Бџгінгі Visual Basic – C++, Deiphi сияќты дамытылѓан, визуальды программалау жџйесі


Private Sub Form _ MouseDown (Button As Integer



жүктеу 1,77 Mb.
бет4/10
Дата29.05.2018
өлшемі1,77 Mb.
#18251
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
    Навигация по данной странице:
  • End Sub

Private Sub Form _ MouseDown (Button As Integer, _


Shift As Integer, X As Single, Y As Single)

CurrentX = X

CurrentY = Y

DrawWidth = 2

Pset (x, y)

End Sub

Private Sub Form _ MouseMove (Button As Integer, _

Shift As Integer, X As Single, Y As Single)

If Button = 1 Then

Line – (x, y)

End If

End Sub

Private Sub Form _ Paint ()

ScaleMode = 2 : DrawWidth = 2

Line (100, 30) – (150, 200)

End Sub
(Программа іске қосылған кезде, (F5) VB алдымен MouseDown процедурасын шақырады. Жүйе процедураларға инициалдау процедурасын және SaveX, SaveY айнымалыларын автоматты түрде қосып қоюы мүмкін (олар VB екінші рет қосылып, программа іске қосылғанда көрінеді). Соңғылары жаңа нүктелерді сақтау үшін пайдаланылады. (DrawWidth = 2 пикельмен берілген сызық қалыңдығы; Х, У ағымдық нүкте координаттары)).

Программа іске қосылған соң, форма терезесі көрінеді. Windows’тағы стандартты Paint графикалық редакторы терезесінде фигура сызу әдісі сияқты, көрсеткіш (қаламұш) арқылы онда кез келген фигураны сыза беруге болады (мысалы, 1.14 – суреттегі сияқты. Суретте жалауша таяғы Line операторы арқылы сызылған). Тек мұнда сызық бөлігін өшіру, фигураны жылжыту не масштабтау мүмкін емес. Ол үшін код терезесіне қосымша арнайы процедуралардың енгізілуі тиіс. Олар кітапта қарастырылмаған.


1.14-сурет. Көрсеткіш арқылы сурет салынған форма

1.14-суретте көрсетілген форма белсендірілген соң Alt+PrintScreen командасы арқылы оны жад буферіне көшіріп, Word’тың құжат терезесіне кірустіруге болады (EditPaste). Кірістірілген кескінді масштабтау не жылжыту қиын емес.

Жоғарыда көрсетілген сияқты, программа (программалық код) бірнеше процедуралардан тұруы мүмкін.



Ескерту. Процедуралардың тақырыптары астан сызу белгісі (_) арқылы ажыратылып, екі қатарға жазулы. Жалпы VB бір жолға 1023 символға дейін сыйғыза алады. Бірақ олар экранда көрініп тұруы үшін әр қатарға 60 – 80 символ енгізіп, бірнеше қатарларға бөліп жазған дұрыс. Жолда көрінбейтін оператор бөлігін екінші қатарға жазу үшін соңына бір символдық бос орын, одан әрі астын сызу белгісін енгізіп, каретканы қайтару (КҚ, Енгізу) клавишін басу керек.
1.3. Таймер
Таймер – құрылған программа арқылы Windows жүйелік сағатына қол жеткізуге болатын көрінбейтін секөнт өлшеуіш объектісі. Жүріп тұрған цифрлық сағатты формада көрсетуге болады:

  1. Орталықты ашу.

  2. Элементтер панелінің Timer (Таймер) түймесін шертіп, форманың сол жақ шетіне Timer1 объектісін орнату. VB оны стандартты өлшемге келтіріп қояды.

  3. Label түймесі арқылы форма ортасында Label1 өрісін (объектісін) орнатып, оны кеңейту.

  4. Форманы тандап, Properties терезесінде оның Caption қасиетіне Clock (Сағат) мәнін енгізу. Ол форма тақырыбына жазылып қойылады.

  5. Label1, Timer объектілерінің қасіеттерін орнату:




Объект

Қасиет

Орнатылатын мән

Label1

Caption

Бос өріс




Font

TimesKaz,18




Aligment (туралау)

2-Center (орталықтан)

Timer1

Enabled

True




Interval (аралық)

1000




  1. Формада орнатылған Таймер объектісін екі рет шертіп, код терезесіне процедура енгізу:

Private Sub Timer1 _ Timer()

Label1.Caption = Time

End Sub


  1. Терезені жауып, іске қосу (F5) командасын беру. Таймер орындау режімінде формада көрінбейді де, Label1 өрісі ішінде жүріп тұрған цифрлық сағат көрінеді (1.15-сурет).

1.15-сурет. Формада жүріп тұрған сағат




  1. Программа жұмысын тоқтатып, форма мен проектіні сақтау. (Бұдан әрі бүл команданы қысқаша проектіні сақтау деп жазамыз).

Сағаттың Interval қасиетінің мәні үшін 1000 орнатылады. Ол әр секөнт сайын жүйелік сағаттың ағымдық секөнтін көрсетеді (1сек = 1000 миллисек).

Процедураға енгізілген Label1.Caption = Time командасы іске қосу режимінде Windows’қа енгізілген жүйелік ағымдық уақытты оқып, оны Label1 объектісінің Caption қасиетіне меншіктейді (Label1 өрісіне жазады).



TimeVisual Basic’тің стандартты функциясы.

Программа жұмысын тоқтату үшін аспаптар панелінің End (Соңы) түймесін шерту керек.



Ескерту. Формада ағымдық уақытты код терезесіне енгізілген Print time$ әдісі арқылы шығаруға болады. Мұнда келесі уақыт келесі қатарға жазылады.

Сонымен, осының алдындағы мысалдарда Visual Basic’те орындалуы мүмкін үш түрлі әрекеттер көрсетілді: функция мәнін есептеу; формада қолдан фигура салу; формада жүріп тұрған сағатты орнату. Келесі тарауларда Visual Basic’ті пайдаланып, мәзірлер орнатылған терезе құру, мәзірлермен жұмыс; берілгендер қоры кестесін құру және т.б. қосымшалар құру тәсілдері көрсетілген. Осылардың өзі Visual Basic’тің мүмкіндіктерінің орасан зор екеніне көз жеткізетіні сөзсіз.



Immediate терезесі.
VB орталығанда іске қосу командасы берілген кезде көрінетін Immediate (Тез) атаулы терезе бар (1.16-сурет). Оны экранға шығару үшін ViewImmediate Window командасын беруге болады. Терезені Дұрыстау не Толықтыру терезесі деп те атайды.

1.16-сурет. Immediate терезесі


Терезеде әдеттегідей арифметикалық өрнек мәнін есептеу және бір қатарлық программаны енгізіп, орнату мүмкін. Ол код терезесінде құрылатын программа үзіндісінің дұрыстығын тексеру үшін де қажет.

Мысалы:


1) ? 5.4+7/2 КҚ

8,9

2) For k = 1 to 4: Print k+3 : Next КҚ

4

5

6

7

3) For k = 1 to 1000 : Beep : Next КҚ

Жүйенің әр Beep командасын орындауы кезінде компьютерден дыбыс естіледі (Immediate терезесін басқа түрде пайдаланудың бір тәсілі 2.8 – тақырыпта көрсетілген).



Объектілер иерархиясы. Әдіс
1.3 – тақырыпта арнайы қасиеттері бар форма және формада орнатылған элементтер объектілер деп аталатыны ескертілген болатын. Visual Basic’те құрылған процедуралар мен оларға енгізілген айнымалылар да объектілер делінеді. Объектілер бірінің ішіне бірі иерархиялық түрде енгізілуі мүмкін. Мысалы, форма ішінде орнатылған элемент Windows бумасына енгізілген файл сияқты. Бумалар деңгейлері кері көлбеу сызық (\) арқылы ажыратылатыны белгілі. VB’те объектілер иерархиясы да дәл осылай белгіленеді, тек \ символының орнына нүкте (.) қойылады. Мысалы, қасиет орнату командасы

Form1.Command1.Font.Size=14
түрінде жазылуы мүмкін. Мұндағы иерархияның бірінші объектісі – форма (Form1), екінші объект – формада орнатылған Command1 түймесі, үшінші объект – түймеде пайдаланылатын шрифт (Font). Команда – осы объектіге енгізілген Size (өлшем) айнымалысына 14 мәнін меншіктеу. Яғни, объектілер арасында қойылатын нүкте кез келген иерархиялық объектіге сілтеме.

Әр объектінің қасиеттері, оқиғалары мен әдістері бар. Программа ішінде объектінің орындайтын іс-әрекеті әдіс деп аталады. Әдіс объект атымен нүкте арқылы ажыратылып жазылады:
<Объект>.<Әдіс>
Әр объектіге қолданылатын әдістер түрлі – түрлі. Форма әдістері:
Show, Hide, Unload, Cls, Circle, Move, т.б.
Мысалы, программаға енгізілген Form2.Show әдісі (командасы) - Form2-ні экранда көрсету. Жалпы, объектіге берілген команда және процедуралар да әдістер деп аталады.
Visual Basic парамертлері.
VB редакторы жұмысына әсер етітін параметрлер Options (Таңдама, Параметрлер) терезесіне орналастырылып қойылған. Оны ашу үшін ToolsOptions командасын беру керек. Терезеге алты қосымша бет орналыстырылған (1.17-сурет).

1.17-сурет. Options терезесінің Editor қосымша беті


Мысалы, Editor (Редактор) бетіне орнатылған жалаушалар:

- Auto Syntax Check (Қатені автоматты түрде тексеру);



        • Require Variable Declaration (Айнымалыны жариялауды талап етеу). Бұл жалауша орнатулы болса, VB код терезесінің (General) (Declaration) бөліміне айнымалыларды жариялауды талап ететін Option Explicit (Дәл таңдау) жолын автоматты түрде кірістіріп қояды. Жалауша орнатылмаған болса, оны қосып қойған дұрыс.

Environment (Орта) бетінің Prompt To Save Changes (Өзгерісті тез сақтау) жалаушасы орнатылған кезде қосымшаны іске қосу алдында VB проектіні сақтауды ұсынатын сұхбаттық терезе шығарады, т.с.с.

ІІ ТАРАУ. ПРОГРАММАЛАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
2.1. Берілгендер типтері. Айнымалылар.

Стандартты функциялар.
Visual Basic’те пайдаланылатын берілгендер типтері:


Стандартты типтер

Айнымалы мәндері

Integer (бүтін, %)

[-32768; 32767] аралығында

Long (ұзын бүтін, &)

[-2147483648; 2147483647]

Byte (байт)

[0; 255]

Single (нақты, !)

дара дәлдікті нақты (7 символ)

Double (нақты, #)

екі есе дәлдікті нақты (15 символ)

String ($, жол)

символдар саны [0; 65535] аралығында

Variant (вариант)

жан-жақты (сандық, жолдық не логикалық мәндер)

Boolean (логикалық)

True не False

Currency (ақшалық)

ақшалық сомалар

Date (дата)

дата

Бұлардан басқа объектіге сілтеме орнататын Objects (Объект) атаулы тип те бар, т.с.с.

Жатта қажетті орындар бөлу үшін айнымалылар Dim не Static операторлары арқылы сиппатталады (dimension - өлшем, static – статикалық, қозғалмайтын). Сипаттау үлгілері:


Dim x%

Dim x As Integer

Dim y, z #

Dim y As Single, z As Double

Static a$

Static a As String


Dim, Static кілттік сөздерінің бірі бір процедура ішінде пайдаланылатын айнымалылырды сипаттау кезінде жазылады. Олардың орнына Private кілттік сөзін жазу да мүмкін. Мысалы:

Dim x As Single,

Static x as Single,

Private x as Single

сипаттамалары бірдей. Static арқылы сипатталған айнымалының ағымдық мәні процедура аяқталған кезде де сақталады; Dim, Private айнымалылырының мәндері жойылып кетеді.

Айнымалыны қосымшаның түрлі процедураларында пайдалану үшін оны код терезесінің (General) (Declaration) секциясында (бөлімінде) Public кілттік сөзі арқылы сипаттау керек (Public –көпшілік). Терезеде алдымен Option Explicit жазуы көрінуі мүмкін.

Ескерту. 1. Айнымалы атауы үшін кілттік сөздерден, кілттік символдар мен бос орын және тыныс белгілерінен басқа ұзындығы 255-ке дейін (кирилицамен қоса) символдар тізбегін алуға болады.

2. General / Declaration секциясы шығатын код терезесі форманы екі рет шертпей, алғашқы рет ViewCode командасы берілген кезде көрінеді. Private арқылы жарияланған процедурамен тек бір формада, Public арқылы жарияланған процедурамен проектінің барлық формаларында жұмыс істеу мүмкін (олар барлық формаларда қолжетерлік).

Қарапайым программаларда сандық және жолдық айнымалыларды (х%, у, а$) вариант типті етіп сипаттау да мүмкін (Variant, жан-жақты). Бұл кезде айнымалылардың типтері көрсетілмей жазылады: Dim x, y, a.

Мысалы, процедурада айнымалылар вариантты типті етіп (Dim x, y) арқылы сипатталған. Оның қатесі жоқ. Редактор процедураға енгізілген вариант типті айнымалының типін өзі ажырата алады. Бірақ күрделі программаларда редактор қате жіберіп, бүтін типті айнымалылырды жолдық (символдық) деп қабылдауы мүмкін. Сондықтан айнымалыларды сипаттауда олардың типтерін де жазып қойған дұрыс.

Программада жиі пайдаланылатын тұрақтыны Const операторы арқылы сипаттау да мүмкін (Constтұрақты). Мысалы, программа үзіндісін мына түрде жазуға болады:



Const pi = 3.1415926

R = 4.5 : h = 7

C = pi * r^2 * h

V = pi * r^3 * h / 3

VB’те пайдаланылатын математикалық операторлар мен стандартты функциялардың басым көпшілігі Бейсиктеғі сияқты:

+ (қосу); - (азайту); * (көбейту); / (бөлу); \ (бүтін бөлу); ^ (дәрежелеу); Mod (қалдықты есептеу); $ (жолдарды біріктіру, конкатенация);

Abs(x); Sin(x); Cos(x); Atn(x); Sqr(x); Exp(x); Int(x); Rnd(x); Mid$, Left$, Right$,

Str$(x) – сандық мәнді жолдық типті ету;

Val (x) – цифрлармен берілген жолдық мәнді сандық типтіге алмастыру, т.б.

Visual Basic’те құрылымдық программа құру үшін Qbasic’те қолданылатын құрылымдар пайдаланылады.


Тармақталу командасы
Тармақталу командасының құрылымдары:
1) If P Then S 1-нұсқа
2) If P Then 2-нұсқа

S

End If
3) If P Then көп нұсқалы тармақталу командасы

S1

Else P2 Then

S2

Else P3 Then

S3

....................

End If
Мұндағы Р, Р1, Р2, Р3, ... - шарттар;

S, S1, S2, S3, … - блоктар (бір сериялы операторлар).

Соңғысы - көп нұсқалы тармақталу (таңдау) командасы.



Тармақталу командасының бірінші және екінші құрылымдары бірдей. Бірінші құрылымды блокқа бір команда енгізілгенде ғана пайдалануға болады. Екінші құрылым барлық жағдайда қолданылады.

Мысал. Пайдаланушы интерфейсін құрып, ах2+bx+c=0 квадрат теңдеуін шешу керек.

  1. VB орталығын ашу.

  2. Форманы таңдап, Caption қасиетінің мәні үшін «Квадрат теңдеу» мәнін енгізу.

  3. Формада Label1, Label2, Label3, Label4, Label5 өрістерін орнату. Label1’ге квадрат теңдеудің а коэффициентін, Label2’ге b коэффициентін, Label3’ке бос мүшені (с), Label4’ке х1 мәнін, Label5’ке х2 мәнін енгізуді жоспарлау. Caption қасиеті арқылы олардың ішіне енгізілген жазуларды өшіріп тастауға болады.

  4. Формаға Command1, Command2 басқару түймелерін орнату. Caption қасиеті арқылы оларға Қосу, END сөздерін енгізу.

  5. Қосу (Command1) түймесін екі рет шертіп, ашылған код терезесіне процедура енгізу:

Private Sub Command1_ Click ()

Dim a, b, c, d, x1, x2, x

а = InputBox (a, “a = “) : Label1.Caption = a

b = InputBox (b, “b = “) : Label2.Caption = b

c = InputBox (c, “c = “) : Label3.Caption =c

d = b^2 – 4* a * c

If d > = 0 Then

x1 = (-b + sqr (d) ) / (2 * a)

x2 = (-b - sqr (d) ) / (2 * a)

Label4.Caption = x1 : Label5.Caption = x2

Else x = «Нақты шешімі жоқ» : Label4.Caption = x

End If

End Sub

  1. Форамны ашып, END түймесін екі рет шерту. Код терезесінде Command2 _ Click атаулы процедура моделі көрінеді. Оның ішіне End операторын енгізу:

Private Sub Command2_ Click ()

End

End Sub

  1. Проектіні сақтау.

  2. Іске қосу командасын беру (F5). Форма терезесі көрінеді. Оның Қосу түймесін шерту.

  3. Көрінген InputBox терезесіне ретімен а, b, c мәндерін енгізіп, ОК түймесін шерту (КҚ клавишін басуға да болады).


2.1-сурет. 3х2 - 4х +1= 0 тендеуін шешуде



көрінген интерфейстік форма
a, b, c мәндері үшін 3, - 4, 1 сандары енгізілген кезде көрінетін форма 2.1-сурете бейнеленген.

Ескерту. Алғашқы рет MsgBox терезесінде х1 мәні көрінеді. х2 мәнін терезеге шығару үшін ОК түймесін шерту керек.

Мысал. Int, Rnd функцияларын пайдаланып, форма терезесінің Label1, Label2 объектілері ішіне 15-тен кіші кез келген бүтін сандарды шығару керек. Егер оның біріншісінде 7 саны көрінсе, екіншісіне «Ура!» сөзі енгізіліп, программа жұмысы тоқтатылсын.

  1. Форма терезесіне Label1, Label2, Command1, Command2 объектілерін орнату. Caption қасиеттері арқылы Label1, Label2 объектілерінің ішіне жазылған сөздерді өшіріп тастау.

  2. Command1, Command2 объектілерінің Caption қасиеттеріне сәйкес Қосу, End мәндерін меншіктеу.

  3. Процедуралар құру:

Private Sub Command1 _ Click ()

Label1. Caption = Int (15*Rnd)

Label2. Caption = Int (15*Rnd)

If Label1. Caption = 7 Then

Label2. Caption = «Ура!»

End If

End Sub
Private Sub Command2_Click()

End

End Sub

  1. Іске қосу командасын беру (F5). Форма көрінеді.

  2. Форманың Қосу түймесін қайталап шерте беру. Әр шерту аяқталған сайын Label1, Label2 өрістерінде 15-тен артық емес кез келген бүтін сандар көрінеді.

  3. Label1 өрісінде 7 көрінген кезде (2.2-сурет) End түймесін шертіп, программа жұмысын аяқтау.

2.2-сурет. Кездейсоқ бүтін сан шығарылған форма.


Мысал. Тікұшақтың ағымдық жылдамдығын форма терезесінде көрсетіңіз. Егер жылдамдық мөлшері 450-ге жетсе, «Газды төмендет, жылдамдық артық!» ескертуі. MsgBox терезесіне шығарылсын.

  1. Орталықты ашып, формада тік белдеуше (VscrollBar) және Label1 өрісін орнату. Белдеушені барынша созу. (Элементтер панелінің белдеушесі әдеттегі редактор терезесінің белдеушесіндей емес. VB’те ол мәнді үлкейту не кішірейту үшін пайдаланылады, т.б.)

  2. Объект қасиеттерін орнату:




Объект

Қасиет

Мән

Form1

Name

frmUshak




Caption

Жылдамдық көрсеткіші

VscrollBar

Name

vscGazkors




Max

100

Label1

Name

lblMan




Font

TimesKaz, 11




Caption

Ағымдық жылдамдық

3. Код терезесін ашып, оның (General) (Declaration) бөлімінде айнымалыларды сипаттау және Form_Load, vscGazkors_Change процедураларын құру (процедура модельдері форма және тік белдеушені екі реттен шерткен кезде көрінеді):
Option Explicit

Private Gaz As Integer 'Газдын агымдык мэні

Private Const JJ = 430 'Жылдамдык шегі

Private Sub Form_Load()

vscGazkors.Value = 100 'Газ мэнін инициалдау

End Sub

Private Sub vscGazkors_Change()

Dim jld As Integer 'Агымдык жылдамдык

'Белдеушенін тобесінен кашыктык

Gaz = 100 - vscGazkors.Value

'Газ мэні бойынша агымдык жылдамдыкты есептеу

jld = Gaz * 4.5

'Агымдык жылдамдыкты жанарту

lblMan.Caption = "Агымдык жылдамдык" & _

Trim$(Str$(jld))

If jld >= JJ Then

MsgBox "Газды томендет,", vbCritical, "Жылдамдык артык!"

End If

End Sub


  1. Проектіні сақтап іске қосу (F5).

Программаға ұшаққа газ беретін тұтқамен жұмыс істеу тәсілі енгізілген (тұтқа баламасы – тік белдеуше). Программа іске қосылған соң ағымдық жылдамдық жазылған форма көрінеді. Көрсеткіш арқылы тік белдеушенің жылжыма түймесін жоғары жылжытыңыз. Формада көрінген ағымдық жылдамдық 430-ға жеткен кезде ескерту енгізілген MsgBox терзесі көрінеді (2.3-сурет).

2.3-сурет. Жылдамдық көрсетілген форма
(Программаға енгізілген Trim$ - сандық мән жолдық етіп өзгертілгенде пайда болуы мүмкін бос аралықтарды алып тастап, жолды қысу операторы).

Таңдау командасы

2.2-тақырыпта берілген бірнеше шарт енгізілген таңдау командасын Select Case операторын пайдаланып құрған жөн. Оның жазылу форматы Qbasic’тегі сияқты:


Select Case <айнымалы>

Case m1: S1

Case m2: S3

……………


End Select
Мұндағы m1, m2, ... – енгізілген сұрыптаушы айнымалы мәнімен салыстырылатын мәндер. Мәнге сәйкес блок орындалады да, басқару таңдау командасынан соңғы операторға беріледі.

Ескерту. Case m операторын Case is = m форматында жазу да мүмкін.

Үш тармақтан тұратын таңдау командасы денесін төмендегідей жазуға болады:


Case Is < m : S1

Case Is = m : S2

Case Is > m : S3

То кілттік сөзін пайдаланып, Case ауыстырып қосқыш операторының параметрлері ретінде бүтін сандық аралықтарда енгізу де мүмкін. Мысалы, Case -5 То 1; Case 2 То 10; Case 11 То 15; …
Мысал.


функциясының мәнін есептеу процедурасын құру керек. Мән MsgBox терезесіне шығарылсын.

Private Sub Form_ Load ()

x= InputBox (x,”x=”)

Select Сase x

Case is <1: y=x^2+5: MsgBox(y), , “y=”

Case is =1: y=3*x+2: MsgBox(y), , “y=”

Case is >1: y=2*x^2-1: MsgBox(y), , “y=”

End Select

End Sub

(Case операторын пайдаланудың тағы бір мысалы 3.8-тақырыпта берілген).


2.2. Цикл. Циклден ерте шығу
Циклдердің процедурада жазылу синтаксистері Qbasic’тегідей. ForNext (үшін), Whilewend (Әзірше) циклдерінің жазылу құрылымдары:

  1. For k=k0 To k0 [Step H] 2. While P

S S

Next [k] Wend


DO (дейін) циклінің бес құрылымы бар:

  1. Do while P 2. Do

S S

Loop Loop While P


3. Do until 4. Do

S S



Loop Loop until

5. Do


S

Loop ‘Шексіз қайталу циклі


Мұндағы: S-цикл денесі; Р-шарт; - Емес Р;

While - әзірше; Wend - соңы; For - үшін;

Next - келесі; Do - орындау; Loop - қайталу;

Until - дейін.


Ескерту. Төмендегі мысалдарды шешуге арналған формаларға алдымен басқару түймесін орнатып, оны программа жұмысын аяқтау командасы (End) үшін пайдаланған жөн.

Мысал. Өлшемдері пиксельмен берілген, радиустары 15-ке тең ақ және қызыл түсті шеңберлерді h=10 қадам бойынша форма диагональдарында FORNEXT циклі арқылы «жылжыту» керек. Ақ шеңбер жоғарыдан төмен, қызыл шеңбер төменнен жоғары жылжытылсын.

Форманы екі рет шертіп, ашылған код терезесінде Form_Paint процедурасын мынадай түрде құруға болады:


Private Sub Form Paint ()

ScaleMode = 2

жүктеу 1,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау