Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
160
• селқостық танытатын оқытуға емес, белсенді оқытуға және
студенттердің іс-әрекетіне назар аудару. Бірлесіп оқыту, із-
деніс-зерттеу жұмыстары негізінде оқыту, шынайы кәсіби
ортада оқыту, эмпирикалық оқыту сияқты белсенді оқыту
тәсілдері білім алушылардың оқыту үдерісіне неғұрлым то-
лықтай енуіне септігін тигізеді;
• «Төңкерілген оқыту» технологиясын қолдану, онда студент-
тер онлайн-сессия алдында
берілген материалды оқиды,
ал сессияның өзі материалды және студенттердің қойған
сұрақтарын талқылауға арналады;
• студенттерге берілетін курс мазмұнын шағын «тез
игерілетін» бөліктерге бөлу арқылы оқу үдерісінің тиімділі-
гін арттыру (мысалы қысқа бейнеролик немесе аудиома-
териалдар, әр фрагменттің соңында негізгі ойларды қоры-
тындылау және бөліп беру);
• онлайн-оқытуда көзбе-көз «тірі» қарым-қатынас жетіспей-
ді. Оқу мазмұнын интерактивті ете отырып,
сіз студент-
теріңізге курсыңыздан көбірек пайда алуға және олардың
қызығушылығын айтарлықтай арттыруға көмектесесіз;
• студенттер үшін қауымдастық құру. Мысалы әлеуметтік
желілерде форумдар, блогтар немесе топ ұйымдастыру.
Студенттердің өзара бірлесіп жұмыс істеуіне ықпал ету (фа-
силитация) олардың курсқа қызығушылық танытуын және
табысты болуын едәуір арттырады. Студенттердің постта-
рына жауап беру, сұрақ қою, студенттерді өз курстастарын
толғандыратын сұрақтарды қоюға шақыру,
электрондық
поштасына жаңалықтарды, сілтемелер немесе хабарланды-
руларды жіберіп отыру арқылы өзіңізге курстың белсенді
қатысушысы болуды қамтамасыз етіңіз;
• студенттердің сабаққа қатысуы және сабақ кезінде не
тиімді екенін анықтау үшін онлайн-сабақтарда орын алған
жағдайларға бағалау жүргізу. Бұл онлайн ортада
пайдала-
нылатын құралдарды және олардың студенттердің сабаққа
қатысуы мен оқуына әсерін сыни бағалауды қамтиды;
• орындалған тапсырмалар бойынша уақтылы формативті
және жиынтық кері байланыс беру студенттерге кері бай-
ланысты келесі тапсырмаларды жақсарту үшін пайдала-
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
161
нуға мүмкіндік береді. Үлкен сыныптарда кері байланысты
қамтамасыз ету қиын.
• орындалған тапсырмалар бойынша уақтылы қалыптасты-
рушы және жиынтық кері байланыс беру студенттерге ке-
лесі тапсырмаларды жақсы орындау үшін кері байланысты
пайдалануға мүмкіндік береді. Үлкен аудиторияларда кері
байланысты қамтамасыз ету қиын, бірақ жүзеге асыруға
болады. Жақсы ойластырылған айдарлар студенттердің жұ-
мысын бағыттап отыруға көмектеседі және оқытушыларға
айдарға тікелей байланысты пікірлер жазуға жәрдем береді.
Жоғары білім беру бойынша онлайн оқыту және аралас оқы-
тудың «Quality Matters»
116
сапа стандарттарымен студенттерге курс
туралы ақпарат берген кезде мына тармақтарға ерекше назар ау-
дарылады:
• курсты қайдан және неден бастау керектігі туралы, курс ту-
ралы жазылған пікірлерді қайдан табуға болатындығы ту-
ралы
нақты нұсқаулар;
• білім алушыларды курстың мақсатымен, құрылымымен та-
ныстыру;
• онлайн-пікірталасқа қатысу туралы болжалдың нақты си-
паттамасы. Электрондық поштаны және өзара әрекеттесу-
дің басқа нысандарын нақты көрсету;
• сақталуы қажет курс саясаты мен осы білім беру мекемесін
сипаттайтын кодекстің ғаламтор-сілтемесіне нақты сипат-
тама жасау және ұсыну;
• курста оқу үшін ең төменгі технологиялық талаптарды көр-
сету және осы технологияларды қалай сатып алуға бола-
тындығы
туралы ақпарат беру;
• компьютермен жұмыс істеу дағдыларын және білім алушы-
дан күтілетін цифрлық сауаттылыққа қатысты дағдыларды
көрсету;
• оқу пәнінің алғы деректемелері туралы болжалдарды көрсету;
• оқытушының өзін-өзі кәсіби тұрғыдан таныстыруы ту-
ралы ақпараттың онлайн режимде қолжетімді болуын
қамтамасыз ету.
116
https://www.qualitymatters.org/sites/default/files/PDFs/StandardsfromtheQMHigherEducationRubric.pdf
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
162
Достарыңызбен бөлісу: