«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



жүктеу 10,13 Mb.
бет23/44
Дата25.05.2018
өлшемі10,13 Mb.
#16908
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44

Созылмалы гастрит


Созылмалы гастрит (gastritis chronica) ас қорыту жүйесі аурулары ішінде кеңінен тараған дерт болып есептелінеді.

Этиология мен патогенезі. Ал эндогендік себептерге қызметі бұзылған ағзалардың рефлекторлы әсерлері (үйқы безі, ішек, өт қабы), гормоналды жүйенің бұзылыстары (қалқанша бездің, бүйрек үсті безінің, ми астындағы бездің аурулары), созылмалы инфекциялар (безгек, мерез, туберкулез), созылмалы инфекция ошақтары (құрт тәрізді өсінді, бадамша бездері. т.б.) жатады.

Күні бүгінге дейін созылмалы гастритгің этиологиясы мен патогенезі толық зерттелмеген. Соңғы көзқарас бойынша созылмалы гастрит екі жолмен дамиды.

Созылмалы А типті гастрит тұсында асқазанның жапсырмалы клеткаларына қарсы аутоантиденелер түзіліп, олар ең алдымен асқазанның түбінің атрофиясына әкеліп соғады.

Созылмалы В типті гастриттің дамуына аутоиммундық себептер әсер етпейді. Оның дамуына емдемді бұзу, көп мөлшерде арақ-шарап қабылдау, темекіні көп тарту, т. б. себептер әсер етеді.

Соңғы жылдары созылмалы В типті гастриттің даму барысында микроорганизмдердің (helicobacter pylori) әсері дәлелденуде.

Қышқыл түзгіш қызметі қалыпты немесе көтеріңкі созылмалы гастрит көбіне жас адамдарда кездеседі, бұл кезде ойық жара тәрізді симптомдар, оның ішінде аш қарынға білінетін, түнде кешірек байқалатын ауыру сезімі, қышқылмен кекіру, іштің қату белгілері анықталады.

Қышқыл түзгіш қызметі төмен, яғни секреторлық қызметі жеткіліксіз созылмалы гастрит көбіне жасы ұлғайған адамдарда кездеседі, эпигастрия тұсында сыздаған ауыру сезімі, асқазанның толық кернеген сезімі, төбеттің төмендеуі,-ауамен кекіру, іштің желденуі, іштің өту белгілері байқалады. Ұзақ уақытқа созылған сөлсіздік бірте-бірте дене салмағының төмендеуіне әкеліп соғады, гаповитаминоз симптомдары (тырнақтың сынуы, еріннің жарылуы, т. б.) пайда болып, В12 тапшылық анемия дамыды.

Созылмалы гастриті бар адамдарды объективті қарау кезінде көп өзгеріс болмайды, кейбір жағдайларда пальпация әдісімен зерттеу кезінде асқазан ауруы бар екендігі анықталады.

Созылмалы гастриттің диагаостикасында асқазанның қышқыл және пепсин түзгіш қызметі зерттеледі. Оны асқазанды фракциялық немесе асқазанішілік рН-метрия әдістерімен зерттей отырып анықтайды. Ренттенологиялық зерттеу асқазанның моторикасының бұзылуын анықтауға көмектеседі. Ол асқазанның кілегей қабаты бетінің пішінін сипаттайды. Дегенмен созылмалы гастриттің диагностикасында негізгі зерттеу әдісі эндоскопия болып табылады. Созылмалы гастрит панкреатит, колит, энтерит, холецистит. ауруларымен жиі серіктес, сондықтан осы жағдайды ескере отырып, науқасты жан-жақты тексерген жөн.

Созылмалы гастрит ұзақ уақыт бойы жай дамуымен, көптеген жылдар ішінде үдеу және ремиссия кезендерінің алмасуымен, пайда болған өзгерістердің біртіңдеп ұлғаюымен сипатталады. Фундалды бөлімінің семуі аутоиммундық өзгерістерге, эпителиінің дистрофиясына жетелейді, оның өзі асқазан рагінің дамуына әкелетін бірден-бір себеп болып табылады. Аурудың жеңіл түрлерінде ем қоданылмайды. Созылмалы гастриттің үдеу кезеңінде емдәмдік тағамдану, симптоматикалық ем, санаторлы-курорттық ем түрлері тағайындалады.

Ойық жара ауруы

Ойық жара ауруы (morbus uclerosus) дегеніміз үдеу және уақытша оңалу кезеңдерінің алмасуымен өтетін созылмалы рецидивті ауру, оның негізгі көрінісіне асқазанның және он екі елі ішектің қабырғасында ойық жараның пайда болуымен сипатталады. Ойық жара ауруының таралуы шамамен 7-10 % болады, ер адамдар жиірек ауырады. Ойық жара он екі елі ішекте, асқазанға қарағанда 4 есе жиірек кездеседі.

Этиологиясы мен патогенезі. Қазіргі заманғы көзқарас бойынша ойық жара ауруы асқазанның кілегей қабатының бүтіндігін қамтамасыз етіп отыратын қорғаныш механизмдері мен зиянды себептердің әсерінен баланстың бұзылуы кезінде дамиды. Зиянды себеп шарттарларға тұз қышқылы, пепсин, өт қышқылдары, Неlісоbасtеr руlоrі, астероидты қабынуға қарсы препараттар, арақ-шарап жатады. Қорғаныс механизмдеріне кілегейлібикарбонаттық кедергі, простагландиндер жатады. Созылмалы гастриті бар адамдарды зерттеу кезінде олардың асқазанынан көптеген бактериялар табылады. Бұл бактерияларды алдымен Campylobacter тобына жатқызған, кейін Неlісоbасtеr руlоrі болып өзгертілген. Гистологиялық зерттеулердің нәтижесінде Неlісоbасtеr руlоrі 95% және 70% жағдайда он екі елі ішек және асқазан ойық жараларымен ауырған сырқаттарда табылған. Сондай-ақ иммундық бұзылыстар, асқазанның кілегей қабатының созылмалы қабынулық инфильтрациясы, гастриннің гиперсекрециясы да өз әсерлерін тигізбей қоймайды. Кейде Неlісоbасtеr руlоrі сау адамдарда да кездесуі мүмкін.

Ойық жара ауруының дамуында туа біткен бейімділіктің белгілі бір маңызы бар. Бірқатар генетикалық себеп-шарттарға (асқазанның тұз қышқылын түзетін клеткаларының массасының көбеюі, олардың гастринге аса сезімталдығы, пепсиноген-1-дің көп түзілуі, гастродуоденалдық моториканың бұзылуы) асқазан мен он екі елі ішектің кілегейлі қабатын зақымдайтын асқазанның зияңды себеп-шарттары да жатады. А иммуноглобулинінің азаюы, оның кілегей қабаты құрамының өзгеруі жоғарыдағы әсерлерге қарсы тұратын күштерді азайтады. Он екі елі ішектің ойық жарасының дамуында негізгі себеп-шарттар қышқылдық пептидтік болып табылады. Асқазанда ойық жара пайда болуына кілегей қабатының резистенттігінің азаюы, өттің қайта асқазанға түсуі әсер етеді. Қоршаған ортаның жағымсыз себеп-шарттары (стрестер, шылым шегу, арақ-шарап ішу, т. б.) да ойық жараның туындауына әкеліп соғады.

Диспепсиялық шағымдаржүрек қыжылдауы мен жүрек айнуы, кекіру, құсу, нәжістің қатуы ойық жара ауруында жиі кездеседі.

Науқас адамдар қатты жүдеуі мүмкін, себебі олар ауыру сезімін болдырмас үшін тағам қабылдаудан бас тартады (citofobia).

Жоғарыда айтылған симптомдар ойық жарасы бар барлық науқастарда бірдей анықталмайды. Кей жағдайларда ауыру сезімі білінбей, ол тек ғана асқыну кезінде табылуы мүмкін.

Ойық жара ауруы бар болса, ішті пальпация жасаған кезде құрсақтың алдыңғы бұлшық еттерінің ауруы және резистенттілігі анықталуы мүмкін. Осы тұста перкуссия кезінде шектелген ауыру аймағы анықталуын "оң" Мендель симптомы деп атайды.

Зертханалық көрсеткіштер өзгермеуі мүмкін, анық немесе жасырын қан кету кезінде анемия байқалады. Нәжістегі жасырын қанды анықтау (Грегерсон, Вебер реакциялары) ауруды табуға көмектеседі.

Асқазанның қышқыл түзгіш қызметі он екі елі ішектің ойық жарасында көтеріңкі деңгейді көрсетсе, асқазан ойық жараларыңда қалышы немесе төмендеген көрсеткіштер береді.

Эндоскопиялық зерттеу арқылы ойық жараның бар-жоғын, оның орналасқан жерін, пішінін, тереңдігін, көлемін, жан-жағындағы және түбіндегі тіндердің жағдайын анықтауға болады.

Рентген әдісі эндоскопиялық зерттеуді толықтырып, оны қосымша дәлелдейтін белгілерді (бұлшық еттердің циркулярлы жиырылуы, ойық тұсындағы жиырылымдардың конвергенциясы, т. б.) анықтайды.

Асқынуы. Әр түрлі жағымсыз себеп-шарттар (физикалық қатты күш түсіру, маскүнемдік) ойық жара ауруының асқынуы мүмкін. Науқастардың 15—20 %-інде ойық жарадан қан кетуі ықтимал, оның клиникалық көрінісі құсықтың түрі "кофе тәріздес" болуы және нәжістің қара түске боялуы. Ойық жара асқазанның бүкіл қабаттарын тесіп шығуы мүмкін (перфорация), бұл кезде эпигастрий тұсында "пышақ кескендей" ауыру сезімі, коллапс, алдыңғы құрсақ еттерінің "ағаш тәрізді" қатаюы, іш пердесін тітіркендіру симптомдары (Щеткин-Блюмберг) анықталады. Ойық жараның көршілес ағзаларға өтуін пенетрация деп атайды. Пенетрацияның клиникалық көріністері: қатты ауыру сезімі, дененің қалтырауы, ЭТЖ-ның тездеуі. Пилорикалық канал мен он екі елі ішектің тыртықтары, тігілген ойық жарадан кейінгі өзгерістер оның тарылуына әкеліп соғуы сөзсіз. Оның алғашқы белгілеріне эпигастрий тұсының ауырлауы, шіріген иіспен кекіру, жаңа ішілген тамақпен бірге құсу жатады. Сондай-ақ ойық жара ауруының асқынуына, оның қатерлі ісікке айналуы, көршілес ағзалармен жанасып, тұтасып, қабыну үрдісімен солармен қоса қабунуы жатады.

Емдеу шаралары асқыну дамымаған шақта консервативтік шаралармен (бактерицитті препараттар, спазмолтиктер, Н2болкаторлар, антацидтер симптоматикалық ем) шектеледі, көмектеспеген шақта хирургиялық ем шаралары қолданылады.

Созылмалы холецистит


Созылмалы холецистит (өт қабының қабынуы) жіті холециститтен кейін, көбінесе ізінше немесе бірітіндеп дамиды.

Іш қуысына беткей пальпация жасағаңда, өт қапшығы проекциясы аймағынан айқын ауыру сезімі анықталынады. Мюсси-Георгаевский мен Оршер, ОбразцовМерфи, Василенко симптомдары оң болады. Бауыр ұлғаймаған. Қандағы өзгерістер (дерттің өршіген кезеңінде): ЭТЖ-ның жоғарылауы мен айқын лейкоцитоз көрінеді. 12 елі ішекті сүңгілеп зерттеу арқылы алынған өттің құрамында қабынудың белгілері анықталынады (шырыш, лейкоцит, эпителий).

Холецистография жасағанда өт қапшығының пішіні өзгереді, бұл шырышты қабатының бұзылыстарын анықтауға мүмкіндік береді:



Ағымы. Көбіне өршу кезеңі уақытша оңалу кезеңімен алмасып отырады. Дерттің өршуі төбеттің бұзылуынан (майлы тағамдар қабылдау, қуырылған ет, балық, ащы, тұзды тағамдар, арақ-шарап ішімдіктері т. б.) және жедел жұқпалы ішек ауруларынан кейін пайда болады.
4) Иллюстративті мәлімет берілген.
5) Әдебиет:

Негізгі әдебиет:
Қосымша әдебиет:
6) Бақылау (кері байланыс):

  1. Гастриттер кезінде мейірбикелік үдеріс

  2. Асқазан және онекі елі ішектің ойық жара ауруы кезінде мейірбикелік үдеріс

  3. Асқазан ісігі кезінде мейірбикелік үдеріс

  4. Ішек аурулары кезінде мейірбикелік үдеріс

  5. Созылмалы гепатит кезінде мейірбикелік үдеріс

  6. Бауыр циррозы кезінде мейірбикелік үдеріс

  7. Созылмалы холецистит кезінде мейірбикелік үдеріс


1) Тақырып:14. Зәр шығару жүйесі ауруларында мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру.

2) Мақсаты: студенттерді бүйрек және зәр шығару аурулары кезінде мейірбикелік үдеріспен таныстыру.
3) Лекция тезистері:

ПИЕЛОНЕФРИТТЕР

Жіті пиелонефрит

Этиологиясы мен патогенезі. Жедел пиелонефриттің дамуына мына себептер: а) жедел пиелит инфекцияның бүйрек түбекшесінен бүйрек тініне тарауы; б) организмде инфекция ошақтары пайда болған кезде немесе жіті жұқпалы аурулар тұсында инфекцияның қанмен бүйрекке және оның түбекшелеріне таралуы мүмкін.

Бірақ бактериалардың бүйрекке және түбекшеге енуі барлық уақытта бірдей пиелонефритке әкеліп соқпайды, көбіне бактериурия байқалады. Пиелонефриттің дамуына мүмкіндік туғызатын ыңғайлы жағдайдың бірі бүйрекпен зәрдің бөлінуінің қиындауы (несепағардың бұралып қалуы, таспен бітелуі).

Клиникалық көрінісі. Көбінесе науқастың жағдайы ауырлау болады, қызу өте жоғары көтеріледі, қалтырап тоңады, бел аймағы сыздап ауырады. Қабыну үдерісі қуыққа, үрпі өзегіне таралғанда зәр шыққан кезде қуық қатты шаншып ауырады. Зәрді зерттегенде пиурия (іріңді зәр) және бактериурия болады. Диабетпен ауыратын науқастарда жіті пиелонефрит ерекше ауыр түрде жүреді. Жіті пиелонефриттің белгілері байқалмайтын түрі де болады. Бұндай жағдайда бүйрек қызметінің бұзылуын тек қана зәрді зерттегенде анықтауға болады.

Емдеуі: антибиотиктар, сульфаниламидтар (уросульфан), нитрофуран препараттары (фурадонин).

жүктеу 10,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау