К І Р І С П Е
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
8
Сонымен бірге білім экономикасы ұлттық жоғары білім беру
жүйелерінің бәсекеге түсе алуына жағдай жасайды (Stromquist &
Monkman, 2014)
4
. Отандық жоғары оқу орындарының алдында
жергілікті нарықта да, әлемдік қоғамдастық деңгейінде де сұра-
нысқа ие бола алатындай білім беру қызметтері мен ғылыми өнім-
дерді ұсыну міндеті тұр. Осыған орай Мартин Карной «жаһандану
жағдайында мемлекеттерге білім берумен айналысуды талап ететін
қысым күшейеді. Жаһанданудың халықаралық экономикаға неғұр-
лым тығыз байланған елдер арасындағы бәсекелестіктің күшеюі,
жылдам коммуникация мен компьютерлік технологиялар, сон-
дай-ақ аймақтық немесе ұлттық тұрғыдан емес, барынша жаһан-
дыққа айналып жатқан бизнестің ойлау тәсілі есебінен тұрақты
түрде артып келе жатқан бәсекелестік» екенін айтады (Carnoy,
2016, 28-б.).
Бұл кітапта біз жоғары білім берудің заманауи рөлі туралы
пікірталас жасауға және Назарбаев Университетінің тәжірибесіне
негізделген жоғары білім берудің басты аспектілерін жақсартудың
кеңес, ұсыныстарын беруге тырыстық. 1-тарауда жоғары білім бе-
руге енгізілген өзгерістердің мәні ашылып, университеттердің за-
манауи үлгілері талқыланады және әлемдегі білім беру теңсіздігі
мәселелері қозғалады. 2-тарауда «білім беру құндылықтары», «жал-
пы құзыреттілік» және «негізгі құзыреттілік» ұғымдары анықтала-
ды. Аталған терминдерге жоғары білім беру тұрғысынан әдебиет
мәнмәтінінде талдау жасалады және олардың «ХХІ ғасырдың дағ-
дылары мен құзыреттері» (ЭЫДҰ, 2018) ұғымымен байланысы кел-
тіріледі. 3-тарауда қазіргі кездегі халықаралық университеттердегі
білім беру бағдарламалары мен курстарын әзірлеудің негізі болып
табылатын стратегиялық аспектілер, тұжырымдамалар және негіз-
гі қағидаттар ұсынылады. 4-тарауда заманауи университеттерде-
гі озық тәжірибеге негізделген бағалау тәсілдері қарастырылады.
5-тарауда бағдарламалар мен курстарды әзірлеу кезінде қолда-
нуға болатын оқыту мен білім беру стратегиялары қарастырыла-
ды. Аталмыш тарауда жоғары мектептегі білім берудің таңдаулы
тәсілдері мен заманауи әдістеріне ерекше назар аудара отырып,
4
Stromquist N. P. & Monkman, K. (2014). Defining Globalization and Assessing its Implications for
Knowledge and Education Revisited. In N. P. Stromquist & K. Monkman. (Eds.),
Globalization and Education:
Integration and Contestation across Cultures.
Lanham, MD: R&L Education
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
9
ең алдымен оқу және білім берудің мәселелерін курс деңгейінде
қарастырамыз. 6-тарау жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз
ету және арттыру мәселелеріне арналады. Біз Назарбаев Универ-
ситетінде білім беру сапасын қамтамасыз ету және арттыру жүй-
есін құрудағы өз тәжірибемізбен бөлісеміз, осы үдеріс барысында
қол жеткізген жетістігіміз бен тәжірибеміз туралы айтамыз. 7-та-
рау білім беру бағдарламасын басқару үдерістерін талқылайды.
Бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және тұрақты бақылау жүргізу
мен жақсартуды қоса алғанда білім беру бағдарламаларын басқару
үдерістерінің негізгі компоненттері, сондай-ақ сапаны қамтамасыз
етіп, арттырудың ішкі жүйесінің маңызды бөліктерін де құрайды.
Жалпы, кітаптың мазмұны жоғары білімнің теориялық және
тәжірибелік қырларын біріктіреді. Тәжірибеге бағдарланған та-
раулар (3-7-тараулар) Назарбаев Университетінің инновациялық
тәжірибесін ұсынады. Тараулардың мазмұны білім беру бағдар-
ламаларының түрлі аспектілерін ұйымдастырып әзірлеудің, білім
беру барысы мен бағалауды ұйымдастырудың нақты мысалдары-
на, сондай-ақ сапаны қамтамасыз ету мен арттыру жөніндегі ұсы-
нымдарға негізделген.
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
10
Достарыңызбен бөлісу: |