Білім беру бағдарламасы 6В07201 (5В072700) «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»


Сүт өнімділігіне әсер ететін жағдайлар



жүктеу 170,13 Kb.
бет17/30
Дата28.02.2022
өлшемі170,13 Kb.
#37665
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Динара Рақым диплом ЖІБЕРУ 111

2.4 Сүт өнімділігіне әсер ететін жағдайлар
Сүттілікке бірнеше жағдайлар әсер етеді, олар: тұқымы, тұқымдылығы, азығы, күтіп-бағылуы, жасы, суалу мерзімі, сервис кезеңі, ауа райы, жыл мезгілі, бірінші рет қашырылу жасы мен тірі салмағы және т.б.

Тұмса сиырлардың бірінші бұзаулау жасының олардың сүт өнімділіктеріне тигізетін әсерлерін бұрынғы кеңес өкіметі аумағында да, шет елдерде де арнайы эксперименттер жасау арқылы, сонымен қатар алдыңғы қатарлы шаруашылықтар тәжірибесін талдау арқылы да зерттеген. Д. Н. Пак, И. С. Новикова және А. В. Шаталовтардың жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарында 27 айлығына дейін бұзаулаған алатау тұқымды сиырлардан 5718 кг сүт сауылған, ол бірінші рет 30 айлығынан бұзаулаған сиырлардың осындай көрсеткіштерінен 632 кг артық.

Дмитриев Н.Г. [8] өз зерттеуінде төменгі деңгейде азықтандырылып өсіріліп 24-айлықтарында бұзаулаған сиырлардың сүт өнімділіктері қалыпты деңгейде азықтандырылған сиырлардың сүттіліктерінен кем болғандығын көрсеткен.

Әлемнің көптеген елдерінде сүтті бағыттағы ірі қара шаруашылығы сиырлардың сүт өнімділігін жоғарылату бір мезгілде сиырлардың мал басы санын қысқартумен қатар дамуда. Мал шаруашылығы жоғары деңгейде дамыған көптеген елдерде (Голландия, Швеция, Дания және т.б.) сиырлардың жылдық сүттілігі 7000 кг-нан асып жығылады, ал Израильде бұл көрсеткіш 11000 кг-нан жоғары. АҚШ та сиырлардың сүттілігі 9000 кг-нан жоғары. Сиырлардың сүт өнімділіктерін арттырудың негізгі шарттарының арасында, азықтандыру жағдайларын жақсартумен қатар ұрықтандыру кезеңінде аса құнды тұқымдық бұқаларды пайдалану да тұр.

Сиырдың сауын маусымындағы сүттілігінің көлемі сервис-кезеңінің ұзақтығына байланысты болады. Келесі буаздық неғұрлым ерте басталса, сауын маусымы соғұрлым қысқа болады да жетіліп келе жатқан төлдің сүт секрециясына тежеуіш әсері айқындала түседі. Алайда, жақсы күтіп бағу, азықтандыру жағдайында буаздық сүттілікті айтарлықтай төмендетпейді. Интенсивті сүтті ірі қарамал шаруашылығы жағдайында сиырларды бұзаулағаннан кейінгі бірінші күйге келген уақытында және екінші күйге келген уақытынан кешеуілтпей ұрықтандыру ұсынылады. Себебі, ұрықтандыруды 80-90 күннен кешеуілдету көпшілік жағдайда қысырлыққа әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, жыл сайын кешеуілдетіп ұрықтандыру салдарынан сиырлардың ғұмырлық бұзаулаулары мен жалпы сауылатын сүт көлемі кеми түседі. Сервис-кезеңнің ұзақтығының қысқаруы – шаруашылықтардағы төл түсімін ғана көбейтіп қоймай, сонымен қатар сиырлардың сүттілігін де арттыра түседі.

Қазіргі, ауыл шаруашылығы малдарын жеделдете жетілдіруді талап ететін заманауй мақсаттар аясында селекционер асылдандыру жұмыстарын тек жеке малдар мен олардың туыстас топтарымен ғана шектеп қоймауы керек. Зауыттық табындардың генетикалық параметрлерін бағалау тұқымның келешекте жетілдірілуін негіздей отырып жоспарлауға мүмкіндік береді. Ұзақ жылдар бойы мақсатты сұрыптаулар жүргізу де сондай ақ табынның кейбір параметрлерінің өзгеруіне едәуір әсерін тигізуі мүмкін. Бірінші реттік құжаттардың сенімділігі мен сүт өнімділігін бақылаудың дәлдігі, әсіресе сауылған сүт көлемі мен оның құрамындағы май мен белоктың мөлшері − объективті баға берудің ең қажет шарттары болып табылады.

Қазіргі уақытта ірі қара мал шаруашылығының негізгі мәселесінің бірі генетикалық ресурстарды неғұрлым толығырақ пайдалану. Себебі, мал шаруашылығының бұл саласының өнімділік көрсеткіштерін жоғарылату мәні тұқымға жүктеледі. Өнімділіктің кем дегенде 25% деңгейі генетикалық шарттастырылғандығы анықталған. Сүтті ірі қара шаруашылығының келешекте дамуы машинамен саууға бейімдетілген, жоғары сүт өнімділік көрсеткіштерін көрсету мүмкіншілігі бар, жақсы асыл тұқымдық қасиеттері бар малдарды өсіруді талап етеді.

Соңғы жылдары Германияда өсірілетін ірі қара тұқымдарының көпшілігінің бірінші бұзаулау жасы отыз айдан жоғары жасты құрайды.

М.А. Кинеевтің мәліметінде қырдың қызыл тұқымының тайыншаларын өсірудің интенсивтілігін арттырғанда, 25-27 айлықтарында бұзаулаған сиырлардың сүттіліктері 3433-6449 кг құрап 33-35 айлықтарында бірінші бұзаулаған сиырлардың осындай көрсеткіштерінен анағұрлым жоғары болғандығы атап өтіледі.

Жануарларды өндірістік жағдайда пайдаланғанда оларға белгілі бір талаптар қойылады. Селекционерлердің алдына өнімділігі жоғары, конституциялары берік, экстерьерлік кемшіліктері жоқ мал шығару мақсаты қойылады. Торлы еденде ұстауға жарамды болуды қамтамасыз ететін сирақтарының мықтылығына, жоғары көбейгіштік қабілетіне, сүт сауудың дамыған технологиялық жабдықтарына жарамдылығына, ауруларға төтеп бергіштігіне, қорада үлкен топтармен ұстау үшін жоғарғы жүйке жүйесінің күшті-ұстамды типтеріне, азықты өнімділігімен өтеуіне аса көңіл аударылады.

Қараала, қырдың қызылы, кострома, алатау тұқымдарына жүргізілген көптеген зерттеулер желіндері тегене тәрізді формалы сиырлардың сүттіліктері дөңгелек және ешкі желіні тәріздес сиырлардың сүттілігінен едәуір жоғары екендігін көрсетеді.

Желіндері тегене тәріздес жануарлар желін бөліктерінің тепе-тең дамуымен және сүт беру екпіндерінің жоғары болуларымен сипатталады.

Сиырларға селекцияны машинамен саууға жарамдылығы бойынша жүргізген жағдайларда, отандық сүтті бағыттағы тұқымдардың көрсеткіштері өндірістік кешен құру үшін қойылатын барлық талаптарға сай келеді.

Қарқынды технологияларды ауыл шаруашылығындағы барлық өндірістерге енгізу, өндірілетін өніммен қатар оның және шикізаттың сапасын да жақсартуды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл мәселеге қол жеткізу малдардың өнімділігіне әсер ететін барлық сыртқы орта мен генетикалық факторларын ескерген жағдайда мүмкін болады. Бұл өз кезегінде негізін қойылатын талаптарға сай малдарды сұрыптау мен өсіру құрайтын мақсатты түрде негізделген селекциялық бағдарлама құруды талап етеді.

Ш.Д.Дәленов, Ж.К.Кәрімов, Б.Ысқақбаев, М. Әбдірайымов, Ж.Сүленов, А.Бекхожин, Ә.Әлентаев, Л.Бөпебаева, А.Төреханов, Д.Айтмұхаметов, С.Сатығұл, Пшембаев К., Қ.Исабеков, Онгарбаев Т.А., Мырзақұлов С.М., Бекбосынов Қ.Р., Л.И. Назаренко, Е.А. Чиндалиев, Н.С. Бодуновская, Н.Н. Ан, Юсупов А.К. өз зерттеулері нәтижелерінде сүттің құрамы да, оның мөлшері де көптеген жағдайларға байланысты, ал олардың ішіндегі ең маңыздылары: тұқымқуалаушылық, азықтандыру, күту жағдайлары, бұзаулаған маусымы, сауын маусымы, сауын және суалу маусымының ұзақтығы және тағы басқа генетикалық немесе паратиптік факторлар деген тұжырымдар жасайды.

Сүтті ірі қараны асылдандыру барысында ертеректе тек сүттің көлемі мен майлылығын ғана ескертетін еді. Бірақ қазіргі технологиялар дамыған уақыттың талаптарына сай сиырлардың өнімділігін жан-жақты бағалауға бұл жеткіліксіз. Осыған байланысты, қазіргі уақытта сүтті сиырлардың селекциясында оның бағдарламаларына байланысты дәстүрлі белгілердің қатарына сүт құрамындағы белок пен лактозаның мөлшері, құрғақ заттың, СҚМҚ, май мен белоктың көлемі секілді белгілер қосылды.



жүктеу 170,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау