Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



жүктеу 1,96 Mb.
Pdf просмотр
бет104/135
Дата19.09.2022
өлшемі1,96 Mb.
#39329
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   135
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu kaz-na-pechat

Бағдарламаның атауы мен коды:
Бағдарлама 
жетекшісі:
Қабылданған 
студенттер саны:
Шолудың негізгі тармақтары
Пікірлер/
Ой-толғамдар
Белгіленген/
орындалған іс-шаралар 
Алдыңғы жылға берілген есепте көтеріл-
ген сұрақтарға жауап
Бағдарлама туралы мәліметтер
129 
Студенттердің бағдарлама бойынша 
оқыту нәтижелеріне және НУ түлек-
терінің атрибуттарына қол жеткізуі 
Бағдарлама барысында оқытуға, білім 
беруге және бағалауға қолданылған 
тәсілдердің тиімділігі
Бағдарламаға қатысты студенттердің 
көтерген негізгі мәселелері
19-кесте. 
Бағдарламаға жыл сайынғы бақылау жүргізу үлгісі (қысқартылған нұсқа)


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
183
БЖМ-ның мәні жыл сайынғы есеп берумен ғана шектелмейді. БЖБ 
білім беру бағдарламасының мәліметтері туралы оқытушылардың ана-
литикалық ойларын қамтуы тиіс. Осыған орай аталған үрдіске қолдау 
білдіру үшін жоғары оқу орындары деректерді басқарудың тұрақты ке-
шенді үрдістерін құруы маңызды болып табылады. Бағдарлама жетек-
шілері бағдарлама туралы мәліметтерді тұрақты түрде талқылап оты-
руы қажет. Демек, БЖБ – бағдарламаға талдау бірлігі ретінде қарайтын, 
бірақ көбінесе курс, мектеп/факультет және университет деңгейінде де 
өткізілетін кешенді іс-шара. Алайда бұл университеттің мазмұны мен 
миссиясына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
НУ-дың жыл сайынғы жүргізетін бақылауы көп сатылы үдеріс болып та-
былады. Ол бағдарламаға жыл сайын жүргізілетін бақылау бойынша есеп беру 
үшін қажетті деректерді қамтамасыз ететін курсқа шолу жасаудан басталады. 
Оқу сапасын арттыру жөніндегі факультет есебі бірнеше бағдарламаның ор-
тақ мәселелерін көрсетеді. Берілген есептерге қарап, бүкіл университетке та-
ратылатын ең үздік тәжірибенің мысалдарын анықтауға болады. Қорытынды 
кезең – «НУ сапаны арттыру жоспары» құжатын әзірлеу болып табылады. Ол 
институционалдық деңгейде оқыту сапасын жетілдірудің жаңа мақсаттарын 
белгілейді және академиялық қауымдастықты жаллпыуиниверситеттік сапа-
ны арттыру тақырыбын іске асыруға баса назар аударуға шақырады. Соңғы 
кездері университет студенттердің оқуда қол жеткізген нәтижелері туралы 
дәлелді деректерге назар аударуда. Өйткені бұл аспект көптеген аккредиттеу 
агенттіктері қызметінің негізгі фокусы болып саналады.
НУ-дың институционалдық зерттеулер мен аналитика жөніндегі тобы 
бағаларды үлестіру туралы есептер әзірлей отырып және қолда бар деректер 
көзін толықтыратын түрлі университеттік сауалнамалардың нәтижелерімен 
алмасу арқылы курстар мен бағдарламаларға жыл сайынғы бақылау жүргізу 
үрдісіне елеулі үлес қосады.
Бес жыл бұрынғы БЖБ-дың ең алғашқы кезеңіне көз жүгіртсек, біз оқы-
тушылардың оны қосымша «бюрократиялық ауыртпалық» ретінде ынтасыз 
қабылдағаны мен түсінгенінен бастап терең талқылауға әкелетін шынайы 
рефлексиялық тәжірибеге ұласқанына дейінгі даму кезеңін көре аламыз. НУ 
оқытушыларының сапаны арттыру үрдісіне қатысуы мен сапаны арттыру 
рәсімдерін ұстануы айтарлықтай өсті. 
НУ мектептері (факультеттері) аккредиттеуге даярлауда БЖБ-дың құн-
дылығын мойындады. Өйткені ол мектептердің жетістікке жетуін жүйелі түрде ой-
ластыруды, сонымен қатар оқыту тәжірибесін жақсарту бойынша ойластырылған 
іс-шаралар жоспарын дамытуда оқытушылардың зор үлес қосқанын білдіреді.
Кейбір қол жеткізген жетістіктерді мойындаумен қатар, біз әлі де жетіл-
діруіміз қажет белгілі бір аспектілер бар екенін мойындаймыз.


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
184

жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау