БЕКІТЕМІН
ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік
орталығының директоры
______________М.И.Асанова
«____» ___________2012 ж.
Информатика пәні мұғалімдерінің қызметін зерделеуге арналған жаднама
Мақсаты:
Информатика пәнін оқыту мазмұнын, деңгейі және сапасының мемлекеттік стандартқа сәйкестігін анықтау, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру үшіннормалар мен талаптарға сай жағдайды қамтамасыз ету. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің пәндерді оқыту сапасын басқарудағы тиімді тәжірибелерді анықтау. Ақпараттық технологиялар саласында оқушылар мен мұалімдердің кәсіби және жалпы білім беру деңгейін көтеру.
Нормативтік бөлім
Пән мұғалімдерінің нормативті-құқықтық базасының бар болуы және онымен жұмыс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылы, 30 тамызда қабылданған ), (02.02.2011 ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілген)
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы, 11.07.1997 ж. № 151-I.
(10.07.2012 ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілген)
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (10.07.2012 ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілген)
Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңы (10.07.2012 ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілген)
Информатика пәні бойынша ҚР жалпыға міндетті Мемлекеттік орта білім беру стандарты;
ҚР жалпы білім беру оқу орындарының базистік оқу жоспары;
7-11 сыныптар үшін «Информатика» пәнінің бағдарламасы
Әдістемелік-нұсқау хат «2012-2013 оқу жылында ҚР жалпы білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы» Астана, 2012ж.;
Әдістемелік-нұсқау хат «ҚР жалпы білім беру ұйымдарында 2012-2013 оқу жылын аяқтау туралы»;
10.Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1684 Астана, Үкімет Үйі
«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген тұлғалардың лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2009 жылғы 13 шiлдедегi № 338 бұйрығымен бекітілген.
ҚР ДСМ 2010 жылдың 28 қыркүйегінде № 767 бұйрығымен «Дербес копьютер және видиотерминалдарды пайдалану мен ұсталуына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы санитарлық ереже (25.04.2011 ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілген)
ҚР Білім және ғылым министірінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №169 бұйрығымен бекітілген «Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастырудың Ережесі»
ҚР Қаржы Министрлігінің 1 қараша 2000 жылғы N 470 бұйрығы және республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға бекітілген мүлікті есептен шығару турлы нұсқаулық
Жалпы орта білім беру ұйымдарында физика, биология және информатика кабинеттері үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік Ережелері туралы (ҚР ҒБМ 2006 жылғы 06 қазандағы №517 бұйрық)
Мемлекеттік органдардың интернет ресурстарында орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электронды ақпараттық ресурстардың тізімін бекіту туралы (ҚР Үкіметінің 2007 ж. 03 қазандағы №891 Қаулысы Постановление Правительства РК от)
Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі ҚР ҒБМ 2010 жылғы 22 қаңтардағы №16 бұйрық)
Сараптау бөлімі
Күнтізбелік-тақырыптық жоспардың бар болуы, оның стандартқа және бағдарламаға сәйкестігі. Бағдарламалардың орындалуы. Практикалық жұмыс үшін бағдарламалық тілде бағдарламалауға арналған материалдарды жинақтау. Информатика пәні бойынша бағдарлы оқыту курсының болуы.
Пән бойынша оқушылардың үлгірімі, білім сапасы. Білім сапасының мониторингі (соңғы 3 жылға салыстырмалы талдау); оқушылардың оқу жетістіктерін жақсарту мақсатындағы жұмыстар, психологиялық көмектің ұйымдастырылуы, ата-аналармен жұмыс.
Оқушылардың сабақтағы белсенділігі, мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы (бірнеше сабақтарға қатысу), оқушылармен дифференциалды жұмыстың ұйымдастырылуы.
Оқыту нәтижелерінің салыстырмалы талдауы (жылдық, тоқсандық бағалардың сәйкестігі).
Мұғалімнің оқушы дәптерімен жұмысы. Дәптер тексерудің нормаға сәйкестігі.
Сабақ өткізу кезінде санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы (сынып тақтасы; жиhаздардың оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі; жарықталыну деңгейі, бөлменің тазалығы; оқушылардың оқу аудиториясында денсаулық ерекшеліктерін ескере отырып орналастырылуы; желдету режімі, қолданылған көрнекіліктердің талапқа сай болуы; сабақтарда еңбек және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуы).
Дарынды оқушылармен жұмыс: оқушылардың пән олимпиадаларына, байқауларға, ғылыми жобалар қорғауға т.б. қатысуы, нәтижелері.
Пән бойынша сыныптан және мектептен тыс жұмыстар.
Құжаттармен жұмыс (журналдың толтырылуы).
Оқыту компьютер жабдығымен қамтылуы, мектепте және сыныпта желілік желінің болуы. Оның қолданылуының тиімділігі.
Информатика кабинетінің төлқұжаты (Қосымша №1).
Ақпараттық-әдістемелік бөлім
Педагогикалық және әдістемелік кеңестерде пәннің оқытылу жайы туралы мәселенің қаралуы.
Информатика пәні мұғалімдерінің кәсіптік өсуі және біліктілігін арттыру мониторингі. Диагностикалық карта.
Пәннің оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен, электронды оқулықтармен, әдістемелік және көрнекі құралдармен қамтылуы.
Пән бойынша кадрлық қамтылу (информатика пәнінен сабақ беретін барлық мұғалімдер, оның ішінде жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мұғалімдер саны; мамандығы бойынша базалық білімі барлар, сәйкес келмейтін мамандық бойынша жұмыс істейтіндер саны).
Әдістемелік жұмыс: (семинарлар, дөңгелек стол, әдістемелік сайыстар, шеберлік – кластары, ғылыми - практикалық конференциялар).
Мектептің информатика пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің (кафедрасының) жұмыс жоспары және оның орындалуы.
Пән мұғалімдерінің оқытудың жаңа технологияларын қолдануы, шығармашылық топтар жұмысы.
Мұғалімнің өзіндік білімін көтеру жұмысының ұйымдастырылуы.
Жас мамандармен жұмыс, тәлімгерлік.
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруы, аттестаттау.
Пәннің оқытылу жайы бойынша мектепішілік бақылау.
Пән мұғалімдерінің жұмысын педагогикалық бақылау дәптері (жеке бет есебі).
Оқу-материалдық база: пән кабинеттерінің саны, олардың талапқа сәйкестігі, техникалық және дидактикалық материалдармен, соның ішінде интерактивті тақтамен жабдықталу деңгейі.
Интернет және оның оқыту үрдісінде қолданылуы. Мектеп сайтын құрастырып, жасау жұмыстарын ұйымдастыру.
Мектеп түлектерінің пәндік бағыт бойынша жоғары оқу орындарына түсуі.
Зерделеу әдістері:
мектеп құжаттарын, аналитикалық және басқа да материалдарды зерделеу;
әкімшілік мүшелерімен, пән мұғалімдерімен әңгімелесу;
сабақтарға қатысу;
білім кесінділерін алу.
Достарыңызбен бөлісу: |