Форманы басып шығару
Интерфейс элементтері, графика, мәтін енгізілген форманы PrintForm әдісі (командасы) арқылы басып шығаруға болады. Оны код терезесіне енгізілген процедураға
FormK. PrintForm
түрінде енгізсе болғаны (К=1, 2, ... — форма нөмірі). PrintForm әдісі графикалық кескінді басып шығарудың қарапайым әдісі де.
Мысал. Формаға стандартты "Finish" суретін орналастырып, форманы басып шығару керек (Finish файлының адресі:
С:\Program Files\DevStudio\VB\wizards\Template\Finish).
1. Орталықты іске қосып, формада сурет кірістірілетін Picture1 өрісі мен Command1 басқару объектісін орнату.
2. Объект қасиеттеріне мән беру:
Объект
|
Қасиет
|
Меншіктелетін мән
|
Command1
|
Caption
|
БАСУ
|
Picture1
|
Picture
|
<Толық адрес>
|
Толық адресті Picture қасиетінің оң жағына (мән бөлігіне) енгізу үшін Properties терезесінен осы қасиетті екі рет шертіп, Load Picture терезесін ашу керек. Одан әрі
VB\wizards\Template\Finish
файлын екі рет шертсе болғаны. Формаға " Finish " суреті кірістіріліп қойылады.
3. БАСУ түймесін екі рет шертіп, ашылған код терезесіне
процедура енгізу:
Private Sub Command l_Ctick()
Form1. PrintForm
End Sub
4.Проектіні сақтау.
5. Принтерді дайындап, іске қосу командасын беру (Ғ5). Форма көрінеді (3.20-сурет).
3.20-сурет. Finish суреті енгізілген форма
6. Форманың БАСУ түймесін шерту. PrintForm әдісі формада көрініп тұрған барлық объектілерді басып шығарады.
Ескерту. Код терезесіне енгізілген программаны басып шығару қажет болса. File - Print командасын беру керек.
OLE технологиясы .
Элементтер панелінің OLE элементі аркылы формада орнатылған объектіге (OLE-объектісіне) Windows-та жұмыс істейтін қосымшалар белгішелерін орнатып, оларды формада бірден іске қосуға болады (OLE (Object Linking and Embedding - объектілерді қатарластыру және байланыстыру)). Мұндай технология OLE технологиясы делінеді, VB-ке оның OLE автоматтандыруы деп аталатын жеке түрі енгізілген. Мысалы, OLE- объектісін Word 97 мәтіндік редакторымен жұмыс істеуге пайдалану тәсілі:
1. Орталықтан жаңа форма ашу.
2. Формада OLE- объектісін орнату. Тышқан түймесі босатылған кезде қосымшалар тізімі енгізілген Объектіні кірістіру сұхбаттық терезесі көрінеді (3.21 - сурет).
3.21-сурет. Объектіні кірістіру терезесі
3. Тізімнен Документ Microsoft Word қатарын таңдап, Белгіше түрінде (В виде значка) жалаушасын орнату. Жалаушаның астыңғы қатарында Word белгішесі орнатылып қойылады.
4.Терезенің ОК түймесін шерту. Форма ашылып, оның OLE объектісі ішінде Word белгішесі көрінеді. Алғашқы рет бірден Word редакторы да іске қосылуы мүмкін.
5. Проектіні сақтау.
6. Іске қосу командасын беріп, көрінген форманың OLE объектісінде орналасқан Word белгішесін екі рет шерту. Word редакторы Іске косылады да. онымен әдеттегідей жұмыс істей беруге болады. Ашылған бетте құжатты толтырған соң оны сақтау үшін File — Сохранить копию как ... командасын беру керек.
Word терезесі жабылған кезде экранда форма қайта көрінеді.
Класс ұғымы
VB соңғы кездерде шыққан объектіге бағдарлы программалау (ОБП) тілін басшылыққа алып құрылған визуальды күрделі программалау тілі. ОБП тілінің бұрынғы программалау тілдерден ерекшелігі - ол обьект, класс принципінде құрылған. Класс - дайындалатын объект схемасы, мысалы, сұхбаттық терезелер жобасы. ОБП-да программаның тип (класс) сипаттамасында айнымалылар және олардың қасиеттері мен әдістерді қосып сипатталады. Программаға объект даналары мен ішкі иерархиялық (сәбилік) объектілердің сипатталуы енгізілуі де мүмкін. Олар класс және ішкі класс даналары делінеді. Класс пен ішкі класс объектілері бірнеше данадан тұратыны белгілі (мысалы, оқу орны, факультеттер мен кафедралар біреуден емес).
ОБП-да класс үшін мұрагерлік, инкапсуляция және полиморфизм принциптері енгізілген.
Мұрагерлік — программада негізгі класс типінің ішкі иерархиялық кластарда да сақталуы. Мысалы, оқу орны үшін негізгі класқа енгізілген класс типінің Atau : string сипаттамасы барлық ішкі кластарға тиісті.
Инкапсуляция - кластың берілгендері мен әдістерін біріктіріп, біртұтас түрінде қарастыру мүмкіндігі және оны басқа кластардың пайдалана алмауы. Мұндай класпен жұмыс істеу операторлары VB- те Private кілттік сөзі арқылы жазылған процедураға енгізіледі (инкапсуляция - қорап ішінде).
Полиморфизм - ішкі кластарға кейбір ерекшеліктерді қосу, өзгерту не алып тастау сияқты объектіні түрлі формада өзгерту мүмкіндігі. Мысалы, түрлі кластарға еніп, әр түрлі әрекеттерді орындайтын әдістерге бірдей атау беру мүмкіндігі полиморфизм делінеді (полиморфизм - көп формалық).
IV ТАРАУ. МОДУЛЬДІК ПРОЦЕДУРАЛАР
Қосымшаны (үлкен қолданбалы программаны) дайындау кезінде көптеген формалар мен оқиғаны өңдеу процедураларын пайдалануға тура келеді. Оларда кездесетін ішкі процедуралар мен айнымалылар бірдей болуы да мүмкін. Әр программаға қайта-қайта енгізбеу үшін әдетте оларды жеке бумаға (кітапханаға) жинақтап қояды.
Мұндай буманы стандартты модуль не программалық модуль деп атайды (Паскаль модулі сияқты).
Ескеретін жайт: информатикадағы каталог және бума ұғымдарының айырмашылығы шамалы. Каталогта түрлі файлдар мен басқа каталогтар да сақталады, әдетте, бумаға тек бір облыстық файлдар енгізіледі.
Visual Basic'тe жан-жақтылық (жалпыға бірдей тағайындалатын, глобальды) модульдік процедураны дайындау үшін арналған Module терезесі бар. Онда Function не Sub типті модульдік процедура құрып, проектінің Module атаулы бөлімінде жеке файл түрінде сақтап қойса болғаны (сақталған файлға .bas типі автоматты түрде қосылып қойылады).
Жалпыға бірдей процедура бір оқиғаға байланыссыз
болғандықтан, оның жазылу құрылымы және сақтау тәсілі
бөлек.
4.1. Function типті модульдік функция құру
Модульдік Function типті функция есептеу жүргізіп, мәнін қайтарып беретін процедура. Жазылу синтаксисі:
Function <атау> ([<аргументтер>]) [As]
S
End Function
Мұндағы <атау>- модульдік функция (модуль) атауы; S - процедура (функция) денесі. Квадрат жақшалар ішіндегі аргументтерді (формальдіы параметрлерді) енгізу міндетті емес. Егер олар енгізілсе, үтір арқылы бөлініп жазылуы тиіс.
Функция денесіне енгізілетін соңғы команда функция атауына меншіктеу командасы болуы керек. Программаға енгізілетін модульдік функцияны шақыру командасы бөлек жазылмай, әдеттегідей, меншіктеу командасының оң жағындағы өрнек құрамына енгізіледі.
Модульдің құрылу технологиясы:
1. Орталықты ашып, Project_Add Module командасын беру. Add Module сұхбаттық терезесі көрінеді.
2. Терезеден Module белгішесін таңдап, Ашу түймесін шерту.
Код терезесінде Module1 атаулы бос стандартты модуль кұрылады да {4.1-сурет), Project терезесіне модуль белгішесі кірістіріліп, оң жағына модульдік файл атауы көрінеді. (файлға ВБ-тің алғашқы рет меншіктеген атауы - Module1 (4.2-сурет). Ол проектіде бос модульдің құрылғандығы.
3. Module1 терезесіне модульдік функция программасын енгізу.
4. File-Save Module As командасын беріп не аспаптар панелінің осы атаулы түймесін шертіп, көрінген терезеден модуль сақталатын буманы ашу және "Файл атауы" өрісіне объектілік модуль атауын енгізіп, сақтау. Атауға автоматты түрде .bas типі (кеңейтілуі) қосылып қойылады. Проект терезесінде көрінетін объектілік модуль атауы да осы атауға өзгертіледі.
5. Қасиеттер терезесінің тақырыбын екі рет шерту не қасиеттер терезесін жауып, қайта қосу. Properties-Module1 атаулы терезе көрінеді (4.3-сурет). Ол объектілік модуль сақталған кезде автоматты түрде көрінуі де мүмкін. Стандартты модульде модульдік функция әлі кұрылмағандықтан, терезеге тек Name қасиеті енгізілген. Модуль атауы үшін алдына mod қосымшасы жазылған атауды енгізу жеткілікті (mod ).
4.1-сурет. Модуль терезесі
1
4.2-сурет. Модуль белгішесі қосылған проект терезесі
модульдік файл атауы;
объектілік (программада пайдаланылатын) модуль атауы.
КҚ клавишін басу. Project, Properties және Module1 терезелерінде көрінген Module1 атауы осы атауға өзгертіліп қойылады.
Проектіні сақтау.
4.3-сурет. Модуль қасиеттері терезесі
Достарыңызбен бөлісу: |