43
табылады. Екінші нұсқа бойынша көптеген беттерге гипер мәтіндік өтулер –
суретке қыстырылған мәтін ақпараттық фрагмент болып табылады.
Екінші жол бойынша гипертекстік желі гипер мәтіндік байланыстардың
рөлін ойнайтын HTML – беттермен қарапайым ақпараттық объекттер жиын-
тығы ретінде анықталады. Web – те беттерді генерация жасау кезіде «клиент-
сервер» архитектурасымен байланысты дилемма пайда болады. Беттерді
клиенттің жағында да, сервердің жағында да генерациялауға болады. 1995
жылы Netscape компаниясының мамандары клиенттің жағында беттерді
басқару механизмін, яғни JavaScript бағдарламалау тілін өңдеп шығарды.
Осылайша, JavaScript – клиент жағында Web гипер мәтіндік беттерді көру
сценарийлерін басқару тілі. Туралап айтқанда, JavaScript – клиент жағында
бағдарламалау тілі ғана емес. Liveware – JavaScript тілін жасап шығарушы,
Netscape серверінің құралы ретінде жасалған. Бірақ, JavaScript тілі клиент
жағында жұмыс істейтін скрипті бағдарламалау тілі ретінде танылды.
Стандарттың бірінші версиясы Netscape мамандарының қолдауымен
Javascript 1.1 деп аталды, 2008 жылға қарай, жаңа басқаратын конструкциялы,
жақсартылған тізімдік көмек көрсету, сандық жазу кезінде форматтау, try/catch
шектеулері, қатені табудың анықталған, қуатты жүйелі айтулардан тұратын
үшінші нұсқасы шығарылды. Стандарттың төртінші нұсқасы мен кеңейтулерді
құру жұмыстары жүргізілуде. Javascript нұсқаларының бірнеше нұсқасы ғана
ECMA стандартына сәйкес келеді.
Клиенттік бөлікте беттерді басқару механизмін құру кезінде құжаттық
нысандық моделін қолдану ұсынылды. Модельдің мәні – HTML-контейнер
болып үш объектен тұрады:
- қасиеттер;
- оқиғалар;
- әдістер.
Нысанды модельді беттер мен браузер арасындағы байланысу әдісі
ретінде қаралады. Нысанды модель дегеніміз HTML және беттің түп кодының
сценарийі жұмысы ыңғайлы болуы үшін, браузердің бағдарламалық
қамтамасыздандыру бөлімінде жүретін ыңғайлы жұмыс және объекттерді,
оқиғаларды, әдістер мен қасиеттер ретінде ұсынады. Біз оның көмегімен
браузерге және беттің қолданушысына өзіміздің тілектерімізді жеткізе аламыз.
Браузер біздің командаларды орындайды және экрандағы беттерге өзгерістер
енгізеді.
Қасиеттері, оқиғалары, әдістері бірдей жиынтықтан тұратын объекттер
біртипті объекттер классына бірігеді. Объекттердің өздері құжаттар браузермен
ашылғанда немесе бағдарламаның жұмысының нәтижесі ретінде көрінеді. Жоқ
объектке тікелей хабарласпау үшін, бұл нәрсені әрқашан есте сақтау керек.
Көптеген HTML-контейнерлер атрибуттардан тұрады. Мысалы,
зәкірінің контейнері href атрибутынан тұрады, және оны гипер мәтінді нұс-
қауға айналдырады:
cosmofund