Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес



жүктеу 1,96 Mb.
Pdf просмотр
бет105/135
Дата19.09.2022
өлшемі1,96 Mb.
#39329
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   135
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu kaz-na-pechat

Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес
Жоғары оқу орындары бағдарламалар мен курстардың сапасын үнемі 
арттырып отыруды қамтамасыз етуі керек. Бұл оқытушыларды білім 
беру барысының жақсарту қажет тұстарын анықтауға ғана емес, со-
нымен қатар білім беру мен бағалаудың үздік тәжірибелерімен алмасуға 
да баса назар аударуға шақырады. Үрдіс оқытушылар құрамына қолдау 
білдіруді қамтамасыз етуге бағытталуы және оқу сапасын одан әрі 
жетілдіруге себепші болуы тиіс.  
Мерзімдік бағалау 
Мерзімдік бағалау (МБ) халықаралық және ұлттық норма-
тивтік құжаттардың индикаторларын пайдалана отырып, білім 
беру үдерісін циклдік бағалаудың (көбінесе төрт немесе бес жыл 
бойы) негізгі институционалдық тетігі болып табылады. МБ БЖБ 
үрдісі мен алдыңғы МБ нәтижесінде қабылданған іс-әрекеттердің 
тиімділігін бағалайды. Бұл бағалау осыған дейін тексерілген кафе-
драларды аккредиттеу стандарттарын сақтауға дайындауда пайда-
лы болады.
МБ бүкіл университет деңгейінде дәйекті және жүйелі болуы 
тиіс, ал оның саясаты мен рәсімдері барлық қызығушылық та-
нытқан тараптарға түсінікті болуы тиіс (ESG, 1.9 Стандарты). МБ 
жүргізу үрдісі құжаттарды мұқият тексеруге бағытталмай, қол-
дау білдіретін және құрылымдық сипатта болуы керек. Мерзімдік 
бағалау қарастырылып отырған кафедралардағы академиялық 
үрдістерді қалай жақсартуға болатындығы туралы ұсыныстарды 
қамтуы қажет. МБ-ға тартылған барлық қызығушылық тудырған 
тараптар кәсіби этика, ашықтық және объективтілік қағидаттарын 
ұстануы тиіс.
МБ төмендегі жайттарға көз жеткізу үшін жүргізіледі: 
• студенттер жоспарланған оқыту нәтижелеріне және бағдар-
ламада көрсетілген құзыреттерге қол жеткізеді;
• оқыту, білім беру және бағалау сапасы бенчмаркингке сәй-
кес келеді;


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
185
• студенттер мен оқытушылар ғылыми-зерттеу жұмыстары-
на қатысады;
• студенттерге лайықты түрде академиялық қолдау қызмет-
тері ұсынылады;
• одан әрі жетілдірілуі қажет және жақсы тәжірибесі бар са-
лалар анықталады.
БЖМ үрдісі тәрізді мерзімдік бағалау да сапа циклінің ажы-
рамас бөлігі болып табылады және мынадай кезеңдерден тұрады 
(19-суретті қараңыз):
1. Дайындық кезеңі мерзімдерді белгілеу, өзін-өзі бағалау-
ды жүргізу бойынша топ құру, сараптау комиссиясының 
мүшелерін іріктеу және міндеттерді бөліп беру жөніндегі 
іс-әрекеттерді қамтиды. МБ комиссиясының құрамында са-
рапшылар мен студенттердің өкілдері болуы тиіс. Кез кел-
ген шиеленісті мәселелердің алдын алу қажет. 
2. Өзін-өзі бағалау бойынша берілетін есеп бұрынғы өткен 
БЖМ-не жасалған шолуды және алдыңғы МБ ұсыныстарын, 
білім беру мен ғылыми жұмыстар жөніндегі пайымдаулар-
ды, сондай-ақ келесі МБ-ға арналған іс-қимыл жоспарын 
қамтуы мүмкін.
3. Кафедраға барған кезде (1-2 апта) комиссия мүшелері 
білім беру бағдарламасына, оқыту барысына, білім беру 
мен бағалауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу 
мүмкіндіктеріне, студенттерді қолдауға және білім беру 
үдерісінің басқа да аспектілеріне ерекше назар аудара оты-
рып, құжаттарды қарайды әрі оқытушылармен және сту-
денттермен кездеседі.
4. Комиссияның жасаған шолуы негізінде бағдарламаны одан 
әрі жетілдіру үшін есеп пен ұсыныстар дайындайды. МБ-
дан өткен кафедра есепті талқылайды және берілген ұсы-
ныстарға жауап ретінде іс-әрекет жоспарын дайындайды.
5. Іс-әрекет жоспарын іске асыру барысындағы ілгерілеу БЖБ 
шеңберінде қадағаланады деп болжануда.


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
186

жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау