



0-49

F

0.0



ОҚУ ЖОСПАРЫ
Мамандықтар: Газ инжинирингі технологиялары

Біліктілігі: Мұнай, газ және химиялық үрдістерді өңдеу технигі


Оқу формасы: күндізгі

Оқудың нормативті мерзімі: 1жыл 10 ай



Базасы: жалпы орта білім


т.

Циклдар және оқу пәндері атаулары

Бақылау формалары

Оқу уақытының көлемі (сағ., кредит)

Емтихан, сынақ

Курстық жоба

Барлық сағаттар

Кредиттер саны

Олардың ішінде келесіге:

Курстар және семестрлер бойынша үлестіру

Теоретиялық сабақтар

Практикалық сабақтар

курс

семестр

30 апта

1

2

3

4

5




6

7

9

10

1

Жалпы гуманитарлық пәндер







640

16.0

400

240

1

1,2




Ағылшын тілі

Э




320

8.0

200

120

1

1,2




Кәсіби ағылшын тілі

Э




320

8.0

200

120

1

1,2

2

Жалпы кәсіби пәндер







640

16.0

430

210

1

1,2




Математика

Э




240

6.0

150

90

1

1,2




Физика

Э




160

4.0

100

60

1

1,2




Химия

Э




160

4.0

100

60

1

1,2




Мұнай-газ ісіне кіріспе

Э




80

2.0

80

-

1

1,2

3

Арнайы пәндер







420

18.0

140

280

2

3,4




Кәсіби пайдалану

Э




90

3.0

30

60

2

3




Қондырғы жабдығы

Э

КП

120

6.0

40

80

2

3,4




Қондырғы технологиясы

Э

КП

120

6.0

40

80

2

3,4




Көмекші жабдық/ Бақылау-өлшеу аспаптары

Э




90

3.0

30

60

2

4


4

Емтихандар







50



















Аралық емтихан







15



















Қорытынды емтихан







25



















Барлығы







1750

50.0













жүктеу 2,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау