Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
26
(ECTS) көрсете алу мүмкіндігіне, сондай-ақ институттардың да,
түлектердің де халықаралық дәрежеде бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз ету үшін білім беру бағдарламасын интернационал-
дандыруға бағытталған.
Дәстүрлі білім беру тарихының
аясына енбейтін білім беру
үрдісіндегі
(4)
үздіксіз білім беру кезінде жоғары білім беруден,
сондай-ақ бейресми оқытудан тыс қол жетерліктей білім беру
жетістіктерінен тұратын презентациялар
мен сертификаттаудың
жаңа жүйелері қажет. Университтер негізгі білім беру бағдарла-
масына қосымша оңтайлы үздіксіз білім беруді қарастыруы керек.
Жоғары білім беруді дамытудың қазіргі заманғы қарқынына
сай жасалған талдау мынадай қиындықтарды анықтауға мүмкіндік
береді:
Академиялық сапа мен жұмысқа орналасу мүмкіндігі арасын-
дағы байланыс әлі де анықтауды қажет етеді. Сол себепті мұндай
жұмысқа орналасу, академиялық емес талаптар және метатехни-
калық құзыреттердің нені білдіретінін айқындау өте маңызды.
Жұмысқа орналасу мүмкіндігі оқу курсына тәжірибенің жеке-
леген бөліктерінің кіріктірілуімен төмендемеуі тиіс. Керісінше бұл
университеттің білім беруін және оқытушылар мен студенттердің
кешенді іргелі және қолданбалы
зерттеулерге қатысуын бірік-
тіретін жүйелі түрдегі оқытуды қамтиды.
Көпфункционалды дағдылар (немесе негізгі дағдылар) қазірдің
өзінде ішінара жоғары білім арқылы беріледі. Білім беру үрдістері
оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерімен нығайтылуы керек. Оқы-
ту мен қалыптасқан дағдылардың неғұрлым нақтырақ анықталуы
қажет.
Зерттеу мен білім беру арасындағы бағалауда әлі де кездесетін
иерархияны жеңу қажет. Профессор-оқытушылар құрамының абы-
рой-беделі логикасында оқыту мен зерттеудің мәртебесі теңдей
дәрежеде болуы тиіс.
Ұйымдастырушылық тұрғысынан университеттер жаңа мақ-
сатты топтар үшін ашық болуы керек. Бұл,
біріншіден, жоғары
білімге, білім беру бағдарламаларына, диплом және сертификат-
тарға қол жетімділіктің оңтайлылығы мен жіктеліміне байланы-
сты. Дәстүрлі емес студенттердің жоғары білім алу үрдісіне қа-
тысуын арттыру үшін, отбасылық өмірді университеттегі оқумен
Назарбаев Университетінің
Жоғары білім беру мектебі
27
немесе жұмыспен, жоғары білім алумен үйлестіру үшін бұрынғы-
дан гөрі жақсы мүмкіндік беретін мықтырақ интеграция қажеттігі
туындайды.
Үздіксіз оқыту дегеніміз – өмірде жаңадан пайда болған, аздап
біртектес режимдердің нәтижесі болып табылатын жеке оқыту жол-
дарына қатысты ұғым. Сонымен қатар жоғары білім жеке тұлғаға
әртүрлі оқыту жолдарын ұсынуы керек. Ол үшін ресми және бей-
ресми білім беру жетістіктерін айқындау тәсілдерін анықтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: