1.2 Жобаланатын өндірісті техникалық – экономикалық негіздеу
1.2.1 Құрылыс ауданын және орнын таңдау
Құрылыс орны ретінде кеңес өкіметі кезіндегі гидролиз зауытының орнын таңдадық. Ол құрылыс тұрғызуға қолайлы болып отыр, себебі нан ашытқысы өндірнісі үшін темір жолға жақын.
Нан ашытқысының шикізаты меласса Джамбулдың қант зауытының үлкен цестерналармен әкелінеді, қалған қоректік орта үшін қолданылатын тұздар қаптара қапталып булып түйілген күйінде әкелінеді.
Бұрынғы гидролиз зауыты Шымкент қаласының ішінде орналасқан темір жол станциясының оңтүстік шығысында орналасқан, темір жолдың үш бұрышының қиылысынан 435 м қашықтықта тұрады.
Зауыттың аумағының рельефі қолайлы және жоғарғы дәрежеде, жоғарғы белгісі 542,0 – 545,0 м жетеді. Орман топырағынан жалаған 30 м тереңдікте.
Зауыттың өндіріс аумағында негізгі және көмекші өндірістер және қызметкерлерге және көмекшілерге қызмет орындары тұрғызылған. Құрылыс ауданының климаты – континенті, жазда құрғақ ыстық және қыста суық, қар аз мөлшерде жауады. Ауаның орташа жылдық температурасы +120С. Ауаның ең төменгі температурасы –26-340С. Ауаның ең жоғарғы температурасы +440С. Температуралық белгілері бойынша алаң 28 климаттық ауданға жатады. Есептелген затқа ауа темпертурасы +170С. Жылына аязды күн 305 күн бөлінген жылына. Желдің бағыты шығысқа және оңтүстік-шығысқа бағытталған. 28 м/сек жылдамдығы. Құрылысшы алаңының сейсмикалық қабілеттілігі – 7балл СНИИП бойынша . Орташа жылдық шықтың мөлшері – 173 мм. Шықтың негізгі бөлігі көктемде түседі. Алаңның топырағы саздақ және қиыршық тасты. Ауыз суды артизан суын алады. Құрылыс тұрғызылған жердің топырағы 3-ші категорияға жатады. Жер судың тереңдігі 16,5 м. Топырақтың қолданатын қысымы 1,5кг/см2 анықталған. Зауыттың алаңы 18 га орналасқан.
1. Басты корпусы - гидролиз цехы.
Басты корпусы зауыттың ортасына орналасқан және зауыттың фиксирленген жоғарғы орталығы болып саналады. Құрылыс орны 11923 м3 құрылыс кубатурасы 20510,5 м3.
2. Ашытқы цехы басты корпустан 50 м қашықтықтан орналасқан ашытқы өндірісінің құрал - жабдықтары орналасқан ауданы 900 м2 .
Ашытқы цехы ашытқы кептіргіш бөліміне жатады (оның алып жатқан құрылыс ауданы 540 м2) және буып түю бөлімі (оның алып жатқан құрылыс ауданы 144 м2).
3. Көмекші корпус (тұздарды дайындау) және материалдар тұратын қойма темір жолға көлденең басты корпустың батыс жағында орналасқан, арасы 2,5 м платформамен бірге 1930 м3 алып жатыр.
4. Механикалық жөндеу цехы ген жоспардың геометриялық орталығында орналасқан және ғимараттың басты фасаты, зауыттың басты автожолында тұр. Цехтың тұрғызылған ауданы 400 м2 .
5. Дайын өнім қоймасы зауыттың солтүстік батыс жағында темір жолмен көлденең қиылыса орналасқан. Дайын өнімнің қоймасының ауданы 325 м2.
6. Насос станциясы зауыттың өндіріс ауданындағы оңтүстік батыс бөлігінде кселит цехынан 50 м2 қашықтықта орналасқан. Құрылыстың ауданы 140 м2.
7. Ген жоспарда электр цехының ғимараты қарастырылған.
Электро ұстахана зауыттың ауданында орналасқан, көмірқышқыл газы цехы қарастырылған.
Зауыттың өндіріс аумағында под станция транспорматор цехы орналасқан (алып жатқан құрылыс аумағы 108 м2).
ГСМ қоймасының ауданы 54,6м2, гараждың ауданы 338м2, администрация-шаруашылық корпустың ауданы 587 м2, асхананың ауданы 680м2.
Зауыттың территориясы шлакоблоктан қаланып қоршалған. Қоршаудың биіктігі 2,5 м.
Жұмысшы жобаның келесі аймақтарын тұрғызу қарастырылған: От жағатын орталық, газ реттеуші пункт (ГРП) артизан скважинасымен суды қамтамасыз етеді. Алаңның ішін жылумен және технлогиялық сетпен ВиК, автожолмен қамтамасыз етеді.
Аумағы бойынша жоспарлаушы белгі: 537,10м; ГРП-536,60м, артизан скважинасы 538,60 см және 539,30 м. өндірісті қайта өңдеуде келесі аумақтық жұмысы анықталады, ауданы 1095 м3, биіктігі 203 м3 .
Жобаланатын аймақ сантехниктік жұмысты қарастырады,газ құбырларына, су құбырларына , мазут құбырларына, кабельді сетке проклатка технологиясы қарастырылған сонымен қатар эстакадты қолданады. Су құбыры үшін және канализацияға жер асты проклатка қарастырылған.
2 кесте - Ген жоспардың негізгі көрсеткіштері
№
|
Көрсеткіштің аталуы
|
Өлшем бірлігі
|
саны
|
1
|
Зауытқа қарайтын территорияның ауданы
|
га
|
16
|
2
|
Жұмыс істеп тұрған зауыттың ауданы
|
га
|
4,4
|
3
|
Тұрғызылған зауыттың құрылысының тығыздығы
|
%
|
27,5
|
4
|
Жұмыс істеп тұрған зауыттың сооружениямен жобаланған құрылысының ауданы
|
га
|
4,80
|
5
|
Жұмыс істелетін зауыттың сооружениямен жобаланған құрылысының ауданы
|
%
|
30,0
|
Нан ашытқы зауытының негізгі шикізаты болып қызылшаның мелассасы және қоректік тұздар саналады.
Зауыттың территориясында орналасқан артизан скважинасы қамтамасыз етеді. Скважина ұзындығы 30 м.
Суды тұтыну 13732 л/тәу құрайды. Құрылысының ауданы 140 м2. Зауыттың цехтарын және канализациясын үздіксіз қамтамасыз етіп отырады.
Зауыттың сумен артизан скважина суы қамтамасыз етеді. Артизан суын жалпы қолдану 406,6 м3/сағ. құрайды.
Зауытты энергиямен қамтамасыз ету, ТЭЦ – жүйесі «Южгазэнерго» зауыттан 1,5 км қашықтықта орналасқан қамтамасыз етеді. Энергияны екі кабельмен қамтамасыз етеді, біреуі қор ретінде резервте тұрады. Зауыттың территориясында трансфортердің подстанциясы 108 м2 трансфортер орналасқан.
Зауытта келесі электр қондырғылары бар:
1. Трансформатор күші ТМ – 1000/6-6 дана
2. Трансформатор күші ТМ – 500/6-2 дана
3. Трансформатор күші ТМ – 108/6-2 дана
Зауытты жылумен қамтамасыз ету жобамен келісіліп ТЭЦ1 «Южгазэнерго» 900 м құбыр өткізгішпен тартылған қысымы жоғары бу 250 мм құбыр өткізгішпен тасымалданады. Қысымы төмен бу 300 мм құбыр өткізгішпен тасымалданады. Жоба бойынша қысыммен буды құбыр өткізгішпен өткізу қабілеттілігі 16 т/сағ.
Зауыттың нан ашытқысын негізінде қолданатындар негізінде жекеменшік наубайханалар.
Нан ашытқысын нан пісіруде, әртүрлі қамыр жасауда, сонымен қатар кондитер заттарын шығаруда және консерв өндірісінде қолданылады.
Одан басқа да оларды витамин өндірісінде Д, В2 витаминдерінде шикізат ретінде, медицинада бірқатар дәрілік препараттар алуда, нуклеин қышқылын және әртүрлі фермент алуда, микробиологиялық өндірісінде қоректік орта үшін қолданылады.
Қазіргі кезде зауытқа ОҚМУ микробиолог және басқада жұмысшыларды дайындайды.
Осыған байланысты жоғарыда айтылғандарға қарап құрылыс орнын таңдау қолайлы деп білуге болады, себебі энергиямен, сумен, шикізатпен қамтамасыз ету зауыт тұрған территориясы және дайын өнімді тұтыну қанағаттандырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |