Жас мамандарын оқыту жоспары
Колледждің әдістемелік жұмысын ұйымдастырудағы жас мұғалімдерді қолдау
бойынша мақсатты бағытталған жұмыс ерекше рөлі болып табылады.
Жас мамандардың табысты орнығуы үшін мектепте екі жылдық мерзімде оқыту
жоспары құрылды.
Оған келесі жоспарлау саласы енгізілді:
Нормативті құжаттарын оқу
Сабақ және сабақтан тыс жұмыстар
Сабақты өздігінен талдау және сабақ анализі
Оқыту нәтижелердің диагностикасы
Бақылау және білім бағасы
Педагогикалық технологиялар
Сабақтағы оқушы жұмысын ұйымдастыру формалары
Тәрбиелік жұмыс
Жас мамандарды оқыту мақсаты:
Іс жүзінде табысты қолдану үшін кәсіби іскерлігін және дағдыларын
қалыптастыру
Міндеттері:
Жас мұғалімдерін оқытуда сағат санын, оқыту мазмұнын анықтау.
Оқыту әдістерімен таныстыру
Сауалнама қолдана отырып, жас мұғалімнің табысты жұмысы диагностикасын
өткізу
Жас мамандарын оқытудың бірінші жылы
Оқыту мазмұны
Күтілетін нәтижелер
Оқыту әдістері
Сағат
саны
Оқу жоспарымен,
бағдарламамен,
күнтізбелік-тақырыптық
жоспарымен, қатаң
есептегі құжаттарымен
таныстыру
Бағдарламаның мазмұнын және
практикалық талаптарын білу:
оқу материалын таңдау
іскерлігі; құжаттарды сауатты
етіп жүргізу, оқушының жеке
ісін рәсімдеу, сынып
журналдарын дұрыс жүргізу
Кеңес беру, нұсқаумен
таныстыру.
Қыркүйек
Сабақ жоспарлау әдісін
меңгеру
Мақсаты мен міндеттерін
белгілеу, кезеңдерді жоспарлау,
уақыт балансын сақтау,оқу
материалын іріктеу,
оқулықтағы берілген
мазмұнымен ақпаратты
дұрыс жеткізу
Кеңес беру, тәлімгер-
мұғалімдер
сабақтарына қатысу
және сабақ талдау;
практикум
Қараша
Сабақты өздігінен талдау
Сабақтың кемшілігін және
жақсы нәтижесін көре
отырып, сабақты өздігінен
талдай білу. Кемшілік
жақтарын түзету және оларды
жақсарту.
Өз білімін жетілдіру,
әдістемелік әдебиетін
оқу, тәлімгерлер үшін
сабақтар өткізу
Қаңтар
Оқушылардың білім
бағаларын бақылау
Бағалау нормаларына сәйкес
оқушыларды дұрыс бағалай
білу
Кеңес беру, әдістемелік
әдебиетін оқу,
практикалық сабақтар
Наурыз
Сабақтағы оқушы
Сабақтағы оқушылардың
Әдістемелік әдебиетін
Сәуір
жұмысын ұйымдастыру
формалары
жұмысын дұрыс ұйымдастыра
білу, ұйымдастырудың тиімді
формаларын қолдану,
оқушылар назарын қолдай білу
оқу, тәлімгерлер үшін
сабақ өткізу, кешенді-
рефлексиялық оқыту
Жас мұғалімнің
жұмысындағы
қиыншылықтарды
анықтау
Өз тәжірибесін, қиыншылығын,
табыстарын талдай білу
Сауалнама, әңгімелесу
Мамыр
Жас мамандарын оқытудың екінші жылы
Оқыту мазмұны
Күтілетін нәтижелер
Оқыту әдістері
Сағат
саны
Сабақтар технологиясы
Сабақтардың дәстүрлі және
дәстүрлі емес әдістерін білу,
оларды өткізе білу, оқыту
үдерісін оңтайландыру
Теориялық және
практикалық дайындық
деңгейін арттыру
бойынша өзіндік
жұмыс
Қыркүйек.
2 сағат
Оқытудың жобалау әдісі
Жобалауда жұмыс
дайындықтың алгоритмін,
бағалау критерийлерін білу
және қолдану. Оқушылардың
өзіндік жұмысын ұйымдастыру
Жобалау технологияс
ын оқу және
таныстыру, әдістемелік
бірлестік мұғалімдер
сабақтарына қатысу,
ӘБ мұғалімдері үшін
сабақ өткізу
Қараша.
4 сағат
Пән бойынша сыныптан
тыс жұмыс
Оқушылардың танымдық
қызығушылығын қалыптастыру
іскерлігі, мектептік ОҒБ
жұмысына, олимпиадаларға
және сайыстарға қатысуға
тарту
ӘБ мұғалімдері үшін
ашық іс-шара, белгілі
тақырып бойынша ОҒБ
мектеп конференцияда
сөз сөйлеу
Ақпан.
4 сағат
Сынып жетекші жұмысын
жоспарлау
Ата-аналармен байланыс жасай
білу, оларды сыныптағы
жұмыстарға тарту,
оқушылармен іскерлік
қатынасын орнату
Әдістемелік әдебиетін
оқу, психологтың
кеңесі, тәжірибелі
мұғалімдерден
балалармен қатынас
жасау бойынша
тәжірибесін оқып білу
Сәуір.
4 сағат
Оқыту нәтижесінің
диагностикасы
Жұмысын және алған
нәтижелерін талдау, салыстыру,
жақсарту мақсатында жоспар
құру
Практикалық сабақтар,
өз теориялық және
практикалық дайындық
деңгейін арттыру
бойынша өзіндік
жұмыс
Мамыр.
4 сағат
ЖАС МАМАНҒА АЙТЫЛАР КЕҢЕСТЕР
20-30 жас аралығындағы жас мамандардың мансап жолы соқпалы да соқпақты келеді. Жоғары білім,
бойда күш-жігер бола тұра олар мансап жолында бірқатар қателіктерге бой ұрады. Сол қателіктерге жол бермес
үшін берер кеңесімізге зейін қойыңыз.
Алғашқы жұмыс күні
Алғашқы жұмыс күнінде жаңадан келген маман ұжыммен танысуы керек. Әуелі басшылықпен я ұжым
жетекшісімен жақынырақ танысып, негізгі міндеттеріңізді анықтап, басын ашып алыңыз. Бірге жұмыс істейтін
әріптестеріңіздің есімдерін жаттап алып, барлығына ізеттілік білдіріңіз. Жұмысқа жаңа орналасқан сізге,
әлбетте, алғашқы кездері қиын болады. Сондықтан да қолыңызға қалам алып, барлығын қойын дәптерге түртіп
жүріңіз.
«Сізді» бірден «Сенге» алмастырмаңыз
Көпшілік әке-шешесіне, бауыр-ағайындарына, құрбы-құрдастарына «Сен» деп сөйлейді. Алайда,
жұмыстың аты жұмыс. Сондықтан да, барлығына құрметпен қарап, әдептілікті сақтап, «Сіз» деп сөйлеңіз. Егер
де өзіңізбен қатарлас жандар болса, олармен тілдесіп, біртіндеп «сен» деп сөйлесіңіз.
Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама!
Жас маманға бірден жаңа жобаларды іске асыру, көптеген мәселелерді шешу сияқты міндеттер
жүктелмейді. Сондықтан да «маған мына жұмысты беріңіз», «мына тапсырманы орындайын» деп басшылықтан
талап етпеңіз. Оның орнына «бұл жобаға өзімнің үлесімді қосайын», «менің ойым мынадай» деп өз пікіріңізді
білдіріп, жұмысқа деген қызығушылығыңызды көрсетіңіз. Сіздің бойыңыздағы жұмысқа деген ерекше
ұмтылысты байқаған ұжымның жас маманға деген көзқарасы өзгереді. Есіктен кірген бойда төрге қарай
ұмтылмаңыз. Жұмысқа жаңа орналасқан сізге ешкім орнын босатып бермейді. Сондықтан да берілген
тапсырманы уақытылы орындап, шыдамдылық білдіріп жүріңіз.
Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
Барлық әріптестеріңізбен жақсы қарым-қатынаста болыңыз. Таныс та, бейтаныс та жандармен үнемі
амандасып жүріңіз. Әріптестеріңізбен жұмысқа қатысты мәселелерді жиналыстардан тыс уақытта телефон я
электрондық хабарламалар арқылы талқылағанда да сыпайы болып, хат жазған кезде аман-саулық сұрауды
ұмытпаңыз.
Шектен шықпауға тырысыңыз
Бастығыңыз бен әріптестеріңіздің әлеуметтік желілердегі парақшаларына бас сұғып, суреттерін қарап,
жөнсіз пікір қалдырмаңыз. Себебі, бұл бейәдептіліктің белгісі. Жұмыстан тыс уақытта бастығыңызға смс-
хабарламалар жіберіп, жұмыс мәселесін талқыламаңыз. Бей-берекет ақшам я демалыс күндері мазаламаңыз.
Шұғыл жағдайларда ғана қоңырау шалып, мән-жайды түсіндіріңіз.
Жеке қарым-қатынас пен жұмысты араластырмаңыз
Жаныңыздағы әріптесіңізбен жақсы араласып, дос болып кетсеңіз де, сіздерді әуелі жұмыс
байланыстыратынын естен шығармаңыз. Ашық ауыздыққа салып, іштегі мұң-сырыңызды, үйіңіздегі жағдайды,
жеке басыңызға қатысты мәселелерді талқыла салып, әріптестеріңізбен бөліспеңіз. Себебі, сіздің ақ көңіл
мінезіңіз сіздің жұмысыңызға кері әсерін тигізеді. Көптеген компания басшылығы жұмысқа қатысы жоқ
әңгімелер арқылы жаңа келген маманды тексереді. «Кез келген дүниені жасырмай, ашық айтып жүрсе, ертең ол
жұмыстағы мәселелерді айтып қояды» деп күдіктенеді. Сондықтан да сөйлеген сөзіңізге сақ болыңыз.
Адам көркі – шүберек
Жұмысқа киетін киіміңізге аса мән беріңіз. Тіпті, жұмысыңызда дресс-код аса маңызды болмаса да
дұрыс киініңіз. Алдын ала жоспарлаған кездесулер болса, арнайы дайындық жасаңыз. Шашыңызды жөнсіз
жайып, опа-далаптарды мөлшерден тыс пайдаланбаңыз. Әтірді де азғана себіңіз. Аяқ киімге мән беріңіз.
Жұмысыңызға өзіңізге жайлы болатын аяқ киім апарып қойыңыз. Қол-тырнақ күтіміне ерекше мән беріңіз.
Аяғыңызда сызаттар болса, олардан арылуға тырысыңыз.
Салақтық пен салғырттықтан арылыңыз
Берілген тапсырмаға салғырт қарамаңыз. Уақытылы орындауға тырысыңыз. Жұмысыңызға кешікпей
келіп, жұмыс уақыты кезінде жөнсіз кеңсе телефонымен сөйлесіп жүрмеңіз. Жұмыс үстеліңізді әрдайым
жиыстырып жүріңіз. Тартпада тіске басар кәмпит-тоқаштарды сақтамаңыз. Сақтаған жағдайда оларды ұзаққа
қалдырмаңыз. Кесеңізді әрдайым тазалап жуып жүріңіз. Қоқыс қалдықтарын жәшікке тастап, артық
дүниелерден арылыңыз. Жұмыс үстеліңізді жеке меншік мұражайға айналдырмаңыз. Фото суреттеріңізді іліп,
түрлі заттармен сәндеудің қажеті жоқ. Айналаңыз таза болса, өзгелер сізге сүйсіне қарайды. Кері жағдайда
бейтаныстар сізді салақ жан деп таниды.
БЕКІТЕМІН
ҚАЗАЛЫ АГРАРЛЫ – ТЕХНИКАЛЫҚ
КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
______________________Т.ИСМАЙЛОВ
ЖАС МАМАН МЕКТЕБI ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ.
Жас маманның қызметiн жас мамандар мектебі ұйымдастырады. Оның сабақтары жас
маманның жаңа жағдайларға, педагогикалық ұжымға бейiмделуiне жағдай жасайды.
Жас мамандар мектебінің жетекшiсi- жас мамандарды мектептiң негiзгi бағыттары,
құрылымы, мектеп жайлы, аттестациялық комиссия жайлы таныстырады.
Жас мамандар мектебінің жетекшiсiнiң негiзгi мақсаты: озат тәжірибе мектебінің
көмегiмен жас маманға жан-жақты көмек көрсету, жас маманды оқу- тәрбие үрдiсiнде
толғандыратын мәселелердi шешуге көмек көрсету.
ЖАС МАМАН МЕКТЕБI ҚЫЗМЕТIНIҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI:
Жас мамандар мектебінің мақсаты: Жас мамандардың педагогикалық шеберлiгiн көтеру.
Жас мамандар мектебінің мiндеттерi:
- Жас маманға кәсіби көмек көрсету.
Педагогикалық дайындығын анықтау.
- Педагогикалық практикада кездесетiн қиындықтарын анықтау және олардың алдын
алуға көмек көрсету.
- Жас маманның үздiксiз өзiн-өзi дамыту және тәрбиелеу қабiлетiн қалыптастыру.
- Жас маманның өззiндiк шығармашылық стилiнiң қалыптасуына мүмкiндiк туғызу.
- Шығармашылық қабiлетiнiң дамуына жағдай жасау.
ЖАС МАМАН МЕКТЕБI ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ:
1. Бейiмделу жұмысы
- Оқу орнымен танысу, жас маманды ұжымға таныстыру.
- ЖМ- тәлiмгер тағайындау.
- Педагогикалық өсу картасын толтыру.
- Сауалнамалар жүргiзу.
- Кәсiби коммуникацияларын ұйымдастыру
- Оқу-тәрбие үрдiсiн ұйымдастыру
- Отырыс тоқсанына 1 рет
Мұғалiм жұмысындағы мектеп құжаттарымен танысу.
Әдiстемелiк нұсқау беру.
Күнтiзбелдiк, сабақ жоспарын құруда, өзара сабаққа қатысу, бақылау жұмыстарын
ұйымдастыруда көмек көрсету.
2. Өзiн-өзi дамыту.
- Әдiстемелiк тақырыбын анықтау.
- Курстарға қатысу.
- Педагогикалық жаңашылдықтармен танысу.
- Сабақтарға қатысу.
- Қалалық семинарларға қатысу
- Жас мамандарға арналған сайыстарға қатысу.
3. Психологиялық көмек.
- Психологпен кеңес алу, тренингтер өткiзу.
4. Сабақтарын ұйымдастыру.
4.1 Жас маманмен жұмыс жүргiзуге озат тәжірибелі оқытушылар, психолог семинарлар,
конференциялар, дәрiстер т.б. iс-шаралар жүргізедi.
4.2 Жас мамандар мектебінің қорытындысы есептеледi.
5. Құжаттар:
1) бұйрық
2) ереже
3) мектеп жоспары
4) сабаққа кіру дәптері
5) отырыстың хаттамасы
«Жас мамандар» мектебінің отырысы
Хаттама №1
Қазалы аграрлы – техникалық колледжі «3» қыркүйек 2016 жыл
Қатысуға тиісті: 17
Қатысқаны:17
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1. 2015-2016 оқу жылында «Жас мамандар» мектебінде жүргізілген жұмыстардың
қорытындысын талдау.
2. 2016-2017 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстыру.
3. Жас мамандардар мектебінің ережесімен таныстыру..
4. Тәлімгерлер мен жас мұғалімдер арасындағы жұмыс жоспарын бекіту.
ТЫҢДАЛДЫ:
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша “Жас мамандар” мектебінің жетекшісі, колледж
әдіскері Ш.Баекеева 2015-2016 оқу жылында жүргізілген жұмыстардың қорытындысы
туралы айта келіп, 2016-2017 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.
Жас мамандар мектебінің ережесімен және колледждегі жас мамандарға тәлімгерлер
тағайындау туралы бұйрықпен таныстырды.
ҚАУЛЫ:
1. 2015-2016 оқу жылындағы “Жас мамандар” мектебінің жүргізген жұмыстары
қанағаттанарлық деп танылсын;
2. 2016-2017 оқу жылындағы жоспарланған жұмыстар уақытында орындалсын;
3. Жас мамандарға еңбек тәртібін қатаң сақтай отырып, негізгі ережелерде көрсетілген
міндеттерді орындау тапсырылсын;
4. Тәлімгерлер мен жас мамандардың бірлесіп жұмыс істеуі қолға алынып, әр
жартыжылдық сайын есебі тыңдалсын.
Отырыс төрайымы: Ш.Баекеева
Хатшысы: З.Маманова
«Жас мамандар» мектебінің отырысы
Хаттама №2
Қазалы аграрлы – техникалық колледжі «7» қаңтар 2017 жыл
Қатысуға тиісті: 17
Қатысқаны:17
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1. Жас мамандардың нормативтік құжаттармен жұмыс жасауын зерделеу.
2. Сабақ жоспарын құру.
ТЫҢДАЛДЫ:
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша “Жас мамандар” мектебінің жетекшісі, колледж
әдіскері Ш.Баекеева мектеп отырысының күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды.
Құрмарзаев Е.Б. – директордың ғылыми – әдістемелік жұмыстары жөніндегі
орынбасары: Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы басшылыққа
алатын нормативтік – құқықтық құжаттармен таныстырды.
Жаңылова Г. – математика пәнінің оқытушы: «Цилиндр – айналу денесі»
тақырыбында сабақ үлгісін көрсетіп, талдау жасалынды.
ҚАУЛЫ:
1. Жас мамандардың нормативтік құжаттармен жұмыс жасауы үнемі бақылансын.
2. Сабақ жоспарын құру бойынша жас мамандарға панорамалық сабақ үлгісінде сабақ
жоспарын әзірлеп келу міндеттелінсін.
3. Тәлімгерлер жас мамандардың сабағына үнемі бақылау жасасын.
Отырыс төрайымы: Ш.Баекеева
Хатшысы: З.Маманова
«Жас мамандар» мектебінің отырысы
Хаттама №3
Қазалы аграрлы – техникалық колледжі «15» наурыз 2017 жыл
Қатысуға тиісті: 17
Қатысқаны:17
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
«Сабақтың өзіндік талдауы-мұғалімнің кәсіптік шеберлігін қалыптастыру шарттарының
бірі» практикум - семинары
ТЫҢДАЛДЫ:
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша “Жас мамандар” мектебінің жетекшісі, колледж
әдіскері Ш.Баекеева «Сабақтың өзіндік талдауы-мұғалімнің кәсіптік шеберлігін
қалыптастыру шарттарының бірі» тақырыбының мақсаты мен жұмыс жоспарымен
таныстырды.
Мақсаты:
Сабақты өзіндік талдаудың мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне әсерін анықтау.
Сабаққа сапалы өзіндік талдау жасауға нұсқау беру.
Сабаққа дайындалуда өзіндік талдауды қолдану тәжірибесімен алмасу.
Қорытындысы бойынша нұсқаулар дайындау.
Өзін-өзі талдауға қойылатын талаптар:
I. Талдауға алынған сабақтың оқылатын тақырып бойынша сабақтар жүйесіндегі алатын
орнын анықтау, сабақтың мақсаттарын және жоспарының орындалуын негіздеу.
II. Сыныпқа мінездеме беру, осы сабаққа іріктелген оқу материалын дәлелдеу, оқушылармен
жүйелі түрде орындаған тапсырмаларды, жаттығуларды және білімдерін бағалау
III. Сабақтың әдістемелерін таңдауды дәлелдеу, осы әдістемелердің сабақтың мақсаттары
мен мазмұнына және қойылған міндеттерді шешуіне сәйкестігін бағалау.
IV. Мұғалім сабаққа қанағаттанды ма немесе қанағаттанбады ма?
Сабақта қол жеткен нәтижелерді бағалау және негіздеу және белгіленген кемшіліктерді жою
шараларын анықтау.
Мұғалімге сауалнама берілді.
«Мұғалім әрекетіндегі сабаққа өзіндік талдаудың рөлі»
Мен сабаққа талдау жасаймын:
Тек үлгерімі төмен сыныптарда;
Тек уақытым болғанда;
Тек ашық сабақтарда;
Тек әкімшіліктің талабымен;
Өзімнің әр сабағымда талдау жасаймын.
Әр жас маман өздерінің өткізген сабақтарына өзіндік талдау жасады.
Пікірталас өткізілді.
ҚАУЛЫ:
1. Өзін-өзі талдау талаптары орындалсын;
2. Әр сабаққа талдау жүргізілсін;
Отырыс төрайымы: Ш.Баекеева
Хатшысы: З.Маманова
Достарыңызбен бөлісу: |