37
интернет әлемінде өзінің өкілдігін жариялайды. Егер осыған дейін сайтта тек
статистикалық, ақпараттық контент көрініс тапса, онда қазір web-қосымша
потенциалды клиенттермен кез-келген сұрақтары бойынша байланыса алады.
Қарастырып отырған қосымшаға сәйкес, мысалға алып қарайтын болсақ,
потенциалды клиент ретінде интернет арқылы турларға, билеттерге, қонақ
үйлерге және т.с.с. тапсырыс беру мүмкіндігі жатады.
Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келсек, мұндай web-қосымшалар
дамыған серверлік бөлімді қолдану арқылы клиент-сервер технологиясымен
жасалынған. Берілген қосымша web-программалаудың әртүрлі тілдерінде іске
асырылған және мұнда жеке бөлінген сервер – Мәліметтер Базасы
қолданылған. Программалық жабдықтаманың жинағы едәуір көп. Сол себепті
қосымшаның көмегімен үлкен мақсаттарға жету үшін web-жоба іске асатын
сервердің программасын таңдау қажет. Алдыңғы тарауларда айтылғандарға
сәйкес, жобаның мақсаты – жиһаз мекемесінің web-қосымшасын даярлау.
1.4 Веб-сайт түсінігі
Интернет қолданушылары қол жеткізе алатын ақпараттар арнайы
бағдарламалық қамтамасыздандыру орнатылған компьютерлерде (Веб-
серверлерде) орналасады. Осы ақпараттардың басым бөлігі веб-сайт ретінде
орналасады. Әрбірінің өзінің Интернетте жеке аты (адресі) болады.
Веб-сайт дегеніміз Веб-серверде белгілі бір анықталған күйде
орналасатын және өзінің жеке аты (адресі) бар ақпарат. Веб-сайттарды
қолданушы компьютерінде көру үшін браузер деп аталатын арнайы
бағдарламалар қолданылады. «Адрес» тармағына сайтқа қандай ат (адрес)
бергенімізге қарай, браузер соған сай ақпаратты терезеде шығарады.
Веб-сайт бір-бірімен байланысқан Веб-беттердің жиынтығынан тұрады.
Браузер терезесінде ақпарат қандай түрде көрсетілетінін анықтайтын арнайы
командалар HTML-кодтан тұратын *.htm кеңейтілуі бар мәтіндік файлды веб-
сайт деп аталады. Барлық графикалық, аудио және видео ақпараттар Веб-
беттердің құрамына тікелей кірмейді және *.gif, *.jpg (графика), *.mid, *.mp3
(дыбыс), *.avi (видео) кеңейтілуінен тұратын жеке файлдар ретінде орналасады.
HTML-кодта мұндай файлдарға тек нұсқаулар ғана орналасады.
Веб-сайттың әрбір беті сол бетке қатысы бар файлдың аты мен сайт
адресінің қосындысынан тұратын өзінің жеке интернет адресі болады.
Осылайша, веб-сайт – бір-бірімен гипер мәтіндік құжаттар арқылы
байланысқан, веб-серверде орналасқан және жеке адресі бар ақпараттық ресурс.
Веб-сайтты Интернетке қосылған компьютері бар кез-келген қолданушы көре
алады.
38
2 Телекоммуникация жүйесінің қызметін төлеуге арналған web-
қосымшасын құру
Дипломдық жобаның бұл бөлімінде ақпараттық жүйенің құрылымы және
оның сипаты қарастырылған. Сондай-ақ, Web-жобасының клиенттік модулін
әзірлеу мен оның сипаттаммасы, абонентке және администраторға нұсқаулық
келтірілген.
2.1
Web-қосымшасының функционалдық құрылымын жасау
Телекоммуникация қызметін төлеуге арналған web-қосымшаның
функционалдық құрылымы сурет 2.1 де көрсетілген.
Сурет.2.1 - Телекоммуникация қызметін төлеуге арналған web-қосымшаның
функционалдық
құрылымы
Жоғарыдағы сұлбаға қарап, клиент пен администратор бөлімінің қандай
қызмет алатындығы және қандай қызметтер көрсететіндігі туралы көруге бола-
ды.
Абонент беті
Администратор беті
Негізгі бет
Ақпарат алу
Қызмет түрі
Төлем жасау
Қызмет түріне
тапсырыс беру
Ой пікір қалдыру
Тіркелу
Қызмет түрлерін
жаңарту
Төлемдерді реттеу
Тапсырыстарды
қарастыру
39
2.2
Web-қосымшасының құрылымы
Телекоммуникация жүйесі үшін арнайы жасалған web- қосымшасының
құрылымы келесі компоненттерден тұрады (Сурет 2.2):
− сайтты басқару бөлім - администратор бөлім;
− тұтынушы бөлім;
− мәліметтер базасы.
Сурет 2.2- Web-қосымшасының құрылымдық схемасы
Басқару бөлімі мен тұтынушы бөлімі бұл парақтар құрып, мәліметтер
базасы мен парақтар арасында ақпарат алмасуға мүмкіншілік беретін скриптер
жиыны.
Басқару бөлімі – бұл осы Web-қосымшаның параметрлерін күйге келтіру
жұмысына жауапты болатын скриптер бөлшегі. Ол мәліметтер базасымен өте
тығыз байланыста болып табылады және сол мәліметтер базасын күйге
келтіруге мүмкіндік береді. Басқару бөлімі сонымен бірге Web-қосымшаның
дизайн жұмыстарын да күйге келтіріп отырады. Басқару бөлімінің ең басты,
маңызды жұмысы болып, тұтынушыларға берілетін ақпараттар ағынын әр
уақытта жаңалап отыру болып табылады.
Пайдаланушы(абонент) бөлімі – бұл абоненттерге көрінетін беттерге
жауапты бөлім. Бұл парақтарда абонентке қажетті ақпараттар және абонентке
ұсынылатын қызметтер жайлы толық мәліметтер болады.
Телекоммуникация жүйесіне арнлаған осы web-қосымшаның мәліметтер
базасы – бұл осы жұмыстың ең маңызды бөлігі. Себебі мұнда
телекоммуникация жүйесінің қызметін пайдаланатын барлық абоненттер
туралы мәліметтер сақталған. Мәліметтердің барлығы серверде сақталады, ал
ол серверге басқару бөлімі мен клиенттік бөлім дәнекер сұраныстар тілі-
MySQL арқылы қарым-қатынас жасайды.
Админстра-
тор
Абонент
Мәліметтер
базасы
Басқару
бөлімі
Абонент
бөлімі