Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



жүктеу 1,96 Mb.
Pdf просмотр
бет60/135
Дата19.09.2022
өлшемі1,96 Mb.
#39329
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   135
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu kaz-na-pechat

Тапсырманы тапсыру
Бұл кезеңде студенттер орындалған тапсырманы өткізгендігі ту-
ралы белгі немесе кері байланысты алу үшін тапсырманы тиісті адамға 
өткізеді. Тапсырма қағаз түрінде немесе электронды түрде (жұмысты 
электронды түрде өткізу) тапсырылуы мүмкін. Орындалған тапсыр-
маны алу жүйесі жұмыстың тапсырылғанын немесе таныстырылым-
ның (тұсаукесер) не болмаса би билеп беру сияқты өтпелі сипаттағы 
тапсырманың нақты түрде орындалғанын көрсетеді.
Үрдіс тапсырманы тапсыру мерзімінің сақталуын қамтамасыз 
ету үшін жасалған. Бұл барлық студенттерге тапсырманы орын-
дауға бірдей уақыт берілуін қамтамасыз етеді. Нақты мерзімдер 
қызметкерлердің жұмыс жүктемесін басқаруға да көмектеседі. 
Кейбір университеттер оқушының кім екендігін жасыруды бағалау 
үрдісінде әділеттілікті қамтамасыз етудің маңызды құралы ретінде 
қарастырады. Ал иесі жасырын тапсырмаларды тексеру уақытты 
үнемдеуі және болашақта қиындықтарды шешудің күрделі болуы-
ның алдын алуы мүмкін.
Бағалау және кері байланыс
Бағалаудың өмірлік циклінің осы маңызды кезеңінде бағалау 
мен кері байланыс жасай отырып, студенттің жұмысы алдын-ала 
анықталған ережелер бойынша бағаланады. Кері байланыс пен 
бағалау жеке нысан болып табылады және түрлі мақсаттарға қы-
змет етеді. Кейбір жағдайларда бағалау таза формативті болуы 
мүмкін, ал кері байланыс ешқандай бағалаусыз беріледі. Өмірлік 
циклдің осы кезеңінің негізгі мақсаттары:
• бағалау критерийлеріне сәйкес орындалған тапсырманы 
бағалау;


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
114
• студенттің ұзақ мерзімді дамуына көмектесу үшін кері бай-
ланыс жасау.
Осы тапсырмаларды орындау үшін қолданылатын үрдістер 
төмендегідей екі мақсатты ескере отырып жасалған:
• әр студенттің жұмысын әділ бағалауды қамтамасыз ету;
• білім алушылардың әртүрлі тобына белгілі бір тәсілді ке-
зекпен қолдану реттілігін қамтамасыз ету.
Жоғары білім беру саласында сапаны қамтамасыз етудің ішкі 
үрдістері нақты бір тапсырманы бағалау мен кері байланыс жасау-
ды белгілі бір форматта жүргізуді талап етуі мүмкін. Мұндай үдері-
стердің негізгі белгілері:
• бағалаудың белгілі бір тәсілін жүйелі қолдану мақсатында 
бағалауды жүзеге асыратын бірнеше оқытушы арасында 
бағалау үдерісін реттеу;
• екі оқытушының бағалауды жүзеге асыруы немесе жекеле-
ген студенттердің жұмысын қосымша тексеру мақсатында, 
әсіресе маңыздылығы жоғары тапсырмаларды бағалау кезін-
де бағалау үрдісін қайтадан жүргізу.
Баға қою
Студенттер бағалау критерийлерімен салыстырып, баға қою 
үрдісін түсінуі қажет. Осылайша оларда алдағы уақытта ережелер 
туралы айқын түсінік қалыптасады. Олар, шын мәнінде, алған бал-
лдары неге не төмен емес және не жоғары емес екенін түсінулері 
тиіс. Бұл кезеңнің мақсаты әрбір қорытынды тапсырмаға белгілі бір 
баға беру болып табылады, ол білім алушының тапсырманы ережеге 
қаншалықты сәйкес дұрыс және күтілетін оқу нәтижелеріне сәйкес 
орындағанын білдіреді. Мұнда негізгі бағалау үдерісі сапаны бақы-
лаумен қамтамасыз етілуі маңызды. 

жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау