40
Мәзір
Қызмет
түріне
қосылуға
тапсырыс
Негізгі бет
Төлем
жасау
Web
қосымша
туралы
Қызмет
түрі
Ой пікір
қалдыру
Қосылуды
растау
2.3 Пайдаланушының (абонент) навигациялық сұлбасын құру
Навигация жүйесі – бұл қандай да бір тәртіппен орналасқан бөлімдерге
немесе сайттарға сілтейтін сілтемелерден тұратын Web-парақтың көрнісі.
Навигациялық жүйе жалпы екі бөлімнен тұрады. Клиенттік бөлімнің
навигациялық сұлбасы және басқару бөлімінің навигациялық сұлбасынан
тұрады (Сурет 2.3).
Сурет 2.3 – Клиенттік бөлімнің навигациялық схемасы
2.4 Программалық құралдар сипаттамалары
HTML гипермәтіндік тілі
Бүкіл әлемдік ғаламтордың негізі – HTML – Hyper Text Markup language
гипермәтіннің белгілеу тілі болып табылады. Ол құжаттың (веб-беттің)
логикалық (мағыналық) белгілеу үшін қызмет етеді.
HTML (HyperText Markup Language) тілі - бұл гипермәтінді белгілеу тілі.
Бұл тілде компьютердің программалық және ақпараттық қамтуларының
айырмашылықтарын ойламайтындай құжат құруға болатындай жасалынған.
HTML технологиясы кәдімгі мәтіндік құжатқа басқарушы символдар (тэги -
tage) орналасқан құрылымнан тұрады. Барлық тег «кіші» (<) символдарынан
басталады да «үлкен» символымен аяқталады.Осындай қос символ тізбегі
бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң
команда аты болып табылатын түйінді сөз – тэг орналасады.
HTML тіліндегі әрбір тег бір арнаулы қызмет атқарады. Олардың
жазылуында әріптер регисторы ешбір роль атқармайды, бас әріпті де , кіші
әріптерді де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тег атауларын жай
мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан. HTML
41
тілінің бір тегі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір абзацқа ғана
әсер етеді. Осыған орай екі тег қатар қолданылады. Бірі – ашады, екіншісі –
жабады. Ашатын тег белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тег сол
әсерді аяқтайды. Жабу тегтері қиғаш сызық символымен басталуы тиіс. Кейбір
тегтер өз жазылу орнына қарай тек бір ғана әсерін тигізеді. Мұндайда жабу тегі
қажет болмай қалады да, ол жазылмайды. Егер тег ретінде HTML тілінде
қолданылмайтын түйінді сөз жазылып кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды.
Браузер арқылы құжат экранда көрсетілген жақ та тегтердің өздері
бейнеленбей, тек олардың құжат мәтініне тигізетін әсері ғана бөлініп тұр.
Көбіне ашылу тегтерінің тигізетін әсерлерін түрлендіретін олардың
атрибуттары болады. Атрибуттар немесе сипаттамалар – тег атауының және бір
– бірінен бос орын арқылы бөлініп жазылатын қосымша түйінді сөздерден
тұрады. Кейбір атрибуттар оның мәнін жазуды талап етеді. Атрибут мәні оның
түйінді сөзінен теңдік белгісі (=) арқылы бөлініп жазылады. Атрибут мәні
қостырнақшаға алынып жазылуы тиіс, бірақ кейде қостырнақшаны жабуға да
болады.Тегтер мәтінінің өлшемін, сызылымын, түсін, мәтіннің орналасуын,
беттегі графикалық бейнені мәтіндік құжатқа графикалық бейнені жасанды
қозғалысты дыбыс, видео енгізу мүмкіндігін береді, сонымен қатар осындай
Web-беттермен мағыналы байланыс орнатады. Web-бет браузерде HTML тегі
арқылы берілген түрде қарастырылады. Мұндай Web-бетті HTML-файл деп
атаймыз. HTML-файлының кеңейтілуі .htm немесе .html.
HTML-файлдарының жетістігі:
- аз ақпараттық көлем;
- кез келген дербес компьютерден көру мүмкіндігі;
- интерактивтілігі.
HTML гипермәтінінің тіл белгілеу дамуы жалғасуда. Осылайша DHTML
(Dynamic HTML), XML, VRML және т.б. тілдер пайда болды.
Белгілеуі кеңейтілген XML (Extensible Markup Language) тілі HTML
гипермәтін белгілеуінің кеңейтілуі болып табылады, сондай-ақ кеңейтілген
басқарушы символдарды енгізу мүмкіндігі және де құжаттың дұрыстығын
тексеру мүмкіндігі бар. Виртуалды шынайы тіл VRML (Virtual Reality Modeling
Language) HTML гипермәтін тілінің белгілеуімен құрылған, ол көлемі 3D-
графикті пайдалану мүмкіндігін береді.
HTML кодтағы CSS
CSS - Cascading Style Sheets (Стильдердің каскадты кестесі). Бұл
ережелер жиынтығы уеб-бетті әшекейлеу, көркемдеу үшін қолданылады.
Каскадтыстиль кестелері (CSS) HTML-құжатын форматтілеудің ең жақсы
құралдарының бірі болып табылдады. CSS бүкіл Web-сайтының біртұтас
безендірілуіне қол жетуге рұқсат береді. Ол бет мазмұнын оның
форматтілеуінен айыруға мүмкіндік береді.
CSS-ті Web-бетіне енгізу жаңа атрибуттарды енгізгендей оңай. HTML
тілінің спецификациясы HTML-құжаттары үшін не тікелей HTML-құжат
42
ішінде, не сыртқы стиль кестесі арқылы стиль кестелерін бейнелеу ережелерін
анықтайды. Стиль кестесін құжатқа енгізу үшін STYLE элементі пайдаланады.
Style блогы script блогына ұқсас.VBScript сценарийлерін style блогінде
және керісінше CSS ақпаратын script блогінде орналастыруға болмайды.
JavaScript тілі
Бүкіл әлемдік ғалам торда стандарттық скриптік тілі JavaScript болып
табылады. JavaScript тілінің ядросы ECMA JavaScript болып есептелінеді.
JavaScript – HTML – тілінің динамикасына қажетті құралдардың бірі
болып табылады. Бұл тіл де көбінесе веб саласында қолданылады. Бұл тілдің
PHP тілінен айырмашылығы - бұл тіл серверде емес, клиенттің
(қолданушының) компьютерінде жұмыс істей алады. Бұл кейбір нәрселерді
серверге сұраныс (запрос) жібермей-ақ жасау керек болған кезде пайдалануға
тиімді болып табылады. Мысалы: осы жауапты жазып отырғанда, төменгі
жағынан жазып отырған нәрсең шығып отырады, міне осы процесс javascript
тілімен іске асады. JavaScript көмегімен гипермәтіндер HTML – ды жаңа
мүмкіндіктермен жүргізе алатын кіріктірілген бағдарламаға ие болады. Бұл
браузерге түсінікті бағдарламалау тілі. Демек браузер тілдің командаларын
орындай алады.
JavaScript бағдарламасын (оны скрипт немесе сценарий деп атайды)
HTML программасының ішіне орналастыруға немесе жеке файл етіп ұстауға
болады. Бұл файлды браузер арнайы команда арқылы HTML – кодының
интерпретациясы кезінде оқиды.
JavaScript кодтары HTML кодтарын толықтырады да, олар жеке файлда
орналасса да олармен бірге жұмыс істей алады.Скрипт екі
жұп тегінің арасында орналасады. Сонымен қатар осы сайттағы жауап жазатын
өрістің жоғарысында жазуды қалың қылатын, жатай қылатын, сурет қоятын
белгілер бар. Жазуды белгілеп B белгісін бассақ сол жазуымыз қалың болады.
Міне, осы сияқты операциялар JavaScript тілінің көмегімен орындалады.
Сонымен қатар қазіргі таңда кең етек алып жатқан Ajax технологиясы да осы
Javascript тілінің көмегімен жазылады.
Бұл тілдердің көмегімен қанша керек болса да күрделі веб – сайттарды
құруға болады.
Гипер мәтінді ақпараттық жүйесі көптеген ақпараттық түйіндерден және
байланыс пен түйіндерді манипуляциялау құралдары мен түйіндерде
анықталған гипер мәтіндік көптеген байланыстардан тұрады. World Wide Web
технологиясы – Интернеттің гипер мәтіндік тармақталған жүйелерінің кіріспе
технологиясы, сондықтан осындай жүйелерді жалпы анықтауда лайықты болуы
керек. Бұл дегеніміз, төбеде айтылған гипер мәтіндік жүйелердің компоненттері
Web болуы керек деген сөз.
Web гипер мәтіндік жүйе ретінде екі түрлі көзқараспен қаралады.
Біріншіден, гипер мәтіндік нұсқаулар ретінде беттерді көрсету ортасы ретінде,
екіншісі, бетті көрсетуден тұратын объекттер (мәтін, графика, мобильді код
және т.б.) ретінде қарапайым ақпараттық объекттердің қосындысы болып