Бесплатные уроки для веб програмиста



жүктеу 1,02 Mb.
Pdf просмотр
бет11/27
Дата13.02.2018
өлшемі1,02 Mb.
#9464
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27

40 

 

Мәзір 



Қызмет 

түріне 


қосылуға 

тапсырыс 

Негізгі бет 

Төлем 


жасау 

Web 


қосымша 

туралы 


Қызмет 

түрі 


Ой пікір 

қалдыру 


Қосылуды 

растау 


2.3 Пайдаланушының (абонент) навигациялық сұлбасын құру 

 

Навигация  жүйесі  –  бұл  қандай  да  бір  тәртіппен  орналасқан  бөлімдерге 



немесе сайттарға сілтейтін сілтемелерден тұратын Web-парақтың көрнісі.  

Навигациялық  жүйе  жалпы  екі  бөлімнен  тұрады.  Клиенттік  бөлімнің 

навигациялық  сұлбасы    және  басқару  бөлімінің  навигациялық  сұлбасынан 

тұрады (Сурет 2.3).  

 

 

Сурет 2.3 – Клиенттік бөлімнің навигациялық схемасы 



 

2.4 Программалық құралдар сипаттамалары 

 

HTML гипермәтіндік тілі 

Бүкіл әлемдік ғаламтордың негізі – HTML – Hyper Text Markup language 

гипермәтіннің  белгілеу  тілі  болып  табылады.  Ол  құжаттың  (веб-беттің) 

логикалық (мағыналық) белгілеу үшін қызмет етеді. 

HTML (HyperText Markup Language) тілі - бұл гипермәтінді белгілеу тілі. 

Бұл  тілде  компьютердің  программалық  және  ақпараттық  қамтуларының 

айырмашылықтарын  ойламайтындай  құжат  құруға  болатындай  жасалынған. 

HTML  технологиясы  кәдімгі  мәтіндік  құжатқа  басқарушы  символдар  (тэги  - 

tage)  орналасқан  құрылымнан  тұрады.  Барлық  тег  «кіші»  (<)  символдарынан 

басталады  да  «үлкен»  символымен  аяқталады.Осындай  қос  символ  тізбегі 

бұрыштық  жақшалар  деп  те  аталады.  Ашылатын  бұрыштық  жақшадан  соң 

команда аты болып табылатын түйінді сөз – тэг орналасады. 

HTML  тіліндегі  әрбір  тег  бір  арнаулы  қызмет  атқарады.  Олардың 

жазылуында  әріптер  регисторы  ешбір  роль  атқармайды,  бас  әріпті  де  ,  кіші 

әріптерді  де  қатар  қолдана  беруге  рұқсат  етілген.  Бірақ  тег  атауларын  жай 

мәтіннен  айыру  мақсатында  оларды  бас  әріппен  жазу  қалыптасқан.  HTML 




41 

 

тілінің  бір  тегі  әдетте  құжаттың  белгілі  бір  бөлігіне,  мысалы  бір  абзацқа  ғана 



әсер  етеді.  Осыған  орай  екі  тег  қатар  қолданылады.  Бірі  –  ашады,  екіншісі  – 

жабады.  Ашатын  тег  белгілі  бір  әсер  ету  ісін  бастайды,  ал  жабатын  тег  сол 

әсерді аяқтайды. Жабу тегтері қиғаш сызық символымен басталуы тиіс. Кейбір 

тегтер өз жазылу орнына қарай тек бір ғана әсерін тигізеді. Мұндайда жабу тегі 

қажет  болмай  қалады  да,  ол  жазылмайды.  Егер  тег  ретінде  HTML  тілінде 

қолданылмайтын түйінді сөз жазылып кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды. 

Браузер  арқылы  құжат  экранда  көрсетілген  жақ  та  тегтердің  өздері 

бейнеленбей, тек олардың құжат мәтініне тигізетін әсері ғана бөлініп тұр. 

Көбіне  ашылу  тегтерінің  тигізетін  әсерлерін  түрлендіретін  олардың 

атрибуттары болады. Атрибуттар немесе сипаттамалар – тег атауының және бір 

–  бірінен  бос  орын  арқылы  бөлініп  жазылатын  қосымша  түйінді  сөздерден 

тұрады. Кейбір атрибуттар оның мәнін жазуды талап етеді. Атрибут мәні оның 

түйінді  сөзінен  теңдік  белгісі  (=)  арқылы  бөлініп  жазылады.  Атрибут  мәні 

қостырнақшаға  алынып  жазылуы  тиіс,  бірақ  кейде  қостырнақшаны  жабуға  да 

болады.Тегтер  мәтінінің  өлшемін,  сызылымын,  түсін,  мәтіннің  орналасуын, 

беттегі  графикалық  бейнені  мәтіндік  құжатқа  графикалық  бейнені  жасанды 

қозғалысты  дыбыс,  видео  енгізу  мүмкіндігін  береді,  сонымен  қатар  осындай 

Web-беттермен  мағыналы  байланыс  орнатады.  Web-бет  браузерде  HTML  тегі 

арқылы  берілген  түрде  қарастырылады.  Мұндай  Web-бетті  HTML-файл  деп 

атаймыз. HTML-файлының кеңейтілуі .htm немесе .html.  

HTML-файлдарының жетістігі: 

- аз ақпараттық көлем; 

- кез келген дербес компьютерден көру мүмкіндігі; 

- интерактивтілігі. 

HTML гипермәтінінің тіл белгілеу дамуы жалғасуда. Осылайша DHTML 

(Dynamic HTML), XML, VRML және т.б. тілдер пайда болды. 

Белгілеуі  кеңейтілген  XML  (Extensible  Markup  Language)  тілі  HTML 

гипермәтін  белгілеуінің  кеңейтілуі  болып  табылады,  сондай-ақ  кеңейтілген 

басқарушы  символдарды  енгізу  мүмкіндігі  және  де  құжаттың  дұрыстығын 

тексеру мүмкіндігі бар. Виртуалды шынайы тіл VRML (Virtual Reality Modeling 

Language)  HTML  гипермәтін  тілінің  белгілеуімен  құрылған,  ол  көлемі  3D-

графикті пайдалану мүмкіндігін береді. 



 

HTML кодтағы CSS 

CSS -  Cascading  Style  Sheets  (Стильдердің  каскадты  кестесі).  Бұл 

ережелер  жиынтығы  уеб-бетті  әшекейлеу,  көркемдеу  үшін  қолданылады. 

Каскадтыстиль  кестелері  (CSS)  HTML-құжатын  форматтілеудің  ең  жақсы 

құралдарының  бірі  болып  табылдады.  CSS  бүкіл  Web-сайтының  біртұтас 

безендірілуіне  қол  жетуге  рұқсат  береді.  Ол  бет  мазмұнын  оның 

форматтілеуінен айыруға мүмкіндік береді. 

CSS-ті  Web-бетіне  енгізу  жаңа  атрибуттарды  енгізгендей  оңай. HTML 

тілінің  спецификациясы  HTML-құжаттары  үшін  не  тікелей  HTML-құжат 



42 

 

ішінде, не сыртқы стиль кестесі арқылы стиль кестелерін бейнелеу ережелерін 



анықтайды. Стиль кестесін құжатқа енгізу үшін STYLE элементі пайдаланады.  

Style  блогы  script  блогына  ұқсас.VBScript  сценарийлерін  style  блогінде 

және керісінше CSS ақпаратын script блогінде орналастыруға болмайды. 

 

JavaScript тілі 

Бүкіл  әлемдік  ғалам  торда  стандарттық  скриптік  тілі  JavaScript  болып 

табылады. JavaScript тілінің ядросы ECMA JavaScript болып есептелінеді. 

JavaScript  –  HTML  –  тілінің  динамикасына  қажетті  құралдардың  бірі 

болып  табылады.  Бұл  тіл  де  көбінесе  веб  саласында  қолданылады.  Бұл  тілдің 

PHP  тілінен  айырмашылығы  -  бұл  тіл  серверде  емес,  клиенттің 

(қолданушының)  компьютерінде  жұмыс  істей  алады.  Бұл  кейбір  нәрселерді 

серверге  сұраныс  (запрос)  жібермей-ақ  жасау  керек  болған  кезде  пайдалануға 

тиімді  болып  табылады.  Мысалы:  осы  жауапты  жазып  отырғанда,  төменгі 

жағынан  жазып  отырған  нәрсең  шығып  отырады,  міне  осы  процесс  javascript 

тілімен  іске  асады. JavaScript  көмегімен  гипермәтіндер  HTML  –  ды  жаңа 

мүмкіндіктермен  жүргізе  алатын  кіріктірілген  бағдарламаға  ие  болады.  Бұл 

браузерге  түсінікті  бағдарламалау  тілі.  Демек  браузер  тілдің  командаларын 

орындай алады.  

JavaScript  бағдарламасын  (оны  скрипт  немесе  сценарий  деп  атайды) 

HTML  программасының  ішіне  орналастыруға  немесе  жеке  файл  етіп  ұстауға 

болады.  Бұл  файлды  браузер  арнайы  команда  арқылы  HTML  –  кодының 

интерпретациясы кезінде оқиды.  

JavaScript  кодтары  HTML  кодтарын  толықтырады  да,  олар  жеке  файлда 

орналасса да  олармен бірге  жұмыс істей  алады.Скрипт    екі 

жұп тегінің арасында орналасады. Сонымен қатар осы сайттағы жауап жазатын 

өрістің  жоғарысында  жазуды  қалың  қылатын,  жатай  қылатын,  сурет  қоятын 

белгілер бар. Жазуды белгілеп B белгісін бассақ сол жазуымыз қалың болады. 

Міне,  осы  сияқты  операциялар  JavaScript  тілінің  көмегімен  орындалады.  

Сонымен  қатар қазіргі  таңда  кең  етек  алып  жатқан  Ajax  технологиясы да осы 

Javascript тілінің көмегімен жазылады. 

Бұл  тілдердің  көмегімен  қанша  керек  болса  да  күрделі  веб  –  сайттарды 

құруға болады.  

Гипер мәтінді ақпараттық жүйесі көптеген ақпараттық түйіндерден және 

байланыс  пен  түйіндерді  манипуляциялау  құралдары  мен  түйіндерде 

анықталған гипер мәтіндік көптеген байланыстардан тұрады. World Wide Web 

технологиясы  –  Интернеттің  гипер  мәтіндік  тармақталған  жүйелерінің  кіріспе 

технологиясы, сондықтан осындай жүйелерді жалпы анықтауда лайықты болуы 

керек. Бұл дегеніміз, төбеде айтылған гипер мәтіндік жүйелердің компоненттері 

Web болуы керек деген сөз. 

Web  гипер  мәтіндік  жүйе  ретінде  екі  түрлі  көзқараспен  қаралады. 

Біріншіден, гипер мәтіндік нұсқаулар ретінде беттерді көрсету ортасы ретінде, 

екіншісі,  бетті  көрсетуден  тұратын  объекттер  (мәтін,  графика,  мобильді  код 

және  т.б.)  ретінде  қарапайым  ақпараттық  объекттердің  қосындысы  болып 



жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау