Бержанова жанар зайдулдаевна


-сурет. Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс көрсеткіштері



жүктеу 470,64 Kb.
бет2/3
Дата21.12.2017
өлшемі470,64 Kb.
#5484
түріДиссертация
1   2   3

1-сурет. Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс көрсеткіштері
Жастарды тәрбиелеуде қоғамның бар күш-жігері жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін көтеру, құқық бұзушылыққа қарсы тұра білетін, саналы, қабілетті, құқықтық білімділігі заманға сай болып тәрбиелеуге бағытталуы тиіс [22.21-25].

Жұмыстың екінші тарауы «Мектеп оқушыларымен жүргізілетін құқықтық тәрбие жұмыстарының жүйесі» деп аталады. Бұл бөлім үш тараушадан тұрады.



Бірінші тараушада «Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің негізгі жолдары» қарастырылады. Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі — құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарды аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе оның елімізде жүріп жатқан жариялылық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату үдерісімен байланысының маңызы ерекше. Мектептегі құқықтық тәрбиенің мақсаты:

  1. Оқушыларға мемлекет, құрылым және құқық, құқықтық нормалар жайында жан-жақты білімдерді меңгерту. Бұл бағытта мектеп Жарғысы, оқушыларға арналған мінез-құлық ережелері құқықтық білімнің алғашқы негізін қалайды. Онда оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы нормалар бар.

  2. Мемлекет пен мемлекеттік заңдарға құрметпен қарау сезімдерін тәрбиелеу. Мұндағы маңызды мәселе – бүгінгі таңда елімізді қайта құру кезеңінде Парламентте қабылданып жатқан заңдарды таныстыру, олардың қоғамдағы демократияны дамытып, әділдікті баянды етуде атқаратын қызметі мен ерекшеліктеріне көңіл бөлу, соның негізінде оқушылардың сана-сезімін қоғам, заң алдындағы жауапкершіліктерімен тәрбиелеу.

  3. Жеткіншектердің мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талаптарына сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет-дағдыға айналдыру.

  4. Біздің қоғамымыз гуманист-ұжымшыл, ол халық үшін қызмет жасайтын жан болуы керек. Ата Заңның 14-бабында «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» деп атап көрсетілген [6]. Олай болса адам баласы Қазақстан Республикасының азаматы болған жерде бір-біріне қамқор болып, ел байлығын халық игілігіне жұмсауға атсалысуы тиіс. Ол үшін құқықтық тәрбиенің міндеті — жасөспірімдерді адамзаттық белсенділігіне қалыптастыру, заңды бұзушылыққа қарсы күресу. Әртүрлі әлеуметтік-құқықтық маңызы бар жұмыстарға қатыстыру.

Құқықтық тәрбиенің нәтижелі болуы үшін оқушылардың жасын әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, әр баланың жеке басының қасиеттерін ескеру қажет. Сол себептен де құқықтық тәрбие беру жұмысы бірнеше сатыдан тұрады: 1-4 сыныпта (бастауыш мектеп); 5-7 сыныпта; 8-9 сыныпта; 10-11 сыныптар аралығында. Сатыдан сатыға көшкенде құқықтық тәрбие күрделеніп, тереңдей береді. Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруда бір сатыда қол жеткен табыс келесі сатыда баянды етіліп, молая беруі тиіс. Тәрбиенің негізі мектепте оқу болса, оқушыларға оқу пәндерінің құқықтық тәрбие берудегі қызметі айрықша. География, табиғаттану, зоология пәндерін оқытқанда балаларға қоршаған ортаны сақтап, тиімді пайдалануға, қорғауға арналған заңдар туралы мәлімет беруге болады. Ата Заңның 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» - деп атап көрсетілген [6].

Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде сыныптан, мектептен тыс жұмыстардың да алатын орны ерекше. Осы бағыттағы жұмыстарға жататын тәрбие берудің жолдары мыналар:



  1. Мораль мен құқық мәселелеріне арналған лекциялар мен әңгімелер өткізу;

  2. Сот, әділет, прокуратура, полиция, денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру;

  3. Құқық мәселелеріне арналған кештер, конкурстар, олимпиадалар ұйымдастыру;

  4. Құқықтық үйірмелер, білім мектептерін, университеттерді ұйымдастыру;

  5. Оқушылар конференциялары, айтыстары, адамгершіілк және құқық тақырыптарына байланысты арнаулы және көркем әдебиеттерді талқылау;

  6. Құқықтық тақырыптарға арналған деректі және көркем фильмдерді талқылау;

  7. 16 жасқа толып, куәлік алған оқушыларды құрметтеп, құттықтау;

  8. Мектептегі құқық сақтау жұмысының хал-жағдайы туралы қабырға газет, бюллетень шығару;

  9. «Жас заңгер» клубын ұйымдастыру;

  10. Ай сайын «құқықты насихаттау мен құқық бұзушылықтың алдын алудың бірыңғай күндерін» жүргізу.

Екінші тараушада «Мектептегі құқықтық тәрбиенің негізгі факторлары» сараланады. Жалпы тәрбие — баланың өміріне және әрекетіне қолайлы жағдайлар туғызып, баланың бойына біткен мүмкіншіліктерді ақиқатқа айналдыру жолында әрекет етіп, баланың әрекеттерін ұйымдастырып, басқарып, оларға дұрыс бағытын беріп, жетекші болып отырады. Құқықтық тәрбиенің маңыздылығына адамдар ерте бастан-ақ ерекше көңіл бөлген. Мемлекеттік құқық жүйесінің тарихы туралы сөз еткенде ежелгі заң ретінде Вавилонның «Хаммурапи заңы», Үндінің «Ману заңы», көне Римнің «ХІІ кестесі» заңдары айтылады.

Жастарға құқықтық тәрбие беруде орта білім беру мекемелері жетекші орын алады. Онда жастарды құқық туралы ғылым негіздерімен қаруландырады, адамның іс-әрекетіне қоғамның қоятын талаптарымен таныстырады, нені жасауға болады, нені болмайды, қандай іс, қылықтары заңды, әділетті, қандайы заңсыз екенін түсіну, алған білімдерін практикалық өмірде пайдалана білу дағдыларын, жамандық пен заңсыздықпен күресте қажет болатын психологиялық қасиеттерін қалыптастырады.

Мектептердің құқықтық тәрбие берудегі жоғарғы рөлі бірнеше факторлармен анықталады. Олар педагогикалық технологиямен қаруланған кәсіби мамандармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ орта білім беретін мекемелерде тәрбиелік ықпал ету жинақтылық сипатқа ие. Онда тәрбие беру ісін ағарту ісімен біріктіретін тамаша мүмкіндіктер бар. Мектептердегі тәрбие беру ісі бұл тек оқушыларды құқықтық біліммен байыту, құқықтық жағдайларға оқыту ғана емес, сондай-ақ баланың мектепке алғашқы қадамынан басталып, колледж, лицейді бітіргенге дейін жалғасатын қоғамдық ұзақ әсер етудің түрі. Сонымен қатар орта білім беру мекемелерінің бай ғылыми әдістемелік базасы бар. Олар құқықтық тәрбие берудің түрлері мен әдістерінің бай қорын игерген.

Бүгінгі күннің талабына сай оқушыларда құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін, орта білім беру мекемелеріндегі құқықтық тәрбиенің барлық жүйесін түбегейлі қайта құру қажет. Себебі оның қазіргі жағдайы қоғамда үлкен алаңдатушылық туғызып жатқаны да жасырын емес. Мектептегі құқықтық тәрбие жұмысы. Бірінші сыныптан бастап, белгілі бір жүйелілік пен ұйымдастырылған түрде оқуды бітіргенге дейін жүргізілуі қажет. Әрине, құқықтық тәрбие тиімді нәтиже беру үшін оқушылардың жасын, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, әр адамның жеке басының қасиеттерін ескеру абзал. Тікелей құқықтық тәрбие беру — арнайы жүргізілетін сабақтар, әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Осы жұмысты жүргізуге арналған пәндер «Құқық негіздері», «Адам және қоғам», «Жанұя өмірінің этикасы мен психологиясы».

Құқықтық тәрбиенің міндеттерін бөліп көрсететін болсақ, ол төмендегідей болады:


  • қоғам мүшелерінің бойына құқықтық білімді сіңіру;

  • құқыққа сай жүріс-тұрысты әдетке, дағдыға айналдыру;

  • құқықтық іске белсенді араласу қабілетін ояту;

  • қоғам мүшелерінің заңда белгіленген құқықтары мен мүдделерін қорғай және пайдалана алуға машықтандыру;

  • құқықтық сананы қалыптастыру.

Үшінші тарауша «Құқықтық тәрбиенің негізі тұлғаға құқықтық нормаларды танытуға» арналған. Құқық нормалары мен ережелері адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған заңдарға сай келуін талап етеді. Сондықтан да осы талаптарға сай өмір сүру, еңбек ету және т.б. әрекеттерге бару үшін, оларды білу әрбір азаматтың борышы, міндеті.

Олай болса, оқушы жастарға құқықтық білім беріп, олардың жеке тұлғасын қалыптастыруда мектептегі құқықтық тәрбиенің мақсаты:



  1. Өскелең жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай орындау және оларды сыйлау рухында тәрбиелеу.

  2. Мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенділікпен қатысып, өз Отанын қорғауға әрқашанда дайын болуға жаттықтыру.

  3. Өз елінің материалдық және рухани байлығын сақтап, оны молайтуға қабілетті, іскер адамдарды тәрбиелеу.

Бұл бағытта мектеп Жарғысы, оқушыларға арналған мінез-құлық ережелері құқықтық білімнің алғашқы негізін қалайды. Онда оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Міне, осы қарапайым құқықтық нормалар төменгі сыныптан бастап жоғары сыныптарға дейін оқу тәрбие процесінің барлық құрылымында түсіндірілуден, білім беруден, оқытудан басталады. Ол үшін құқықтық тәрбиенің міндеті – жасөспірімдерді адамзаттық белсенділігіне қалыптастыру, заңды бұзушылыққа қарсы күресу. Әртүрлі әлеуметтік-құқықтық маңызы бар жұмыстарға қатыстыру.

Құқықтық тәрбие құқық нормасын алдымен жазалау құралы емес, қоғамдық қатынасты ешқандай қақтығыссыз реттеуші ретінде қолданады. Адамның құқықтық санасы мен тәртібін қалыптастыра отырып, құқықтық тәрбие заң нормаларына бағынатын, өз міндеттерін орындайтын, тәртіп нормаларын бұзбайтын саналы азаматты тәрбиелеу арқылы құқықтың негізгі қызметін жүзеге асырады.

Ғалым заңгерлердің теориясы бойынша құқықтық тәрбиені іске асыру, оны орындау механизмі төрт бөлімнен тұрады [65.24-27]:


  1. Қоғамдық құқықтық сана;

  2. Құқықтық норма жүйесі;

  3. Құқықтық тәрбие жұмысының нысаны және әдіс-тәсілдері;

  4. Тәрбие жұмысымен қамтылған адамдардың құқықтық сана сезімі.

Жастардың ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы өзіндік көңіл бөлуді қажет етеді. Жастардың құқықтық санасының қалыптасуына ата-анасының, жұртшылық пен мектеп үлкен ықпал етеді. Кәмелетке толмағандардың психологиясы ерекше. Оларды қандай да болмасын әрекеттерге жұмылдыру оңай. Сондықтан да ата-анамен тығыз байланыс орнатып, мектепте және мектептен тыс әңгіме, сұхбат өткізіп, кеңес беріп отыру қажет.

Жұмыстың үшінші тарауы «Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастырудың әдістемелік мәселелері» деп аталады. Бұл бөлімде сынып, мектеп көлемінде өткізілетін тәрбие сағаттары, кештер, дебаттар, конференциялардың жоспары және ұйымдастыру әдістемесі көрсетілген. Бұл бөлім үш тараушаны қамтиды.

Бірінші тараушасы «Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру жүйесі» деп аталады. Оқушылардың құқықтық мәдениетін көтеру ісі кешенді шараларды шешуді талап ететіндігін біз жоғарыда байқадық. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие берудің мақсаты — еліміздің заңдары мен тәртіп ережелерін сыйлау, оны орындау, жастарды азамат ретінде Отаншылдыққа баулу, еліміздің материалдық және рухани байлығын үнемді пайдалануға, оны байытуға, адал еңбек етуге тәрбиелеу, айналамыздағы адамдарға қиянат, зорлық-зомбылық, қылмыс жасамауға үйрету, бауырмалдыққа, мейірімділікке, ізгілікке бағыттау.

Адамның саяси және адамгершілік көзқарасы мен ішкі нанымы құқықтық мәдениетінің «іргетасы» саналады. Төмендегі аталған жағдайлардың іргетасының қалай қаланғанына байланысты болады:



  • құқықтық білімнің сапасы және оны қолдана алу;

  • заңға қатыстық сипат (заңды сыйлау сезімі, заңдылықты сезіну);

  • құқықтық норманы орындауға дайын тұру;

  • заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуд белсенділік көрсету.

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жүргізу барысында мыналарға мән беру керек:

  • жастар демократия негіздерін оқып-үйренулері тиіс;

  • олар өз құқықтары мен міндеттерімен танысып қана қоймай, бостандық, тұлға, құқықтық мемлекет деген ұғымдармен таныс болуы керек;

  • қайырымдылық және зұлымдық, әдемілік және талғамсыздық, т.б. құқық нормасымен байланысты елестетіп отырулары қажет;

  • құқықтық тәрбие адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен байланысты болуы міндетті;

  • заң туралы аса қызыға білгені дұрыс. Өйткені құрғақ ақпарат оқушылардың миына жетпейді, жүрегін елеңдетпейді. Жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың құқықтық жаңаруы мақсатында әр түрлі шығармашылық нысандарды қолдану қажет.

Мектепте құқықтық тәрбие беру үдерісін кезең-кезеңмен өткізген жөн. Оқушылар 1-4 сыныптарда алғашқы құқықтық ұғымдармен танысады, адамгершілік тәрбиесіне баса көңіл бөлінеді. Содан кейін әркімнің өз істеген ісіне жауапкершіліктің болатыны түсіндіріледі. Мысалы, олар мектептің өздеріне бұрын беймәлім ішкі тәртібін меңгереді, міндеттерін ұғынады, алғашқы қоғамдық тапсырмаларды орындайды (кезекшілік, т.т.). осы әрекеттер барысында олардың сынып, мектеп алдында жауапкершілік сезімдері қалыптасады. 5-8 сыныптарда бастауышта алған құқықтық білімді жетілдіреді. Қазақстан Республикасы заңдары туралы жалпы мағлұмат алады, азаматтардың негізгі құқықтары және міндеттерімен танысады, қоғамдық жерлердегі ережелерді түсініп, талқылап, сақтайды. Оқушылардың саналы әрекеті қалыптасады. Тәртіп бұзушылыққа төзбеуді үйреніп, жеке жауапкершіліктері қалыптасады. Қоғам алдындағы жауапкершіліктері артып, құқық бұзушылық салдарынан арнайы мектептерге мәжбүрлеп жіберу мүмкіндігін сезінеді.

10-сыныпта «Құқықтық мәдениеттің қалыптасуы» атты арнайы курсын ұйымдастырдық. Бұл курсты жалпы және арнайы пәндерден кейін оқыту көзделеді. Оқушылар арнайы курсты оқып-үйрену барысында «Құқық» пәнінің оқыту әдістемесінен алған білімдеріне сүйенеді және бұл арнайы курс жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін дамытуда өз үлесін қосады деп ойлаймыз.


1-кесте. «Оқушылардың құқықтық мәдениетінің қалыптасуы» атты арнайы курсының жоспары. (20 сағат)




Тақырыптар

Сабақ түрлері

лекция

практика

зертханалық

1

Кіріспе

1







2

Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы рөлі мен маңызы

2







3

Құқықтық тәрбиенің негізі – тұлғаға құқықтық нормаларды таныту

2

1

1

4

Мектеп пен отбасының құқықтық тәрбие берудегі мүмкіндіктері

2

1

1

5

«Құқық», «құқықтық тәрбие», «құқықтық мәдениет» ұғымдарының мәні мен маңызы

2







6

Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің негізгі жолдары

1

2

2

7

Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізілетін жұмыстар

1

1

1




Барлығы

10

5

5

10-11 сыныптарда мемлекет және құқық мәселелері бойынша теориялық тұрғыдағы мәселе қозғай алады. Құқықтық жағдайлар мен айғақтарды нақты өмір жағдайларымен байланыстырады. Адамдардың әрекетіне баға беріп, құқықтық дағды қалыптасады. Қоғамға қарсы әрекеттерден сақтанып, оны болдырмауға тырысады. Дүниетанымы қалыптасып, құқықтық мәдениеті өсе түседі.

Мектепте оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бір жақты ғана болмауы керек. Сондықтан оның сабақтан тыс нысандары бекітіледі. Мәселен, мектеп жарғысымен танысу, мектеп заңдарын қабылдау. Оны қабылдау барысында оқушыларға кең мүмкіндіктер беру. Аталған шараларға оқушыларды мейлінше көптеп тарту. Сондай-ақ, «Құқық», «Мемлекет және құқық», «Құқық және білім беру заңдарының негіздері» сияқты негізгі және факультативті пәндерді оқу жоспарына енгізумен қатар, шебер ұйымдастырылған тәрбие шаралары арқылы жас ұрпақты күнделікті отбасында, орта мектепте, орта арнаулы кәсіптік білім беретін оқу орындарында, жоғары мектептерде тәрбиелеу абзал.

Мектептерде тәрбие жұмысының әр алуан түрлері мен әдіс-тәсілдерін пайдаланған жөн. Оқушыларға құқықтық тәрбие беру шараларын төмендегідей ұйымдастыруға болады:


  • жыл сайын құқықтық апталық өткізу. Оның жоспарын жүйелі түрде жасау;

  • құқықтық тақырыпта айлықтар өткізу;

  • көңілді тапқырлап клубын ұйымдастыру («Адам және заң», «Заң және біз»);

  • қиын балалармен тұрақты Кеңестің жұмыс істеуі. Кеңестің жұмысына ата-аналарды қатыстырып отыру керек. Құқық қорғау орындарының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру;

  • құқықтық үйірмелердің жұмыс істеуі. Үйірме белсенді оқушылардың қатысуымен құрылып, тұрақты жұмыс істеуі керек;

  • құқықтық ақпараттық орталықтың жұмыс істеуі. Оның арнайы бұрышы болуы керек. Қабырға газеттері, құқық тақырыбына қажетті басылымдар шоғырлануы қажет;

  • құқық тақырыбында сынып жетекшілердің семинарларын өткізу және құқықтық білім бойынша олимпиадаларды жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыру;

  • үгіт-насихат құралдарын кеңінен пайдалану.

Ең бастысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру жұмысының жүйелілігі. Төмендегідей сатыдан тұратын жүйенің болғаны жөн.

Диагностикалық саты — сұрақ-мәселе жағдайын зерттеу. Бұл мектеп оқушыларының әлеуметтік құрамын анықтап, «қиын» жасөспірімдердің топтарын белгілеуге көмектеседі.

Ізденушілік саты — анықталған мәселелерді шешу жолдарын табу.

Әрекет етушілік саты — мәселені шешу әдістері мен нәтижелерін талдау.

Қорыта келгенде, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру үшін төмендегі шараларды тиімді ұйымдастыру керек:


  • тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс жұмыстардың құқықтық тәрбие берерлік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;

  • ішімдікке, нашақорлыққа қарсы күресуде жұртшылықты, ата-аналарды, қоғамдық ұйымдарды, дәрігер-нарколог өкілдерін жұмылдыру;

  • оқушылар арасында ішімдікке, нашақорлыққа бейімі бар жасөспірімдерді анықтап, құпия түрде дербес тәрбие жұмыстарын жүргізу;

  • оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне бақылау жүргізу.

Екінші тараушада «Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізілетін жұмыстар» талқыға түседі. Жастардың құқықтық мәдениеті жастардың қоғам өміріндегі жақсы жақтарын көрсететін құқықтық түсінік болса, девианттық мінез-құлық керісінше, олардың қоғам өміріндегі теріс орны мен салмағын айқындайды. Оқушылар мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау үшін әрбір сынып жетекшісі, әрбір мұғалім, әрбір мектеп басшысы оқушыларды жақсы тануы қажет. Ұлы педагог К.Д.Ушинский: «Егер педагог адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол ең алдымен, оны барлық жағынан білуі тиіс» деген екен.

Құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде – өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру, оның мақсат – міндеттерін дұрыс түсіндірудің маңызы ерекше. Құқықтық тәрбие беру жан – жақты тәрбиелеудің маңызды бір саласы. «Құқықтық тәрбие мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет – қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу», – деп анықталған [54.197].



Сонымен, қылмыстың жастар арасында көбею себептерін қарастырайық (2-сурет).




2-сурет. Жастар арасындагы қылмыстың көбею себептері

Үшінші тарауша «Мектеп пен отбасының құқықтық тәрбие берудегі мүмкіндіктері» деп аталады. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру отбасынан бастау алып, бүкіл қоғамдық институттарды қамтиды. Кейде отбасының көп жыл бойы балаға жасаған ықпалы, оны қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен басым түсуі әбден ықтимал. Сондықтан, отбасы тәрбиесінде теріс ықпал ететін жағдай жеткіншектің бойында ұнамсыз қасиеттердің болуына, қоғамға жат ой-пиғылдардың қалыптасуына әсер ететін басты себептердің бірі болып табылады. Атап айтсақ, солардың ішіндегі оқушылардың ішімдік пен нашақорлыққа құмар болуы. Ал жастардың қайсысы болмасын ересектерге еліктейді. Әрине, отбасында құқықтық тәрбие кең көлемде берілмейді. Арнайы құқықтық тәрбиенің басталар жері — мектеп болып табылады. Мектеп өмірінде мінез-құлқы күдік келтіретін «қиын» деген балалардың барлығы бәрімізге аян. Қоғам, мемлекет ұйымдары, жұртшылық боп «қиын» балалардың тағдырына ерекше көңіл аударады. Соған қарамастан, олардың саны жылдан-жылға азаймай келеді.

«Қиын» балаларға тән қасиет сабаққа кешігіп келу немесе мектептен кетіп қалу, өзінен әлсіздерді жәбірлеу, үлкендерді сыйламау, дөрекілік мінез көрсету. Әдетте мұндай оқушылар бір сыныпта екі жыл отыруы да мүмкін. көбінің оқығысы келмейді. Себебі, оқуға ықыластары азайған, қоғамдық белсенділігі төмендеген. Мұндай балалар өзінен басқа жолдастарына да қоғамдық тәртіпті бұзуға немесе басқадай іспен айналасуға мұрындық болуға ыңғайлы келеді. Тіпті өз қатарларына жігерсіз балаларды тартып әкету икемділіктері де басым болады.[46.8] Мектеп мұғалімнің беделі болу қажет. Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі, оқушыларға тек құқықтық мағұлмат беріп отыру ғана емес, сонымен қатар құқық талабын орындауға күндеклікті баулу болып табылады.

Сонымен, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда әлеуметтік институттардың ықпалдастықта, өзара байланыста жүргізген жұмысы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.



«Сыныптан тыс жұмыстарында оқушыларға құқықтық тәрбие берудің педагогикалық эксперименті» деп аталатын төртінші тарау үш тараушадан тұрады. Бұл бөлімде құқықтық білім мазмұнын оқу-тәрбие үдерісіне кіріктірудің жолдары, қоғамдық пәндер мазмұнына құқықтану материалдарын кіріктіру үлгісі жан-жақты талданды. Жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері, оның негізінде жасалған тұжырымдар берілді.

Бірінші тарауша «Тәжірибелік эксперимент жұмыстарының анықтаушы кезеңіне» арналады. Мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие берудегі олардың құқықтық білімі, дағдысы, мәдениеті мен құқықтық санасының даму деңгейін зерттеуде, тәрбиелік шараларын өткізу арқылы олардың құқықтық білімі мен дағдыларын дамытуға болатынын анықтау үшін эксперимент жұмыстары өткізілді. Эксперимент жұмысы үш кезеңнен тұрды:

1. Анықтаушы;

2. Қалыптастырушы;

3. Қорытынды.

Мектеп оқушыларының құқықтық білімі мен дағдыларының даму деңгейлерін анықтау мақсатында 2011 жылдың қазан айынан бастап 2012 жылдың ақпан айына дейін №222 мектепте арнайы тәжірибелік эксперимент жұмыстары жүргізілді. Зерттеудің анықтаушы кезеңінде 8“а”, 8“б” сыныптарында оқушылардың құқықтық білімдері мен дағдыларының деңгейлерін анықтау үшін тесттер, сауалнамалар, интервью өткізілді. Оның алдында олардың құқықтық тәрбиелілігін анықтайтын (критерий) белгілерін жасадық.

Екінші тарауша «Тәжірибелік эксперимент жұмысының қалыптастырушы кезеңіндегі тәрбиелік іс-әрекеттер» деп аталады. Анықтаушы кезеңнің мәліметтеріне сүйене отырып эксперименттік жұмыстардың әдістемесін құрдық.

Осы әдістемені негізге ала отырып, төмендегідей іс шаралар өткізуді ұсындық:



  1. Оқушылардың құқықтық білімі мен мәдениетін қалыптастыру, дамыту үшін «Құқықтық апталық» өткізу;

  2. Оқушылардың құқықтық дағдыларын жетілдіру мақсатында қалалық білім байқауларына қатыстыру. Олардың бүгінгі заманымыздың құқықтық фактілерге баға беру, талдау жасау мақсатында ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, мектептегі «Жас заңгер», «Жас құқықтанушы» кіші ғылыми-зерттеу орталықтарына жазылып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

  3. Оқушылардың бүгінгі құқықтық өмірмен байланысын, өмір тәрбиесін қалыптастыру мақсатында белгілі заңгерлермен, құқық қорғау орындарының қызметкерлерімен байланыс орнату, кездесу өткізу, көкейкесті құқықтық мәселелрге арналған ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға қатыстыру;

  4. Құқықтық білім беру бағдарламасын қолдап отырған ұйымдармен байланыс жасау, олар ұйымдастырған іс-шараларға қатыстыру;

  5. Оқушылардың заңдық жауапкершілігін арттыру үшін жасөспірім-дердің ісі жөніндегі комиссия мен мектеп арасындағы байланысты күшейту. Олар берген мәліметтер бойынша оқушылардың құқықтық жағдайларын анықтап, салыстырып, құқықтық фактілерді талдау;

  6. Оқушылардың азаматтық-құқықтық білімін жетілдіру үшін «Ақжелкен», «Ұлан» т.б. балалар баспасөзінде құқықтық баған, «Сұраңыз, жауап береміз» атты маман заңгерлердің кеңесін ашу. Радио, телехабарда балалар құқығы, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңы, «Балалар құқығы туралы конвенция» т.б. маңызды мәселелер бойынша этикалық әңгіме, конференция, тәрбие сағаттарын өткізу;

  7. Мектептегі «қиын» оқушылармен жеке дифференциалды жұмыс істеу, мектеп психологымен байланыста құқықтық-психологиялық қызмет көрсету.

Эксперименттік топ оқушыларымен «Заң білмеген зардап шегеді» деген тақырыпта тәрбие сағатын жүргіздік. «Заң адамды бағындырады, Заң ақылды бағындырады», -деген Т.Фуллердің нақыл сөздерін негізгі идея ретінде қолдандық, және осы сөздерді тақтаға цитата ретінде іліп қойып, оқушылардың назарын осы сөздерге аударып тұрдық.

Жүйелі түрде ұйымдастырылған іс шаралардың арқасында оқушылардың құқықтық білімін және дағдысын қалыптастырдық деп айта аламыз. Нәтижесін қорытынды экспериментте көрсетеміз.

Үшінші тараушада «Тәжірибелік эксперимент жұмыстарының даму динамикасы» сипатталады. Мектеп оқушыларының құқықтық білімі мен мәдениетінің даму деңгейін анықтау мақсатында арнайы №222 орта мектепте тәжірибелік эксперимент жұмыстары жүргізілді.

Қалыптастырушы кезеңінде өткізілген іс шаралардың қорытындысын анықтау мақсатында өткізілген тесттер мен ситуациялық сұрақтар негізінде оқушылар төмендегідей көрсеткіш көрсетті.



Салыстырмалы түрде анықтаушы кезеңіндегі көрсеткіштермен бірге қорытынды кезеңнің көрсеткішін төмендегі кестеде белгіледік.(2-кесте)

жүктеу 470,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау