Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес



жүктеу 1,96 Mb.
Pdf просмотр
бет107/135
Дата19.09.2022
өлшемі1,96 Mb.
#39329
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   135
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu kaz-na-pechat

Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес
Жоғары оқу орындары мақсаттар мен үрдістердің айқындылығын 
қамтамасыз ету мақсатында МБ саясаты мен рәсімдерін әзірлеуге 
оқытушыларды тарту мүмкіндігін қарастыра алады. Мерзімдік баға-
лауға қатысатын студенттер қоғамдастығының өкілдеріне кеңес беру 
жағынан қолдау көрсету ұсынылады. Университеттер үрдісті іске асыру 
кезінде пайдалы болуы мүмкін кейбір ресурстарға жүгінуі мүмкін
130
.


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
188
• аккредиттеу бойынша белгілі бір талаптарда көрсетілген 
сапа стандарттарына бағдарламалардың сәйкестігін қамта-
масыз ету үшін аккредиттеу;
• институционалдық аккредиттеу немесе институционалдық 
деңгейде сырттай бағалау;
• қолданылатын бағалау әдістерінің қатаңдығын қамтамасыз 
ету және академиялық адалдықты сақтау үшін сырттан са-
рапшылар тарту. Сырттан келген сарапшылар емтихан жұ-
мыстары мен диссертацияларды тексеріп, емтихан комис-
сиясының құрамына кіре алады.
Сырттан келген сарапшы ретінде әрекет ете алатындардың 
қатарына оқу пәндерінің сарапшылар, кәсіби қауымдастықтардың 
өкілдері, әлеуетті жұмыс берушілер, шақырылған баяндамашылар, 
шақырылған ғалымдар мен түлектер және басқа да қызығушылық 
танытқан тараптар кіре алады. Сырттан келетін сарапшылардың 
лайықты құзыреттері, жеткілікті білімі мен тәжірибесі болуы және 
мүдделерінің қайшылығы болмауы тиіс. Сырттан келетін сарапшы-
лардың рөлдері мен атқаратын қызметтерін таңдау, тағайындау 
және анықтау үрдісі университеттің тиісті ережелерінде немесе 
нормативтік құжаттарында нақты тұжырымдалуы қажет.
Сырттай бағалау сапаны алдағы уақытта одан әрі қалай арт-
тыруға болатындығы туралы ақпарат береді және «жақсартуды 
жылдамдатқыш ретінде әрекет ете алады және жоғары оқу орнына 
жаңа басымдық ұсына алады» (ESG, 1.10 стандарты). Үрдістің құн-
дылығы сырттан келген сарапшылардан кері байланыс алу емес, 
оған лайықты түрде көңіл аудару болып табылады. Білім беру 
бағдарламаларының басшылары және қызығушылық тудырған 
басқа да тараптар сарапшылардың ұсыныстарын шын мәнінде тал-
даудан өткізуге және оларға сәйкес әрекет етуге жәрдемдесуі, сон-
дай-ақ бағдарламаны тексеруде табыстылығына бақылау жүргізуді 
қамтамасыз етуі тиіс.


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
189
НУ-дың сырттай бағалау саясатына сәйкес онда сырттай бағалаудың 
әртүрлі үлгілері (әдістері) сәтті қолданылады. Осы саясатқа сәйкес жаңа 
білім беру бағдарламаларын ашу жөніндегі ұсыныстар мен бағдарламаға ен-
гізілетін негізгі өзгертулер халықаралық деңгейде салыстырылып, аталған 
пән саласындағы сырттан келетін сарапшылардың қарауына алынып, тиісті 
түрде сәйкестендірілуі тиіс. НУ-дың кейбір мектептері (факультеттер) өз-
дерінің бағалау тәжірибесінің тиімділігі мен тұтастығын тексеру үшін сырт-
тан сарапшылар тартады. 
НУ Еуропалық Университеттер Қауымдастығының институционалдық 
бағалау бағдарламасы (Institutional Evaluation Programme) шеңберінде баға-
лаудан университет деңгейінде 2017 жылы және кезекті бағалаудан 2019 
жылы өтті. Бағалау ESG стандарттарына сәйкес болуды қамтамасыз етуге 
негізделді. НУ-дың оқыту сапасын қамтамасыз етудегі ішкі және сыртқы үрді-
стері және академиялық қоғамдастық пен студенттерге білім беруді жақсар-
туға деген айтарлықтай ұмтылысы айрықша атап өтілді. ИББ білім беру сапа-
сын қамтамасыз ету және арттыру жүйесінің түгелдей жан-жақты қамтуына 
және білім беру үдерісін ғана емес, сонымен қатар ғылыми қызметті, страте-
гиялық басқару мен әкімшілік басқаруды да қамтуына кеңес берді.
Институционалдық бағалауға қосымша, НУ-дың кейбір мектептері 
өздерінің білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден сәтті өткізді. Мем-
лекеттік басқару және мемлекеттік саясат саласындағы магистрлік бағдар-
ламаларды EAPAA (Мемлекеттік басқару саласындағы бағдарламаларды 
аккредиттеу жөніндегі Еуропалық қауымдастық) агенттігі аккредиттеген. 
НУ-дың Foundation даярлық мектебінің бір жылдық қарқынды бағдарлама-
сын («Академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілі» бағдарламасы) 
Британдық ағылшын тілі мұғалімдерінің академиялық мақсаттарға арналған 
қауымдастығы (BALEAP) аккредиттеді.
НУ-дың басқа бағдарламаларының көпшілігі аккредиттеу талаптарына 
сәйкестіктен өту және өзін-өзі көрсету бойынша іс-шаралар өткізу арқылы ак-
кредиттеуге дайындалуда. Университеттің келесі стратегиялық мақсаты – НУ-
дың халықаралық беделін арттыру үшін институционалдық аккредитация алу.

жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау