«Педагогикалық технология: сапаға алғашқы қадам» тақырыбындағы
әдістемелік семинары
(Жас оқытушылар мектебі)
Мақсаты:
Жас оқытушыларға білім берудегі жаңашыл қызметте оқушылардың білім сапасын
арттыра отырып, жан-жақты дамытуға ықпал жасау.
Жас оқытушыларды қазіргі өмір талабына сәйкес, бағдарланған білім берудегі
жаңашыл қызметте жаңа технологиялармен жан-жақты жұмыс істеуге жұмылдыру.
Жас оқытушылардың өзара тәжірибе алмасуын қалыптастыру.
Міндеттері:
- Нормативті құжаттармен жұмыс істуді меңгеру.
- Тәжірибе алмасу мақсатында тәжірибесі жаңашыл жас оқытушылардың сабақтарына
қатыстыру
- Өз білімін күнделікті көтеріп отыру.
- Шығармашылық жұмысты дамыту,өз лабораториясын жинақтау.
- Жас маманның кәсіби шеберлігін арттыру үшін әңгімелесу ,тренингілер өткізу.
- Оқытудың тиімді жолдарын қарастыру.
Қатысушылар:
Әдіскер, бірлестік жетекшілері, жас оқытушылар
Шығып сөйлеушілер:
Колледж әдіскері – Ш.Т.Баекеева
Жаратылыстану – математика пәндер бірлестігінің жетекшісі – Г.И.Жаңылова
Гуманитарлық – қоғамдық пәндер бірлестігінің жетекшісі – Ш.Ж.Еркужаева
Эстетитикалық пәндер бірлестігінің жетекшісі – М.Т.Сағымбаев
Арнайы пәндер бірлестігінің жетекшісі – Г.Ж.Джумажанова
Арнайы пәндер бірлестігінің жетекшісі – Б.А.Ибайдаева
І. Негізгі бөлім.
1) Колледж әдіскері – Ш.Т.Баекеева: «Жас оқытушылардың педагогикалық процеске
қалыптасуы»
2) Жаратылыстану – математика пәндер бірлестігінің жетекшісі – Г.И.Жаңылова
«Сабақтың жүйесі мен құрылысы. Сабақ жоспарын жасаудағы талаптарды үйрету.»
3) Гуманитарлық – қоғамдық пәндер бірлестігінің жетекшісі – Ш.Ж.Еркужаева «Сабақ
түрлері және оның құрылымымен таныстыру.»
4) Эстетитикалық пәндер бірлестігінің жетекшісі – М.Т.Сағымбаев «Жас мамандардың
қоғамдық жұмыстарға араласуы»
5) Арнайы пәндер бірлестігінің жетекшісі – Г.Ж.Джумажанова «Өндірістік оқыту
сабақтарын ұйымдастыру жолдары»
6) Арнайы пәндер бірлестігінің жетекшісі – Б.А.Ибайдаева «Әр түрлі әдіс−тәсілдерді
сабақта тиімді пайдалану.»
ІІ. Жас оқытушыларға арналған тренинг
Стреске төзімділікті қалыптастыру ( 30- минут)
ІІІ. Қорытынды.
Жас маманға көмек – заман талабы.
(колледжішілік семинар)
Мақсаты: Жас мамандарға кәсіптік шеберлігін,оқытуда ақпараттық технологияны
қолданудағы ізденістерін,әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы педагогтардың бүгінгі білім беру
талабына сай ақпараттық құзырлығын жетілдіру. Жас маманға өзін – өзі тәрбиелеуге,
бейімділіктерін дамытуға үйрету, рухани адамгершілікке тәрбиелеу. Жаңа технологияны
үйренуге, меңгеруге баулу. Жас мамандардың мотивациясын арттыру.
Міндеті:
1. Жас маманға өз әрекетінің мәнін ашып, ойды дамытуға мүмкіндік туғызу.
2. Іскерлік қарым – қатынас ерекшеліктерімен таныстыру.
3. Жаңа технологияның оңтайлы әдістерін қолдана білуге үйрету.
4. Жас маман өз іс әрекет нәтижесін жобалай білу тәсілдерін меңгеру.
Әдісі: іскерлік ойын, миға шабуыл, топтық шешім қабылдау, тренинг, жеке кеңес беру.
Семинар соңынан жас мамандар білуге тиіс: жаңа технологиялармен танысады; қазіргі
кезеңдегі жаңа технологиялармен жұмыс жасауға бағыт – бағдар алады; оқытудың мақсатын
айқындай алады, оңтайлы әдістерін меңгереді; жаңа іскерлік қарым – қатынас құра біледі.
Күтілетін нәтиже: жас маманның жаңаша ойлау қабілеті қалыптасады, зерттеумен
айналысады, іс – әрекет нәтижесін жобалай білуі қалыптасады.
Тренинг барысы:
І. Психологиялық дайындық.
1) «Жылылық» (бір-бірінің алақандарын алақандарына қойып, жақсы тілек тілейді).
Бір – біріңнің алақандарыңды алақандарыңа қойғанда қандай сезімде болдыңдар? Әрине,
жылылық сезіндіңдер. Жақындық, мейірім, жақсы сөз, жақсы тілек айтқанда көңілімізге
қуаныш, шаттық пайда болады. Олай болса, тренингімізді мейірім, жылылық, сәттікпен
өткізейік. (Жылы лебіз тіліктер айтылады).
ІІ. Тапсырмалар:
1. Өз қабілетіңді, өз талантыңды шыңда. Өз қабілетіңді, өз талантыңды шыңда деген
сөзді қалай түсінесің? (өз ойларын айту)
Әркім өз білімдерін, дағдыларын,іскерліктерін өз бетімен дербес жетілдіре алады.
Адамның қабілетінің дамуына еңбексүйгіштік, табандылық, өжеттілік, шыдамдылық,
ынталылық, өзін – өзі билей алушылық көмектеседі. Адам қабілетінің дамуына таланттың
ашылуына оның білімінің шалағайлығы, жұмыс дағдысының болмауы, жалқаулық,
еріншектік кедергі келтіреді. Адамның өз бойындағы талантты ашуға ең алдымен көп
ізденуі, көп оқуы, білімді болуы және уақытты нәтижелі пайдалана білуі көмектеседі.
Талантты ашудың бірден – бір жолы – білімділік, ізденімпаздылық. Алайда, адамдардың
өздері қолданып, іске асыра алатын бақылау әдісін алуға болады. Адам басқалардың мінез –
құлқын, жұмыс нәтижелерін талдап, өз мінез – құлқын, жұмыс нәтижелерін және
жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін білуге болады. Үнемі ақпараттарға шолу жасау,
өзара сабақтарға қатысу да өз жемісін береді.
2.Тренинг. «Жаңа технология дегеніміз не?» (Білетін ойларымен бөліседі)
Слайд технологиялар түрлері:
- дамыта оқыту;
- СТО;
- модульдік;
- ұжымдық;
- БиС;
- үш өлшемдік технологиясы, т.б.